ктп. Бақытжанова ҚТП СРС 13. Сж таырыбы Сауд Арабиясыны жазулары мен лшем бірліктері Орындаан Бакытжанова А. Тексерген Тлебаев Т. Алматы 2022 Кіріспе Cауд Арабия жазулары Араб
Скачать 233.24 Kb.
|
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультеті СӨЖ Тақырыбы:Сауд Арабиясының жазулары мен өлшем бірліктері Орындаған: Бакытжанова А.Ғ Тексерген: Төлебаев Т.Ә Алматы 2022 1.Кіріспе 2.Cауд Арабия жазулары 3. Араб тілінің жазылу тарихы 4.Араб жазуының оңнан солға жазылу себебі 5.Араб каллиграфиясы 6.Араб өлшем бірліктері 1.Сауд Арабиясы Араб түбегінде орналасқан ең үлкен мемлекет. Арабия — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі түбек (ауданы 3 млн. км²). Ол Жерорта, Қызыл, Араб теңіздерімен қоршалған.Құрлықтағы шартты шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты,Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы,Оман шығанағы арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы Акаба шығанағы, Қызыл теңіз, Баб-әл-Мандеб бұғазы. Аден шығанағы арқылы Араб теңізінің батыс жағалауымен жалғасады. Араб түбегіне түгелімен Сауд Арабиясы, Йордания, Йемен республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливия, Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия мен Ирақтың бір бөлігі енеді. Астанасы Эр-Рияд қаласы. Халық саны 4 878 473 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Бұл жерлерді алғашында көшпенді араб тайпалары мекендеген болатын. 1902 жылдан бастап Неджд аймағының орталығы болып, 1932 жылы мемлекеттің астанасы болды. Бұрын қала шағын қалашық болған. Мұнай өндірісінің дамуы қаладағы халық санының өсуіне ықпалын тигізді. Қазіргі таңда Эр-Риядта заманауи жобалармен салынған ғимараттар бой көтерген. 2. АРАБ ЖАЗУЬІ - дүние жүзіне латын жазуыная кейін ең көп тараған жазу. Б. з. 4 ғасырдың шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елге жайылған. Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Араб алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басында, ортасында, аяғында немесе жеке келуіне байланысты (алиф, даль, заль, ра, за, уау-дан басқалары) 4 түрлі жазылады. Араб жазуында дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін әріптер бар. Дауысты дыбыстар сол әріптердің астына, үстіне әр түрлі диакритик белгілер қою арқылы беріледі (диакритик белгілер Құранда, сөздікте, өлеңде, әліппеде міндетті түрде қойылады). Тек қана үш өріп (алиф, уау, йа) дауысты дыбыстардың орнына қолданылады. Әрбір өріп белгілі бір санды да білдіреді. Арабтар ислам дінін қабылдағаннан кейін (б. з. 7 ғ.) Араб жазуының негізгі 2 түрі (куфи, насхи) пайда болды. Куфи (Евфрат бойындағы Куфа қаласының атынан шыққан) - әшекейлі жазу, әуелде Құран үшін міндетті деп саналған. Мемлекеттік мәні бар жазбалар дакуфимен жазылған. Насхи (нәсхи) көбінесе әдеби және ғылыми текстерді папирус т. б. жұмсақ материалдарға жазу үшін пайдаланылған. Араб жазуы барлық араб елдерінде, Иран, Ауғанстан, Пакистан, Қытай (Шыңжаң), Малайя, Индонезияда және Африкадағы кейбір мемлекеттерде қолданылады. Латын алфавитіне көшкенге дейін СССР-дегі қазақ, азербайжан, өзбек, түрікмен, тәжік, татар, башқұрт т. б. халықтар да Араб жазуын пайдаланған. Дүние жүзіндегі халықтың 10%-тейі Араб жазуы қолданады. Араб жазуы ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады. А. ж-нда 28 әріп бар. олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыс- сыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты- үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін. Хұснихат үлгілерінде А. ж-ның сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады. А. ж. қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады. Қазақстанда А. ж. ислам діні арқылы 7 — 9 ғ-лар аралығын да таралған. Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. ғұламалар А. ж-н өздері туып- өскен орталарында үйренгені сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. А. ж. алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді. 3.