Главная страница

дезинфекция. Стафилококк (алтын тстес стафилококк) ол, олты, шап атпарлары, жтынша


Скачать 51.13 Kb.
НазваниеСтафилококк (алтын тстес стафилококк) ол, олты, шап атпарлары, жтынша
Дата16.04.2021
Размер51.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файладезинфекция.docx
ТипДокументы
#195394


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 26

Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Стафилококк (алтын түстес стафилококк): қол, қолтық, шап қатпарлары, жұтқыншақ.
Стрептококк: қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.
Көк іріңді таяқшасы: қол, жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Клебсиеллалар: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Ішек таяқшалары: қол, ішек, зәр шығару жолдары.

Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:
Зерттеудің инвазивтиі әдістері мен емі жасалатын хирургиялық, урологиялық, жан сақтау бөлімшесіндегі науқастар;
иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі бар келушілер, әсіресе балалар және жасы үлкен адамдар;
пациентке күтім жасаған туыстар;
медициналық қызметкер.
1.3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар
АІЖ пайда болуына және таралуына әкеліп соғатын факторларға жатады:
Сыртқы факторлар (барлық стационарларға тән):
аппаратура және құрал-жабдықтар
тағамдық азық- түлік
ауа
дәрілік заттар
Пациенттің микрофлорасы:
тері жамылғылары
асқазан-ішек трактісі
зәр шығару жүйесі
тыныс жолдары
Стационарда жүргізілетін инвазивті медициналық манипуляциялар.
қуықтың және тамырлардың ұзақ уақытты катетеризациясы
интубация
анатомиялық барьерлердің хирургиялық әдістен бүтіндігінің бұзылуы
эндоскопия
Медициналық персонал:
патогенді микроорганизмдерді тұрақты түрде тасымалдаушылар
патогенді микроорганизмдерді уақытша түрде тасымалдаушылар
аурулар немесе инфекцияға шалдыққан қызметкерлер
1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:
Аурухана ішілік инфекция көздерінің эпидемиологиялық қауіптілігін, іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастармен қатынаста жұқтыруды дұрыс бағаламау және дер кезінде шектей алмау;
Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында аурухана ішілік инфекция тасымалдаушылар мен жұқтырғандардың болуы;
Медицина қызметкерлерінің аспетика және антисептика, жеке гигиена, ағымды және қорытынды дезинфекция ережелерін, тазалау ережелерін бұзуы;
Медицина құралдарының, аппараттарының, жабдықтарының стерилизация және дезинфекция режимін бұзу;
Шектеу және қорғау режимі іс-шараларын бұзу.
1.5 АІЖ жататын аурулар
Таралған инфекциялар: сепсис, бактериальды шок, вирусемия және т.б.
Шектелген инфекциялар
Тері жамылғылары және тері асты клетчатка инфекциялары: инъекциядан кейінгі абсцесстер, омфалит, тілме, пиодермия, тері асты клетчаткасының абсцессі және флегмонасы, парапроктит, мастит, дерматомикоздар және т.б.;
Респираторлы инфекциялар: бронхит, пневмония, плеврит және т.б.;
Көз инфекциялары: конъюнктивит, кератит, блефарит және т.б.;
ЛОР-инфекциялар: отиттер, синуситтер, ринит, мастоидит, ангина, ларингит, фарингит және т.б.;
Стоматологиялық инфекциялар: стоматит, абсцесс жәнет.б.;
Ас-қорыту жүйесі инфекциялары: гастроэнтероколит, энтерит, колит, холецистит, гепатиты, перитонит және т.б.;
Урологиялық инфекциялар: пиелонефрит, цистит, уретрит және т.б.;
Жыныс жүйесі инфекциялары: эндометрит және т.б.;
Буын және сүйек инфекциялары: остеомиелит, артрит, омыртқа аралық дисктер инфекциялары;
Орталық нерв жүйесі инфекциялары: менингит, ми абсцессі және т.б.;
Жүрек-қан тамырлар жүйесі инфекциялары: эндокардит, миокардит, перикардит, ота жасалғаннан кейінгі медиастинит.
1.6 АІЖ алдын-алу
1.Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бойынша іс-шаралар:
Емдік-профилактикалық мекемедегі қоршаған ортадағы объекттерді санитарлы-бактериологиялық зерттеу, әсіресе жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінде;
Аурухана ішілік инфекция жағдайын тіркеу, есепке алу және аурушаңдық анализі;
Аурухана ішілік инфекция қоздырғышын анықтау;
Микроорганизмдердің антибиотиктерге, антисептиктерген, дезинфектанттарға тұрақтылығын анықтау;
Медицина қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау (аурушаңдық, бактерия тасымалдаушылық);
Емдік-профилактикалық мекемедегі санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді ұстануды қадағалау;
Инфекция көзін анықтау іс-шаралары
Аурухана ішілік инфекциямен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау;
Әр аурухана ішілік инефкция жағдайында эпидемиолгиялық тергеу жұмыстарын жасау;
Науқастарды дер кезінде арнайы бөлімше, палаталарға орналастыру;
Медицина қызметкерлері арасында аурухана-ішілік инфекция тасымалдаушылар көзін анықтау;
Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында қоздырғыш тасымалдаушыларды санациялау;
Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:
Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру;
Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;
Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;
Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын, арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;
Іш киімдері мен төсек жабдықтарын кезеңді ауыстыру;
Кір киімді және таңу заттарын дұрыс сақтау, жою;
Бөлмелерді дұрыс санитарлық қадағалау;
Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;
Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау.
Науқастарды бокс палаталарына жатқызылуына дейін баратындай бір-бірінен алшақ ұстау;
Организм төзімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Әлсіз науқастарды жеке қадағалау;
Микробқа қарсы заттарды рационалды қолдану;
Иммунитетті көтеруге арналған қаттарды қолдану: иммуномодуляторлар, дәрумендер;
Емдік-профилактикалық мекеме қызметкерлерін эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вакцинациялау.


САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ РЕЖИМ
Санитарлық – эпидемияға қарсы режим – бұл ұйымдық кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық эпидемиялық іс – шараның кешені. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕАМ –гі негізгі тапсырманың бірі деконтаминация- қорғау және жою мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үрдісі.
Емдеу-алдын-алу мекемелерде аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу сұрақтары бойынша басты рөл орта және кіші медицина қызметкерлеріне тиесілі. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің талаптарын күнделікті, толық ұстану қауіпсіз аурухана ортасының негізі.
Санитарлық – эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі талаптар ҚР ДСМ бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен немесе ережелермен (СНжЕ) реттелінеді. Эпидемиолог ЕСМ санитарлық –гигиеникалық және эпидемияға қарсы режимнің зерттемесін жасайды, санитарлық-профилактикалық іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады.
Аурухананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Профилактикалы-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшіне тазалау жұмыстарын жасайды.

2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
Жинаудың мына түрлері бар:
Дымқыл жинау;
Генеральды жинау;
Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау.
Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) сөткесіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады); жуу ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы дезинфекциялақ затты қолдану арқылы.
Бөлімше палаталарын, функциональды бөлмелерге қортынды жинау дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы айына 1 рет және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қабырға, еден, құралдар, инвентарьлар, жарық шамдарды өңдеумен жүзеге асырылады. Операциялық блок, таңу, босану бөлмелері, егу, манипуляциялық, стерилизациялық бөлмелер, қарқынды емдеу бөлмелеріне қортынды жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.
Қортынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер, тумбалар, үстел және асқа жиҺаздарды сүртуге болады:
а) 0,5% жуу ерітіндісі (10 л суға 50 г ұнтақ немесе жуғыш қасиеті бар дезинфекциялық ерітінді) және таза сумен шаю;
б) шаю немесе сүрту әдісі бойынша 10 л сумен беткейлер сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).
Бөлме өндеуден өткеннен кейін дезинфекциялық ерітіндінің белгілі экспозициясына жабылады, экспозициядан кейін, бөлмені желдетеді. Барлық беткейлер таза мата арқылы сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).
Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция жасалады.
Қорытынды дезинфекция – науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқанан кейін, немесе қайтыс болғаннан кейін, босаған палатада дымқыл жинау басталады, қорытынды дезинфекцияға сәйкес. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту (кесте 2).

Кесте 2.
Жинауға арналған құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылуы


Дезинфекциялық заттың атауы
Концентрациясы
Экспозициясы
Хлорамин Б
1%, 3%
120 мин. 60 мин.
Дезактин
0,2 %
60 мин.
Хлорлы әк
3% 1 %
60 мин. 120 мин.
6% су тегінің асқын тотығың
0,5% жууға арналған затпен

60 мин.

