Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
2.Зерттеуші мұғалім – ол шебер әрі жаңашыл маман, оның еңбегі білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа инновациялық формасымен ерекшеленеді; Ол – мастер – класс, авторлық бағдарламаларды ғылыми- әдістемелік және оқу құралдарын алға апарушы және оларды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуші. Оның атқаратын міндеті – мәдениеттігі жеке адамды айқындау және адам бойындағы адамилықты нақтылау. Ол дарынды жеке тұлғаларды қалыптастырады; айтарлықтай терең әрі тамаша ақыл-ой иесі ретінде гумандық тұрғыдан ойлап, жеке іс-қимыл жасай алады. Ол тумысынан тәрбиелі, шындықты табиғи сезінеді. Мектепте тиімді зерттеу қызметін атқарып, мектептегі сарапшылар кеңесі немесе аймақтық білім бөлімі бекіткен өзінің жеке ғылыми бағдарламасы бойынша тәжирбиелі- сынақ жұмыстарын жүргізеді.; жаңа ақпараттық және білім технологияларын дайындауға қатысады; оқу құралдарымен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды жасауға қатысады, оқу – бағдарламалық материалдардың диагностикалық, тестілік және бақылау пакеттерін дайындайды; өзінің ғылыми – зерттеу нәтиежелері жөнінде мектептегі педагогикалық және әдістемелік кеңестер алдында, аймақтық білім бәліміне есеп береді. Зерттеуші мұғалім кәсіби деңгейі жоғары тұлға. Ол өзінің атқаратын қызметінің маңызын терең түсіне отырып, біліктілікпен жұмыс істейді. Зерттеуші мұғалімге тән ерекшелк парасаттылық және нәзіктілікті арттыра отырып, ақылмен еңбектену; өзін қоршаған ортаға жаңа көзбен қарап, жаңа идеяның тамырын ашып, терең зерттей білу. 1.Маcтер-класс мұғалім – бұл өзінің авторлық сыныбы бар мұғалім. Сол сыныптың көмегімен ол иновациалар мен зерттеулердің құндылығын көрсетіп, ақпараттық және білім технологияларының, мониторинг пен үлгерім диагностикасының негізінде қол жеткен жетістіктерін өзгелермен бөліседі. Ол өзінің әріптестерін білім беру тәжірбиесіне жаңа көзбен қарауға үйретеді. Мастер-класс мұғалім мектептің ұсынысы бойынша аймақтық білім бөлімі бекіткен жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Авторлық мастер-кластың мақсаты- авторлық класс жетекшісінің өзі мен оның оқушыларының толыққанды шеберлігі үшін жағдай жасау. Авторлық мастер-класс дегеніміз – бұл білім беру процесіне қатысушылар үшін (мұғалімдер, оқушылар және олардың ата- аналары) педагогикалық шеберханалар. Ол көпшілік ортасына проблемалы мәселені қойып, оны шешудің жолдарын жекелей және ұжымдық тұрғыдыан қарастырады; сол арқылы ол өзінің тәжірбиесімен бөліседі, өзгелерді кез келген мәселенің шешімін жанжақты ойластыруға үйретеді. Мастер-класс мұғалім оқушыларға және өзге әріптестеріне шығармашылықтың рухын, инновациялық қызмет нәтежиесін және әрбір оқушы шығармашылығының қайталанбас салтанатын көрсетеді, жастарды қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға жетелейді; өзге мұғалімдерге өзін-өзі жетілдіруге көмектеседі. Білім беру кеңестігінде мастер-класс мұғалім оқушыларға құрмет пен сыйластықтың, адалдық пен тазалықтың негіздерін береді. 2.Көшбасшы мұғалім – бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам. Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерлеп, жойып отырады. Көш басшы мұғалім әр дайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттерімен әуесқойлық, танымшылдық, бастамшылдық, икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез -құлық қырлары мол болады. Ол сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып адамдарды тани білуі керек. Көшбасшы мұғалім – бұл идеялар генераторы, нағыз шебер; ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі. Өз беделінің көмегісмен өзгелерге айтқанын істете біледі. Сондықтанда ондай мұғалімнің артынан өзге әріптестері ереді. Мұғалім дегеніміз – нағыз жеке тұлға мәдениетінің үлгісі. Мәдениет дегеніміз- адам жөніндегі ақпарат жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиеттер жиынтығы. Мәдениет дегеніміз – шығармашылық, ақыл-ой, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, гуманизм, махаббат, сенім. Көшбасшы мұғалімнің міндеті денсаулық, рух, шындық, парасаттылық, қайырымдылық, сұлулық, сөз және гуманизм тәрізді жалпы адам затқа тән мәдени құндылықтар арқылы оқушыларды өзін- өзі жетілдіруге жетелеу. 5. Жаңашыл мұғалім – бұл шебер ретінде өз тәжирбиесін жаңа әдістермен, құралдармен байыптап отыратын маман. Оған жұмыс стилінің ерекшелігі, жеке дидактикалық кешендеріді жасау тәрізді сипаттар тән. Ол гуманитарлық этикалық беделді адам. Үнемі жетістіктерге ұмтылады. Әріптестерімен бірлесе отырып, оқушыларымен жұмыс істеудің жаңа жүйесін жасай алады. Өзінің жалпы білім жүйесіндегі орнын, жеке мүмкіндіктерін жақсы біледі; ғылыми ізденістерді жақсы жүргізеді. Жаңашыл мұғалім білім беру қызметіне араласа отырып, өзінің әріптестері мен оқушыларды жаңа ұғымдарға тәрбиелейді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде психологиялық білімін пайдалана отырып, педагогикалық және психологиялық заңдарға сүйенеді. Жаңашыл мұғалімнің ең маңызды қасиеті оның жалпы білім беру процесіне қолайлы психологиялық климат қалыптастыра алатындығында болып табылады. Жаңашыл мұғалім үшін оның өзіндік даму формуласы тән: жеке адам – шығармашылық – талант. Оның кәсіби дамуындағы айырықша қасиеттер деп мыналарды айтуға болады: жаңа инновацияны игеру үшін ашықтық, кәсіби қызметтің ұтымды тәсілдерін жасау үшін жүйелі ойлау әдісі, өзінің кәсіби мінез- құлқын объективті түрде бағалауға қабілеттілік, педагогикалық еңбек жетістіктеріне деген жоғары мотивация. Жаңашыл мұғалім әрбір оқушы мен мұғалімнің дамуында өмірлік жетістік шыңына жетуге ұмтылады. Ол иновациялық кәсіби- педагогикалық қызметке әрдайым дайын: кәсіби біліктілікке мұғалім білімінің жүйесі ретінде; педагогикалық шеберлікке шығармашылыққа қабілеттілік ретінде; педагогикалық бағдарға мектептегі жұмыстың басым мотивтері ретінде қарайды. Жаңашыл мұғалім өз бетінше шешім қабылдай алатын жауапты тұлға. Оның тұлға ретінде өсу процесінде өзіне-өзі талдау жасау, кәсіби қасиеттеріне түзетулер енгізу және ұтымды іс-қимыл бағдарламаларын таңдау білу тәрізді қасиеттері қалыптастырады. Ондай мұғалімнің жеке тұлға ретінде есейгендігін кәсіби деңгейде «өзінің жақын жылдардағы даму аймағын» айқындай алатындығынан көруге болады. Жаңашыл мұғалімінің басты шыңы – ол рухани есейгендігі: бұл оның өмірден алған даналығы, тәрбиелеуге, оқытуға, ар-ожданмен өмір сүріп, рух пен адамгершілік қуатын дамытуға деген ұмтылысы. Ол адам жөніндегі білім жүйесіне сүйенетін көкірек көзі ашық тұлға. Жаңашыл мұғалім рухани және жеке кәсіби қасиеттерін дамыта отырып, өзінің сакмеологиялық тұғырнамасын қалыптастырады. Бұл жаңашыл мұғалімнің білім процесінің әрбір мүшесін жетістікпен және денсаулықпен қамтамасыз етуге деген гуманисттік ұмтылысы. Мұндай ұстаным тәрбие мен оқытудың жаңа технологиясын үнемі іздеуге итермелейді. Жалпы білім процесіне мұғалім мен оқушының да сапасын көтеретін осы. Жаңашыл мұғалімнің ұраны: қоғамды тұрақты дамыту үшін кез келген адамды оқытуға жәнее жоғары деңгейде дамытуға болады. 6. Әдіскер мұғалім – бұл білім беру өндірісіне қатысушы, өз қызметінің басшысы өз қызметінің нормаларын жасайтын тұлға. Ол – оқу коммуникациясының, «оқу-оқыту», «тәрбие-өзін-өзі тәрбиелеу», «даму өзін-өзі дамыту» қызметтерінің ұйымдастырушысы. Өз мақсаттары мен қызмет нормаларын жобалану негізінде конструкторлық қызмет атқарады. Жүйелі ойлау қабілетіне ие. Оның жұмысының нәтижесі кәсіби қызметінің, нормативтік құжаттардың, білім саласындағы заң актілерінің жеке жобасын жүзеге асыруымен қамтамасыз етіледі. 1.