11 дәріс Автобус бағдарларының сипаттамасы.. 11+дәріс Автобус бағдарларының сипаттамасы.. Соны аялдамалар маршруттарды соы пункттерінде рылды
Скачать 116.91 Kb.
|
11 - ші тақырып. Автобус бағдарларының сипаттамасы. Бағдарлардың түрлері. Автобус бағдарының төлқұжаты. Бағдарды ашу және жабудың тәртібі. Автобус бағдарының көрсеткіштері. Қалаларда автобустарда тасымалдау анық бір маршруттар бойынша ұйымдастырылады. Маршруттардың басы мен соңы жолаушы ағынының күрт өзгеруімен анықталады. Маршруттарды жолаушы жөнелтуші және жолаушы қабылдаушы пункттердің орналасуына қарай жол аралықтарына бөледі. Автобус маршруттары аумақтық белгілері бойынша қалалық – қала аумағында қатнайтын; қала сыртында – қала аумағында басталып қаладан тыс 50 км-ге дейін қашықтықта қатнайтын маршруттар; қалааралық 50 км-ден артық арақашықтықта екі немесе одан көп қалалар арасында қатнайтын маршруттар. Жол аралықтары – дегеніміз екі қатар орналасқан аялдау пункттерінің арасындағы қашықтықты айтамыз. Жол аралықтарының ұзындығы 300 – 700 м болуы мүмкін. Автобустардың аялдау пунктері тұрақты, уақытша және жолаушылар талабы ьойынша.Тұрақты аялдамалар, тұрақты тұрақты жолаушы алмасу болып тұратын пункттарда құралады. Уақытша аялдамалар – жолаушы алмасу белгілі бір сағат тәулікте немесе белгілі бір жыл мезгілінде болып тұратын жерлерде құрылады. Жолаушылар талабымен аялдау – жолаушы алмасу өте аз, бірак дүркінді болып тұратын жерлерде құрылады, рұқсат етіледі. Сонғы аялдамалар маршруттардың соңғы пункттерінде құрылды. Автобус маршруттарын қала жоспарындағы көрінісіне байланыты бірнеше түрге бөлінеді. 1. Диаметрлік – қаланың екі шетін орталық арқылы тұтастырып жатады. 2. Радиальды – қала шетін орталықпен байланыстырып тұрады. 3. Жартылай диаметрлік – орталық арқылы өтетін, екі қала ауданын байланыстырушы маршрут. 4. Айналма маршруттар – қаланың орталық бөлігінде сонымен бірге жеке райондарында ұйымдастырылады. 5. Тангенстік маршруттар қаланың жеке аудандарын байланыстыратын, орталық арқылы өтпейтін маршруттар. Автобус маршруттарының схемасын есептеуде алдымен, түйіндер және қабырғалардан тұратын қалалық көлік тармағын анықтап аламыз, сонымен бірге пункттер арасындағы жылжулар санын жолаушылар ағынын зерттеу арқылы анықтап аламыз. Автобус маршруттарының оптималдық (тежемді үнемді) критериясы ретінде жолаушылардың тікелей жылжу үшін кеткен уақыты алынады. E =n∑k=1n∑f=1Pfk*tок+m∑i=1m∑f=1*Пij/tcij+tnij/ min мұнда, к =1, 2, 3… n -- автобус маршруттар; f = 1,2,3… n – маршруттардағы пункттер. Pfk – жолаушы жаны , k –ші пункттегі автобус күтіп тұрғандар; tok—k – маршруттағы жолаушының күткен уақыты m—микрорайондар саны; Пij – пункттер арасындағы жылжулар; Автобус рейсі (сапары) – бастапқы және соңғы пункттер арасындағы жол. Рейс ұзындығы --- маршрут ұзындығы; Рейс уақыты – қозғалыстағы және аралық аялдамалардағы уақыт жиындысына тең. tp= tk + taя Автобустың айналымы: маятниктік маршрут lo = 2lm ; айналма маршрут lo = lm Айналу уақыты: tа = tқ + tая + tса Жолаушы жолының орташа ұзындығы lж.о; ; Мұнда F –қаланың ауданы , км2 ; Жолаушы ауысымдылық коэффициенті; ; ήсм=Lм/ lж.о Жолаушы ауысымдылық коэффициенті; ; ήсм=Lм/ lж.о 7-сурет. Қалалық автобус маршруттарының түрлері 1 1. Диаметрлі 2 2.Радиусты 3. Жартылай диаметрлі 3 4. Айналма 4 5. Тангенстік 5 4 Маршрут бойынша жолаушы ағынының таралу сипатына байланысты автобус рейстері;келесідей болады; жай – барлық алдау пункттерінде жолаушыларды отырғызатын және түсіретін; жартылай экспрес - жолаушыларды отырғызу және түсіру кейбір алдын ала қарастырылған пункттерде орындалады; экспресс - жолаушыларды отырғызу және түсіру тек соңғы аялдамаларда болады; қысқартылған – автобустардың рейсі маршруттың барлық ұзындығында болмайды. 5.