Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарым-қатынас функциялары.

  • Қарым-қатынас сипаттамасы.

  • 23 лекция. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы

  • Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы.

  • Педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы.

  • Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі.

  • Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды.

  • 24 лекция. Педагогикалық қарым-қатынас бірліктері

  • Педагогикалық қарым-қатынас бірліктері.

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница11 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    22 лекция. Қарым-қатынас функциялары

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату
    Қарым-қатынас функциялары. Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып, В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш «жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.

    Қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның коммуникативтік, интерактивтік және перцептивті жақтары қарастырылады. Маңыздысы, осы қарым-қатынас жақтарының бәрі бір мезгілде көрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым-қатынас серіктерінің, олардың қарым-қатынасының таңбалық жүйелерін (вербалды, вербалды емес) кодтау мен декодтауларының бір жақтылы жағдайында өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті болса, – әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің коммуникативтік әсерінен үйренушілер тобының қалыптасушылық дәрежесіне байланысты осы процестің қандай да жағы көбірек айқындалуы мүмкін.

    Қарым-қатынас субъекттері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады. Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш бастапқы функциялар: активациялық – әрекетке түрткілеу; интердиктивті – тиым салу, тежеу («болады-болмайды»); дестабилизациялаушы – қоқан-лоққы, қорлау және т.б., және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі мүмкін: инструменталды – іс-әрекеттің қарым-қатынас жолымен үйлестіру; синдикативті – қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекші қызықты, себебі «бұл функция оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады, мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық, формалды емес те».

    Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттық, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).

    Қарым-қатынас сипаттамасы. Қарым-қатынастың жалпы сипаттамаларын, ары қарай осы позиция тұрғысынан үйренушілер мен үйретушілердің (мұғалім мен оқушылардың, оқытушы мен студенттердің) қарым-қатынасын сипаттайтындай етіп қарастырайық.

    Тілдік қарым-қатынас процесінің формалды жағы А.А. Холодович суреттеген тілдік мінез-құлық типологиясының негізінде сипатталынуы мүмкін. Ол тілдік акттің сәйкестендірілуінің бес бинарлық белгілерін ұсынды: білдіру құралы, коммуникативтілік, бағдарланғандық, квантификативтілік, контакттілік. Мысалға, «білдіру құралы» белгісі бойынша қарым-қатынас дыбыстық немесе жазбаша болуы мүмкін. «коммуникативтілік» белгісімен автор серіктің болу немесе болмауын белгілейді және де бар болған жағдайда – не тікелей (мысалы, диалог), не жанама коммуникативтілікті белгілейді – делдар арқылы, үшінші адам арқылы (мысалы аудару). «Бағдарланғандық» не ауыспалықты (біреу сөйлейді, басқасы (басқалары) тыңдайды), не өзаралық (екі әңгімелесуші кезек-кезек сөйлейді және тыңдайды). «Квантификативтілік» тыңдаушылар санын (біреу – көп) және қабылдаушы жақ сипатын анықтайды. А.А. Брудный терминологиясы бойынша осыған байланысты қарым-қатынастың екі түрін ажыратады: аксиалды және ретиалды (желілік). Контактілік» белгісімен көз алдында әңгімелесушінің болуын не жоғын белгілейді. Аталған белгілердің үйлесімі бойынша теоретикалық түрде тілдік қарым-қатынастың 32 түрі болуы мүмкін. Осы тұжырымдама терминінде педагогикалық қарым-қатынас көпшілігінде дыбыстық, тікелей, контактілі, ауыспалы (ол өзара болуы керек), бұқаралық және аксиалды-ретиалды ретінде сипатталауы мүмкін.

    Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы. Соңғы редакцияда олар А.А. Леонтьев бойынша аранайы семиотикалық және жанамалылық дәрежесі, қарым-қатынас бағдары мен психологиялық динамикасы ретінде анықталған. Бұл жерде бұрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа мазмұнға толтырады. Мысалға, бағыттылықтың екі жақты табиғаты белгіленеді: адамдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін өзгертуге және олардың өздерінің өзгеруіне бағыттылық.