Араб тілінің жазылу тарихына келер болсақ, жаһилиет дәуірінде арабтарда жазу дамыған жоқ. Арабтар өз араларында тек келісімшарттар жасаған уақытта ғана жазатын еді. Сонымен бірге басшылар арасындағы хаттар. Бәдәуи арабтар хат жазуды намыс санап тек жаттап алатын. Келісімшарттар мен хаттардан басқа жәһилиет дәуірінің шайырлары өз шығармаларын қағазға түсіретін. Йемен халқы б.з.д. 1000 жыл бұрын жазу қолданған. Діни қағидалар мен заңдарын тастарға қашап жазған. Бірақ жазуды күнделікті өмірде қолданғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Арабтар шумер, аккад тайпаларының жазуы негізінде оңнан солға қарай жазады. Ал біз бірнеше рет ауысқан әліпби негізінде, кезінде оңнан солға қарай араб қаріптерімен төте жазу үлгісінде жазып, қазір қайтадан солдан оңға қарай кирил әріптерімен жазамыз. 4. Оңнан солға жазылуы Біз солдан оңға қарай, ал арабтар оңнан солға қарай жазуы өте қызықты әрі күрделі сауал. Оған қаншама ғалым бас қатырып, шеше алмаған. Ізденістер нәтижесінде зерттеушілер бірнеше нұсқа ұсынды. Бірінші, араб әліпбиі ең көне жазулардың бірі. Бар жазудың атасы – суретті белгілер мен таңбалар екенін білеміз. Тасқа қашап жазғанда оңнан солға қарай жазу ыңғайлы болған. Екінші. Тасқа қашап жазатындардан кейін папиросқа, қағазға жазатындар ішінде бертін келе көркем жазумен ауызбен айтқанды қағазға түсіріп алушылар, көшіріп жазушылар пайда болды. Оларға оңнан солға қарай жазу да, солдан оңға қарай жазу да ыңғайлы болды. Үшінші нұсқасында қоғаға, папиросқа жазғанда қол көлеңкесі түсіп, кедергі келтірмес үшін оңнан солға қарай жазылған делінеді. 5.Араб каллиграфиясы-өзін өзі жазған дәстүр. Бұл құрметті қолөнерге 1400 жылдан астам уақыт болды. Араб алфавитін қолданып жүрген елдерде, каллиграфия тек арнайы құжаттарда емес, сонымен қатар басқа да көптеген көркемдік мақсаттарда қолданып келеді. Осыған себеп болған, нәрсе көптеген еңбектердің араб жазуымен жазылуы. Қолмен жазудан баспа жазуына көшу араб елдерінде бірнеше жүзжылдықтарға созылып келді. Араб әлемі кітаптар (әсіресе Құран) мен құқықтық және басқа да құжаттарды тек қолмен жазуға машықтанып алған. Араб жазуының дамуында басты бағыт, каллиграфия мен көркем қолжазба формаларына негізделген, ал Батыс елдерінде баспасөз бірінші орында тұр /1, 59-60/. Көркем каллиграфия дамуының ең басты себептерінің бірі – діни негіздерге сүйенуінде. Ислам дінінде біз білетіндей тірі жандарды бейнелеуге болмайды, себебі адам баласы «әл-Халик» (الحالق» (әл- Бәри» (Жаратушы) және «әл-Мусаууир» (Кейіп беруші) Алла тағаламен тең келе алмайды. Тағы бір айта кететін жайт, алғашқы мұсылман қауымдастығы тек қана сурет салу өнеріне қарсылық көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кей жағдайларда бүкіл өнер атаулының барлығынан да бас тартып отырды. Олардың пайымдауынша, өнер – қауымды Құдайға бас июінен алшақтатады және Мұхаммад (с.а.с) пайғамбар уағыздаған Ислам дініне қарсы қояды. Адамдар мен жануарлар бейнесін салуға тыйым салынғаннан бастап, көп жағдайда суретшілер енді сол кезден бері танымал болған арабескалар (негізінде қатаң геометриялық формалар немесе жапырақтардың не гүлдердің суреттері болатын композициялар) салу немесе каллиграфия өнеріне бет бұрды. Араб каллиграфиясының мақсаты енді біраз өзгере бастады. Дәстүр бойынша, араб жазуы тек Құран Кәрімнің (араб жазуының алғашқы және бірнеше жүзжылдықтарға созылған мақсаты) нұсқаларын көбейту емес, алуан түрлі көркемдік мақсаттарда қолданылды. Мысал келтірсек, фарфорда және металдан жасалған бұйымдарда, кілемдерде және басқа да тоқыма бұйымдарда, тиындарда және сәулет ою-өрнектерінде ең бастысы, мешіттерде және қабірлерде, бірақ бертін келе кез келген басқа да ғимараттар мен құрылыстарда қолданған. Араб каллиграфиясының гүлденген кезеңі Дамаскідегі Омейад халифаты кезеңіне сай келеді. Сол кезеңде хаттаттар бұрынғы