Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
Alikhan Bokeikhan University БАЯНДАМА Тақырыбы: Өздігінен білім алу іс-әрекетіндегі жоспарлау мен мақсаттылық. Орындаған: Қыдырхан С.С. Жоспары: 1. Білім беру жүесінің жалпы сипаттамасы. 2. Білім беру қоғамдық құбылыс ретінде. 3. Білім беруді дамытудың негізгі бағыттары және сатылары 1. Білім беру жүесінің жалпы сипаттамасы. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады. Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады. Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Білім беру екі жақты құбылыс: нақты іс-әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі-адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғышарты-білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, іргелендіру, гуманитарландыру және т.т.білім беруі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Білімнің адам дамуындағы айқындаушы рөлін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол тұтастық қалпында ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті мәліметтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек. Экономикалық және саяси өзгерістер экономиканың терең дағдарысымен, саяси қатынастардың тарихи баламасыздығымен, өндірістің құрылымымен және нәтижелерімен озық елдерден едәуір артта қалуымен, халықтың тұрмыс деңгейімен және сапасымен, мемлекеттік басқарудың тиімділігімен сабақтас болды. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты-ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты-адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХІ ғасырдың маманы-жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі-жоғары білімде. Өйткені жоғары білім-үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан студентті тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, творчестволық тұлға келешектің иесі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі-студентке іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті-адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс, тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. Еліміздің 1 Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтар әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге тиісті. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш рөлін тану адам капиталы теориясының негізін құрды, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Адам капиталының теориясы-білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді. Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті, әрі ол ең құнды және ең сенімді капитал болады. Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты болып тек ХХ ғасырда ғана ресімделді. Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның «Білім революциясы» мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: «Білім-бүгінгі таңдағы жеке ара нақты капитал. Халық білімін дамыту-капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану-байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші». Білім реформалары қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейімдік оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейімдік оқыту мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік бар. Бейімдік (міндетті) оқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін. Білім беруді дамытудың негізгі бағыттары: - оқыту 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейінді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу; - орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің жаңа деңгейін құру; - академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың үш сатылық жүйесін: баклавриат-магистратура-докторантура (Ph.D) құру; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру. Орта білім беру сатылары: - І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқу ұзақтығы – 4 жыл. - ІІ саты – негізгі жалпы білім беру, оқу ұзақтығы – 6 жыл. - ІІІ саты – жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, техникалық және кәсіптік білім беру, оқу ұзақтығы – 2 жыл. 2 лекция.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Жоспары: 1. Білім беру жүйесі туралы түсінік. 2. Қазақстан Республикасының білім беру саясатының мемлекеттік бағдарлары. 1. Білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілгені белгілі. Осы құжат еліміздің экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін есепке ала отырып, білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын былай айқындайды: Жалпылық:білім беру жүйесін қаржыландыру, педагог статусы, білім берудегі менеджмент, электрондық оқыту («е-learning»). Деңгейлер бойынша:мектепке дейінгі оқу және тәрбие, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім. Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие (Cурет 1).
Құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. 2. Қазақстан Республикасының білім беру саясатының мемлекеттік бағдарлары. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «компетенс» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы». Бүгінгі күні оқушы білімін бағалаудың тәсілі ретінде тестілеу әдісі кең қолданыс табуда. Алайда тестілеу әдісі-оқушылар жетістігін бағалау технологиясының бірі ғана. Қазіргі уақытта оқыту нәтижесін бағалаудың басқа да әдіс-тәсілдері бар. Оқушылар білімін бағалаудың жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан баламалы тәсілдерінің бірі-портфолио. Портфолио – оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі. Американдық және еуропалық білім беруде протфолио «оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталады. Портфолионы мектепте пайдалану идеясы өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын анықтауға, олардың өз бейініне сәйкес мектептердің жоғары сатысында сауатты түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді. Мазмұны бойынша портфолионы 3 моделге бөледі. Құжаттар портфолиосы-сертификатталған жеке білім жетістіктерінің портфелі. Оған жататындар: диплом, грамота, оқушының мектепте және одан тыс белсенділігі мен табысын растайтын басқа да ресми құжаттар. Жұмыс және жоба портфолиосы-оқушылардың әр түрлі шығармашылық және жобалық жұмыстарының жинағы, сондай-ақ, оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрі мен бағыттарының сипаттамасы: ғылыми конференция, конкурстарға қатысуы, факультатив өтуі, спорт және өнердегі жетістігі т.б. Пікірлер портфолиосы-оған мұғалімдер, сыныптастар, сондай-ақ өзінің жұмысы мен оның нәтижесі туралы оқушылрдың жазбаша талдауы енгізіледі. Ол қорытынды, пікірлеме, пікір, резюме, ұсыныс хат пакеті түрінде болуы мүмкін. Сонымен, оқуда портфолионы қолдануға арналған әдебиеттерді талдау барысы мектептегі білім беруді жаңарту үшін портфолионың үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Біздің республика мектептерінде портфолио технологияларын меңгеру-білім беру сапасын көтерудің маңызды бағыттарының бірі болуы мүмкін. Еліміздің оқу-білім саласында жүргізіліп отырған үлкен саясатының бірі – ол ел азаматтарының үш тілді меңгеруі. Бұл жалпы білім бертін орта мектептің алдына жеткеншектердің мектептен қазақ, орыс және шетел тілін меңгеріп шығуына қатысты зор міндеттер қойып отыр. |