Жинаудың соңында дезинфекциялық ерітіндімен едендер жуылады, содан кейін кварц жарығы қосылады, соңында бөлме желдетіледі. Дымқыл жинастыруды аяқтаған кезде қолданылған жууға арналған маталар дезинфекцифлық ерітіндіде зарарсыздандырылады, ағынды сумен дезинфекциялық заттың иісі кеткенге дейін тазартылып жақсы жуылады және кептіріледі.
Бөлмелердегі барлық тазалау жұмыстары мейірбикемен бірге жасалады, мейірбике тазалауды таза аймақтан бастайды, яғни манипуляциялық үстелі, таңу үстелі, медициналық шкаф, тоңазытқыш, кушетка, мейірбикенің жұмыс үстелі, ал санитар орындық, есік, есік тұтқаларын, терезе алдын, санитарлы түйіндер мен еденді жумен аяқтайды.
Палаталарда санитар тазалауды төсектен, терезе алдынан, есік тұтқаларынан, одан кейін санитарлы түйіндерге тазалау жүргізіп, еденді жуумен аяқтайды. Тамақтану үстелі, азық-түлікке арналған тумбочка және тоңазытқышты тамақ таратушы өңдейді.
Терезе әйнектерін іш жақтан жуу айына кем дегенде 1 рет, сырт жақтан және кірлену деңгейіне қарай жуу 3 айда кем дегенде 1 рет жасалады.
Палаталарды желдету тәулігіне кемінде 4 рет. Косметикалық жөндеу жұмыстары жылына бір рет, қажет болған жағдайда оданда жиі жасалуы қажет.
2.2 Қызметкердің гигиенасы
Медициналық қызметкердің жеке бас гигиенасының кердеңдігін қайта бағалау қиын. Жеке бас гигиенасының ережесіне: күнделікті душ немесе ванна, халаттың және басқа жеке киімдердің жуылуы; ауыздың және мұрынның (бірреттік масканы киюі) қорғануы; адамдар жанында тұрған кезде жөтелгенде және түшкіргенде басты басқа жаққа бұру, қолды жуу.
Стационарда қызмет атқарушы персонал ауысымды жұмыс киімін: халат (хирургиялық костюм), қалпақ, бір реттік қолғаптар, маскалар пайдалуы қажет. Медициналық киімнің аймақтары жеке киімді толықтай жабуы тиіс. Шаштың барлығы толықтай қалпақпен жабылуы тиіс. Ауысымды аяқ киім тоқусыз материалдан, дезинфекция үшін жетімді, ыңғайлы және шусыз (биік өкшесіз) болуы керек. Жұмыс орнында шәркейлерді киюге рұқсат етілмейді. Макияж барынша табиғи болуы қажет. Барынша ароматталған дезодарантпен және әтірді пайдаланбауға тырысу керек, себебі олар науқастарға аллергиялық әсер көрсетуі мүмкін. Медициналық қызметкерден жағымсыз киім, темекінің иісі шықпау керек.
Инфекциялық науқастарды тексеріп жатқан қызметкер жұмысқа келгеннен соң жеке киімін шешіп, санитарлық нормамен қаралған жұмыс киімін және аяқ киімін киюі керек. Жұмысты аяқтағаннан соң санитарлық өткізілімдегі өңдеуден (душ қабылдау) өтуі керек. Үй киімін және арнайы киімді бөлек – бөлек шкафтарда сақтау керек. Халаттың ауысуы, қалпақтың (жаулықтардың) аптасына 2 реттен өндірілуі керек. Жұмыс киімнің науқастардан ластануы кезінде тез арада ауыстырылуы тиіс. Шаруашылық қызметкерлер (шаруашылық меңгерушісі, сантехник, столяр және т.б.), бөлімшеге кірерде санитарлық халат киюі, шығарда бөлімшеде қалдыруы қажет.
Емделушінің санитарлық өңдеуінде, асхананы тазалауда, медициналық, дәріханалық ыдыстың, сонымен қатар горшоктарды және судноларды өңдегенде резенкелі алжапқыш кию керек. Ауруды тасымалдар кезінде, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырарда, жұмыскерлер (медбике, санитар) өзінің халатының үстінен 2 – ші халатты киюі тиіс, себебі науқасты ауыстырарда халат дезинфекцияға тапсырылады.
Қызмет атқарушы жұмысшыға тиым салынады:
аурудың кереуетіне отыруға;
бөлімшеге немесе жұмыс орнына арнайы киімсіз келуге;
арнайы жұмыс киімімен инфекциондық бөлімшеден шығуға немесе жұмыс киімнің үстінен басқа киім киюге, қандай жағдайда болсын арнайы киімді үйге әкетуге;
асханада немесе буфетте арнайы жұмыс киіммен тұруға;
ауруларға арналған әжетхананы пайдалануға, науқасқа қатысты ыдыстарды немесе басқада заттарды пайдалануға;
тамақты палатада, дәлізде немесе зертханаларда пайдалануға;
палатада, дәлізде немесе зертханада темекі тартуға;
бір бөлімшеден басқа бөлімшеге немесе палаталарға еш себепсіз кіруге.

2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
Қол деконтаминациясы – АІЖ алдын-алуға арналған ең маңызды іс –шара. Қолдың тиімді өңделуі үшін керек шарттар: қысқартылған тырнақтар, тырнақ бояуының және жасанды тырнақтардың, қолда сағат және әшекей бұйымдардың болмауы.