    Бағдарды анықтау кезінде ақпарат алмасу бағыты ғана емес, сондай-ақ бағдарланудың өзінің бағыттылығының әлеуметтік немесе тұлғалық табиғаты да белгіленеді. Осы негізде А.А. Леонтьев, Б.Х. Бгажноков қарым-қатынастың екі типін бөліп көрсетеді – тұлғаға бағдарланған және және әлеуметтік бағдарланған. Олар коммуникативтік, функционалдық, әлеуметтік-психологиялық және тілдік құрылыммен ажыратылады. Әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынастағы айтулар көптеген адамдарға арналады және әркімге де түсінікті болуы керек. Сондықтан да оларға толыққандылық, дамығандық, ашықтық, дәлдік және жоғары мәдениет талаптары қойылады. Қарым-қатынастың арнайы семиотикалық мазмұны барлық құралдардың – вербалды және вербалды еместердің бірігуінің – тілдік әсер ету тиімділігін жоғарлату үшін маңыздылығын айрықша көрсетеді. Контакттілік айтылып тұрған хабардың уақыт пен кеңістік бойынша жақындығы мен оның қабылдану дәрежесі бойынша қарастырылады. Қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы оның психологиялық динамикасы болып табылады, ол сөздік әсер ету ерекшеліктерімен анықталады.

    Сөздік ақпараттың адам психикасына әсер ету дәрежесі мен сипаты қандай болуына байланысты келесілерді бөледі: хабарлау, сенімін жеткізу және сендіру. Осы сипаттамалар бойынша А.А. Леонтьевтің ізінше лекцияны «онда қолданатын құралдар сипаты және әлеуметтік жанамалануы бойынша тұлғааралық қарым-қатынасқа таяу (әңгіме) түрлі психологиялық динамикалы» әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас ретінде анықтауға болады.

    Аталғандарға қарым-қатынастың тағы екі сипаттамасын қосуға болады: тұлғалылық, өкілділік көрнекіліктік және көпақпараттылық. Біріншісімен сөйлеушінің (мұғалімнің немесе оқушының) мәтіндегі субъекттік көрінісі белгіленеді, екіншісімен – тілдік қарым-қатынастың көп жоспарлығы белгіленеді, мұнда бір мезгілде оның барлық сипаттамалары жүзеге асырылады (мазмұндық, мәнерлік, әсер етушілік), түрлі деңгейлері бейнеленеді (пәндік, мағыналық және т.б.).

    Көрнекіліктің әлеуметтік табиғаты былайша анықталады: адамдар арасында пәнсіз қарым-қатынас болмайды, ол әрқашанда мазмұнды, тарихи нақты болып келеді және де «... тек қоғамдық іс-әрекет пен қатынастардың белгілі бір түрінде – өндірістік-техникалық, экономикалық, саяси, адамгершіліктік және т.б. қандай да бір нақты себеп бойынша бола алады». Іс-әрекеттің осы түрлеріне қарым-қатынас әсер етеді және одан көрінеді. Көрнекілік кез-келген қарым-қатынасқа араласушылардың, мысалы, мұғалімнің (оқытушы-ның) және оқушылардың (студенттердің) даралық-тұлғалық ерекшеліктерін, олардың мәдениет деңгейін, жасын, жынысын және қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, талғамдарын, бейімділігін және т.б. бейнелейтінін ұйғарады. Тілдік қарым-қатынасты, оның негізгі формаларын, қарым-қатынас өнімін талдау ерекше мәнге ие, ол осы қарым-қатынасты жүзеге асырушы адамдар қатынасатын әлеуметтік-қоғамдық қатынастарды да, олардың тұлғалық ерекшеліктерін де ашуға мүмкіндік береді.

    Қарым-қатынастың көп ақпаратттылық сипаттамасының да маңыздылығы кем емес. Ол вербалды қарым-қатынас жасау процесінде берілетін тілдік хабарлама күрделі коммуникатитвтік-пәндік мазмұнға ие, ол өзіндік мазмұндық, мәнерлік және түрткі болушы тұрғыдағы айтулардың бірлігі болып табылады. Әрине, олардың әрқайсысы азды көпті мөлшерде айқын көрінуі мүмкін, бірақ олардың ішкі бірлігі вербалды (тілдік) қарым-қатынастың адамдардың қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекетіндегі көп ақпараттылығын анықтайды. Осылайша, тілдік (вербалды) қарым-қатынас кем дегенде жеті сипаттамамен суреттеледі: контакттілік, бағдарлылық, бағыттылық, семиотикалық мамандандыру, динамика, көрнекіліктік, көп ақпараттылық.
    23 лекция. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату

    Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы.Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл – аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.

    Функционалды түрде – бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе «педагогикалық жүйе» ерекшеліктерімен анықталады.

    Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе – қоғамдық –тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды.

    Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас «...оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ– педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.

    Педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы. Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру).

    Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды, және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық қарым-қатынас, аддитивті құралу емес ол принципиалды жаңа сапаға ие (Л.А. Хараева).

    Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі. Пеадгогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, «... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи...» (өзімніңбөліп көрсеткенім. – И.З.).

    Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, «Адам-Адам» схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. «...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, – онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады...».

    Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді.

    Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады.
    24 лекция. Педагогикалық қарым-қатынас бірліктері

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату
    Педагогикалық қарым-қатынас бірліктері. Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың

    педагогикалық және өзіндік коммуникативтік бірліктері түсініктерінің жігін айырып алған жөн. Бұл түрлі құбылыстар қаншалықты ажырамас болса да біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асады. «Коммуникативті міндеттің педагогикалық міндетке, әсер етудің таңдалған әдісіне барабарлығы, – қарым-қатынас процесінің және жалпы педагогикалық әсер етуді өнімділігінің міндетті шарты». Педагогикалық міндет үйренушілердің белгілі бір оқу материалын игеруімен байланысты (мысалы, осы материалды түсіндіруді, оның түсініктемесін, жүйелілігін, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіруді ұйымдастыру және т.б., ал коммуникативтік міндет – үйренушілерге әсер етудің қандай тәсілдерімен, оны қалай тиімдірек іске асыруға болады деген сұраққа жауап. Осы жерде педагогикалық қарым-қатынастың түрлі жағдайларында белгілі бір коммуникативтік міндетті жүзеге асырушы тілдік әрекеттер жайлы сұрақ туындайды, оған педагогикалық ситуация мен коммуникативтік акт сипаты жатады.

    Педагогкиалық ситуация оқу процесінің бірліктері - сабақ пен дәрісті анықтау контексінде қарастырылады. Ол сабақ мақсатымен, міндеттерімен, кезеңдерімен, оның мазмұнымен, оқу-педагогикалық бірлескен іс-әрекет субъекттерінің өзара әрекеттесу сипатымен сипатталады. Негізіне байланысты, педагогикалық ситуацияны түрліше бөлуге болады. Қатынас формасы бойынша ол іскерлік (жеке), ресми (ресми емес), формалдық (формалдық емес) болуы мүмкін. Сабақ (дәріс) кезеңдері, бөліктері бойынша педагогикалық ситуация оқу материалымен таныстыру ситуациясы (онда бағдарлану, ұғыну, анықтап алу және т.б.), әрекет тәсілдерін жаттықтыру (әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру), бақылау және бағалау, әрекет тәсілдерінің игерілген білімдерін бақылау және бағалау бола алады. Еңбектестік динамикасы бойынша араласу, серікпен жұмыс істеу, еңбектестіктен шығу, оны аяқтау ситуациялары анықталуы мүмкін. Оқудағы өзара әрекеттесу сипаты бойынша бұл еңбектестік, бәсекелестік, қақтығыс, конфронтация (қарсы тұру) ситуациялары болуы мүмкін. Орындалатын оқу міндеттерінің сипаты бойынша ситуация бейтарап немесе проблемалық болуы мүмкін.

    Оқудағы өзара әрекеттесуге қатысушылардың орналасуының формалды критерийі бойынша оны етене жақын қарым-қатынас ситуациясы ретінде анықтайды (15-45 см қашықтығы); тұлғалық (75 см), әлеуметтік (2м дейін) және бұқаралық (3-7 м). Педагогикалық қарым-қатынас ситуациясын саралап жіктеу үшін басқа да жеке негіздер таңдалуы мүмкін. Мысалы, мұғалімнің бірінші сыныппен, бірінші сабақта, 1-қыркүйектегі қарым-қатынас жасауының педагогикалық ситуациясы, яғни «басталу» ситуациясы формалды емес; өмірдегі, мектеп жағдайындағы (гимназия, лицей) жалпы бағдарлану; өзара әрекеттесуге ену; ынтымақтастық; бейтарап; тұлғалық және әлеуметтік қарым-қатынас; тұлғалық танысу және т.б. ретінде анықтала алынады.

