Главная страница
Навигация по странице:

  • Құзырлылық

  • Құзырлылықтың негізгі қасиеттері

  • Кәсіп

  • 15 лекция. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика

  • Біріншісі – жақсы қабылдаушылық

  • Екіншісі – қабылдамаушылық

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница8 из 16
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

    14 лекция. Мұғалімнің құзіреттілігін анықтау үшін қолданылатын иллюстративті-клиникалық анализ әдісі

    Жоспары:

    1. Құзіреттіліктің қырлары

    2. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі

    Мұғалімнің құзырлығын анықтау үшін иллюстративті – клиникалық анализ әдісін (Д.Б. Эльконин мен Г.В. Драгунованың – клиникалық зерттеу әдісін) қолдану тиімді. Ол мұғалімнің кәсіби құзырлылығын толық ашып көрсетеді.

    РР/с

    Мұғалімнің кәсіби қызметінің көрсеткіштері

    І деңгей – қажетті, бірақ жеткіліксіз

    ІІ деңгей – қажетті, жеткілікті

    ІІІ деңгей – аса жеткілікті

    1

    Пән бойынша білімі

    Бағдарламаға сәйкес пәннің оқу материалын меңгереді, бірақ пәнді оқытуда және білімдерін тексеруде қателіктер жібереді (0-1 ұпай)

    Оқу бағдарламасына сәйкес білімі жетклікті, арнайы әдістемелік оқулықтарды көп оқып, пайдаланады (2-3 ұпай)

    Өз пәнін терең меңгерген, арнайы әдістемелік оқулықтарды көп пайдаланады

    (4-5 ұпай)

    2

    Оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі бойынша білімі

    Психологиялық-педагогикалық тұжырымдама туралы жалпы түсінігі бар

    (0-1 ұпай)

    Педагогикалық-психологиялық тұжырымдамаға сүйенеді

    (2-3 ұпай)

    Педагогикалық-психологиялық тұжырымдамаға үнемі сүйене отырып өз қызметінде пайдаланады

    (4-5 ұпай)

    3

    Оқушылармен жүргізетін диагностикалық жұмыстардың түрлерін меңгеруі

    Өз жұмыстарына өзгерістер енгізеді, диагностика нәтижелерін ескереді (0-1 ұпай)

    Өз жұмысында диагностикалауды жүргізеді

    (2-3 ұпай)

    Диагностикалаудың түрлі әдістерін меңгереді, оны жүргізудің технологиясын біледі және өзі диагностикалаудың әдістемесін жасайды

    (4-5 ұпай)

    4

    Оқу үрдісінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуі

    Іс жүзінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізбейді, тек үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақ өткізеді.

    (0-1 ұпай)

    Оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді

    (2-3 ұпай)

    Оқушылармен жүйелі түрде жеке жұмыс жүргізеді, оқушыларға дифференциалды түрде тапсырмалар береді, үлгерімі жақсы және төмен оқушылармен жұмыс жүргізеді

    (4-5 ұпай)




    5

    Алдына мақсат қоя білуі

    Алдына нақты мақсат қоя алмайды

    (0-1 ұпай)

    Алдына жалпы мақсат қояды

    (2-3 ұпай)

    Алдына нақты мақсат қояды

    (4-5 ұпай)

    6

    Жұмысын жоспарлауы

    Оқу бағдарламасына сәйкес жұмысын жоспарлайды

    (0-1 ұпай)

    Бұрынғы нәтижелерін ескере отырып, оқу бағдарламасына сәйкес жұмысын жоспарлайды және алдын ала болжайды

    (2-3 ұпай)

    Жұмысын нәтижеге бағыттай отырып, жүйелі түрде жоспарлайды

    (4-5 ұпай)

    7

    Жұмысын шығармашылық пен жүргізуі

    Оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес оқытады (0-1 ұпай)

    Оқу бағдарламасының

    бөлімдеріне жаналықтар енгізеді (2-3 ұпай)

    Авторлық бағдарлама жасайды, оны өз жұмысында байқаудан өткізеді. (4-5 ұпай)

    8

    Кәсіби деңгейін арттыруы

    Пәннің педагогикалық – психологиялық теориясын меңгереді (0-1 ұпай)

    Өз шеберлігін арттыру үшін түрлі курстық дайындықтан өтеді. (2-3 ұпай)

    Эксперименталдық және зерттеу жұмыстарымен айналысады

    (4-5 ұпай)

    9

    Өз білімін жетілдіру қажеттілігі (даму көрсеткіші)

    Даму көрсеткіші төмен

    Даму көрсеткіші орташа

    Даму көрсеткіші жоғары




    Жинаған ұпай

    -

    -

    -



    Мұғалімнің педагогикалық құзырлылығын анықтау үшін пәндік рейтинг пайдаланады.