Қол деконтаминациясының мақсаты:
1 –ыдырау өнімдерін және микроорганизмдерді жою;
2 –пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3 – жеке гигиенаның және тазалықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
4 – микроорганизмдердің өсіп- өнуін тоқтату.
Медициналық персонал әр науқасты тексерер алдында, емшараны орындағанға дейін және орындағаннан кейін, бөлімені тазалағаннан кейін, іш –киімді ауыстырғанда, әжетханадан соң және т.б. кезде қолды жууға тиіс.
Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық.
Әлеуметтік деңгей (қолдың әдеттегі жууы) – аз ластанған қолды сумен немесе сабынмен жуу (зарарсыздандырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол ластанғанна соң өткізіледі.
Қолды өңдеудің ережелері. Қолдағы барлық әшекейлерді, сағатты шешу керек, себебі олар қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Қолдар сабынданады, кейін жылы ақпа сумен шайылады және барлығы қайта қайталанады. Қолды бірінші рет сабындағанда немесе жылы сумен шайған кезде қолдың терісіндегі микроорганизмдер жойылады. Жылы суды пайдаланғанда немесе қолды ысқылағанда тері ашылады, сол үшін қайталап сабындаған және шайған кезде ашылған терідегі микроорганизмдер жуылады. Жылы су сабынның аса тиімді әсер етуіне көмектеседі, сол сияқты ыстық су қолдың бетінен қорғаныстық майдың қабатын жояды. Осыған байланысты қолды жуу үшін ыстық суды пайдаланбаған дұрыс.
Гигиеналық деңгей – қолды жуу үшін зарарсыздандырылған заттарды пайдалану; бұл микроорганизмдерді жоюға және кетіруге арналған өте тиімді әдіс. Қолдың гигиеналық өңдеуі алдымен инвазия рәсімнің орындалуымен ескеріледі, иммунитеті төмен науқасты тексеріп болғаннан соң, жаралармен немесе несеп шығаратын катетермен жұмыс жасағаннан соң, қолғапты киерде және қолғапты шешкеннен соң, организмдегі биологиялық сұйықтықпен жанасқанда немесе микробтық ластанудан соң пайдаланылады.
Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру.
Қолды жуу үшін (механикалық тазалау) шиша ыдыстағы мөлшерленген сұйық сабынды бір реттен көп пайдалануға болады. Сабынды мөлшерленген шиша ыдысқа құюға болмайды. Егер сабын тілімдері пайдаланса, онда олардың кішкентай үзіңділерін пайдалану керек, басқа үзіңділері ұзақ уақыт дымқыл жерде қалып қоймауы қажет, себебі микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік жасамау үшін. Арнайы сабын салғышты қолдану тиімді, себебі басқа уақытта қолды жуу үшін сабын кеуіп тұру тиіс.

ekoline.com.ua

Қолды өңдеу кезіндегі қимыл-қозғалыстар еуропалық EN-1500 стандартына сай келуі шарт. Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанылады. Қолдардың өңделуі 30 секундтан 1минут уақыт арлығында орындалады (1-сурет).
c:\users\oserovaa\desktop\уровни обработки рук.jpg

1-сурет.
Қолды гигиеналық өндеу

Қолды қағаз сүлгімен кептіру керек, сосын кранды жабамыз. Егер қағаз сүлгілер болмаса онда оның орнына таза мата тілімдерін шамамен мөлшері 30 х 30 см жеке қолдануға болады. Әрбір қолданылып болған сүлгілерді қайта тазалаудан өткізу үшін арнай қойылған контейнерлерге тастау керек. Электр құрғатқыштар тиімсіз, себебі теріні аса жай кептіреді.
Механикалық өңдеуден кейін (екі рет сабындап және шаю) қолдың жалғауына аз дегенде 3 мл зарарсыздандырғыш жағылады. Қолды гигиеналық дезинфекциялау кезінде препараттар қолданылады, яғни құрамында зарарсыздандырылған детергенттер болады, сонымен қатар қолды спиртпен дезинфицирлейді (адекваттық шарттың қолды жууға немесе қолды жуу үшін арнайы уақыттың болмағандығынан). Зарарсыздандырылған сабынды немесе детергенттерді қолданған кезде қол ылғалданады, содан соң теріге 3 мл құрамында спирт бар препаратпен безейді (мысалға, «Исосепт», «Спитадерм», «АХД-2000 специаль», «Лизанин», «Биотензид», «Манопронто»), толық кепкенге дейін теріге ұқыпты сіңеді (қолды сүртуге болмайды).
Персонал қолына сақина тағудан немесе тырнағына лак жағудан сақтануы керек, себебі сақина мен жыртылдақ лак қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Маникюр (тырнақтың төсегінің облысындағы айрықша айлалы әрекеттер) кіші жарақаттарға әкелуі мүмкін, себебі ол жеңіл инфицирленеді. Қолды жууға арналған жабдықтар аурухананың шекарасында ыңғайлы орналу керек. Дербес жағдайда, диагностикалық немесе емдеу өткізілетін бөлмеде, әр бөлмеде және бөлмеден шығарда тікелей емес орналасады.
Хирургиялық деңгей – әр хирургиялық қабаттасушылықта өткізіледі, емделушінің терідегі жабынның тұтастығының бұзушылығымен жүргізіледі, микроорганизмдердің операциялық жараға немесе операциядан кейінгі инфекциялық қозуға әсер етуін алдын – алу үшін жүргізіледі.
Қолды өңдеудің ережелері:
Жоғарыда жазылғандардың механикалық өңдеуден айырмашылығы, хирургиялық өңдеуге білекті тазалау кіреді (2 сурет), кептіру үшін стерилді майлықтар пайдаланылады, ал қолды жуу кем дегенде 2 минутқа созылады.
c:\users\oserovaa\desktop\images.jpg


