Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии. СРО№1_Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии. СЖ 1 Дайындаан Маликов С. Тексерген Жанузаков Е. Т. Семей 2022 Кіріспе
Скачать 53.29 Kb.
|
тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискісінің My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады: width және heigth атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуге болады, биіктігі және ені. alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады. Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді. Сілтеме. HTML-дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтеме жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін тегі қолданылады. Мысалы, Пенжим сайтына сілтеме . Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сілтеме жасадық. Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін тегтерінің ортасына суретті тегімен орнату керек. HTML-де кесте жасау. Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады: 1) кесте тақырыбы; 2) бағаналар тақырыптары; 3) ұяшықтар. Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Бұл ұяшықты жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс. Программалық жабдықтау. HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді. Практикады әдетте web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі. Бірінші үлкен топтың web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа осындай программалар кіреді:HTML генератор 1.3, Magic HTML Studio 2.0, Macromedia Dreamweaver. Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады. Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы мақсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Казірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек. Мысалға Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайтының www.ontustik.gov.kz құрылымы мен дизайндық технологиялық сипаттамасын келтірейік. Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайты www.ontustik.gov.kz келесі құрылымдардан және толықтырулардан тұрады. Сайттың негізгі сегменттері: 1) бас бет; 2) жаңалықтар мұрағаты; 3) галерея; 4) мемлекеттік символдар; 5) дағдарысқа қарсы іс-шаралар. Сайттың негізгі бөлімдері: 1) аймақ туралы ақпарат; 2) билік; 3) экономика; 4) сала; 5) бизнес. Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайтының www.ontustik.gov.kz дизайнына талаптар мен техникалық-сипаттамалар. Оңтүстік Қазақстан облысының ресми web-сайтының www.ontustik.gov.kz порталды шешімдерді техникалық жүзеге асыруды таңдау кезінде, құрастырылған көзқарастарды пайдаланып, яғни дайын шешімдер және платформалар негізінде спецификалық модульдер өңделді. Сайттың платформасын құру үшін XaEngine CMS жүйесі пайдаланылды. XaEngine CMS жүйесі 2004 жылдан бері РНР бағдарламалық тілін пайдаланып, ООП қолданып құрылған код пайдаланылып келеді. XaEngine көптеген жоғары жүктемелі интернет жобаларда табысты қолданылып келеді, көбінесе жобаға қарай ядроны аз ғана түзеуді талап етеді. Кодтың икемділік ерекшелігінің қайнар көзі, тоқтаусыз жұмыс істеудің тұрақтылығы, қауіпсіздік және сервердің жүйелік ресурстарына өте төмен талаптары. Деректер қорының тоқтап қалу жағдайында, сайттың шамамен 80% жұмыс жасауын жалғастырады. Сонымен қатар, пайдаланушылардың сайттың беттеріне көбіне өтінімі серверлік скрипттерді немесе деректер базасына емес HTML кэштеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарының дизайндары күші бар санитарлық және эргономикалық стандарттар талабына сәйкес болуы және пайдаланушылардың оң эмоциялық реакциясының тиімділігін арттыру қажет. Оңтүстік Қазақстан облысының web-сайтының www.ontustik.gov.kz дизайны бірыңғай стильді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының порталдары (корпоративті стиль), негізгі сайттардағы