    • Әдістемелік деңгейін анықтау.

    • Жеке интеллектуалдық деңгейін анықтау.

    • Қатысымдық (коммуникативтік) деңгейін анықтау

    • Оқу-ұйымдастыру деңгейін анықтау.

    Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық және практикалық жаңалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойлатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

    Н.С.Розовтың пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:

    - мәндікаспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контексттің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

    - проблемалық-практикалықаспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

    - коммуникативтіаспект, осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.

    Құзіреттілікті оның жалпы мәдени және кәсіби көріністерін сипаттау үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.

    Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық процестерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс.

    Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау болып отыр.

    Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагогтың, тәрбиешінің тұлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.

    Кәсіби құзіреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оның мазмұны толықтырылып отырған.

    «Маманның құзыреттілігі» антикалық заманда-ақ пайда болған. Платонның оқытуды жоғары деңгейде айқындауы, Аристотельдің жалпы кең білім беру мен кәсіпке үйретуді байланыстыру негізінде жоғары білімнің реалистік ұстанымын дамытуы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда зайырлық кәсіби мектептерді жоғары оқу орындары ретінде қайта құру, қазіргі көпсатылы жоғары білім берудің қалыптасуы сияқты тарихи ілгерілемелі өзгерістер кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолындағы ізденістерінің дәлелі бола алады.

    Маманның кәсіби-құзыреттілігінің проблемасы – күрделі де көпқырлы. Бұл философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім беруде, акмеологияда, андрогогикада, еңбек психологиясында, т.б. гуманитарлық ғылымдарда әр қырынан қарастырып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде. Кешенді зерттеу аталған ғалымдардың бұл проблеманы шешудегі зерттеуде мүмкіндігін шектеу емес, керісінше, сол салалрдың нәтижелерін саралай пайдалана отырып, маманның кәсіби біліктілігі, оның маңызы, мазмұны, құрылымы, қалыптасуы мен дамуының, шарттылығы мен мүмкіндіктерінің тұтас сипатын педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ашу.

    «мұғалімніңпедагогикалыққұзырлығы» - кәсіби біліктілігі, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігі, шығармашылық іс-әрекеті мен зерттеушілік бағытын айтамыз.
    Құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтар. Сондықтан, құзырлылықтың тәсілдері, негізгі қасиеттері мен сапалық белгілері есепке алынады.

    Құзырлылықтәсілдері:

    - нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі;

    - танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі;

    - адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау;

    - өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі;

    - құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі біліктілік. Яғни, құзырлықтың түйінді құраушысы біліктілік болып табылады.

    Құзырлылықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі, тектілігі. Жоғары педагогикалық оқу орны студенттерінің құзырлылығы ақыл-ойының кеңдігі, тектілігіне және дүниетанымының жоғары деңгейде болуына тікелей қатысты деп есептейміз.

    Құзырлылықтың сапа белгілері: дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны. Құзыреттілік сапалар – білім берудің жаңа нәтижелері.
    Құзырлылықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі, тектілігі. Жоғары педагогикалық оқу орны студенттерінің құзырлылығы ақыл-ойының кеңдігі, тектілігіне және дүниетанымының жоғары деңгейде болуына тікелей қатысты деп есептейміз.

    Құзырлылықтың сапа белгілері: дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны. Құзыреттілік сапалар – білім берудің жаңа нәтижелері.

    Оқытудағы құзырлық оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзырлылықтарды бөліп қарастырайық.

    Түйінді компетенттіліктердің құрылымы төмендегідей бөлінеді:

    Өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық құзырлылықтар. Оларға оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу, әртүрлі ақпарат көздерінен (кітаптан, газет-журналдардан, теле-радиохабарлардан, интернеттен, т.б.) білім жинақтап білуді меңгерту жатады.

    Мәдени іс-әрекетіндегі құзырлылықтарға бос уақытын өзінің рухани және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (көркем әдебиеттер оқу, түрлі лекциялар мен баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар) жатады.

