Главная страница
Навигация по странице:

  • «Ұстазға құрмет»

  • 1 жүргізуші

  • 11 класас. стаза рмет арасай Саыпжамал


    Скачать 17.21 Kb.
    Названиестаза рмет арасай Саыпжамал
    Дата28.09.2021
    Размер17.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла11 класас.docx
    ТипДокументы
    #238154

    Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез- келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. 

    Ахмет Байтұрсыновтың “Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім ” деген сөздері бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.


      «Ұстазға құрмет» Қарасай Сақыпжамал


    Кім боласың?

    Кім болсаң да аман бол.


    Бастықпысың?

    Өте жақсы тұра қал.

    Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары

    Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,

    Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

    Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.

    Махаббаты: бала және Отаны

    Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару

    Демалысы: шәкірттерге хат жазу

    Ал кәсібі: от беру мен от алу

    Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы

    Мектеп деме жан-дүние құрамы

    Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен

    Өзін өзі ұмытудан тұрады.

    Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы

    Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін

    Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

    Тастай қылып тындырып бер жұмысын.

    Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары

    Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі

    Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба

         Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!

    1 жүргізуші:  Ұстаз мейірі – Ана мейірі парапар,

    Тұла бойға қуат болып таралар

    Көп жасаңдар өмірге шуақ боп

    Айналайын білім берген ұстаздар!


    написать администратору сайта