ақпаратты ұсыну шешіміне сәйкес және пайдалануға қосатын талаптары: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының элементтері; 2) мемлекеттік мекемелердің және ведомстволардың логотиптері, белгілері және рәміздері; 3) негізгі бояулар; 4) шрифтік және құрылымдық ресімдеу. Оңтүстік Қазақстан облысының Web-сайтының www.ontustik.gov.kz дизайны Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының ақпаратын графикалық ұсыну үшін арналған. Дизайнды әзірлеу кезінде келесі негізгі эргономикалық талаптар ескерілді. Қауіпсіз бояу палитрасы: дизайн мөлдір, жеңіл, бояу гаммасында әзірленді; басым бояулар: көк, сары түстер, негізгі фон - ақ. Мәтін - arial, tahoma, verdana – қараңғы - сұр, тақырып атауларында қараңғы – көк, сайттағы шрифттердің көлемі 9-12 пиксель. Шрифт, тақырыптың көлемі, ұялардың бояуы стильдік файлдарда дайындалды. Беттердің элементтері жоғары және белсенді графика пайдаланылды: 1) көлденең түсетін мәзір – нақты қосымшаның функционалдық талаптарына сәйкес құрылған. Барлық суреттердің форматы gif немесе jpg (jpeg); 2) сайттың беттерін көруге мониторлардың негізгі рұқсат диапазоны 600х800-ден 1024х768 пикселге дейін таңдап алынды; 3) сайттың беттерін көруге монитордың ең төменгі рұқсаты 600х800 пиксель. Көрсетілген монитордың рұқсатымен сайттың беттерін браузерді көлденең айналдыру мүмкіндігі болмайды. 1.4 Web-дизайнның негізгі ережелері Кез-келген технология, шығармашылық үрдіс белгілі ережелер мен заңдылықтарға бағынатыны белгілі. Web-сайт та инженерлі-көркем шешімдер кешені ретінде белгілі бір заңдылықтар шеберінде дамиды. Төменде келтірілген ережелер олардың объективті приоритетіне байланысты, маңызлылығана орай келтірілген. Кез-келген Web-ресурсты қалыптастыру және жоспарлау үрдісі кезінде басты критерийді ескерген жөн. Ол веб-беттерді жасау кезінде болашақ пайдаланушыларға неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау. Яғни сіздің ресурсыңыздың мазмұнымен танысу үшін пайдаланушылардың талғамы бойынша жұмыс істейсіз. Бұдан web-дизайн бойынша жағдайларды стандартизациялау алгоритмдерінің белгілі бір қажеттіліктері туындайды, демек бұл қажеттіліктер сіздің потенциалды аудиторияңызды қанағаттандыру арқылы оларға сіз қалыптастырған сайт мазмұнымен максималды ыңғайлы мүмкіндіктер тудыру. [5] Алайда, тәжірибе жүзінде осы тектес әмбебап шешімдерді жүзеге асыру ақпараттық ағынның жылдам дамуы салдарынан қиынға соғуы да мүмкін. Осы ситуациядан шығудың бір тәсілі қолданушылық жүйенің минималды параметрлеріне сай бейімдеу болып табылады. Осындай тәсіл барлық қолданушылардың көзқарасы бойынша демократиялық сипатта: әлсіздеу мониторлары мен видеокартасы бар ескірген компьютерлердің қожайындарында сіздің ресурсыңызбен танысу үрдісі барысында қиындықтар туындамайды, ал дамыған компьютерлердің қожайындары белгілі бір проблемаларға ұшырамайды. Осыдан бірінші ереже бастау алады, бұл ереже әр веб-дизайнердің көкейінде болуы қажет. Қазіргі интернетте кәсіби сайт 640x480 экран рұқсатымен 256 түстік палитрасымен сәйкес келу деген заңдылық бар. Бұдан қарапайым ереже пайда болады. Ескерту: компьютерде html-документ 800x600 нүстелі рұқсатымен 640x480 нүктеге бапталған компьютерде болса, пайдаланушы үшін браузердің төменге бөлігіндегі терезені көруге қиындықтар туындайды. 