Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии. СРО№1_Многоуровневые WEB приложения и интернет технологии. СЖ 1 Дайындаан Маликов С. Тексерген Жанузаков Е. Т. Семей 2022 Кіріспе
Скачать 53.29 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті Коммерциялық Емес Акционерлік Қоғамы Инженерлік-технологиялық факультеті СӨЖ 1 Дайындаған: Маликов С. Тексерген:Жанузаков Е.Т. Семей 2022 Кіріспе Қазіргі кездетіркелген бұқаралық ақпарат құралдары өте көп. Олардың ұстанымдары да әрқилы өрбіп келеді. Адамды қасақана теріс жағымсыз жолға көзқарасқа ұстанымға жетелейтін ақпарат құралдары да аз емес. Курстық жұмыс осы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде үлкен беледге ие болған интернет құралына арналған. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Веб-дизайн» болғандықтан, бұл жұмыста веб сайттардың дизайндық құрылымдары мен технологиялары, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері қарастырылған. Атқарылған жұмыс мақсаты Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау, Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру мұмкіндіктерін анықтау, қазіргі интернет беттеріндегі веб сайттар, порталдар және тағы басқа интернетресурстардың дизайндық ерекшеліктерін қарастыру Web-сайт құрылымы бөлімінде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады: Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді. Заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылдары, халықпен және бизнеспен қарым-қатынасы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпараттық web-сайты www.ontustik.gov.kz арқылы ұйымдастырылып, қолданыстағы қол жетімділік құқығын үлестіру және құқықтық жиегі аясында «электронды үкімет» ақпараттық қорларына «бір жерден мүмкіндігі» ұсынылған Аталмыш интернет ресурс зерттеу жұмысының обьектісі ретінде қарастырылып, курстық жұмыста мысал ретінде көрсетілген. . Осы тақырып бойынша зерттеу жұмысында Ж.Наурызбайдың «Этнокультурное образование», Л.Cолодовиченконың «Дидактические основы композиционного компьютерно-графического моделирования в подготовке студентов», Э. Скоттың «Компьютернык технологий в журналистике» Л. Федотованың «Массовая информация стратегия производства и тактика потребления» Р.Рэддик және Э. Кингтің «Журналистика в стиле онлайн» ғылыми еңбектерін дереккөз ретінде қолданылды. Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Жоғарыда аталғандар зерттеу жұмысының міндеттері болып табылады. Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды. Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде “Google” және “Yahoo” іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, “Google” мен “Yahoo” 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты Интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – “Қазақтелеком”, “Nursat”, “ASTEL”, “KazTransCom”, “Транстелеком”, “Арна” (“Ducat”) және “Golden Telecom” қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде Интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және… 2005 жылы 1 миллионнан астам адам! Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды. 1 Қазіргі заманғы интернет технологиялар Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды. Егер интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде «Google» және «Yahoo» іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, «Google» мен «Yahoo» 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – «Қазақтелеком», «Nursat», «ASTEL», «KazTransCom», «Транстелеком», «Арна» («Ducat») және «Golden Telecom» қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және 2005 жылы 1 миллионнан астам адам. Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды. Егер бұрындары мемлекеттік биліктен жауап алу үдерісіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде интернетті пайдаланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дүниелерін интернеттің жаһандық желісінен іздеуге мәжбүр. Осымен байланысты қазіргі қазақстандық үшін интернеттің бірте-бірте ақпарат алудың негізгі көзіне айнала бастағаны туралы айтқан орынды. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтетін алғашқы интернет-конференция мемлекеттің интернеттің тұтастай алғанда елімізде дамуына ерекше назарының ғана емес, сондай-ақ әр қазақстандықтың жеке сұранысын қанағаттандыруға деген ұмтылысының да нақты көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысына өзіңді қызықтырған сұрақты тікелей қойып, оған жауап алу мүмкіндігі шындығында басқа қай кезде және қай жерде пайда болуы ықтимал? Президенттің қатысуымен болатын интернет-конференция сұрақтарының статистикасы қазірдің өзінде қазақстандықтарды түрлі бағыттағы сауалдар қызықтыратынын көрсетіп беріп отыр. Олардың көпшілігінің нақты бір адамға ғана емес, ел тұрғындарының басым бөлігіне қатысы бар. Қойылған сұрақтар саны жағынан көшбасшы білім және ғылым саласы болып табылады. Екінші орында тұрғын үй саясаты саласы тұр. Үшінші орын бәсекеге қабілетті экономика мен өнеркәсіптің үлесінде. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін интернет-конференцияның бір парасы интернет болып табылатын ақпараттық технологиялар жетістігіне қазақстандықтардың бұрынғыдан да көп бөлігін үндестіретіні еш күмән туғызбайды. Бұл өз кезегінде біздің қоғамымыздың қазіргі заманғы ырғақты дамып келе жатқан ақпарат әлеміне интеграциялануына қосымша серпін беретіні тағы анық. Өйткені, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – ол жаһандағы жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді табысты қолданатын ел. Және ол әлемдік кеңістікке өзінің ақпараттық жүгімен ену үстіндегі ел. Қазақстан халқы әзірше соншалықты көп емес, 17 миллион шамасында ғана. Ал бұл интернетті барынша дамыған елдерде пайдаланатындай деңгейге ұмтылуға итермелейтін тағы бір ұтымды себеп болып табылмақ. Мысал үшін айтсақ, Скандинавия елдерінде тұрғындардың 90%-ға жуығы Интернетті пайдаланады. Мұндай мақсатқа жетуге алғышарттар Қазақ елінде де жоқ емес. Елбасының ақпарат алмасу үшін интернет секілді заманауи тәсілді кеңінен пайдаланатын уақыттың келгеніне өзі бас болып үлгі көрсетуі өзгелерді де осынау прогрессивті жолды таңдауға қадам бастыратыны анық. Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – интернетте жариялау. Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде web-сайты бір адам - web-шебер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. [1] Бұның негізгі белгісі интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр: 1) web-технологиялар; 2) cайт жасау экономикасы; 3) web-дизайн және Web-программалау маркетингісі; 4) адам ресурстары және т.б. Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады: 1) жоспарлау; 2) элементтерді жасақтау; 3) бағдарламау; 4) тестілеу; 5) жариялау; 6) жарнамалау; 7) бақылау. Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: 1) сайттың орны; 2)сайттың аудиториясы кімдер; 3) қандай ақпарат жарияланады; 4) қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады. Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады: 1) навигациялық құрылымын жасау; 2) беттің дизайнын жасау; 3) бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу; Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда. Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде: 1) сілтеменің жұмысы; 2) мәтіндегі қателер; 3) навигацияның тиімділігі. 4) пошта және басқа формалардың дұрыстығы; 5) графикалық файлдардың ашылуы; 6) әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы. Жариялау. Тест аяқталғандан кейін web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді. Жарнамалау. web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: 1) web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; 2) web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; 3) web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу; 4) баннерлерді жарнама ретінде қолдану. Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң, оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек. 1.1 Web-дизайнға кіріспе Күніне мыңдаған пайдаланушалары бар жаһандық ақпараттық порталдан бастап, айына бірнеше ғана тұтынушылары бар қарапайым үй беті (домашняя страница), дүниежүзілік торда жарияланған кез-келген ресурс – бұл негізінен инженерлік-дизайнерлік құрылым болып табылатын шығармашылық туынды. Осындай туындыны қалыптасыру үрдісі web-дизайн деген атқа ие. Web-дизайн — бұл асқан шеберлікпен орындалған шығарма. Web-дизайн шығармашылық туындысы арқылы әр адам өзінің барлық шығармашылық қабілеттерін баршаға көрсете алады, өйткені бұнда сіздің еңбегіңіздің нәтижесі сіз және сіздің интернет бетіңіздің күнделікті пайдаланушылары болып табылады. Интернеттегі сайттарды дайындау барысында мазмұндық, көлемдік, көркемдеу жағынан шектелмейді. Дүниежүзілік торда web-ресурсты дайындаудың және жариялаудың себептері сан алуан болуы мүмкін. Егер бұл қарапайым ақпараттық парақша болса, web-шебер үшін бұл жердегі негізгі фактор әлемдік торда басқа адамдарға қажетті ақпаратты жариялау болып табылады. Кей-кездері өрмекші тор мысалға әдеби туындыларды, суреттерді, музыка және ғылыми зерттеу жұмыстарын тарату құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Осы арқылы интернет беттегі жарияланым авторы өз туындыларының оқырмандарын, суреттерінің көрермендері мен әндерінің тыңдаушыларын тауып, өз еңбегінің арқасында қаржы таба алады. Тұтынушыларына белгілі бір тақырып туралы ақпарат беретін коммерциялық емес сайттар қандай ресурс болмасын, танымдық, көңіл-көтеру порталы, музыкалық сайт немесе жоба т.