Главная страница
Навигация по странице:

  • IV. Сұлтандар

  • V.Бұлдыртыда

  • VI. Көбек би

  • БАЙкАУ ЕРЕЖЕ10061252160302113649. Сырым батыр жыры мен шешендік сздеріне арналан Дала кемегері атты облысты байауды ережесі Жалпы ереже Облысты Сырым батыр


    Скачать 168 Kb.
    НазваниеСырым батыр жыры мен шешендік сздеріне арналан Дала кемегері атты облысты байауды ережесі Жалпы ереже Облысты Сырым батыр
    Дата25.03.2022
    Размер168 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБАЙкАУ ЕРЕЖЕ10061252160302113649.doc
    ТипДокументы
    #416745
    страница2 из 3
    1   2   3

    Жайықта
    Ақ Жайыққа жетуге,

    Жайықтан көктей өтуге,

    Шағанақ салған қамалға

    Қанды қырғын саларға

    Сарша тамыз түнінде

    Түнек басқан заманда,

    Аттары қатып жараған,

    Найзаға үкі қадаған,

    Бір-бірін мыңға балаған

    Үдере жортты аламан-

    Қырдың қырық жігіті

    Ат қоймаққа азаннан.

    Жортармандар жорығын

    Батыр Сырым басқырып,

    Атқа қонған ақшамда,

    Күңгірттеніп көкжиек,

    Даланы ымырт жапқанда,

    Жамандықтар қырық тұлпар

    Жер танабын қуырып,

    Топырақты суырып,

    Тозаңын көкке шашқанда,

    Жарқылдатты жай отын,

    Тұяғы тасты басқанда,

    Адыра қалғыр Ақ Жайық,

    Түніменен дөңбекшіп,

    Күрсіне түсіп, қозғалып,

    Толқыны тоқсан толғанып,

    Ұйықтай алмай жатқанда,

    Күншығыстан бозарып

    Құлан иек таң атқанда,

    Қоя берді шырылдап

    Таң торғайы аспанда

    Түсі қашып қырық жігіт

    Түн ұйқыны бөлегенде,

    Жау жарағы жарқылдап,

    Жайыққа жетіп келгенде,

    Жануарды жүздіре,

    Ауыздықпен сүздіре,

    Енетінің ерлердің

    Дұшпан бұрын сезген бе?

    Әлде біреу астыртын

    Жауға хабар берген бе?

    Арғы беттен күркіреп

    Көк зеңбірек атылды.

    Көктен нөсер төгіліп,

    Жаудырды кеп жасынды.

    Зеңбіректен жауған оқ

    Жайықтын суын сапырды.

    Тұнғиықтың түбіне

    Жігіттің көбін батырды.

    Қанды көбік бұрқырап

    Көкке қарай атылды.

    Қас батырын қашан да

    Сұрапылда сасар ма,

    Сырым батыр долданып,

    Аруағын шақырды.

    Жайықтың жарын жыңғырта,

    Айбат шегіп шақырды,

    Аранын ашқан ажалды

    Ашулы батыр қарсы ұрды.

    Жар астына төніп кеп,

    Жағадан атқан жаудан да

    Мергендігін асырды.

    Керіле жүзіп Азбангер,

    Қанды қара толқынды

    Кеудесімен жапырды.

    Аман-есен ар жаққа

    Алып өтті батырды.

    Сырым батыр жағада

    Жан-жағына қарады.

    Жігіттерін сан.ады.-

    Қырықтан тоғыз қалыпты.

    Қамал бұрын қамданып,

    Ханнан хабар алыпты.

    Аламан атқа қонбақ деп,

    Анығына қаныпты,

    Зеңбірегін туралап,

    Жайықтың суын бағыпты.

    Қорғанды қорғай жасауыл

    Өлім орын қазыпты.

    Қақпасының аузына

    Қос құлыбын салыпты.

    Қанды болат қылышын

    Қара тасқа жаныпты.

    Қамалдан жау қарсы атып,

    Оқ жауынын дамытты.