2 сурет.
Қолды өңдеудің хирургиялық деңгейі


Кептіргеннен кейін қосымша тырнақтық төсектер мен тырнақаралық үйінділер бірреттік стерильді ағаш таяқшамен, зарарсыздандырылған дымқыл ертіндімен өңделеді. Шөткелерді қолдану маңызды емес.
Егер бәрі бірде шөткелер қолданылса, онда әрқашан стерильді жұмсақ немесе автоклавтауға төзімді шөткелерді, сонымен қатар шөткелерді тек қана тырнақаралық үйінділер үшін немесе жұмыс ауысуының бірінші өңдеуіңде пайдалу керек.
EN -1500- дің тізбектелген қатал қозғалысын сақтай отырып, механикалық өңдеуден кейін, кептірмей тұрып, қолдың жалғауларына 3мл-дей зарарсыздандырғыш жағылады («Оллсепт про», «Спитадерм», «Стериллиум», «Октенидерм» және т.б.), сосын ол теріге сіңеді. Теріге зарарсыздандырғыш жағу процедурасы кем дегенде 2 рет жүргізіледі, зарарсыздандырғыштың ортақ шығыны – 10 мл, процедураның толық уақыты – 5 минут.
Стерильді қолғапты тек қана құрғақ қолға киеді. Қолғаппен жұмыс жасап жатқанда 3 сағаттық өңдеуден кейін басқа перчаткаға ауыстырып жұмыс жасау керек.
Қолғаппен жұмыс жасап болғаннан соң қолды тағы да майлықпен сүртеміз, дымқыл теріні зарарсыздандырғышпен, сосын сабынмен жуып, жұмсартатын креммен ылғалдандырылады (3 – 4 сурет).