256 түстік палитраны қолдану кезінде web-бет дұрыс көрінуі үшін құжат құрамына графикалық элементтерді косу кезінде GIF форматындағы файлдарды немесе JPEG форматындағы суреттерді қолданған жөн. Әрине, болашақ web-беттің бастапқы шаблонын дайындаудан кейін жоғарыдағы талаптарға сай кейінгі жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Ол үшін браузерге бетті жүктегеннен кейін қолданыстағы түстің палитра мен экрандық кеңейтуді Windows баптауларында өзгерту керек. Содан кейін тышқанның оң пернесімен Жұмыс үстелінің аумағындағы жарлықтардан бос кез-келген жерге басу керек және Қасиеттер мәзіріндегі Диалогты терезенің Баптауларына көшу қажет. Түстік палитра мен Экран аумағы бөлімдеріндегі баптауларды таңдап, тышқанмен Қабылдау пернесіне басу керек, содан кейін экрандық параметрлермен Windows-тің қайта жүктеуінсіз келісесіз. Келесі ереже Web-беттің сіздің потенциалды пайдалаушыларыңызбен қарау барысындағы белгісіз бағдарламалық қамсыздандырылумен байланысты. Яғни, бұл браузерлерге байланысты. Статистикалық мәліметтерге байланысты Интернет қолданушылардың арасындағы кең қолданыстағы браузерлер қатарында сан алуан версиялы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator бар, ал қалғандары төменгі деңгейде таратылған. Белгілі болғандай, Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator HTML-кодтың әртүрлі алгоритмдік өңдеулерін қолданып, бір элементтің өзі екі браузерлерде әртүрлі түрде қолданылуы да мүмкін. Кейбір бастаушы Web-дизайнерлердің арасында аталған бағдарламалар негізінде беттерді бірдей көріністе көрсету мүмкін емес деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем олай емес: Netscape және Explorer арасындағы айырмашылықтар сандық бағалай мен сараптамаға байланысты, сонымен қатар көптеген алгоритмдер түрлері бар болғандықтан бұны жүзеге асыру мүмкін. Web-бет Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator-да біркелкі көрінуі керек. Әрине, болашақ web-беттің шаблоны жасалынғаннан кейін бұл html-құжаттың көрініс табуын екі браузерде де тексеру қажет. Пайдаланушылардың көпшілігі Интернетке шығу үшін dial-up ақырын жылдамдықты байланыс линияларына модемнің көмегімен қолданатыны жасырын емес. Осы жағдайда , әрине, мәліметтерді беру және алу жылдамдығы төмендеп, интернет пайдаланушыларға ыңғайсыздықтарды туындатады. Осы арқылы web-дизайнгің келесі ережесі қалыптасады. Web-сайттың барлық беттері мен ондағы графиккалық және интерактивті элементтер көлем бойынша минималды болуы керек. Бұған сайтты жасау барысында арнайы графикалық компрессорларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Келесі заңдылық – сайт бойынша навигацияның болуы. Қолданушыда сіздің ресурсыңыздың бір бөлімінен екінші бөліміне көшу кезінде ешқандай қиындықтар пайда болмауы қажет. Ол сіздің жобаңыздың логикалық құрылымын анық көрсетуі керек, және мүмкіндігінше кез-келген уақытта оның барлық компоненттеріне қол жеткізу мүкіндігі болуы керек. Web-бет сіздің сайтыңыздың барлық бөлімдерін қамтитын навигациялық элементтерді еш қиындықтарсыз көрсетуі керек. Олардың орналасуын пайдаланушы қажеттіліктеріне орай ескерген жөн. Егер олар беттің жоғарғы бөлігінде орналасса және көзге скроллингтен (бетті төмен қарай айналдырып түсіру) кейін түссе ол туралы беттің төменгі бөлігінде көрсетуді ұмытпау керек. Графикалық сілтемелер және белсенді элементтерін пайдаланушылар есебімен мәтіндік формада қайталаған жөн болады. Web-бетті жасау барысында назар аударарлық фактор пайдаланушы тарапынан сіздің ресурсыңыздың психологиялық жағынан қабылдануы. Сайт инженерлі-көркемді жұмыстардың кешені болғандықтан, интернет пайдаланушылар оны солай қабылдау керек. Бұл үшін жобаны бір дизайнерлік стильде сақтап қалу керек, беттің барлық бөлімдері барлық сайт үшін сәйкесінше көркемделуі қажет. Соңғы екі ережелерді жалпы көркемдік қағидалардың эстетикалық мәнін ескеріп отыру керек. Ресурсты жасаған адам үшін web-беттің жоғарғы жағында пайдаланушылар санын көрсететін есептегін көрсеткіші мен пайдаланушының қанша уақыт және қаражат жұмсағаны бәрінен бұрын маңызды болып табылатыынмен келіспеске болмас. Сіздің еңбектеріңіздің нәтижелері пайдаланушылар тарапынан кері көзқарас тудырмауы үшін бір web-сайтта үш шрифт түрін қолданған маңызды болып саналады. Түснікті, әрі