б төңірегінде жұмыстар атқара алады. Кей кездері коммерциялық емес сайттың қожайынының таза тәжірибелік қызығушылықтарымен қатар, ол желілік электронды ақпарат көзінің күнделікті мыңдаған пайдаланушыларының әртүрлі қажеттіліктерімен санасу керек. Алайда, web-дизайн интернет-технологиялардың жас әрі жаңа ғана дамып келе жатқан саласы екенін ұмытпаған жөн, және де бұл сала қызметкерлерінің жұмысы жоғары бағаланады. Кіші және орташа бизнестің бірі ретінде бүгінгі таңда интернет перспективті ақша табу көзіне айналып отыр. Әрине, нарықтық замандағы Web-дизайнерлер мен бағдарламашыларға деген үлкен сұраныс пайда болды. Коммерциялық интернет-жобалар қаржылық табысқа жету мақсатында жасалынып, қаржы жанама және тура түрде берілуі мүмкін. «Бүкіләлемдік өрмекші торындағы» ақпараттық тасқынды реттеу мүмкін емес. Қазақстандағы интернет тұтынушылардың саны көбейген сайын ақпараттық арандатуға байланысты дау-дамайлардың да шеті шыға бастады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттіктер. 1.2 Web-дизайн ұғымының анықтамасы Интернет-жобалар өздерінің қызметтері мен қасиеттеріне байланысты сайттар, визиткалар, промакциялар, электрондық дүкендер, ақпараттық сайттар, корпоротивті өкілдер, портал, өндірісті басқару жүйесі болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Визитка – компания және оның көрсететін қызметі жайлы ақпарат беретін қысқа, тиімді, локальды сайт. Промоушн-сайт – жеке алынған тауарға жасалатын жарнамалық сайт. Электронды дүкен – интернет арқылы тауар сатуға, қызмет көрсетуге арналған сайт. Ақпараттық сайт – кейбір пәндер аумағын қамтиды. Сәйкесінше, мұнда түрлі авторлардың көптеген мақалалары бар, бұдан басқа сауалнама жүргізу, дауыс беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Корпоротивті өкілеттік – компания қызметін автоматизациялау. Оның құрамында электронды дүкен, тапсырыс жүйесі, корпоративті сервис, құжаттар мен электронды алмасу, онлайн режимінде сөйлесі, т.б кіреді. Портал – интернет бірлестіктердің құрылуына арналған ірі веб-ресурс. Портал көптеген түрлі сервистерді біріктіруі мүмкін, клиенттерге тауар, сатып алу мүмкіндігін беретін, ал іскерлестеріне – ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару жүйесі – кәсіпорынды корпоративтік ақпараттық басқару жүйе сайты. Жоғарыда көрсетілнен визиткадан басқару жүйесіне дейінгілер веб-басылымдарға барлық жағдайларға қатысты екендігі түсінікті. Ал перезнтациялық, маркетингтік, басқарушылықтан басқа веб-басылым ақпаратты – коммуникативтік функцияны орындауы тиіс. Сондықтан да басылымның түпнұсқасы визитка немесе промоушн-сайт секілді қаралуы түсінікті, бірақ БАҚ сияқты емес. Себебі тек презентация немесе басылым жарнамасы қызметін атқарады, ал өзі басылым болып саналмайды. Интернет БАҚ-тарда тек қана веб-журналистер жұмыс істемейтіні белгілі, интернет қызметкерлері ретінде веб-дизайнерлерді де алған жөн. Қандай да жарнама құралы болмасын, олардың ішіндегі көп пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің көп санын өзіне тартатыны w eb-сайт болып табылады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттік . Коммерциялық жобаны жасау, әрине, уақыт пен ерең еңбекті талап етеді. Web-шеберге жаңа жоба асау барысында жұмыс орыны мен жеке компьютерімен қатар оған белгілі бір бағдарламалық қамсыздандыру қажет. Интернет-жоба жасау үшін қажетті бағдарламалыр тізбегі төменде көрсетілген. Яғни толыққанда Web-дизайнер жұмысына Windows 9X басқармасымен орындалатын келесідегілер қажет: 1) құжат өңдеу құралы, HTML —WYSIWYG редактор деп аталады, 98, 2000 жылғы Microsoft FrontPage бағдарламасы, немесе FrontPage Express; 2) векторлы графика редакторы CorelDraw бағдарламасы; 3) суретті графика редакторы - Adobe Photoshop; 4) Microsoft Internet Explorer браузеры; 5) Netscape Navigator браузеры, 4.01 версиялы; 6) кириллицаны қайта кодтау бағдарламалары - ConvHTML және SNKDECode; 7) HTML оптимизаторы - 1.5 немесе одан жоғары версиялы UtilMind HTML Compressor бағдарламасы; 8) GIF суреттері - Gif-Clean 32 бағдарламасы; 9) JPEG суреттері оптимизаторы - JPEGCleaner 2.1 немесе одан жоғары версиялы бағдарламасы; 10) GIF анимациялар редакторы - Ulead GifAnimator бағдарламасы; 11) графика фрагментаторы – PictureDiser бағдарламасы; 12) FTP-клиент - CuteFTP бағдарламасы. Осы бағдарламалардың көбін еркін түрде интернет беттерінен freeware және shareware версиыларымен тауып алуға болады. 1.3 Web-сайт құрылымы Бұл бөлімде web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенмен де сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге |