Главная страница
Навигация по странице:

  • Қосымша әдебиеттер тізімі

  • 5 лекция Үздіксіз білім беру жеке тұлғаны дамытудың шарты ретінде.

  • Негізгі әдебиеттер тізімі

  • 6 лекция. Жаңа формация мұғалімінің портреті

  • 6 лекция.

  • Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы 1.Шебер мұғалім

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары

    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница3 из 16
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Негізгі әдебиеттер тізімі:

    1.Қоянбаев Ж.Р. Педагогика. – Алматы, 2000

    2.Намазбаева Ж.Ы. Психология. Алматы,2005.

    3.Асылханова М.А. «Психология». - Алматы Изд. «Ұлағат», 2015.-320 б
    Қосымша әдебиеттер тізімі:

    1.Найманбаева К.К. Жаңа типті мектептерде оқушылардың білімге құштарлық бағдарламасын қалыптастыру /Абай атындағы Қаз ҰПУ - Алматы: 2006 ж. 140 б.

    5 лекция Үздіксіз білім беру жеке тұлғаны дамытудың шарты ретінде.

    Жоспары:

    1.Үздіксіз білім беру ұғымының мәні.

    2.Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты.

    3.Үздіксіз білім беру құндылық ретінде.

    1.Үздіксіз білім беру ұғымының мәні.

    Қоғамның басты тірегі адам – жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі, оның қалыптасуына әсер ететін факторлар да шетте қалмауы тиіс. Атап айтатын болсақ, педагогикада жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін шешуші факторлар: орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық.

    Жеке тұлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие - өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жекетұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен қаруландыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы - ата-ана, балабақша - тәрбиеші, мектеп - мұғалім.

    «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?» деген сұраққа жауап бермес бұрын, кәсіби құзіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзіреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни сынып оқушыларымен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі.

    Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз.

    Педагогикалық сөздікте өз бетімен білім алу – белгіленген тұлғалық және елеулі білім беру мақсаттарына бағытталған арнайы ұйымдастырылған өзіндік іс-әрекеті мен жүйелі танымдық іс-әрекетінің мәнін анықтайды. Олай болса, біздің зерттеу мәселемізге байланысты оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпарттық технологияларды пайдалану біліктілігін қалыптастыруда танымдық қызығушылықты қанағаттандыру, кәсіби-педагогикалық сұраныстарды есепке алу, аудио-бейнелік тәсілдерді қолдану тетіктерін меңгеру міндеттері қойылады. Қазіргі білім беру саласына ақпараттық технологиялардың енгізілуі жыл сайын кешенді сипат алуда.

    Оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпараттық технологияларды пайдалану басты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның бірі, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде білім алу әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталса, екіншісі, ақпараттық қоғам сұранысына сай келетін, жаңаша ойлау қабілетін дамытуға негізделген тұлғаны қалыптастыру.

    «Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын А.Л. Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет». Тұлға бойында іскерлік пен біліктіліктің қалыптасуы оның барлық өмірін қамтуы тиіс. Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.

    Кәсіптік білім – әрбір жанның қызмет саласында өз шеберлігін жетілдіруі, білімін шыңдап отыруы, сондықтан ол өмір бойы үздіксіз жүргізілуі тиіс. Егер білім жүйесін жобалау барысында, адамзаттың мәдени байлықтарына әрбір жеке тұлға өзінің субьективті қажеттілігі ретінде қарайтын болса, сонда ғана білімнің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Ендеше үздіксіз білім жеке адамның қабілетіне, бұрынғы алған мамандығына, білім деңгейіне қарамай-ақ жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына ұмтылуы деп бағаласақ, онда жеке тұлға үшін білім алу процесі тоқталуы мүмкін емес.

    Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады:

    педагогикалық

    • өз бетімен білім алу мүмкіндігі;

    • сапалы білімге қол жеткізуі;

    • білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы;

    • қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі, өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы;

    психологиялық (жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына):

    • психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу;

    • ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою;

    экономикалық:

    • уақытты тиімді пайдалану;

    • шығыс көздерін азайту (оқу материалдарына кететін шығын, көлік

    • шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу т.с.с);

    Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы - виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитиктердің айтуынша Интернет – ең арзан оқуту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады. Тыңдаушылар мен білім алушылар үздіксіз білім алуда білім беру прцесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше Интернет желісінің көмегімен ала алады. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

    Қоғамды ақпараттандыру жағдайында, қоғамның әрбір мүшесінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда, үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы зор. Үздіксіз білім алу нәтижесінде әр салада әмбебап қызмет ете алатын, білікті, білімді, рухани бай, өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алатын тұлға қалыптасады.

    Қазіргі уақытта педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруші түлек болашақта өзінің білімділік және кәсіби іс-әрекетін жобалауды жетік білумен қатар, ұлттық және әлемдік тенденцияны білу қажет. Болон үдерісі бойынша жүзеге асыру студенттердің тұлғалық білімділігін, кәсіби іс-әрекетін жобалауға және болашақ педагогтардың өз білімін дамытуға септігін тигізеді. Педагогикалық жоғары оқу орнында білім алушының кәсіби әрекетінде төмендегідей факторлар негізгі орын алады:

    1. таңдалған мамандық ұтқырлығы, оқу траекториясының өзгеруіне дайын болуы және үздіксіз қозғалыс қажеттігі;

    2. студенттің саналы белсенділігі және оның дербестігі, ұтқырлықтың қамтамасыз етілуі;

    3. болашақ педагогтың кәсіби білімінің жеке - тұлғалық жиынтығы.

    Студенттердің құзыреттілік тұрғыларының дамуына келесiдей критерийлер енеді:

    - мотивациялық (студенттің құзыреттілік тұрғыларының дамуына түрткілік деңгейінің артуы, өзінің білімділік траекториясын жобалауы);

    - ұйымдастырушылық (өзіндік білімділік траекториясын жобалауға деген қабілеттілік);

    - қызметтілік (студенттің қозғалысы; шынайы немесе виртуальды, көлденең не тігінен бағыттылық; өзін-өзі жүзеге асыруға немесе өзін-өзі өзектендіруге қабілеттілік);

    - рефлексивті (өзінің іс- әрекетінде рефлексияны жүзеге асыру.

    Үздіксіз білім беру жағдайында студенттердің құзыреттілік тұрғыларының дамытудағы негізгі мақсат – студенттердің теориялық және практикалық тәжірибе жинақтауына, өз білімдерін оқу

    немесе кәсіби іс-әрекеттерде еркін қолдана алуына, сондай-ақ кәсіби және тұлғалық дамуын қалыптастыру болып табылад

    Негізгі әдебиеттер тізімі:

    1.Қоянбаев Ж.Р. Педагогика. – Алматы, 2000

    2.Намазбаева Ж.Ы. Психология. Алматы,2005.

    3.Асылханова М.А. «Психология». - Алматы Изд. «Ұлағат», 2015.-320 б

    Қосымша әдебиеттер тізімі:

    1.Найманбаева К.К. Жаңа типті мектептерде оқушылардың білімге құштарлық бағдарламасын қалыптастыру /Абай атындағы Қаз ҰПУ - Алматы: 2006 ж. 140 б.
    6 лекция. Жаңа формация мұғалімінің портреті

    Жоспары:

    1. Жаңа формация мұғалімі ұғымы

    2. Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы

    Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты – деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткен

    Жаңа формация мұғалімі шешуге тиісті міндеттер:

    • Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту.

    • Оқушыны есікке дейін алып келіп, қолына кілтті беріп, сол құралды қалай пайдалану керектігін үйрету. Білім дүниесіне оқушының өзінен басқа ешкімінің де кіре алмайтындығын еске сақтау.

    • Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету.

    Жаңа формация мұғалімі меңгеруге тиісті білім:

    • ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу;

    • мамандық пәнін жақсы білу;

    • мұғалімнің өзінің сенетіндігін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергия.

    Жаңа формация мұғалімі меңгеруге тиісті қасиеттер:

    • балаларды СҮЙЕ БІЛУ – гуманизм принціпінің маңызды бөлігі және мұғалімнің маңызды сапасы;

    • БАЛАНЫ, АДАМДЫ ҚҰРМЕТТЕУ - әр адамның бойынан тұлғаны көре білу – мұғалімге қажетті қасиет;

    • БАЛАҒА, АДАМҒА СЕНУ- оқу процесіндегі жетістік кепілі, гуманизмнің оптемистік бағытын көрсетеді;

    • БАЛАНЫ, АДАМДЫ БІЛУ- тұлғаның жан-дүниесін білмейінше тәрбие соқыр болады; гуманды болу- адамды тани білу деген сөз;

    • БАЛАНЫ, АДАМДЫ ТҮСІНУ – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көімен көре білуің қажет;

    • ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ МЕН ТАБИҒАТЫНА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН ҚАРАУ- әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, өмір тәжирбиесі, әдеттері мен көзқарастары болады;

    ЖЕКЕ АБЫРОЙ СЕЗІМІН САҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ- онсыз тәрбие де, өзін-өзі тәрбиелеу де мүмкін емес;

    • оқу процесіне қатысушы ретінде БАЛАНЫҢ, АДАМНЫҢ ДОСЫНА АЙНЫЛУ, оған қолдау көрсету және көмектесу;

    • тұтастай ойлай білу. Жаңа формация мұғалімі кері проблемалар мен көңіл- күйді оңды дүниелерге айналдыра білуі керек. Ондай мұғалім іс жүзінде психолог болады;

    • педагогикалық еңбек МӘДЕНИЕТІНЕ БАҒЫТТАЛУ – мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;

    • тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына ЗИЯН КЕЛТІРМЕУ;

    • тұлғаның дүниені тұтастай қабылдануына көмектесу;

    • екіұдай жағдайда тап болған оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу;

    • білім берудің биологиялық тепе-тең әдістемелері мен технологияларымен жұмыс істеу.

    ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - бұл өз дүниетанымы бойынша ашық өмір сүретін

    қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық көшбасшы. Ол өзінің әріптестерінің игілігі және моральдық тұрақтылығы үшін қам жейді. Әділетсіздікті анықтап, оны жойып отырады. Өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымдарын барған сайын тереңдете түседі. Оның бойында көшбасшылық қасиеттер болады:

    Интеллектуалдық қабілеттері – ақыл мен логика, өткірлік, ерекшелік және тұжырымдылық; өз ісін білу және шешендік, әуесқойлық және танымпаздық;

    Мінез-құлық ерекшеліктері – бастамашылық пен икемділік, жасампаздық және шығармашылық; адалдық, батылдық, жеке мақсаткерлік; өз-өзіне сенімділік пен сабырлық, тәуелсіздік пен еркіндік; табандылық пен төзімділік, еңбекқорлық пен жауапталық;

    Іскерлік жетістіктері – өзгелерге қолдау көсете алады; икеділік пен тіл тапқыштық; тәуекелге бара алады және мойнына жауапкершілік ала алады; ұйымдастырады және иландыра алады, өзін-өзі өзгертіп, сенімді бола алады, әзілдесе алады және юморды түсінеді; адамдарды тани біледі.

    Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы

    1.Шебер мұғалім – педагогикалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасын, ақпараттық және білім беру технологияларын еркін меңгереді, оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, психиологиялық - педагогикалық және акмелогоиялық шығармашылықпен қолданады. Тиісті нормалар мен гуманистік шеберлік және педагогикалық этика кодекстерін сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ол психолог әрі тәрбиелі тәрбиеші.

    Шебер мұғалім сыныбын мектеп және білім бөлімі бекіткен бағдарлама бойынша оқытады, сол аймақтағы білім жүйесі үшін маңызды педагогикалық ұжымда беделге ие болған мұғалімге беріледі.Шебер мұғалім баланың өзін - өзі дамыту және шығармашылық қабілетін арттыратын және басқа бағытталған акмеологиялық тәжірбиелерді сәтті жүзеге асырады; Ол өз қабілетін дамыта отырып білімді әрі тәрбиелі балалардың өсіп жетілуіне жағдай жасайды.