көзге жағымды көрінетін түстік жүйелерді қолданып, құжаттарды көркемдеуге үш түстен артық түстерді қолданған жөн. Үштен көп түстер ақпараттық кестелердегі жолдарды бөліп көрсету үшін қолданылуы мүмкін, бірақ бұл да дұрыс емес. Web-сайт дайындау кезінде қандай түстер үйлесімін қолданған жөн? Адам психологиясы тұрғысынан түстер үйлесімі белгілі бір деңгейде суретте көрсетілген ақпарат көрермен қабылдануына әсер етеді. Осы үшін түстер үйлесімін таңдау барысында, мысалы мәтін мен фон түстерінің үйлесімі, көзге жақсы, жағымды көрінетін түстерді қолданған жөн: 1) ақ пен қара; 2) сары мен қара; 3) жасыл мен ақ; 4) қызыл мен жасыл; 5) сары мен қара; 6) қызыл мен ақ; 7) тоқ сары мен ақ; қошқыл қара мен қара; 9) тоқ сары мен ақ; 10) қызыл мен жасыл. Қалған түстермен реңктердің өзара сәйкестігі қарапайым ереже арқылы тексеріледі: суреттерді grayscale форматына ауыстырып (сұр түстің 256 реңкі), салынған суреттер контрастты оқылатынын қарау қажет. Егер оқылмаса – басқа түстер үйлесімін таңдаңыз. Қандай жағдай болмасын, көзге үйреншікті дәстүрлі қара түсті мәтінде қолданып, фон ретінде көмескі татқан түстер реңктерін қолдануға кеңес беріледі. 1.5 Web-бет элементтері Кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы болады. Әрине, осындай обьектілердің саны мен көптүрлілігі сайттың тақырыптық бағытына, онда жарияланған материалдардың көлеміне, сонымен қатар осы ресурс қалыптастырушысының алға қойған мақсат-міндеттеріне байланысты. Web-бетте жобаланған осындай элементтердің өзара үйлесімі web-шебердің басты мінтеттерінің бірі болып саналады. Web-беттің қарастырылатын бірінші элементі – тақырып (заголовок). Ол графикалық нұсқамен де, мәтіндік нұсқада да орындала алады, бірақ бұл екі жағдайда да оның құжаттың басында орналасуы шарт. Егер web-ресурс екі тілде ұсынылған болса, кей кездері тақырыппен қоса сайт бетінде кириллицаны таңдау мәзірі мен сайттың ағылшын, орыстілді нұсқасына көшу пернесі орналастырылады. Ережеге сай, құжат тақырыбынан кейін жарнамалық баннерге арналған орын болады. Құжат тақырыбы астында жарияланатын баннерлердің стандартты өлшемі әдетте 468x60 нүктеден тұрады. Егер бет компоновкасының статистикалық принципі қолданылса, бұл құжат тақырыбының көлемі шамамен 640 пиксель. Осы жағдайда баннердің көлемі тақырып көлеміне қарағанда кішірек болады, сол арқылы жарнамалық мәтін орналастырылатын бет бөлігінде бос кеңістік болуы мүмкін. Қалыптасқан бос орынға web-хостинг жүзеге асыратын қожайын-компанияның логотипі немесе серверлі сілтемесі орналасуы мүмкін. Егер Web-бет коммерциялық бағытта болса, компания логотипінің орналасуы заңдылық болып табылады. Құжаттың негізгі бөлігін мәтіндік участок деп аталатын орын алады, оның құрамында беттің мазмұндық мәні орналасады: ақпараттық мәтін және иллюстрациялар. Аталған элементтерді контент деп те атайды (ағылшын тілінен аударғанда, content — мазмұн). Мәтіндің орынның сайтта орналасуы Web-дизайнердің қалған құжат элементтерін қалай орналастыруына байланысты. web-беттің келесі міндетті құрама бөлшегі навигация элементтері болып табылады – берілген құжатты сайттың басқа бөлімдерімен байланыстыратын гиперсілтемелер. Навигации элементтері мәтіндік жолдар, графикалық объектілер түрінде орындалуы мүмкін, яғни пернелер немесе белсенді компоненттер түрінде. Мысал ретінде Java-апплеттерді келтіруге болады. Құжаттың төменгі бөлігінде сайтты құрастырған адамдар туралы және пайдаланушы өзінің ұсыныстары мен шағымдарын білдіре алатын электрондық пошта мекен жайы туралы ақпаратарының көрсетілуі заңдылық болып есептеледі. Егер Web-бет бастапқы құжат болса, оның төменгі бөлігінде пайдаланушылар қатысуын есептейтін есептегіш орнатылады, Осыған орай web-шебер кез-келген уақытта еш қиындықсыз қолданушылардың қатысуы туралы ақпаратты