c:\users\oserovaa\desktop\одевать перчатки.jpg


c:\users\oserovaa\desktop\снимать перчатки.jpg


3-4 сурет.
Зарарсыздандырылған қолғаптардың дұрыс киілуі және шешілуі

Іс-шараның орындалуы:
1. Қолды өңдеу
2. Құрғақ, таза жерге қоды тигізбей зарарсыздандырылған буманы қою. Буманы ашу.
3.Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен
4.Сол қолдың үлкен және сұқ саусағын қолдана отырып, жиналған қолғап манжетінен бір дана қолғапты ақырын алып шығу (саусақтар қолғаптардың ішкі беткейіне жанаспауы қажет). Оң қол саусақтарын бүркеп, қолғапқа бяулап, енгіземіз.
5.Жиналған қолғап манжетін білезік сүйегі бойына ұстап тұрып, қолғапты бір қозғалыста кию.
6-7. Ішкі беткейіне жанаспай, сол қолдың қолғабын оң қолдың II, III, IV саусақтарымен аламыз.
8-10. Екінші қолғапты бір қозғалыспен сол қолға киіп, олардың бөгде бедерлермен жанаспауын қадағалау.
11. Екі қолғапты қиіп болған соң, саусақтардың ұшын жөндеу қажеттілігі туындаса, бірден жөндеп аламыз.
12-13. Бөгде бедерлермен жанасудан қашқақтай, екінші қолдың саусағын сырғытып, оң қол қолғабының манжетін оң қарату.
14. Қолғап киген қолымыз тек қана зарарсыз құралдармен немесе науқастың алдын-ала зарарсызданған дене бөлігімен қатынасуы қажет.
15-17. Сыртқы бетіне жанаса отырып, сол қол саусақтарымен оң қолғаптың манжетін ұстаймыз. Саусақтардың екінші фалангісіне дейін теріс қаратып, қолғапты шешеміз (толықтай шешпеу).
18. Сыртқы бетіне жанаса отырып, оң қол саусақтарымен сол қолғаптың манжетін ұстаймыз. Жартылай шешілген қолғаппен сыртқы жиегін саусақтардың ұшына жартылай тарта отырып, екінші қолғапты шешеміз.
19. Медициналық қызметкердің терісі қолғаптың тек қана ішкі бетімен қатынайтынының көзбе-көз дәлелі ретінде, толықтай сырт қаратып сол қолғапты шешеміз.
20. Қолғапты қоқыс жәшігіне тастау.
21. Қолды өңдеу.
Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіптердің негізгі элементтері дезинфекция және стерилизация болып табылады.
Дезинфекция
Дезинфекция (залалсыздандыру ) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үрдісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады.
3.1 Дезинфекцияның түрлері:
алдын-алу (профилактикалық)
ошақты: ағымды және қорытынды
Алдын-алу дезинфекция– анықталған инфекция көздері болмаған жағдайда жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының мақсаты – пациенттің қолданған құралдарын жүйелі түре залалсыздандыру жолымен басқа адамдарға жұғу қауіпін азайту.
Ошақты залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Дезинфекция әдістері:
механикалық
физикалық
химиялық
комбинирленген немесе аралас
3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Осы деректі ескере отырып, бұл іс – шара әлдеқайда тиімді екенін ескерген жөн.
Микроорганизмдерді жоюда келесі әдістер қолданылыды:
Бөлмені және жиhазды ылғалды тазарту
Сыпыру
Шаңсорғышпен өңдеу
Бөлменің ауасын жаңарту және желдету
Киім – кешекті, төсеніштерді, төсек-орындарды қағып-сілку
Жуып-шаю және жуу
Қолды жуу
3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
Дезинфекцияның физикалық әдісі түрлі физикалық факторлардың әсерімен микроағзаларды жоюға негізделеді.
Күн сәулелері. Күн спектрінің тікелей сәулелері патогенді микроағзаларға жойқынды әсер етеді. Әдістің бұл түрі өте күрделі, онда кептіру, жылыту мен ультракүлгін сәулелері қолданылады. Күн сәулелері әсерінен іш қуысы тифі, дизентерия, холера жылдам жойылады, ал өкпе құрт ауруы таяқшалары мен бактериялардың споралық түрінің сезімталдылығы төмен келеді. Шырыш, қақырық, нәжіс, қан және т.б. орналасқан қоздырғыштар қорғаныссыз орналасқандарға қара, анда күн сәулесіне ұзақ төтеп береді.
Қайнату. Қайнату - кез-келген жағдайларда пайдалануға келетін, зарарсыздандырудың ең ыңғайлы және сенімді түрі болып табылады. Қайнаған суда ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдары, төсек-жабдық пен киім-кешек, сүлгі, мұрын сүлгілері, рәзеңке ойыншықтар, тағам қалдықтарын өңдеуге болады. Қайнаған суда микробтардың вегетативті түрлері бірнеше минутта өледі. Сібір жарасы, мен өкпе құрт ауруы микобактериясы қайнаудың 2-ден 10-12минутын көтере алады. Қайнаған судың зарарсыздандыру әсерін сода немесе сабын қосу арқылы күшейтуге болады. Микробтар тұрақтылығы мен өңделуші заттардын сипатына қарай, қайнау минутынан бастап экспозиция 15-30 минутқа дейін созылады. Бедерінің құртылуы себебінен, клеенкелі, жүн, жартылай жүн, тері, вискозды маталар өңдеудің бұл түріне келмейді. Патогенді микробтар төмен температураға бейім болуы себебінен (минус 30-50°С), төмен температурада өңдеу қолданылмайды..
Пастеризация – 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70—80 °C-қа дейін жиіде сұйық заттарды бір реттік өңдеу әдісі. Ас тағамдарын зарарсыздандыру мен олардың қолдану ұзақтығын сақтау үшін қолданылады. Мұндай өңдеу салдарынан микроағзалардың вегетативті түрі жойылып, споралары сақталып, жағдайы туғанда дами бастайды. Сондықтан да, пасерленген тағамдарды (сүт және т.б.) төмен температурада шектеулі уақыт қана сақталады. Пастерленген тағамдар өңдеу нәтижсінде құндылығын, дәрумендерін ферменттерін толыққанды сақтап қалады деген түсінік бар.
Кептіру.Көптеген патогенді микроағзалар ұзақ уақытты кептіру әдісіне төтеп бере алмайды. Жойылу жылдамдығы микробтардың түріне, төзімділігіне және де кептіру әдісінің жүргізілу талаптарына байланысты, осылайша, холера вибрионы кептіруге бірнеше сағатта берілсе, өкпе құрт ауруы мен стафилококк қоздырғыштары 10 ай ішінде жойылады, сібір жарасы споралары вируленттілігін бірнеше жыл сақтай алады.
Үтіктеу. Төсек-жабдық, киім, көйлектерді үтіктеуді де дезинфекциялау әдісі ретінде қарастыруға болады. Үтікпен ұзақ уақыт үтіктеу нәтижесінде (температурасы 200-250°С) маталардың ішіндегі температура 98-170°С дейін жетеді, салдарынан микробтардың вегетативті түрлері, бит-сіркелер жойылады. Киімдерді іш-сыртымен үтіктеген абзал.
Өртеу. Зарарсыздандырудың бұл әдісіне құнсыз, қоздырғышарға қаныққан заттарда (қағаз, сүлгі, қоқыс, балалар ойыншықтары және т.б.) өртеу жатады. Өртеу үрдісін арнайы жабдықталған пештерде, жерден ойылған сайларда, ағаш оттарда орындайды.
Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.
Су буы. Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал болып табылады. Автоклавтағы дезинфекция тәртібі (бикстерде) t - 110°С температурада, 0,5 атм.қысымында, экспозициясы 20 мин.