    Интеллектуалдық қабілеттері – ақыл мен логика, өткірлік, ерекшелік және тұжырымдылық; өз ісін білу және шешендік, әуесқойлық және танымпаздық;

    Мінез-құлық ерекшеліктері – бастамашылық пен икемділік, жасампаздық және шығармашылық; адалдық, батылдық, жеке мақсаткерлік; өз-өзіне сенімділік пен сабырлық, тәуелсіздік пен еркіндік; табандылық пен төзімділік, еңбекқорлық пен жауапталық;

    Іскерлік жетістіктері – өзгелерге қолдау көсете алады; икеділік пен тіл тапқыштық; тәуекелге бара алады және мойнына жауапкершілік ала алады; ұйымдастырады және иландыра алады, өзін-өзі өзгертіп, сенімді бола алады, әзілдесе алады және юморды түсінеді; адамдарды тани біледі.

    Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы

    1.Шебер мұғалім – педагогикалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасын, ақпараттық және білім беру технологияларын еркін меңгереді, оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, психиологиялық - педагогикалық және акмелогоиялық шығармашылықпен қолданады. Тиісті нормалар мен гуманистік шеберлік және педагогикалық этика кодекстерін сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ол психолог әрі тәрбиелі тәрбиеші.

    Шебер мұғалім сыныбын мектеп және білім бөлімі бекіткен бағдарлама бойынша оқытады, сол аймақтағы білім жүйесі үшін маңызды педагогикалық ұжымда беделге ие болған мұғалімге беріледі.

    Шебер мұғалім баланың өзін - өзі дамыту және шығармашылық қабілетін арттыратын және басқа бағытталған акмеологиялық тәжірбиелерді сәтті жүзеге асырады; Ол өз қабілетін дамыта отырып білімді әрі тәрбиелі балалардың өсіп жетілуіне жағдай жасайды.

    2.Зерттеуші мұғалім – ол шебер әрі жаңашыл маман, оның еңбегі білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа инновациялық формасымен ерекшеленеді; Ол – мастер – класс, авторлық бағдарламаларды ғылыми- әдістемелік және оқу құралдарын алға апарушы және оларды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуші. Оның атқаратын міндеті – мәдениеттігі жеке адамды айқындау және адам бойындағы адамилықты нақтылау. Ол дарынды жеке тұлғаларды қалыптастырады; айтарлықтай терең әрі тамаша ақыл-ой иесі ретінде гумандық тұрғыдан ойлап, жеке іс-қимыл жасай алады. Ол тумысынан тәрбиелі, шындықты табиғи сезінеді. Мектепте тиімді зерттеу қызметін атқарып, мектептегі сарапшылар кеңесі немесе аймақтық білім бөлімі бекіткен өзінің жеке ғылыми бағдарламасы бойынша тәжирбиелі- сынақ жұмыстарын жүргізеді.; жаңа ақпараттық және білім технологияларын дайындауға қатысады; оқу құралдарымен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды жасауға қатысады, оқу – бағдарламалық материалдардың диагностикалық, тестілік және бақылау пакеттерін дайындайды; өзінің ғылыми – зерттеу нәтиежелері жөнінде мектептегі педагогикалық және әдістемелік кеңестер алдында, аймақтық білім бәліміне есеп береді.

    Зерттеуші мұғалім кәсіби деңгейі жоғары тұлға. Ол өзінің атқаратын қызметінің маңызын терең түсіне отырып, біліктілікпен жұмыс істейді. Зерттеуші мұғалімге тән ерекшелк парасаттылық және нәзіктілікті арттыра отырып, ақылмен еңбектену; өзін қоршаған ортаға жаңа көзбен қарап, жаңа идеяның тамырын ашып, терең зерттей білу.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    написать администратору сайта