Созылмалы панкреатит Жасаан Ілесбай ш тексерген Алимжан Г. Р
Скачать 48.43 Kb.
|
Созылмалы панкреатит Жасаған: Ілесбай Ш тексерген: Алимжан Г. Р. Анықтама Cозылмалы панкреатит – ұйқы безінің диффузды немесе сегментарлы зақымдалуымен және фиброзбен аяқталатын, ұйқы безінің экзокринді және эндокриндік қызметтерімен зақымдалуымен сипатталытын, тегінде қабыну процессі жатқан созылмалы ауру ЖІКТЕЛУІ : ЖІКТЕЛУІ : Морфологиялық сипаты бойынша: тінаралық ісінуідің басымдылғымен сипатталған (интерстициально-отечный); Паренхималық; Фиброзды – склеротикалық ; Гиперпластикалық; Кистозды; Клиникалық көріністеріне байланысты: Ауырсыну синдромы айқын Гипосекртеорлық Астеноневротикалық Латентты Аралас ЭТИОЛОГИЯ ЭТИОЛОГИЯ Токсико- метаболикалық СП: алкоголь, темекі, дәрі-дәрмек,токсиндер, гиперкальцемия, гиперпаратиреодизм, гиперлипидемия, ХПН,қант диабеті; Идиопатиялық СП; Тұқым қуалайтын СП; Аутоиммунды СП; Қайталанатын, ауыр түрі: постнекротикалық СП, қайталанатын СП, сәулелі емнен кейін, тамырлар патологиясы әсереінен Обструктивті СП: Pancreas divisum, Одди сфинктерінің патологиясы әсерінен , түтік обструкциясы әсерінен (ісік), постравматикалық басты ұйқы безінің түтігі тыртықтануы. КЛИНИКА КЛИНИКА Бастапқы кезең (10 жылға дейін): өршу және ремиссияның кезекпен ауысуы, басты симптом – ә р түрлі локализацияланған ауырсыну.Диспепсия болу мүмкін. Екінші кезең: Ауырсынуды диспепсиялық симптомдар алмастырады. Асқазандыққа – дуоденостаз, ГЭРА. Ішектікке моторлық бұзылыстар, мальдигестия пайда болуы. Мальабсорбция синдромы – қоректік заттектердің сіңірілуінің бұзылыстарына алып келеді. Асқынған түрі: екі кезеңдеде көріне алады. Ауырсынудың күштірек болуы, емге жауап қайтармайды. Диспепсияның айқын көрінуі. ДИАГНОСТИКА ДИАГНОСТИКА Анамнез: оның алдында болған ауыр жедел панкреатит, қайталанбалы ЖП (билиарлы жүйенің зақымдалуына байланысты),вирустық аурулар, гиперпаратиреоз. физикальды тексеру: 1. Рецидив беретін ауырулық абдоминалды синдром (жиірек құрсақтың алдыңғы қабырғасында, арқаға берілумен, диеталық жүктемелермен, алкоголь қабылдаумен). Ойықжара тəрізді ауырулық синдром, моториканың бұзылуымен сол жақтық бүйректік шаншумен клиниканы еске түсіреді. 2. Дене салмағының төмендеуі (мальабсорбция синдромы). 3. Сыртқы секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (стеаторея, гипокальциемия, гиповитаминоз). 4. Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет). лабортаорлық анализдер: лабортаорлық анализдер: зәрде және қанда панкреатикалық ферменттерді табу(амилаза, эластаза 1) жалпы қан анлаизінде қабынуға тән белгілер (СОЭ, лейкоцитоз, нейтрофиллез) БХА: жалпы белок, альбумин,трансферрин, ферритин және тағы басқа белоктардың төмендеуі, гипокальцемия ,ГГТП, ЛДГ жоғарылауы мүмкін.Холестаз кезінде билирубин, ХС және ? ЖОғарылауы мүмкін. Нәжістің майларға сандық және сапалық зерттеулері Онкомаркерладың жоғарылауы(CA 19-9, карцинэмбриональдіантиген - КЭА) СП –тің малигнизациялану белгісі бола алады. Глюкозаға толеранттылықтын төмендеуі Инструменталдық зерттеулер: Инструменталдық зерттеулер: 1. Рентгенологиялық белгілер: ұйқы безінің кальцинаттары, екінші бел омыртқасы маңына жылжуы. 2. УДЗ белгілері: көлемнің, эхотығыздылық ұлғаюы, кальцинаттардың болуы, ісіктер немесе киста. Ісікке күдік болса УДЗ КТ толықтырылады. 3. Компьютерлік томография: некроз ошақтары, ұйқыбездің кисталары мен жалған кисталары. Бездің карциномасы кезінде диагностикалық тиімділік 85% жақын, əсіресе қайталамалы зерттеулерде. 4. ЭРХПГ: өзекшелердің деформациясы мен диффузды кеңеюі, дұрыс емес нақты тəрізді түрде, басты өзекшелер мен шеткі бұтақтардың тасы мен стриктураны анықтау. ЭРХПГ көрсетімдер – ҰБ карциномасына күдік, СП жалғанісіктік формасы, ауырсыну синдромы, жүдеу. ЕМІ ЕМІ Дəрі-дəрмексіз ем: Диета №5. Дəрі-дəрмектік ем: СП асқынуының ауыр дəрежесінде шұғыл жəрдемге кіреді: 1. Ұйқыбездің функционалды белсенділігінің минимумға дейін төмендеуі: аштық, мұрынасқазандық зонд арқылы асқазан ішіндегіні аспирациялау, Н2-блокаторлар (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу венаіщіне) немесе протондыө помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəулігіне, Пантопразол 80 мг/тəулігіне, Рабепразол 40 мг/тəулігіне). 2. Ферменттердің панкреаттық секрециясын басу (Н2-блокаторлар, протондық помпа ингибиторлары, холиноблокаторлар, глюкагон, кальцитонин, 5-фторурацил, соматостатин жəне оның аналогтары октреотид 100 мкг тəулігіне 3 рет). 3. Қан айналымнан қабыну медиаторларын алып тастау (тұзды ерітінділермен инфузиялық терапия). 4. Ауыру синдромын басу – анальгетиктер мен спазмолиттік препараттарды тағайындау. 5. Инфекциялық асқынулармен күресі үшін жəне олардың даму қауіпінде цефалоспорин қатарының антибиотиктерін немесе стандартты дозада синтетикалық пенициллиндерді тағайындау көрсетілген. 1. Ауыру жəне төмен құрамдағы майлар мен клетчаткалар жоқ, бөліктеп тамақтану. Науқасқа ішімдікті пайдалануды тоқтату. 2. Орын алмасулық (панкреатин 50 000-150 000 БІРЛІК*) терапия. 3. Антисекреторлық (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу ішке) немесе протондық помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəу, Пантопразол 40-80 мг/тəу, Рабепразол 40 мг/тəу). 4. Қантты диабетті емдеу (жеңіл пайда болатын гликемияны ескеріп, инсулинді аз дозада тағайындау қажет). Емханалық кезеңде емді жалғастырады: №5 Диета, сонымен қатар алмастырушылық жəне антисекреторлық терапия. Жалған ем : мезим форте АРБИДОЛ КАГОЦЕЛ ВАЛИДОЛ КОРВАЛОЛ и ВАЛОКОРДИН ЭССЕНЦИАЛЕ ХИЛАК ФОРТЕ, БИФИФОРМ, БИФИДОБАКТЕРИН и другие пробиотики |