Бөлім
| Таным қуанышы
|
Педагогтың аты – жөні
|
|
Күні
| 12.10
|
Сынып: 8В
| Қатысушылар саны: 18 Қатыспағандар саны:
|
№
| 6
|
Сабақтың тақырыбы
| Шынайы білімнің нұры
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Жақсылық – адамдағы адамшылық өлшемі
|
Құндылығы
| Ақиқат
|
Қасиеттері
| Білім іздеу, жақсыдан жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің және істің бірлігі
|
Сабақтың мақсаты
| Оқушыларға адам баласы шынайы білімге талаптанып өмір сүру қажет екенін түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
|
Міндеттері
| Білімділік: Оқушыларға өмір бойы білім іздеу қажеттігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй
| 5 Т – ережесі:
Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық.
«Нұрға бөлену» мәтінін оқу
| 5Т ережесін еске түсіреді Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.
| «Хрустальная грусть» композициясы
|
Үйге тапсырманы тексеру
| №6, «Тапсырма» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
Мұғалім балаларға жазғы демалысқа қандай тапсырма берді? Қаныштың білімге деген құштарлығы қандай іс – әрекеттерінен көрінді? Мұғалім Қаныштан неліктен риза болды?
| Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
| Оқулық
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
| «... Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр!». Қаныш Сәтбаев. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
| Үш рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
Сұрақтар:
1.Адам өз білімін қалай шыңдай алады?
2.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
| oilar.kz
|
4. Оқиға айту (Әңгіме)
| .Даналық дәндері
Бірде бозбала үш дән мен бір түйіншек тауып алады. Онда адам бір нәрсені білгісі келсе, оны тілеп, бір дәнді жесе, бәрі орындалады делінген екен.Дән тек үшеу болған соң, тілек те үшеу болады.
Бозбала географияны меңгергісі келеді. Онда бүкіл әлем туралы жазылған.Ол бір дәнді жегенде, өзін барлық жерде болғандай сезінді. Алайда көп нәрсе оған әлі детүсініксіз болды. Енді ол өткен ғасырлардың сырын білгісі келді. Екінші дәнді жейді, бірақ басқа ғылымдар беймәлім болады. Тағы нені ойласам, бәрін білер едім деп, ойланып кетті. Ол жартастың шетінде емен ағаштың астында, мұхиттың суына көп қарап отырды.
Толқынның шуы бозбалаға толассыз естілді, ол ешнәрсе туралы ойлай алмады. Нені ойласам екен деп қиналды. Математиканы ма? Ол барлық жерде қолданылады. Бәрін білу мүмкін емес. Кәсіпті ме? Музыканы ма? Не тілесем екен?
Бозбаланың көңіл-күйі болмай отырғанда, олтөбеден бір дыбыс естіп, жоғары қараса, ақ көгершін ағашқа қонып, бір айдай сұлуға айналады. Ал қыз болса:
- Еңбекті білуді тіле, сонда сен даналық дәндерін өзің өсіре аласың... Айтты да ғайып болды.
Бозбаланың жүрегі жадырай түсті. Ол қыз айтқанды тебіренетіледі. Үшінші дәнді жеп, еңбектің қуанышы не екенін түсінді! Еңбек оған кез-келген ғылымға жол ашты. Бозбала шаршауды білмей, білімді болғаны соншалықты,ол уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайтын болды. Ал сүйікті қызын көрген күн сондай ғажайып болды!
| Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1.Неліктен ару қыз бозбалаға еңбекті тілетті?
2.Еңбектің қуанышы дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Еңбекқор адамның бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?
4.Өз еңбектерің арқылы жетістікке жеткен кезде қандай күйге бөленесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
5.Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
| https://ust.kz/
|
5.Шығармашылық жұмыс.
| 3 - тапсырма
| Оқушылар эссе жазады
|
|
6.Жобалау қызметі
| Қоғамға қызмет етудің үлгісі ретінде оқулық шығармалары берілген, қазақ халқының біртуар азаматтары:
Ыбырай Алтынсарин Ахмет Байтұрсынов
Жоғарыда аталған кісілердің өмір жолы мен қәзіргі жаһандану саясаты кезінде өзінің көкейтестігін жоймаған жасампаздығы туралы материалдар жинап, қысқа әңгіме құрастырып, мектеп газетіне мақала жазыңыздар.
|
|
|
Топпен ән айту
| «Ұстазым»
Әбілахат Еспаев
|
|
https://xminus.me
|
Үйге тапсырма
| «Хаттар» мәтінін оқып келу.
| «Хаттар» мәтінін оқып келеді
|
|
Сабақтың қорытынды сәті.
| Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
|