Автомобиль көліктерінде жүк тасымалдау алдын ала дайындалған маршруттар бойынша жүзеге асырылады. Тасымалдау маршруты деп жүкті тиеу пунктінен түсіру пункітіне дейін автомобиль қозғалатын, қажетті жағдайларда жабдықталатын жолды айтамыз. Жүктерді тасымалдау кезінде екі түрдегі маршруттар болады; маятниктік және айналма. Өз кезегінде олар бірнеше түрлерге бөлінеді. Маршрут түрін өндіру және тұтыну пункттерінің орналасуына, жүк партиясының өлшеміне,, жылжымалы құрамның жүккөтергіштігіне, АККнің орналасқан орнына байланысты таңдайды Іс жүзінде көбірек маятник маршруттар қолданылады. Бұл маршруттың үш түрі бар.(8-сурет) жүксіз кері жүрісті; толықсыз жүкпен кері жүрісті; екі бағытта жүкпен жүрісті. 8-сурет. Маятниктік маршруттар схемасы. Айналма маршрут деп — жылжымалы құрамның біреше тиеу-түсіру пункттерін қосатын тұйық контур бойынша қатынау жолын айтамыз. Айналма маршруттар (9-сурет.) екі бағытта жүкпен жүрісті маятниктік маршрутты ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ жағдайда, жүрісті пайдалану коэффициентін арттыру мақсатында қолданылады. 9-сурет. . Айналма маршруттың схемасы. Айналма маршрутта айналу уақыты төмендегі формуламен анықталады. Таратушы (жинаушы) маршрут айналма маршруттың – ерекше түрі болып, жүктерді біртіндеп түсіріп барады. Мұндай маршрутта бір айналуда бір жүрісті жүзеге асырады. - Немесе керісінше әр пунктте жүкті тиеп барса онда ол жинақтаушы болады.(10-сурет). Ал егер бір уақыттың ішінде жүкті түсіріп және тиеп барса онда таратушы-жинауңшы маршрут деп аталады. Таратушы маршруттың бір айналу уақыты келесі формуламен анықталады: Мұнда 1з — кіру ауқыты; Аз — кіру пункттерінің саны. 10-сурет. Жинаушы маршрут схемасы. Жолаушы автомобиль көлігінің негізгі жұмысы қалалар және елді мекендердің тұрғындарын қанағаттанарлы дәрежеде және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету. Қала тұрғынының жылжу үшін кеткен уақытын – аялдамаға келу үшін кеткен уақыт, аялдамада көліктің келуін күтіп тұрған уақыты, жолға кеткен уақыт, тиісті жерге жүріп келу үшін кеткен уақыт жиындысына тең деп айтуға болады. Жоғарғы көліктік ыңғайлық қамтамасыз етілген болса, әрине мұның бәрі адамның шаршауын төмендетеді, көңіл күйінің жұмыс өнімділігінің артуына көмектеседі. Жолаушыларды тасымалдау сапасын көліктерде жылжу үшін және көліктерге шығып түсу үшін кеткен уақыт, ыңғайлылығымен анықталады. Қала жолаушы көлігінің пайдалану қызмет сапасына, оның басқа көлік түрлерімен өзара әрекетінің маңызы зор (автобус, трамвай, троллейбус, метро, темір жол, такси). Автомобиль көлігі жұмысы - өндіріс көлеміне, тұтынушы мен жүкті жеткізіп берушінің тасымалдау аумағындағы географиялық орнына байланысты. Қала көлігінің барлық түрлердегі маршруттарының қала жоспарындағы тізбегін - қаланың көліктік тармағы деп айтамыз. Жолаушы қатынауымен қаланың қандырылуын маршруттық коэффициентсипаттайды, ол – барлық маршруттар ұзындығының жиындысын барлық көшелер ұзындығының жиындысына қатынасымен анықталады. Қала көлік тармағының тығыздығы ηn (км/км2)қаланың барлық маршруттар ұзындығының жиындысын қаланың ауданына қатынасымен анықталады. Жалпы қозғалуға кететін уақыт келесі формуламен табылады. мұнда, Vn — жүргіншінің жылдамдығы (4 км/сағ); Vm — автомобилдің техникалық жылдамдығы; Lm — қкөліктік линиялардың арасындағы қашықтық; Lne— аралық жолдың ұзындығы;1пЖолаушы жолының орташа ұзындығы lж.о; — автобустың қозғалу интервалы; ton — автобустың аялдау пункітіндегі орташа тұру ұзақтығы . Келтірілген формула төрт қосылғыштан құрылған: — бірінші қосылғыш автобусқа дейін және кейін жүргіншінің жолына кеткен орташа уақытты есепке алады; —екінші қосылғыш аялдамада көлікті күтіп тұрған уақытты есепке алады. — үшінші қосылғыш сапар ұзақтығын есепке алады ; —төртінші қосылғыш аялдамаларда тұрған уақыт есепке алады Аралық жолдың тиімді ұзындығын табайық аралық жолдың ұзындығы 11-сурет . Жылжу үшін кеткен уақыттың аралық жолдың ұзындығы тәуелділік графигі (Вертикаль осьте жылжу үшін кеткен уақыт жиындысы) |