Главная страница
Навигация по странице:

  • Адам онтогенезiнiң келесi кезеңдерге бөлуге болады

  • Ұрықтану

  • Бөлшектену

  • эссе. Сж эссе таырыбы рыты дамуындаы ауіпті кезедер орындаАН зімхан Жпар тобы Пед2100302


    Скачать 30.09 Kb.
    НазваниеСж эссе таырыбы рыты дамуындаы ауіпті кезедер орындаАН зімхан Жпар тобы Пед2100302
    Дата05.10.2022
    Размер30.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаэссе.docx
    ТипДокументы
    #714889

    СӨЖ

    ЭССЕ

    Тақырыбы: Ұрықтың дамуындағы қауіпті кезеңдер

    ОРЫНДАҒАН: Әзімхан Жұпар

    ТОБЫ:Пед21-003-02

    І.КІРІСПЕ
    ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
    АДАМ ЭМБРИОГЕНЕЗІНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢДЕРІ


    АДАМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ АУЫТҚУЛАРЫН АНЫҚТАУ
    ЭМБРИОГОНЕЗ САТЫЛАРЫ
    ҰРЫҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕР
    ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


    Онтогенез -дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуімен басталып, тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы (өлгенге дейін). Онтогенез ұрықтану кезінде ата–аналарының жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады.
    Адам онтогенезiнiң келесi кезеңдерге бөлуге болады:

    1) предэмбриональдық (гаметогенез)

    1. антенатальдық немесе туылғанға дейiнгi

    3)постанатальдық немесе туылғаннан кейiнгi

    ЭМБРИОГЕНЕЗ — ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ДАМУ ПРОЦЕСІНІҢ (ОНТОГЕНЕЗІНІҢ) БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ. ЭМБРИОГЕНЕЗДЕ ҰРЫҚ: ҰРЫҚТАНУ, БӨЛШЕКТЕНУ, ГАСТРУЛАНУ, НЕЙРУЛАЦИЯ, ГИСТОГЕНЕЗ, ОРГАНОГЕНЕЗ, СИСТЕМОГЕНЕЗ КЕЗЕҢДЕРІНЕН ӨТЕДІ.Адамның кұрсақішілік дамуы орташа есеппен 280 тәулік жалғасады. Үш кезеңін ажыратады: бастапқы (1-ші апта), ұрыктық(2-8-ші апта), нәрестелік (дамудың 9-шы аптасынан бала туғанға дейін). Ұрықтық кезеннің соңында тіндер мен мүшелердін негізгі эмбрионалдык бастамаларынын калыптасуы аяқталады.

    Ұрықтанужыныс жасушаларының қосылып, диплоидты жиынтығы бар жасуша. Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және гаметалардың қосылуы (сингамия) рет-ретімен жүреді. Зиготаның бөлшектенуі митоз жолымен жүреді. Бөлшектену сатысының маңызы көпжасушалы ұрық- бластоцистаның пайда болуы.Гаструляция (лат. тілінен gaster — асказан) — жасушалардын дифференциялануы мен бағытталған орын ауыстыруымен, көбеюімен және өсуімен бірге жүретін химиялыкжәне морфогенетикалық өзгерістердің күрделі үдерісі, мұның нәтижесінде ұрык жапыракшалары: біліктік мүшелердің кешені мен тіндердің эмбрионалдық бастамаларының даму көздері сыртқы (эктодерма), ортаңғы (мезодерма) және ішкі (энтодерма) пайда болады.Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.

    Қатерлі кезеңдер туралы түсінік. Қатерлі кезеңдер деп әр түрлі зақымдағыш факторлардың әсеріне ұрық дамуының ең сезімтал кезеңдерін айтады. Басқаша айтсақ, бұл сыртқы орта факторларының әсеріне ұрық резистенттігінің (төзімділігінің) ең төмен кезеңдері. Қатерлі кезеңдерде зақымдаушы экзогендік факторлар химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, рентген сәулелері, гипоксия, наркотиктер, никотин, вирустар және т.б. болуы мүмкін. Бірақ, ұрық кез-келген кезеңдерде барлық зақымдаушы факторларға бірдей сезімтал емес. Бір кезеңде ол температуралық әсерлерге сезімтал болса, басқасында химиялық әсерлерге сезімтал болады. Дамушы мүшелер мен жүйелердің арасында бас миының алатын орны бөлек. Плацентарлык тосқауыл аркылы өтетін химиялык заттар мен дәрі- дәрмектер ұрык үшін жүктіліктін алғашқы 3 айында өте қауіпті, өйткені олар метаболизмге ұшырамайды және оның тіндері мен мүшелерінде жоғары концентрацияларда жинақталады. Наркотиктік заттар жүйке жүйесінің дамуын бұзады. Вирустар дамудың ауытқуларын тудырады, тіпті құрсақ ішілік өлімге алып келеді. Ауытқулар мен кемтарлықтың алдын алу үшін бұл заңдылықтар жүкті әйелдер мен дәрігерлердің назарларынан тыс қалмауы тиіс.

    Адам ұрығы дамуының қатерлі кезеңдері. 

    Адам эмбриогенезі 3 қауіпті кезеңдерге ажыратылады:
    1. имплантация- эмбрионның жатырдың кілегей қабатына
    енуі(ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәул.)
    2. плацентация-плацентаның түзілуі(ұрықтанганнан кейін 14-
    15тәул.)
    3. туылуы(39-40апта).


    Жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қатерлі кезеңдері атап кетуге болады:

    1) жыныс жасушаларының дамуы - овогенез және сперматогенез;

    2) ұрықтану;

    3) (имплантация ұрықтанудан кейін 6-7 тәулік),

    4) мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацентаның қалыптасуы (дамудың 3-8-ші аптасы);

    5) бас миының қарқынды өсу стадиясы (15-20-шы апта);

    6) организмнің негізгі функциялық жүйелерінің қалыптасуы және жыныстық аппараттың дифференциялануы (20-24-ші апта);

    7) нәрестенің дүниеге келуі; 8) нәрестелік (1 жасқа дейін);

    9) жыныстық жетілуі (11-16 жас).


    Тератогенді факторлардың әсері дамудың бірінші қауіпті
    кезеңін имплантацияның кеш өтуіне, ұрықтың ерте өліміне
    әкеледі.


    Екінші қауіпті кезеңдегі зиянды әсерлер туа біткен кемтарлықтарға әкеледі.

    Үшінші қауіпті кезеңде туылған нәрестеде түрлі сал аурулары болуы мүмкін.

    Гаметопатия – бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы потологиялық өзгерістер. Бұл өзгерістер спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.

    Бластопатиялар – ұрықтанудан кейінгі алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның
    зақымдалуы. Бір қатар жағдайларда осы кезеңдегі ұрықтарда бластопатиялар деп аталатын потологиялық өзгерістер кездеседі:
    -симетриялық не ассимметриялық егіздер ақаулығы(толық не толық емес ажырыған
    егіздер)
    -сиреномиелия және циклопия
    -жатырдан тыс жүктілік
    Жүктіліктің алғашқы 15-тәул.ұрықтың шетінеу жиілігі өте жоғары болады.


    Эмбриопатия-жатырішілік дамудың 16тәулігінен 8 аптаға дейінгі аралықты қамтиды, ұрықтың зақымдалуынан қасқыр ерін, қоян жырық, ішек атрезиясы секілді аурулар қалыптасуы мүмкін.

    Фетопатия-жатырішілік дамудың 9 аптасынан-40 аптаға дейінгі аралықты қамтиды, егер осы аралықта ұрыққа зақым келетін факторлар орын алса, урахус,крипторхизм аурулары пайда болады.

    Адамнын дамуының ауытқуларын анықтау әдістері мен алдын аду шаралары. Адамнын дамуынын ауыткуларын аныктау үшін казіргі уакыттағы медицинанын біркатар әдістері бар (инвазивті емес және инвазивті). Барлык жүкті әйелдерге екі рет (16-24 және 32-36 апталарда), ұрыктын және онын мүшелерінін дамуынын біркатар ауыткуларын аныктауға мүмкіндік беретін, ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі. Жүктіліктін 16—18-ші апталарында ана канынын сары суында альфа-фетопротеин мөлшерін аныктау әдісі бойынша ОЖЖ дамуынын акауларын (онын денгейі 2 еседен жоғары көтерілген жағдайда) немесе хромосомалык ауыткуларды, мысалы Даун синдромын — 21 хромосоманын трисомиясын немесе баска трисомияларды (оны зерттеу затының денгейінін 2 еседен жоғары төмендеуі дәлелдейді) аныктауға болады. Амниоцентез — зерттеудін инвазивті әдісі, анасынын іш куысынын кабырғасы аркылы қағанак суын алады (әдетте жүктіліктін 16-шы аптасында). Кейін амниондык сұйыктыктын жасушаларының хромосомалық сараптауын және басқадай да зерттеулерді жүргізеді. Сонымен қатар, анасынын іш куысынын кабырғасы аркылы жатыр куысына кіргізілген лапароскоптың көмегімен (фетоскопия) нәрестенін дамуын визуальды бакылау да колданылады. Ұрыктың дамуының ауыткуларын аныктау үшін колданылатын баска да әдістер бар. Бірак медициналык эмбриологиянын басты максаты — олардын дамуынын алдын алу. Бүл максатта жұбайларды тандау жэне генетикалық кеңес беру әдістері жетілдірілуде.

    Қорытынды:

    Дені сау ұрпақ туу үшін салауатты өмір сүрудің, зиянды дағдылардан бас тартудың маңызы зор. Ұрықтың дамуы барысында кұрсақішілік шетінеудің немесе патологиялык жолмен дамудың қауыпы күрт артатын қатерлі кезеңдер болатынын білу маңызды. Эмбриогенездің негізгі заңдылықты үдерістерін білу медициналық эмбриологиянын біркатар мәселелерін шешуге (ұрыктың дамуынын акауларының алдын алуға, бедеулікті емдеуге), нәрестелер мен жаңа туған балалардың шетінеуін болдырмау шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.Яғни эмбриогенездегі сыни кезеңдерді зерттеу кезінде ананы сыртқыортаның зиян келтіруші факторларынан қорғау қажеттілігі түсіндіріледі.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: АФАНАСЬЕВ Ю.И.-ГИСТОЛОГИЯ, ЭМБРИОЛОГИЯ И ЦИТОЛОГИЯ

    https://stud.kz/prezentatsiya/id/24645

    https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%BD%D1%82%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D0%B7


    написать администратору сайта