    Дамыған оққа қарамай,

    Дауылдатып барысты,

    Аңдыған жаумен шендесіп,

    Араласып қалысты

    Халықтан туған он алып

    Қадалған жерден қан алып,

    Қамалған жерде қарысты,

    Күн екінді болғанда,

    Тоңғыз жігіт оққа ұшып,

    Батырды ыза-кек қысып,

    Бадана көзді сауыттың

    Алқым да бауын ағытты.

    Долданып, көзі қаңталап,

    Халқының арын арқалап,

    Жаумен жалғыз алысты.

    Күн жиеккке батқанда,

    Қызыл іңір ақшамда,

    Зеңбіректен оқ тиіп,

    Жараланды, тарықты.

    Төмендеді қарт бүркіт,

    Қанаты дағы талыпты.

    Қамаған жаудың ішінде

    Ас үстінде ауытқып,

    Қансырады қамықты.

    Қамыққанын сездірмей,

    Назаланып толғады.

    Толғамасқа болмады.-

    Алпыс екі тамырын

    Арман улап, күйдіріп,

    Іштегі дертін қозғады.

    Немере мен шөбере,

    Жұрағатқа жыр болған

    Сырымның сыры сондағы:

    «О,сұрқия сұм тағдырсың алмаққа,

    Аяққа кісен салмаққа.

    Әбжыландай арбайсын,

    Айдаhардай ысқырып,

    Ысқырсаң, демің-үскірік.

    Араныңды ашып жалмайсың.

    О,дариға, тәтті өмір,

    Тарыққан күні балдайсың.

    Көркің күмбез күндей боп,

    Жарқырап атар таңдайсың.

    Аймалап сүйген аруым-

    Артымда қалар жардайсың.

    Жалғыз ұлым Қазыдай,

    Өскелең өрім талдайсың.

    Етегіме жармасып,

    Еркелеп, еріп қалмайсың.

    О, сұм жалған дүние!

    Байтақ жатқан майдансың.

    Майданға майдан ұласып,

    Ұлы ұрысқа айналсын.

    Айналайын Ақ-Жайық,

    Жарқыраған айнамсың.

    Азамат ерге сәлем айт,

    Майданға түсіп, бәйге алсын.

    Жүрегіне бұл жырым

    Жалау болып байлансын.

    Жау жарақсыз болмасын,

    Тағасыз мұзға таймасын.

    Тап-тайыз деп кемесін

    Кешпесін пәни дариясын.

    Сауытын берік соқтырсын,

    Саптасын болат найзасын.

    Қылышын кекке суарсын,

    Балтасын өткір қайрасын.

    Ау,ақ бесті ат, ақ бесті ат!

    Ақбөкендей желесің,

    Өрге салсам, өңмендеп

    Қос тізгінді кересің.

    Көз алдымда көлбеңдеп,

    Неге елестей бересің?!

    Өлімді көз көріп тұр,

    Өмір қайдан келесің?!-

    деді де батыр, есі ауып,

    Азбангерден жығылды.

    Шуылдасып қалың жау,

    Тұс-тұсынан жүгірді.

    Қансырап жатқан жаралы

    Жолбарысқа жұмылды.

    Қараңғыға қамады батыр Сырымды.
    ***

    Меңіреу түн мелшиіп,

    Түнере түсті, түндігін

    Дүниенің жапқандай.

    Аждаhа сұсты қара бұлт

    Аспанды басқан түн бүгін.

    Әлемді тегіс обқандай.

    Бұлт бүркеніп түрме тұр,

    Адамға құрған қақпандай.

    Қақпа алдында қарауыл

    Қотанды төбет төбет баққандай.

    Сол түрменің төрінде

    Демінен жалын жаңғандай,

    Бадана көз тоғыз тор

    Сауыты қанға малғандай.

    Қапыда тайып жығылған

    Қабырғалы балуандай.

    Бір тамшы суға зар болып,

    Маңайына жан бармай.

    Торыққан шақта ер Сырым,

    Сарт етті, есік ашылды.

    Түршіктіріп түрмені,

    Түнде кімдер басынды?

    Тұтқынның түрін түрменің

    Түнегі бүркеп, жасырды.

    Алып кетіп, ату ма?

    Не дараға асу ма?

    Немесе, дүре соғу ма?

    Датұлын атап шақырды.

    Лүпілдетіп жүректі,

    Шымырлатып денені,

    Танымал дауыс ежелгі

    Тасытты Сырым батырды.

    Келіп тұрған жас балуан

    Жасынан жасақ басқарған,

    Батырдың өзі баулаған,

    Жасқанып, беті аумаған

    Есболат дейтін ер екен.

    Бұл да алғыр тас түлек.

    Адымын алғаш демесең,

    Желігіп тұрған желпініп,

    Жиырма жастың желі екен.

    Жүйріктен басқа мінбеген

    Семсерден басқа ілмеген,

    Сұлудан басқа сүймеген

    Сылқым өскен сері екен.

    Сипатын көрген сыншылар

    «Сырым сынды» дер екен.

    Елу жігіт қол құрап,

    Аттандырған ел екен.

    Сайғақты найза өңгеріп,

    Меңіреу түнді меңгеріп,

    Қамалдың шамын сөндіріп,

    Қарауылын өлтіріп,

    Түрмеге түскеен кезі екен.

    Еліне тартты Ер Сырым,

    Ел жалғыздық көрер ме

    Қатарда тұрса елі есен!
    IV. Сұлтандар
    Қарық болып олжаға,

    Хан алдына-ордаға,

    Екі сұлтан еніп тұр,

    Бірі –ханның іңісі,

    Бірі-туған баласы.

    Жорық шегіп келіп тұр.

    Ерлік есім сұлтандар

    Еліре сөйлеп бұрқанар,

    Көкірегінде желік тұр.
    I. Ерәлі

    -Алдияр тақсыр ханымыз,

    Тартуды қабыл алыңыз.

    Өзіңізден жарлық ап,

    Сұлтанның атқа қонғаны.

    Одаманмен одақ боп

    Нөкер ертіп желгені

    Емес пе жолы болғаны.

    Жер жаhанды теңі жоқ,

    Атамыз бен Шыңғыстың

    Аруағы қолдады.

    Сырым бидің қол асты

    Екі мың үй шабылды.

    Шабындыдан олжаны

    Саралап санап берейін.

    Толтырайын ортаны.

    Жетектей келдім сан саңлақ,

    Жүйрік пенен жорғаны.

    Көк алалы жылқыны.

    Алпамыс айғыр үйірін,

    Тоғыз жүздей түйесін,

    Бағалы кілем, бау-басқұр,

    Оюлы өрнек кигізін,

    Қама бөрік қамақ тоң,

    Түлкі ішік, түрлі киімін

    Алпыс нарға арттырып,

    Алып келдім алдыңа

    Алуан асыл бұйымын.

    Үзігін тіліп үйінің,

    Ажыраттым жайынын,

    БұзықтЖүз адамы қырылды.

    Тұтқындалды тоқсаны,

    Көбіне дүре соғылды,

    Соққыға көбі жығылды.
    2.Есім

    -Алдияр тақсыр ханымыз

    Алтыннан асыл тағыңыз.

    Қырық күн соққан қырық ұста-

    Қан жұқпайтын қара алмас.

    Тартуды қабыл алыңыз.

    Өзіңізден жарлық ап,

    Ұлыңның атқа қонғаны.

    Одаманмен одақ боп,

    Қан майданға енгені.

    Ойдағысы болғаны.

    Шапқан жері Сырымның

    Шағанақтың қорғаны.

    Зеңбіректің оқ атып,

    Қорғанды әскер қорғады,

    Қорғағанға болмады.

    Сырым ерен ер екен,

    Жеті күн соқпай басылмас,

    Қарқыны қатты жел екен,

    Қамалдан әскер оқ атты,

    Оғын қардай боратты.

    Бораған оққа қарамай,

    Қамалға шапты он атты.

    Тоғызы оның оққа ұшты,

    Ыза қайнап, кек қысып,

    Сілтеді Сырым болатты.

    Елестетті қимылы

    Азауды шапқан Орақты.

    Қамалдың берік қақпасы

    Балтасынан бұзылды.

    Қазаланып мың кісі

    Қылышынан қырылды.

    Жараланып жарты мың

    Найзасынан жығылды.

    Зеңбіректен оқ тиіп,

    Құлатпаса Сырымды,

    Көрер ме ең тірі, көрмес пе ең,

    Есім сұлтан ұлыңды?-

    Дегенде, Ханым Ақлима

    Қара алмасқа қарады,

    Қардай беті қанталап,

    Бұзылып кетті жанары.

    Туған елі тоналды,

    Жүрекке салды жараны,

    Қан жұқпайтын қара алмас

    Жараға кекті жамады.

    Кек кеудені кернеді,

    Денесін улап барады.

    Ақылдың кені болса да,

    Даруды қайдан табады?

    Даруын оның тапса да,

    Емдерге бар ма амалы?
    ***

    Массаттанды Нұралы,

    Іздегені табылып.

    Орындалды жардығы,

    Бұлдырты бойы шабылып.

    Қауіпті жауы Ер Сырым

    Қараңғы үйге жабылып.

    Сырымды туған ел барын,

    Елемеді еліріп.

    Деспісінен жаңылып,

    Масайрады Сырымның

    Қара алмасын тағынып.

    Алтын оқа, торқа тон

    Жанат ішік жамылып,

    Губернатор ұлыққа

    Сыйлық тартып, жағынып.

    Мыстық басты орданы,

    Тасқындатты тағылық.

    Тасқындай тұрсын тойшылар,

    Олжасына кенеліп.

    Хан ордасын қалдырып,

    Қырғы ауылға желелік.

    Бұлдыраған Бұлдырты.

    Сылдыраған сырлы өзен.

    Төсінде құлаш керелік;

    Еліне жетсе Ер Сырым,

    Еңкейіп сәлем берелік.
    V.Бұлдыртыда

    Атырау, Жемді, Сағызды,

    Ойыл менен Қиылды,

    Мұғажар, Жайық арасын

    Жайлаған қазақ баласы

    Бұлдыртыға жиылды.

    Ақсақалдар белсеніп,

    Әулиеге сыйынды.

    Алдияр,Малай, Бұландар

    Ақылға алғыр қырандар.

    Қиядан қарап қиырлы,

    Деді: «Орданы шабалық,

    Хандықты қолға алалық».

    Өршеленіп өзге би,

    Соқты сөзден құйынды.

    Құйындата үйірді.

    Көбей айтты: «Шаппалық.

    Патшаға хат жазалық».

    Көсеу айтты: «Көшелік.

    Көшіп,Сырдан өтелік»

    Ауыздағы алалық

    Шеше алмады түйінді.

    Төзер ме енді тоқталып,

    Саңлақ шіркін самғамай,

    Асқардан аққан арнадай,

    Сырымнан сөз құйылды:

    -Уау, қаумалаған халайық!

    Жеңілмейтін жау бар ма?!

    Жеткізбейтін жол бар ма?!

    Асу бермес тау бар ма?!

    Асусыз асқар болса да,

    Аспай өткен ер бар ма?!

    Батырлардың тұлпары

    Баспай кеткен жер бар ма?!

    Халқына жау хандармен

    Алыспай өткен ер бар ма?!

    Күнде бір сауыт жыртылып,

    Күнде бір сүңгі сындырып,

    Күнде бір қылыш суырып,

    Шабыспай өткенер бар ма?!

    Көз жұмбай дария кешпек жоқ.

    Ер жеңілмес, ел барда?!

    Ел тағдырын шешкен көп,

    Ел азар ма ер барда?!

    Ер төсектен безбей ме?

    Өзі туған елінің

    Жүрегінде шер барда.

    «Қараңғыда жол тапқан,

    Қапы жерде сөз тапқан»,

    Қамалдарды қақыратқан

    Халыққа жау хандарды

    Қысқа күнде қырық шапқан.

    Тайбурылдай тұлпарды

    Талай тақты таптатқан.

    Қара қыпшақ қалың ел

    Қараспанға қондырған.

    Қобыланды туған біздің ел.

    «Бұлтты шайнап мұз бүркіт,

    Үркер мен айға тоғысқан».

    Қаhар төксе, қатер деп,

    Қас дұшпаны торыққан.

    Азды көпке теңгеріп,

    Нашарларға болысқан.

    Қоңыраулы найза өңгеріп,

    Қараман дәумен соғысқан.

    Соғысқан жауын мерт қылған.

    Қара қасқа атты Қамбар ер,

    Қамбарды туған біздің ел.

    «Тауға салса, тас кескен.

    Кеудеге салса, бас кескен.

    Семсерін күнде сермеген.

    Ел шетіне жау келсе,

    Кеудесін кегі кернеген.

    Қаптаған қалың әскерді

    Бір кісідей көрмеген.

    Қамалы жоқ бұзбаған.

    Дұшпаны жоқ жеңбеген.

    Естерек ұлы Ер Тарғын.

    Ер емес пе еңіреген.

    «Өгіз тауда өкіртіп,

    Он екі ханды өлтірген.

    Құланды қақтан қайырған.

    Хандарды тақтан тайдырған.

    Аждаhаның тынысын

    Қолын салып барлаған.

    Туғаннан туға таласқан.

    Дулығалы басты көп кескен»,

    Аты шулы Орақтан

    Жеңілмеген жау бар ма?

    О да туған қазақтан.

    Анасы жерік болғанда,

    «Аюдың етін жегізіп,

    Жолбарыс сүтін ішкізіп,

    Екпінінің қаттысы

    Белден қарға аунатып»,

    Батыр туған Қарасай

    О да Орақтың баласы.

    Атам қазақ осал ма ең,

    Тарихыңа қарашы.

    Қайратың мұхит халықсың,

    Туғызған талай батырды,

    Атқа қонар күн туды,

    Ақтайтын батыр атыңды.

    Атаңа нәлет Нұралы

    Ел жауына сатылды.

    Хан мен патша қосылып,

    Құлақтарын асырды.

    Сұлтандар мен одаман

    Ауылыңды басынды.

    Құл қылмақшы ұлыңды,

    Күн қылмақшы қызыңды.

    Шоқындырмақ халқыңды.

    Жоймақшы қазақ атыңды.

    Отызда оқ атпаған

    Қырықта қылыш шаба алмас.

    Жаман жігіт өз жанын

    Қоярға жер таба алмас.

    Қас батырдың белгісі-

    Қарындастың қамы үшін,

    Жаудан жанын аямас.

    Жамандарға жалынбас,

    Сүйегі тұтам қалғанша,

    Дұшпанына бағынбас

    Ырыстың алды-ынтымақ,

    Бастан бақыт арылмас,

    Бүлініссең, бөрі асар,

    Атқан оғың дарымас,

    Сөз анасы құлақтан

    Су анасы бұлақтан,

    Жол анасы тұяқтан.

    Мен бастайын, сен аттан,

    Қаумалаған қарындас.-
    Сырымның сөзі-сырлы сөз,

    Қыздарды қызу ерлерді.

    Жүрегінде оты бар,

    Аламанға жел берді.

    Атам қазақ халқының

    Аруағы тебіренді.

    Бұрқырап тасты Бұлдырты,

    Құр-құрлай ұстап жылқыдан.

    Жұлқынған аттар ерленді.
    VI. Көбек би

    Төрт күн шапты Көбек би

    Қос атты терге малынтып.

    Ертел-кеш сбылтып.

    Бесінші күн бесінде

    Хан тағына табынды,

    Сөз тиегін ағытты:

    -Алдияр, тақсыр ханымыз,

    Хабарды қабыл алыңыз.

    Жалған емес сөзіміз,

    Көріп келді көзіміз.

    Сырым батыр бас болып,

    Бас көтерді Байбақты,

    Шартарапқа шаптырып,

    Жыйдырды бүкіл аймақты.

    Жұрт алдында Ер Сырым

    Сөз бұлағын қайнатты.

    Ақ толқын атқан бұлақтай,

    Сырымнан шыққан сырлы сөз

    Сусаған жұртқа қайрат-ты.

    Қайната толқи тастырды,

    Қыздырды қызу ерлерді.

    Тұра алмадым дәт тұтып,

    Жүрек шіркін шерленді.

    Ағиық қанат қақпағы

    Ашыла түскен кезеңді.

    Айды бұлттың баспағы

    Аса бір соққан желден-ді.

    Өрттің қаулап жанбағы

    Ұшқыннан ұшқан оттан-ды.

    Бұлдыртының бойында

    Ауыр әскер баптанды.

    Күш қосты бүкіл Кіші жүз,

    Ерледі жүйрік аттарды.

    Күшігінен жүнді сұр жебе

    Қорамсаққа оқ салды.

    Айбалталар қайралды.

    Жер қайысқан әскерді

    Батыр Сырым басқарды.

    Әулиеге ат айтып,

    Алпыс бес би басшы алып,

    Алты мың қазақ аттанды.

    Қандай қамал болса да,

    Қақырататын секілді

    Сәрсембінің сәтінде

    Ордаға жорық басталды.

    Қанды қырғын салмақшы

    Хандықты қолға алмақшы.

    Хан тұқымын құрытып,

    Уәзілерді өкіртіп,

    Тірідей өтін жармақшы.

    Аттаныстың ішінде

    Кімдер бар да кімдер жоқ,

    Бір-бір ру басқарған

    Қабырғалы билер көп.

    Өңшең шонжар маңғаздар

    Міінген жүйрік тарландар.

    Атақты алпыс балуан бар.

    Қаhарманмен теңдер бар.

    Қырағы қырық мерген бар.

    Көпті көрген көнеден,

    Бұлдыр күнде көреген

    Лұқпан сынды хакімге

    Ақылын жұрты теңеген,

    Саңлақ өзған қатардан,

    Сырым Батыр бата алған

    Тіл дүлдүлі Бұлан бар.

    Бұлан жүрген жерінде

    Жауға тиер ылаң бар.

    Шешендерді кідірткен,

    Шежірешіні сүрінткен,

    Кебеже құрсақ, кең маңдай

    Таңадан шыққан Малай бар.

    Малай жүрген жерінде

    Қалтыраған талайлар.

    Жай отындай сөз атқан

    Тәңірі шешен жаратқан.

    Жетібаулы Берішті

    Бір өзіне қаратқан.

    Ақылдың кені Алдияр бар,

    Оның айтқан сөзінің

    Қай жерінде жалған бар.

    Қырандайын тулеген

    Қиырдан тоят тілеген.

    Үйде ұйықтаса, жүдеген,

    Үнемі түзде түнеген.

    Қылышын тасқа білеген.

    Қара бақыр қазаннан

    Қанды ет жесе, семірген,

    Жау тілеген құдайдан,

    Тіл таңбалы Адайдан

    Атағозы батыр бар.

    Саңлақтан таңдап ат мінген.

    Садағын нарға тарттырған.

    Сауытын талғап соқтырған.

    Салтанатын сұрасан,

    Сұлтандардан да арттырған,

    Семсері құрыш болаттан,

    Соққанда, жүздеп құлатқан,

    Сүңгіге түрме бұздырған,

    Сырымды сонан босатқан,

    Сыннан өткен жас батыр

    Есболат сыңды ерен бар.

    Кердері мен кетесін,

    Ертіп тана, табынын,

    Шыңғырлаудың бойынан

    Тіленшінің нөкері

    Қосылмақшы тағы мың.

    Алдияр, тақсыр ақсүйек,

    Жапанда жалғыз бәйтерек,

    Жапырағың көктеп өсер ме,

    Қазса халқы тамырын?

    Күндердің күні болғанда,

    Бәйтерек қуарып солғанда,

    Бұтағың бірі мені де

    Балталар деп налыдым

    Ар-намысым шыдатпай,

    Теріме сыймай, тарылдым.

    Алдыңа тарта келіппін

    Ауыр істің тағдырын.

    Кіші жүздің баласын

    Қуалай шалқып от жаңды,

    Сөндірмесең жалынын,

    Пиғылы бұзық Сырымның,

    Қыздырмасаң қабырын,

    Қақыратар хан тағын.

    Қанжығалар қан басып,

    Қанжарлайды-ау хан ұлын.
    1   2   3


    написать администратору сайта