Маcтер-класс мұғалім – бұл өзінің авторлық сыныбы бар мұғалім. Сол сыныптың көмегімен ол иновациалар мен зерттеулердің құндылығын көрсетіп, ақпараттық және білім технологияларының, мониторинг пен үлгерім диагностикасының негізінде қол жеткен жетістіктерін өзгелермен бөліседі. Ол өзінің әріптестерін білім беру тәжірбиесіне жаңа көзбен қарауға үйретеді. Мастер-класс мұғалім мектептің ұсынысы бойынша аймақтық білім бөлімі бекіткен жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Авторлық мастер- кластың мақсаты- авторлық класс жетекшісінің өзі мен оның оқушыларының толыққанды шеберлігі үшін жағдай жасау. Авторлық мастер-класс дегеніміз – бұл білім беру процесіне қатысушылар үшін (мұғалімдер, оқушылар және олардың ата- аналары) педагогикалық шеберханалар. Ол көпшілік ортасына проблемалы мәселені қойып, оны шешудің жолдарын жекелей және ұжымдық тұрғыдыан қарастырады; сол арқылы ол өзінің тәжірбиесімен бөліседі, өзгелерді кез келген мәселенің шешімін жанжақты ойластыруға үйретеді. Мастер-класс мұғалім оқушыларға және өзге әріптестеріне шығармашылықтың рухын, инновациялық қызмет нәтежиесін және әрбір оқушы шығармашылығының қайталанбас салтанатын көрсетеді, жастарды қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға жетелейді; өзге мұғалімдерге өзін-өзі жетілдіруге көмектеседі. Білім беру кеңестігінде мастер-класс мұғалім оқушыларға құрмет пен сыйластықтың, адалдық пен тазалықтың негіздерін береді. 2.Көшбасшы мұғалім – бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам. Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерлеп, жойып отырады. Көш басшы мұғалім әр дайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттерімен әуесқойлық, танымшылдық, бастамшылдық, икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез -құлық қырлары мол болады. Ол сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып адамдарды тани білуі керек. Көшбасшы мұғалім – бұл идеялар генераторы, нағыз шебер; ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі. Өз беделінің көмегісмен өзгелерге айтқанын істете біледі. Сондықтанда ондай мұғалімнің артынан өзге әріптестері ереді. Мұғалім дегеніміз – нағыз жеке тұлға мәдениетінің үлгісі. Мәдениет дегеніміз- адам жөніндегі ақпарат жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиеттер жиынтығы. Мәдениет дегеніміз – шығармашылық, ақыл-ой, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, гуманизм, махаббат, сенім. Көшбасшы мұғалімнің міндеті денсаулық, рух, шындық, парасаттылық, қайырымдылық, сұлулық, сөз және гуманизм тәрізді жалпы адам затқа тән мәдени құндылықтар арқылы оқушыларды өзін- өзі жетілдіруге жетелеу. 5. Жаңашыл мұғалім – бұл шебер ретінде өз тәжирбиесін жаңа әдістермен, құралдармен байыптап отыратын маман. Оған жұмыс стилінің ерекшелігі, жеке дидактикалық кешендеріді жасау тәрізді сипаттар тән. Ол гуманитарлық этикалық беделді адам. Үнемі жетістіктерге ұмтылады. Әріптестерімен бірлесе отырып, оқушыларымен жұмыс істеудің жаңа жүйесін жасай алады. Өзінің жалпы білім жүйесіндегі орнын, жеке мүмкіндіктерін жақсы біледі; ғылыми ізденістерді жақсы жүргізеді. Жаңашыл мұғалім білім беру қызметіне араласа отырып, өзінің әріптестері мен оқушыларды жаңа ұғымдарға тәрбиелейді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде психологиялық білімін пайдалана отырып, педагогикалық және психологиялық заңдарға сүйенеді. Жаңашыл мұғалімнің ең маңызды қасиеті оның жалпы білім беру процесіне қолайлы психологиялық климат қалыптастыра алатындығында болып табылады. Жаңашыл мұғалім үшін оның өзіндік даму формуласы тән: жеке адам – шығармашылық – талант. Оның кәсіби дамуындағы айырықша қасиеттер деп мыналарды айтуға болады: жаңа инновацияны игеру үшін ашықтық, кәсіби қызметтің ұтымды тәсілдерін жасау үшін жүйелі ойлау әдісі, өзінің кәсіби мінез- құлқын объективті түрде бағалауға қабілеттілік, педагогикалық еңбек жетістіктеріне деген жоғары мотивация. Жаңашыл мұғалім әрбір оқушы мен мұғалімнің дамуында өмірлік жетістік шыңына жетуге ұмтылады. Ол иновациялық кәсіби- педагогикалық қызметке әрдайым дайын: кәсіби біліктілікке мұғалім білімінің жүйесі ретінде; педагогикалық шеберлікке шығармашылыққа қабілеттілік ретінде; педагогикалық бағдарға мектептегі жұмыстың басым мотивтері ретінде