Главная страница
Навигация по странице:

  • Ситуациялық сауалдар

  • Донормен рецепиенттің қан тобының жеке сәйкестігін анықтаған кезде агглютинация реакциясы байқалды. Сіздің іс-шараңыз

  • Науқасқа қан құйғаннан кейін 6 сағат өткенде бел аймағында ауырсыну, қалтырап жаурау пайда болды. Сіздің іс-әрекетіңіз

  • Есеп №2. Ситуациялы есеп . 1


    Скачать 22.83 Kb.
    НазваниеСитуациялы есеп . 1
    Дата25.01.2022
    Размер22.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕсеп №2.docx
    ТипДокументы
    #341783

    Ситуациялық есеп №.1

    Хирургиялық бөлімшеде науқас жатыр .Шағымдары:эпигастри аймағында ауырсынудың болуы,Соңғы үш айдың ішінде кг азып кеткен.Тамаққа тәбеті төмендеген,етті тағамдарды жей алмайды,асқазаны үнемі толып тұрған сияқтанып тұрады.Тексергенде ісік асқазаның пилорикалық бөлімінде орналасқан.Дәрігер науқасқа операция жасау керек екенін айтқанда науқас опеациядан қорқып бас тартатынын хабарлады.

    Тапсырма:

    1. Науқастын мәселесін шешуде мед бикелик үрдіс.

    2. Науқаспен келісе отырып операцияға дайындау.

    3.Қан тобын анықтауды ұйымдастыру.


    Ситуациялық сауалдар:

    1. Науқастың қан тобын стандартты сары сулармен анықтауда О(1) және А(II) қан топтары мен агглютинация пайда болды. Науқаста қанның қай тобы?

    2. Стандартты сары су көмегімен науқастың қан тобын анықтағанда ешқандай қан тобымен агглютинация болған жоқ..науқаста қанның қай тобы


    3. Донормен рецепиенттің қан тобының жеке сәйкестігін анықтаған кезде агглютинация реакциясы байқалды. Сіздің іс-шараңыз?

    4. Науқасқа қан құю кезінде биологиялық сынама өткізу барысында қалтырау, бел аймағында ауырсыну байқалды. Науқаста асқынудың қай түрі? Не істеу қажет?


    5. Науқасқа қан құйғаннан кейін 6 сағат өткенде бел аймағында ауырсыну, қалтырап жаурау пайда болды. Сіздің іс-әрекетіңіз?

    6. Медбике флакондағы донордың қанын алған кезде сары суының алқызыл түске боялғанын байқады, бұл ненің белгісі және қанды құюға болады ма?

    7. Науқасқа полиглюкинді тамшылатып енгізген кезде кеуде қуысының қысылуы, тыныс алудың қиындауы, беттің қызаруы, тахикардия пайда болды. Бұл не болуы мүмкін? Медбике қандай кателік жіберді?

    8. Бұғана асты көк тамырына гемотрансфузия өткізу барысында медбике 10 минутқа басқа науқасқа шығып кетті, келген кезде флаконның және жүйенің босап қалғанын көрді. Науқастың жағдайы кететтен ауырлады: дененің жоғары аймағының көгеруі, АҚ-ның төмендеуі, науқаста қозу пайда болды. Науқаста қандай асқыну пайда болды. Медбикенің қателігі. Бұл асқынудың алдын алу шарасы?

    9. Науқасқа қан құю барысында бас ауруы, дене қызуы, ыстықтау сезімі пайда болды. Науқаста асқынудың қай түрі? Медбикенің қателігі. Бұл асқынудың алдын алу шарасы?

    10. Қан тобын анти-А және анти-В цолоиклондарымен анықтаған кезде анти-В цоликлонымен агглютинация пайда болды. Науқаста қанның қай тобы?

    11. С. атты 30 жастағы науқас сопор түрінде клиникаға келіп түсті. Анамнезінен науқас наркотик қабылдайды. Объективті тексергенде сол қолының нығыз ісігі көзге түседі. Анурия байқалады, лабораториялық тексеруде плазма калийі 7,6 м/моль л. Электролитті баланс бұзылуының себебін анықтау, диагностика өткізу және интенсивті терапияны тағайындау.

    12. 60 жастағы С атты науқас жайылған іріңді перитонит бойынша лапаротомия жасалған. Температурасының 40 °-қа көтерілуі ерекше көңіл бөледі. Инфузионды – трансфузионды терапия мөлшерін және толық парентеральді қоректендірудің көлемін есептеу қажет.

    13. К атты 60 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне асқазан – ішек трактынан өңеш тамырларының варикоз кеңеюінен және бауыр циррозынан қан кету бойынша келіп түсті. Лабораториялық тексеру бойынша Қ.С.Ж мәліметі бойынша декомпенсирленген метаболикалық ацидоз анықталады. Ацидоздың себептерін атау және интенсивті терапия жүргізу.

    14. М атты 40 жастағы науқасқа асқазан жара ауруы бойынша асқазанға резекция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде анық ішек парезі, метеоризм, қуықтың атониясы пайда болды. Диагностиканың әдістерін және интенсивті терапияның бұзылуының себептерін анықтау.


    написать администратору сайта