салмақты және қалың куфи жазуын жаңартумен айналысты. Сонымен қатар, курсивті насх жазуынан шығатын басқа да стильдерді ойлап шығарған. Енді Аббасидтер тұсында, алғаш рет мұсылман каллиграфиясын арнайы жүйеге келтіру туралы ой туады. Х ғасырдың бірінші жартысында Аббасидтердің уәзірі Ибн Муқла куфи жазуының формалары мен пропорцияларын, жазылу техникасын біржолата аяқтаумен қоса, араб каллиграфиясының стильдерін негізгі классикалық алты түрге бөліп кеткен. Оны «араб каллиграфиясының алтылығы» деп атаймыз. Оған мыналар жатады: насх (осы жазудан көптеген басқа курсивті жазулар тараған), сульс (насхтың едәуір курсивті түрі), райхани (сульстің оюменен мол безендірілген түрі), мухаққақ (қою және кең диагональ сызықтары бар жазу түрі), тауки (құрамында сульстің элементтері кездесіп, әріптерінің барлығы бір-бірімен байланысып жатады), руқға немесе риқға (қазіргі кезде көптеген араб елдерінде қарапайым күнделікті өмірде қолданылып жүрген жазудың түрі). Осы классикалық алты жазу түріне арқа сүйеп, Иран, Түркия және араб елдерінде оларға ұқсас жаңа жазу түрлерін ойлап шығарған. Мысал үшін, Иранда көрнекті және салмақты тағлиқ атты жазуды ойлап тапқан. Оның ерекшелігі, көлденең сызықтары созылыңқы, ал парақтағы жазылуы белгілі бір бұрышқа байланысты. Осы жазудың арқасында оқуға жеңіл келетін насх және тағлиқ жазуларының элементтеріне сүйеніп, настағлиқ стилі қалыптасты. Араб-мұсылман империясының сакральді және мәдени тілі ретінде, араб тілі қарқынды түрде Араб түбегі территориясынан тыс басқа елдерге тарала бастады. Жаулап алынған жерлерде араб тілі және жазуы өзіне дейінгі жергілікті жазу-сызу жүйелерін шетке ығыстырып, ауыстырды. Жазудың таралуы сонымен қатар, араб графикасын шет елдің тіліне енгізу болды. Сайып келгенде, каллиграфиялық стильдердің дамуы жергілікті мәдени, ұлттық ерекшеліктердің және араб тілінің экспансивті дамуының нәтижесінде жүзеге асты . 6.Араб өлшем бірліктері Араб ғалымдарының негізгі ғылыми жетістіктері ерте орта ғасырларға жатады. Арабтардың математика ғылымына қосқан үлесі айтарлықтай болды. Зира (араб. ذراع Араб шынтақ, газ, зар, араш) - мұсылман елдеріндегі ұзындықтың өлшемі, шынтақ өлшеміне сәйкес келеді. Орта ғасырлардан бері белгілі. Орта Азияда шынтақ үшін газ термині, Персияда — зар термині жиі қолданылған. Араб шынтағының түрлері:"Қара" шынтақ (аз-зира ас сауда, аз-зира әл-амма, зира әл-кирбас, шынтақ Рашшаши (аз-зира ар-Рашшашия)). Шынтақ өлшемін есептеудің бастапқы нүктесі. Аббасид әл-Мамун (813-833) кезінде енгізілген және 24 асбаға тең. Ар-Рауда аралында ескі ниломер (б.з. 861 ж.) сақталған, ол арқылы берілген шынтақтың өлшемін дәл анықтауға болады. Кресвелл бойынша(1926ж) бұл шынтақтың ұзындығы дәл 54,04 см. Мудд - көлем мен салмақтың өлшемі. Шариғаттың көптеген көзқарастарын орындау, мысалы, зекетке немесе дәрет алуға қатысы бар, кейбір мұсылмандық көлем мен салмақ өлшемдерін білуді талап етеді, сондықтан оларға анықтама беру және олардың қазіргі өлшем бірліктерімен байланысын көрсету өте маңызды. 'Арак-отыз са Құрмаға дейін сыятын үлкен себет. Кират - (а) Араб салмағының өлшемі. 1 карат = 1/2 даника = 1/8 Дирхам; (б) үлкен тауға сәйкес келетін нәрсе. Кинтар-кантар, яғни бидай, арпа, тары және басқа да дәнді дақылдарды өлшеуде қолданылатын Араб салмақ өлшемі. 1 кантар = 100 Египет ратлы = 44,928 кг. Мискал-Алтынды өлшеуде қолданылатын Араб салмағының өлшемі. 20 мискал = шамамен 94 гр. Аударманың басқа нұсқалары бар. Баусак-бұл шамамен 50 Египет кейліне (көлем өлшемі) немесе 4,17 араббаға (салмақ өлшемі) тең. Бұл шамамен 647 кг-ға тең толық сыйымдылыққа тең. Әдебиеттер тізімі: Арабские цифры // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907. Хинц В. Мусульманские меры и веса с переводом в метрическую систему. / Пер. с нем. — М., 1970 Юшманов Н. В. Строй арабского языка.-Л., 1938; Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 63 бет. |