Құрғақ ыстық ауа, немесе құрғақ ыстық. Оның микроб клеткасына әсері - клетканың сусыздануы мен бүрісіп қалуына алып келеді. Құрғақ ыстық ауаны ылғалдандыру кезінде оның бикеридидтілігі барынша ұлғаяды. Органикалық заттармен ластанбаған әйнек, металл, температураға төзімді металлдар үшін құрғақ ыстық шкафта t 120°С, экспозициясы 45 мин.
Ультракүлгіндік сәулелендіру. Инфекциялық стационар, балалар ауруханасы, босану үйлері, ота бөлмелері, бокстар мен басқа да бөлмелерде аурухана ішілік жұқпалардың алдын-алуы мақсатында бактерицидті сәулелеуші аппараттар қолданады. Сәулелендіру салдарынан ауадағы патогенді микроағзалар жойылып, басқа микроағзалардың туындауы 80-90%-ға төмендейді.
3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мен дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады.
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
өндірісінің арзандылығы.
Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғаш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады.
3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)
Йод, бром негізінде галлоидтан тұратын препараттар: хлордан тұратын: хлор ерітіндісі, кальций гипохлориді, хлорамин Б, диохлор, пантоцид; йод негізінде: спиртті йод ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодокам, йодоформ, йодонат; бром негізінде: аквабор.
Айқын бактерицидті, спороцидті, фунгицидті және дезодорирлеуші әсерге ие, бірақ респираторлы жүйені, көзді тітіркендіреді, токсикалы, утилизацияны дұрыс жасамаса қоршаған ортаға зиян, коррозия шақырады, иісі тұрақты. Кемшіліктеріне қарамастан, бұл топ заттарын медициналық мекемелерде кеңінен қолданады. Олар қол жетімді, тиімді, бірақ қолдану және утилизация ережелерін қатал қадағалауды талап етеді.
Көмірқышқыл газынан тұратын: калий перманганаты, сутегі асқын тотығы ерітіндісі. Бұл топтағы препараттардың әсер ету принципі мкроораганизмдердің протоплазмасынан органикалық компоненттердің қышқылдану және көмірқышқыл газының бөлініп шығуына негізделеді. Сутегі асқын тотығы жараларды тазалауда және қан тоқтатуда қолданылады. Улылығы аз, табиғи орта үшін қауіпсіз, специфиқалық иісі жоқ.
Олардың басты кемшілігі – жоғары коррозиялық белсенділігі бар,сондықтан олар металды инструменттерді өңдеу мен тазалауда қолданылмайды.
Альдегидтен тұратын: формальдегид, глиоксаль, сайнекс, деконекс, лизоформин-3000, глутарал, бианол және т.б.
Кешенді бактериоцидті,споралы,вирулентті эффект көрсетеді, микроорганизмдердің барлық түріне жоғары антимикробты белсенділік танытады. Медициналық инструменттер мен бұйымдарға коррозия тудырмайды, оларды пластикалық линзаларды және резеңке бұйымдарын тазалауда, сондай-ақ қиын конфигурациялы (мысалы, эндоскоп) технологияны дезинфекция жасауда қолданылады.
Бірақ тыныс алу жүйесіне тітіркендіргіштік әсер береді, адамдар арасында қолдана алмайды.
Құрамында спирт бар заттар: 70% этил спирті, изопропанол, пропанол, октенисепт, изосепт, предез, инцидинликвид, микроцид және т.б.
Бактериоцидті, туберкулоцидті, фунгицидті қасиет көрсетеді. Улылығы аз, дақ қалдырмайды және экологиялық қауіпсіз болып саналады. Спиртті заттарды теріге антисептик ретинде қолды тазалауда, иньекция жасағанда көп қолданады. Стетоскопты, қайшыны, термометрлерді дезинфекция жасауда пайдаланады.
Бірақ дезинфактанттардың бұл түрі микроорганизмдердің вегетативті формалары мен спораларына байланысты әсерсіз. Эндоскоп, хирургиялық материал, құрал-жабдықтарды спиртпен өңдеу эффективтілігі төмен және инфекциялардың таралуына алып келуі мүмкін.
Беткейлі-белсенді заттар (ББЗ): Биодез-экстра, Велтолен, Вапусан, амфолан, және т.б.
Олар құрамындағы төрттік аммоний қосындысы, аминдер, амфолитік ПАВ бөлшектері арқасында ісер етеді. Ащы иісі жоқ, металлды тот бастырмайды, токсикалық әсері төмен, шырышты қабық пен тыныс алу ағзаларын тітіркендірмейді, науқастар мен персоналдардың қатысуымен қолданыла береді. ББЗ – микроб клеткасы қабығының өткізгіштігін өзгертеді, сондықтан да, басқа да дезинфекциялық құралдармен қоса қолданысқа түседі. Жоғары жуып-шаюшы әсерінің арқасында біріншілік дезинфекциямен бірге стерилизация алдындағы кезеңде қолданылады.
ББЗ – липофильді вирустарға қарсы бактерицидті, фунгицидті, вирулицидті әсері бар. Бірақ, споралық белсенділігі жоқ, және де өкпе құрт ауруы микобактериясы мен гидрофильді вирустарға әсер етпейді.
Гуанидинді препараттар полигексаметиленген гуанидиннен және хлогексидиннен негізіндегі: полисепт, демос, биор, лизетол, фугоцид және т.б.
Жіңішке спектрлі бактериоцидті белсенділік пен тіркеме нәтижесімен ерекшеленеді. Осы байланыстар бактериялардың ара қатынасында белсенді, басқа туберкулездің микобактерияларында, бірақ вирустарға, саңырауқұлақтарға, спораларға белсенділік көрсетпейді. Олардың мінездемелік ерекшеліктері – өңделген қабықша бетінде құрылу, қалдық ұзақ бактерицидті әсерді қамтамасыз етеді.
Инвентарьға төмен токсикалық әсеріне байланысты, ең ыңғайлы препараттардың санына жатады.
Фенолды: амоцид, резорцин, трикрезол, ферозол, резорцин, бензонафтол, ваготил және т.б. Бактериоцидті, спорацидті және фунгицидті әсер көрсетеді. Теріні тітіркендіреді жаққан жерге тез сіңеді, токсикалық. Антисептик ретінде стоматологияда тамырлы каналды және тіс пульпасының некротизациясын өңдеуде қолданылады. Ваготил жергілікті бактерицидті және трихомонацидті әсер көрсетеді. Резорцин антисептик ретінде фенолдан кем. Аз концентрацияда кератопластикалық, ал көп мөлшерде кератолитикалық және күйдіргіш әсер көрсетеді.
Бірақта бұл топ вирустар және бактериялардың спор түрлеріне белсенді емес.
Органикалық қышқылдар медициналық мекемелерде гемодиализді аппараттардың дезинфекциясы үшін қолданылады. Қазіргі уақытта ғалымдар перокси қышқылдардың антимикробтық қасиетін зерттеуде, аз концентрацияда перпарат оныі негізінде жоғары бактерицидті әсер көрсетеді. Кең қолданылмайды.
Қазіргі күнде химиялық дезинфекцияға кешенді әмбебап шешім жоқ. Әрбір топ құралдары – бұл күшті және әлсіз жақ комбинациясы.
Емдік-профилактикалық мекемеде дезинфекция, дезинцекция, дератизация заттарының Мемлекеттік Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі бар дезинфекциялық заттарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.
ҚР кең қолданылатын препараттар гигасепт, лизетол, терралин, перформ, октенисепт, октениман, октенидерм, және де біраз белсенді енгізілетін лизоформин және дезэфект. Бұл ретте препараттың біраз үлкен тізбегі толық ақпараттың жоқтығына байланысты сол қалпында талап етілмейді.
3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар

«Деохлор» құралы салмағы 3,4 гр қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады. Бактериялдық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі профильді ЕПМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекиялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1 дәріні 10 литр суға ерітеміз). «ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.

«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралын коррозияға тұрақты металлдар, әйнек, пластмасса, рәзеңке; бөлмедегі бедерлер (еден, қабырға, ексіктер және т.б.), қатқыл жиһаз; санитарлық транспорт; санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б), рәзеңке төсеніштер; төсек жабдықтар; асханалық және лабораториялық ыдыс-аяқтар (сонымен қатар бір реттік қолданылатын), ыдыс жуу құралдары (шөтке, ерш және т.б.), ойыншықтар (жұмсақтарынан басқа), науқастарды күту құралдары; жинастыру материалдары, медициналық қоқыстар (қолданылған сүлгілер, байлап-таңу материалдары және т.б.).
«Вапусан» дезинфекциялық құралының құрамында альдегид, хлор мен фенол жоқ. Белсенді заттары – төртік аммонийлік қосындылар қоспасы мен этанол 1 л пластик бөтелкелеріне құйылып шығарылады. Жақсы жуып-шаюшы, тазалаушы әсерге ие. Жіті токсикалық қасиеті жағынан қатерлігі төмен қосындылардың 4-ші класына жатады. Өңдеу жұмыстары бөлмеде адамдардың болуымен жүре алады.
ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, жиһаз, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық (ЖИТС пен гепатитті қоса алғанда) инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады. Дезинфекцияны сүрту және суармалау тәсілімен жүзеге асырады, сүрту үшін заттың 100 мл/м2 ерітіндісіне салса, суармалау үшін 250 мл-іне салып қояды.
«ДП-Алтай» дезинфекциялық құралы белсенді заты ретінде трихлорициануралық қышқылын қамтиды. Салмағы 5 гр-дық хлорлы иісі бар дәрі қалпында шығарылады. Оның микробқа қарсы әсері жүреді: грамм оң және грамм теріс бактерияларға (өкпе құрты микобактериясын қосқанда), вирустарға (энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары – полиомиелит, Коксаки, ЕСНО; энтеральды және парентеральды гепатиттер, ВИЧ-инфекциясы, тұмау, «құс» тұмауы H5NI, герпетикалық, цитомегаловирустық, аденовирустық инфекциялар),қышыма қотыр.
Медициналық қолданыстағы құралдарды, бөлмедегі бедерлерді (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз, санитарлық транспорт, санитарлық-таехникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б.), төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, күтім және жеке бас гигиена құралдары, жуып-тазалау құралдары, медициналық қалдықтарды өңдеп-тазалауға арналады.

«Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% диде-цилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір тұстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие. ЕПМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген. «Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) гр ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді. ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.

«Акватабс» дезинфекциялық құралы – дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар (натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар.

Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинасыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз.. «Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕПМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз. Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады.


написать администратору сайта