анықтай алады. Қатысу есептегіші сайттың бірінші бетінде ғана орын алады, ресурстың қалған құжаттарында ол болмайды. Бір бетте әртүрлі есептегіштерді орнатуға болмайды. Тәжірибе жүзінде навигация элементтері экранның оң жақ шекарасында орналасуы бар Web-беттер кездеседі. Навигация элементтерін сол және оң жақ шекараның жанында ғана емес, құжаттың жоғарғы бөлігіне де орналастыруға да болады. Осындай компоновка нұсқасын үй беттерінде қолдануға болады. Қорытындылай келе, болашақ веб-жобаның қандай да дизайны болмасын сіздің еңбегіңіздің нәтижесі дұрыс болады: интернетте цензура бар ма, белгілі бір регламент бар ма т.б. Мысалы басқаруша элементтердің бір бөлігіне бет тақырыбы қойылған, бұл сайттың ағылшын және орыс тілдеріне ауысу пернелері, және де навигация пернелері болуы мүмкін. Мәтіндік алаң екі симмерриялы емес бағаналарға бөлінген, және де тақырыптық ресурс айдарларында қысқа аңдатпалар мен осы бөлімдерге сілтемелер орналастырылған. Web-беттердің аралас компоновкасы нұсқаларының саны көп болуы мүмкін, оның бәрі дизайнер шеберлігі мен фантазиясына байланысты. 1.6 Web-дизайн технологиясы Сайттың логикалық және физикалық құрылымы. Интернеттің әр ресурсы әуесқой үй бетінен үлкен ақпараттық порталға дейін өзара гипербайланыстармен байланысқан бірнеше тақырыптық айдарларды қамтиды. Заңдылыққа сәйкес сайттың барлық бөлімдеріндегі сілтемелер қысқа андатпаларымен бастапқы бетте орналастырылады, ол бет index.htm (.html) деп аталады. Егер тақырыптық айдарлардың өздерінің ішкі бөлімшелері болса, олардың әрқайсысысында index.html деген атқа ие стартты беті болады. Осындай аттарды сайттың бастапқы құжаттарына қойған дұрыс, себебі қысқа URL құралы (мысалы, http://www.mysite.ru/photos/ орнына http://www.mysite.ru/photos/startpage.html) арқылы белгілі бір бөлімге барған кезде браузер сол web-бетті емес, ондағы құжаттар тізбегін ғана көрсетуі мүмкін. Осындай тақырыптық айдарлардың құжат бөлімдерімен және барлық беттердің алдын-ала гипербайланыстармен байланыстырылған бөлімдерінің жобалануы сайттың логикалық құрылымы деп аталады. Физикалық құрылым керісінше сіздің сайтыңыз жарияланған бума директориялары бойынша физикалық файлдардың орналасу алгоритмін сипаттайды. Логикалық және физикалық құрылымдар сәйкес болмауы да мүмкін, өйткені ресурстың физикалық құрылымы файлдардың орналасу жағдайларына байланысты болады. Логикалық бөлімдердің сайттың физикалық құрылымында дұрыс сақталуы материалдарды жаңарту және толықтыру кезінде қателесулер мен қарама-қайшылықтарды туындатпайды. Жоба элементтері болып саналатын графикалық суреттерді сайттың түпкі директориясында Images деп аталатын бумада сақтаған жөн. Осындай тәсіл арқылы HTML құжаттың басқа тақырыптық бөлімдерінде сақталғандарды графиктердің орын ауыстыруынсыз жаңартып, қажет болғанда керексіз файлдарды жоюға мүмкіндік береді. Үй беті мен Web-сайтта барлық гиперсілтемелер дұрыс жұмыс жасауы, барлық құжаттар дұрыс ашылуы және броузер ресурстың бөлімдерін қарағанда қателерде шығармау үшін оның физикалық құрылымын жасау барысында бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек. Директориялардың аттарын, HTML құжаттар мен кеңейтілуін және графикалық файлдардың аттарын тек латын әліпбиі бойынша тек қана жолдық регистрмен сақтау қажет. Сізбен құралған директориялар мен файлдардың аттары сегіз символдан аспауы керек. Web-бетердің жаңару үрдісін жеңілдету, беттер бөлімдерін толықтыру үшін жобаны құжаттау құралының, Microsoft Excel-де құралған кез-келген электронды кестенің болғаны дұрыс. Осыдан қорытынды шығады: сайттың физикалық құрылымы сіздің ресурсыңыздың пайдаланушыларынан жасырынып тұрады, олар навигация арқылы тек логикалық құрылымын бақылай алады. Навигация жүйесінің құрылымы сайттың логикалық құрылымына сәйкес болуы шарт. |