    Әр ситуация, белгілі бір тілдік әрекеттер көмегімен, коммуникативтік міндеттер түрінде, белгілі бір коммуникативтік акттермен іске асады. Бұл жерде атап өтетін жағдай, жалпы қарым-қатынаста және педагогикалық қарым-қатынаста құрылымдық және функционалдық бірліктер бөлінеді, бұл бірліктер ретінде коммуникативтік акттер және коммуникативтік міндеттер болады.

    Қарым-қатынастың құрылымдық бірлігін авторлар түрліше қарастырады. Мысалға, А.К. Маркова қарым-қатынас іс-әрекетінің құрылымдық бірлігі деп адамның өз пікірін құрастыруын есептейді. Бірақ, мұндай бірлікте тек сөйлеуші ғана есепке алынады және жалпы қарым-қатынас процесінде тыңдаушы (тыңдаушылар) әрекеті қамтылмайды. Егер де екі жақты өзара әрекеттесу формасы ретінде, қарым-қатынастың құрылымдық бірлігі коммуникативтік акт ең аз мөлшерде, ары қарай бөлінбейтін түрде болса, онда қарама-қайшылық жойылады деп жорамалдауға болады. Бұл жерде «...жай ғана әрекеттер жайлы, жай ғана бір субьекттің екіншісіне әсері жайлы емес (бірақ бұл жағдай да есептен шығарылмайды), дәл өзара әрекеттесу жайлы сөз болып отыр»..

    Осы өзара әрекеттесудің белсенді екі жақты түйіндес сипаты көбінесе коммуникативті теорияның тек жарияланушы теоретикалық постулаты болып табылатыны рас. Іс жүзінде қарым-қатынастың барлық схемалары «сөйлеуші (бірінші партнер) – тыңдаушы (екінші партнер)» (С1→ Т2) схемасына теңеседі, яғни бір бағыттағы, бір жақты коммуникативтік акт схемасына, ол тек қарым-қатынастың екі жақты актінің бөлігі ретінде қарастырыла алынады. Егер де қарым-қатынасты шынымен де ойлармен алмасу процесі ретінде, «түйіндес акт» жүйесі ретінде елестетсе, онда оның схемасы С1Т2 түрінде болу керек, мұнда функция болып табылатын (С1→Т2) және (С1Т2), өзара түсіністік қарым-қатынас шарты ретінде қарастырылады. Осы жағдайды ең алғаш рет М.М. Бахтин диалогты тілдің шынайы бірлігі ретінде анықтай отырып айтқан.

    Ары қарай қарым-қатынас жайлы айта және оның ішінде педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, оның құрылымдық бірлікте – коммуникативтік акте іске асуын назарға аламыз: сөйлеуші / мұғалім (оқытушы) немесе оқушы (студент) / – тыңдаушы / оқушы (студент) немесе мұғалім (оқытушы). Коммуникативтік акт құрылымын анықтай отырып, біз саналы түрде белсенді өзара әрекеттесу субъекттерін ғана белгілейтінімізді атап өту қажет, алайда бұл құрылымға үш-төрттен (Н.С. Трубецкой, А.Гардинер) алты-жеті (Р.О Якобсон, В.А. Артемов және т.т.) элементтерге дейін кіретіні белгілі. Мысалға, Р.О. Якобсон тілдік актті анықтаушы алты элементтерді (немесе факторларды) бөледі: жіберуші (сөйлеуші), алушы (тыңдаушы), код (тіл), хабарлама, контекст және контакт. Соңғысы – контакт – автор тарапынан іс-жүзінде тіл функциясымен теңестірілген, коммуникативтік акт элементінен көрі, әрекеттен кейінгі фактор ретінде қарастырыла алады.

    Тілдің В.А. Артемов ұсынған коммуникативтік теориясында, коммуникативтік схеманың бұрыннан белгілі блоктарымен қатар, яғни ақпарат көзі (сөйлеуші), жіберілген хабарлама, қабылдаушы (тыңдаушы), байланыс арнасы, алынған хабарламалармен қатар, жаңа блок – тілдік қылық ұйғарылады. Айта кетейік, бірінші (Р.О. Якобсон) және екінші (В.А. Артемов) жағдайда қарым-қатынас коммуникативтік-ақпараттық келіс негізінде қарастырылады.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта