Главная страница

Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии. СРО№1_Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии. СЖ 1 Дайындаан Маликов С. Тексерген Жанузаков Е. Т. Семей 2022 Кіріспе


Скачать 53.29 Kb.
НазваниеСЖ 1 Дайындаан Маликов С. Тексерген Жанузаков Е. Т. Семей 2022 Кіріспе
АнкорМногоуровневые WEB приложения и интернет технологии
Дата16.10.2022
Размер53.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСРО№1_Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии.docx
ТипДокументы
#736961
страница3 из 3
1   2   3

Басқы бет. Әр алуан web-сайттарды екі негізгі категорияларға бөлуге болады: бұл басқы беттің (splash) болуы немесе оның болмауы. Басқы бет html-құжат түрінде болады және оның құрамында белгілі бір мазмұндық ақпараттық мәтіндер мен навигация элементтері болады. Басқы беттің файлы index.html деп аталады. Онда берілген ресурс компаниясының логотипі, сайтқа кіру есептегіші мен кириллица кодировкасын таңдау ұсынысы немесе сайттың ағылшын, орыс тілдеріндегі версиясын таңдауы болады. Мысалы:

Сайттың динамикалық  және статистикалық құрамы. Уақытқа сай дамыған видеокарталардың бірнеше видеорежимдері болады, олар компьютер экранында ақпараттың көрінуі кезінде экранды кеңейтілуі мен түстердің көптігімен сипатталады. Операциялық жүйенің құрылымды функциялары көмегімен пайдаланушы экранды кеңейтілудің бірнеше мағыналарын қоя алады, мысалы 640x480, 800x600, 1024x768, 1152x864, 1280x1024 немесе 1600x1200 нүктелер. Әрине, бір браузерде белгілі бір Web-бетті ашар кезде ол бірнеше түрде ашылуы мүмкін. Html-құжаттың элементтерінің бір біріне қатысты өзгерулерін болдырмау үшін қарапайым тәсіл қолданылады:  Web-беттің барлық компоненттері көрінбейтін кестенің сәйкес ұяшықтарына орнатылады және әр объектінің белгілі бір орны қарастырылған. Осы арқылы web-сайттарды бөлудің екінші критерийі пайда болады, бұл критерий көмегімен оларды екі категорияға бөлуге болады. Бұл кестеде пиксельмен өлшенетін анықталған ұзындықпен белгілеуге болады, мысалы 640 нүкте. Сайттың компоновкасының осындай нұсқасын статистикалық деп атауға болады, өйткені кесте ұзындығы экрандық кеңейтілуге байланысты өзгермейді. Экран параметрлерінің өзгеруі салдарынан, әрине, сайт дизайны элементтерінің өзгеріске ұшырауы болады. Екінші жағдай, web-бет фрагменттерінен құралған көрінбейтін кестенің жуындығын ағымдық экран кеңейтілуінен пайыздық мөлшерлемемен береді. Экранның кеңейтілуінің өзгеруінен кейін кесте көлденеңнен созылады, және оның ұяшықтарындағы барлық элементтер анықталған алгоритм бойынша орын ауыстырады. Кейде кесте параметрлері экран баптауларына байланысты өзгереді, html-құжаттың компоновкасының осындай принципін динамикалық деп атауға болады.  Аталған екі жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері де бар.

Беттің статистикалық компоновкасы. Алгоритм мен құжат қалыптауының қарапайымдылығы – оның жақсы тұстары. Экрандық кеңейтілуі 640x480 пикселімен беттің көрінуін оптимизациялауынан кейін қолданушылық экрандық баптауларынан кейін дизайн элементтері өзгеріп кетпейтініне сенімді болуға болады. Сонымен қатар, сайт компоновкасының осы нұсқасы көп жағдайда html-құжаттың Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator браузерлерінде біркелкі көрінуі болады. Жоғарғы экранды кеңейтілуі бар компьютер экранында құжаттың көрсетуі кезінде экранның екң жағында немесе оң жағында бос орынның қалуы – кемшілігі болып саналады.

Беттің динамикалық компоновкасы. Жетістігі – құжат экранның бүкіл ұзындығы бойынша кеңейтіледі және бос орындар болмайды. Кемшіліктері – қалыптау күрделілігі. Бұндай жағдай Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator броузерлерінде жиі кездеседі.