    Тұрмыстық саладағы құзырлылықтар: жеке гигиенаға, өз денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.

    Әлеуметтік еңбек іс-әрекеттері саласындағы құзырлылықтар – оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас этикасы, өз мүмкіндігін бағалау, жауапкершілік жүгін арқалай білу.

    Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.


    Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты

    хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

    1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

    2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

    3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

    4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

    5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.

    6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

    «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді  белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

    Кәсіп– адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.

    Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.

    Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.

    Қазір ғылыми тілде мұғалім және педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.

    Профсссограмма– мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

    Мұғалімнің атқаратын қызметін жітеу:

    - ақпараттық (ақпарат беру);

    - дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);

    - мобильді (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);

    - қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс т.б.);

    - коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);

    - ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);

    - зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);

    Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:

    - ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);

    - тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);

    - ынталандыру (балаларды іс-әрекетін ынталандыру);

    - құжаттармен жұмыс.

    Осы жұмыстарды іске асыру нәтижесінде жаңа мектеп түлегінің тұлғасында мынадай жетістіктер қалыптасатын болады:

    1.Оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады;

    2.Балалардың бойында салауатты өмір салты қалыптасады;

    3.Жеке ерекшіліктері ескерілген оқу-тәрбие нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игереді;

    4.Ұлттық тілді, тарихты, отандық және әлемдік мәдениетті жетік біледі;

    5.Баланың жалпы және арнайы қабілеттері қалыптасады;

    6.Бойында қалыптастырған білім – біліктерді өмірде орынды қолдана алады;

    7.Өзін - өзі дамыту, өзін - өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі, т.б.

    15 лекция. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика

    Жоспары:

    1. Тұтас педагогикалық үдерістегі педагогикалық практикалар жүйесі.

    2. Кәсіби педагогикалық құзыреттілікті меңгеру педагогикалық практиканың маңызды нәтижесі ретінде

    Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 38-бабында "Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын кәсіптік оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады, ол практика базасы болып табылатын тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту үдерісінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны оқу бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады" деп атап көрсетілген.

    Педагогикалық практика болашақ педагогтардың кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық.

    Педагогикалық практикажоғары және орта оқу орындарындағы кәсіптік оқыту түрі, болашақ мұғалімдерді практикалық даярлау, студенттердің практикалық іс-әрекет түрі ретінде маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған.

    Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:

    -  студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;

    -  нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;

    -  болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.

    Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.

    Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:

    -  оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;

    -  оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;

    - педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);

    -  оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;

    -  балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);

    -  мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;

    -  оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;

    -  ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.

    Болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады.

    Студенттердің университет қабырғасында алған теориялық және практикалық білімдері бірінші курстың екінші семестрінен бастап, педагогикалық практикамен жалғасады.

    Қазіргі кезде болашақ педагогтарды мектепке педагогикалық практикаға апаруда әр түрлі көзқарастар пайда болады.

    Біріншісі – жақсы қабылдаушылық:

    • жастарды оқушылардың жақсы көруі;

    • студенттермен бірге жаңалық, серпіліс келеді;

    • мұғалімге көмекші, серіктес;

    • жаңаша жоспар, жаңаша қызық сабақтар;

    • ЖОО-мен байланыс мүмкіндігі;

    • ғылым мен әдістемедегі жаңашылдық, т.б.

    Екіншісі – қабылдамаушылық:

    • мектептің қалыптасқан ахуалының бұзылуы;

    • оқушылар ұжымындағы өзгерістер (ұжымға ие бола алмаушылық);

    • қалыптасқан жоспарға енетін өзгерістер;

    • сабақ жоспарына үлгірмей қалушылық;

    • тәжірибенің жетіспеуінен сынып ұжымы беделіне нұқсан келуі;

    • ҰБТ дайындығына нұқсан келуі;

    • студенттерді маман ретінде тәрбиелеу – басы артық жұмыс;

    • ЖОО әдіскерлерімен талқылауда болу – уақытты босқа кетіру, т.б.

    Психологиялық тұрғыда:

    • оқушылардың басқа мұғалімге бауыр басып кетуінен сақтану;

    • кәсіби біліктілігінің жеткіліксіздігінен ыңғайсыздану;

    • оқушылардың білім деңгейінің сарапқа түсуі;

    • жастармен тіл табыса алмаушылық, т.б.

    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


    написать администратору сайта