қарайды. Жаңашыл мұғалім өз бетінше шешім қабылдай алатын жауапты тұлға. Оның тұлға ретінде өсу процесінде өзіне-өзі талдау жасау, кәсіби қасиеттеріне түзетулер енгізу және ұтымды іс-қимыл бағдарламаларын таңдау білу тәрізді қасиеттері қалыптастырады. Ондай мұғалімнің жеке тұлға ретінде есейгендігін кәсіби деңгейде «өзінің жақын жылдардағы даму аймағын» айқындай алатындығынан көруге болады. Жаңашыл мұғалімінің басты шыңы – ол рухани есейгендігі: бұл оның өмірден алған даналығы, тәрбиелеуге, оқытуға, ар-ожданмен өмір сүріп, рух пен адамгершілік қуатын дамытуға деген ұмтылысы. Ол адам жөніндегі білім жүйесіне сүйенетін көкірек көзі ашық тұлға. Жаңашыл мұғалім рухани және жеке кәсіби қасиеттерін дамыта отырып, өзінің сакмеологиялық тұғырнамасын қалыптастырады. Бұл жаңашыл мұғалімнің білім процесінің әрбір мүшесін жетістікпен және денсаулықпен қамтамасыз етуге деген гуманисттік ұмтылысы. Мұндай ұстаным тәрбие мен оқытудың жаңа технологиясын үнемі іздеуге итермелейді. Жалпы білім процесіне мұғалім мен оқушының да сапасын көтеретін осы. Жаңашыл мұғалімнің ұраны: қоғамды тұрақты дамыту үшін кез келген адамды оқытуға жәнее жоғары деңгейде дамытуға болады. 6. Әдіскер мұғалім – бұл білім беру өндірісіне қатысушы, өз қызметінің басшысы өз қызметінің нормаларын жасайтын тұлға. Ол – оқу коммуникациясының, «оқу-оқыту», «тәрбие-өзін-өзі тәрбиелеу», «даму өзін-өзі дамыту» қызметтерінің ұйымдастырушысы. Өз мақсаттары мен қызмет нормаларын жобалану негізінде конструкторлық қызмет атқарады. Жүйелі ойлау қабілетіне ие. Оның жұмысының нәтижесі кәсіби қызметінің, нормативтік құжаттардың, білім саласындағы заң актілерінің жеке жобасын жүзеге асыруымен қамтамасыз етіледі. 7 лекция. Педагогикалық білім беру жүйесі Жоспары: Педагогикалық қызметтің құрылымы мен оның ерекшелігі. Педагогикалық білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазақстан педагогикасының кадрлары: қазіргі уақыттағы мәселелері мен жағдайы. Педагогикалық қызметтің құрылымы мен оның ерекшелігі. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай, жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нақтырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және тағыда басқа оқыту құралдарын талдау, соның негізінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалдарын іріктеу және оларды құрастырып, сабақтың мазмұнын анықтау; өзінің жұмысын, сонымен қатар, оқушылардың оқу жұмысын да жоспарлауға үйрету; оқушылардың әр түрлі іс-әрекетін бағалай білу, оларды бағлауға және өзін-өзі бағлауға үйрету, т.с.с. Оқушылардың іс-әрекетін басқару әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін: жанама басқару – оқу материалы мен оқу құралы арқылы; тікелей басқару – белгілі оқу-таным іс-әрекеттерін қалыптастыру және бақылау, өзін-өзі бақылау арқылы. Оқушылардың жұмысын бақылаудың түрлерін қалыптасыру және бақылау, өзін-өзі бақылау арқылы. Оқушылардың жұмысын бақылаудың түрлерін ұйымдастыру (ауызша сұрау – жаппай сұрау және жеке сұрау, жазбаша жұмыста - өздік жұмыс, бақылау жұмыстары) іс-әрекетті жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мұғалім іс-әрекеттің бұл түрін күнделікті жүргізіп отырады. Сұрақты нақты қою, жауаптарға түсініктеме беру, өз пікірін білдіру, жауап жоспарын жасау, жоспарға сәйкес жауаптарды талдау және т.с.с. басқаның іс-әрекетіне дұрыс баға беру білігін қалыптастырады, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үлгісінің негізінде өз жұмысының қателерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Сонымен, мұғалім тұлғасы іс-әрекетінің құрылымын бейнелей отырып, қасиеттер мен сипаттамалардың жай жиынтығы емес, кәсіби және танымдық бағыттылығы бар біртұтас құрылым болып табылады. - диагностикалық қызметі оқушыларды зерттеп білумен және олардың даму, тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен байланысты; - бағдар беру – болжам жасау қызметі – мұғалімнің тәрбие қызметінің бағытын және оның әрбір кезеңінде нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, нәтижелеріне болжам жасай білуімен тұжырымдалады, яғни, мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді, оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол қандай қадам басуды қалайды; - жобалау қызметі – бағдар беру – болжам жасау қызметінен туындайды; - ұйымдастырушылық қызметі – оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына жұмылдырумен байланысты; - ақпараттық-түсіндірме қызметі – ғылыми, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ақпараттың аса маңызды көзі болатын мұғалім қызметі; - ұжымды ынталандыру қызметі – мұғалімнің жеке басының адамгершілік жақсы қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білумен, қарым-қатынас жасау, демократиялық байланыстар орнату, іс-қимылға жетелеу шеберлігімен байланысты қырларын қозғайды. Бұл қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта білуді, нағыз ізгілікті қамтиды; - талдама-бағалау қызметі – мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына талдау жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, мұғалімге өзінің жұмысында жанды байланыс орнатуға мүмкіндік береді. - мұғалімнің зерттеушілік-шығармашылық қызметі: педагогикалық теорияны қолдану мұғалімнің белгілі шығармашылықты қажет етуі осы қызметтің бір қыры болып табылады. Екінші бір қыры – белгілі теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын жаңалық атаулыны ой елегінен өткізіп дамыту болып табылады. Құрылым – (латын сөзі, құрылыс, орналасу, тәртіп деген мағынаны түсіндіреді) әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер жағдайында объектіге оның негізгі қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін жиынтығы. педагогикалық мамандықтың әлеуметтік рөлі мен қоғамдық беделі туралы түсінік; балаға ынта қою; педагогикалық байқағыштық пен қырағылық; педагогикалық әдеп; ұйымдастырушылық қабілеттер; кәсіби жұмыс істеу қабілеті; тұрақты рухани мүдделер. Мұғалімге қойылатын кәсіптік талаптар: пәнді және оны оқыту әдістемесін терең білу; мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары деңгейі, оның кең дүниетанымы; балаларға деген сүйіспеншілігі, әр баланың жеке басына құрмет; педагогикалық әдеп; ұйымдастырушылық қабілеттер. Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар: Коммуникабельділік – қарым-қатынас жасау қабілеті. Әдептілік. Балаларға деген сүйіспеншілік. Байқампаздық. Шығармашылық қабілеттер. Педагогикалық қабілеттердің жалпы құрамы Отандық зерттеушілер С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов қарастырған ахуалдардың негізінде педагогикалық қабілеттердің тұтас бір жинағын бөлді. Олардың ішіндегі Н.Д. Левитов пен Ф.Н. Гоноболин анықтаған негізгілерін салыстырайық. Мысалға, Н.Д. Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде келесілерді бөледі: балаларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті; бақылампаздыққа сүйенетін, оқушыларды түсінуі қабілеті; ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы; тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану; мұғалімнің өзінің жұмысын, және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер. Осы бес негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта және жете қарастыра отырып, Ф.Н. Гоноболин он екі қабілеттерді атайды, оларды біріктіре отырып келесі топтарды алуға болады. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады. Мұғалімнің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық – бұл адамның рефлексивті-гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Балаларға педагогикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті-коммуникативті қабілеттер. Ф.Н. Гоноболин бөлген қабілеттердің өте маңызды төртінші тобы - мұғалім тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігн сипаттайтын қабілеттерді қамтиды. Неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсеткен, ол оларға сәйкес жалпы анықтамалар берген. |