 

 

Қорытынды

 

Қазақстанда барлық интернет-ресурс баспасөз құралдарына теңестірілді.  Қазақ қоғамы мен халықаралық қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың жаппай қарсылығына қарамастан, президент Назарбаев Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заңға қол қойды. Енді Қазақстанда барлық интернет ресурс, оның ішінде форумдар, блогтар, чаттар мен электрондық кітапханалар баспасөз құралдарына теңелді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан  Назарбаев сенбі күні қол қойып  бекіткен жаңа заңға сәйкес, бұдан  былай дәстүрлі қағаз басылымдармен  және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар Интернет-ресурстардың иелері де қылмыстық және азаматтық жауапқа тартылады.

Аталған заңға қол  қойғанын хабарлаған президенттің баспасөз-қызметінің сипаттауынша, «Қазақстан Республикасының  ақпараттық-коммуникациялық желілері туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң» - республика аумағында ақпараттық-коммуникациялық желілері арқылы таратылатын хабарға байланысты қарым-қатынасты мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған».

Алайда Қазақстандағы  бірқатар журналистік ұйым, үкіметтік емес ұйымдар мен адамның құқын қорғайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сынды беделді халықаралық құрылымдар бірнеше рет Қазақстан президентін заңға қол қоймай вето қоюға шақырды.

Атап айтқанда, Азаттық  радиосы осыған дейін хабарлағандай, ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша  өкілі Миклош Харастидің Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 25 маусымда жолдаған хатында Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заң Қазақстанның осы ұйым алдындағы міндеттемелеріне және халықаралық стандарттарға қарама-қайшы келетінін ескертілді.

Оның ішінде Миклош Харасти  президент Нұрсұлтан Назарбаевтың назарын мынадай маңызды сәттерге аударды:

- Интернет форумдарды, блогтар мен чаттарды және тағы басқа интернет-ресурстарды дәстүрлі ақпарат құралдарына теңеу Интернетке деген құқықты негізсіз шектейді;

- Кез-келген бұқаралық  ақпарат құралының өндірісін  немесе таралуын тоқтатуға деген  негіздердің тізімін кеңейтеді;

- Қазақстан азаматтарының  шетелдік ақпарат құралдарына  немесе кез-келген шетелдік Интернет-ресурсқа  шығу құқын күрт шектейді.

Оған қоса жаңа заңда  Қазақстан аумағына арналған шетелдік баспасөз құралының өкімдеріне сот  арқылы тыйым салу мүмкіндігі де қарастырылған. Егер шетелдік БАҚ-тың ақпараты немесе өнімі Қазақстан заңдарына қайшы келеді деп табылса, ол БАҚ-ты тоқтату мәселесі арызданушының жерінде және жауап берушінің қатысуынсыз сотта қарала береді.

Жаңа заңның бұл нормасы, ЕҚЫҰ сарапшыларының пікірінше, Қазақстан аумағында шетелдердің Интернет-ресурстарына кіруге бөгет қоюды көздейді.

Зерттеу жұмысының Web-дизайнға кіріспе, Web-дизайн деген ұғым анықтамасы, Web-сайт құрылымы, Web-дизайнның негізгі ережелері, Web-бет элементтері және Web-дизайн технологиялары  деген бөлімдерінде аталмыш тақырып ашылды. Web-дизайн деген ұғым анықтамасы бөлімінде жалпы ақпарат беріліп, қалған бөлімдерде кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы туралы мағлұматтар келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Алексеева М.И Взгляд в будущее. - М., 2002.

2. Засурский Я.Н Система средств массовой информаций Россий, 2001.

3. Калмыков А.А, Коханова Л.А. Интернет – журналистика. - М., 2005.

4. www.ontustik.gov.kz

5. Краткий курс историй  Интернета / Мир интернет, 1997. - № 11-12.

6. Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.

7.Cолодовиченко Л.Н. Дидактические основы композиционного компьютерно-графического моделирования в подготовке студентов. - Караганда, 2001.

8. Скотт Э. Компьютернык технологий в журналистике. - М., 1999.

9. Федотова Л. Н. Массовая информация стратегия производства и тактика потребления. М, МГУ,  1996. 

10. Рэддик Р., Кинг Э. Журналистика в стиле онлайн. - М., 1990.

11 .http://www.uapeople.com
1   2   3


написать администратору сайта