Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі ұғымдар

  • Өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық және философиялық негізі.

  • Өзін-өзі тәрбиелеу

  • 28 лекция. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні.

  • Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні. Өзін-өзі тәрбиелеу

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница14 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    27 лекция. Үздіксіз білім беру жағдайындағы өзін-өзі тәрбиелеу және

    оның педагогтың қалыптасуындағы рөлі

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату
    Негізгі ұғымдар: Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні. Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеудің өзара байланысы. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінің әдістері: өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі сендіру, иландыру, өзін-өзі бұйрық беру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі шектеу, өзін-өзі түзету. Педагогтың өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуінің ерекшеліктері. Педагогикалық рефлексия өзін-өзі тәрбиелеудің негізі ретінде. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі педагогикалық ұжымның рөлі. Педагог тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеудегі педагогикалық ұжымның рөлі. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерін зерттеудегі акмеологиялық аспект. Үздіксіз білім беру жағдайындағы педагогтың кәсіби құзыреттілігін жоғарлатудағы өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі.

    Өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық және философиялық негізі. Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал етеін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Тәрбиедегі даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін бірге ақылдасып шешу. Бұндағы көздейтін негізгі мақсат, тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жүргізу. Осындай жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін береді.

    Өзін -өзі тәрбиелеу ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді. Тұлғаның рухани жан дүниесі байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын олар мінез-құлқындағы кемшіліктерге, жолдастары мен ұстаздары және ата-анасы, туысқандары мен араларындағы қарым-қатынасқа сын көзбен қарай бастайды.

    Әдетте өзін-өзі тәрбиелеу процесі жеткіншек шағынан басату алады. Осы кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өз бетінше әрекет жасау, өздерін көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы артады. Есейген сайынөздері мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен қарап, баға беруге, білгендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлері мен көгілдір экраннан көрген жағымды бейнелерге ұқсауға тырысу басымырақ келеді.

    Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіңді-өзің саналы, жоспарлы, жүйелі түрде қолға алу деп түсіндіруге болады. Ол жеке тұлғаның өзіне қоятын талаптар жүйесін қамтиды, өз кезегінде бұлар қоғамның талаптарына тәуелді келеді. Бұндай өзара қатынас, тәрбие жұмысының мақсатын нәтижелі етіп ұйымдастыруда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен өзара әрекетін жандандырады, тұлғаның саналы әрекеті мен белсенділігін, құштарлығын дамытады.

    Өзін- өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық әлеуметтік түрткі болуы керек. Түрткі – тұлғаның мақсатқа жетуде, оны саналы әрекетке жетелейді.

    Өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар тұлғаның өзінің қажетсіну сезімінің пайда болуының мәні зор. Түрткімен мен қажетсіну сезімінің пайда болуының мәні зор. Түрткі мен қажетсіну - өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі шарт, мотив пен қажетсінуді қамтамасыз ету. Олай болмаған жағдайда, өзін-өзі тәрбиелеуде нәтиже болмақ емес. Сонымен бірге жас және дара ерекшеліктерні ескеру міндетті.

    Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне қатысы бар негізгі филисофиялық идеялардың бірі - өздігінен қозғалу идеясы болып табылады. Философияда өздігінен қозғалу концепциясы қозғалушы затта, дамушы құбылыста жататын қозғалыс түрі деп түсінеді. Өздігінен қозғалу концепциясы қозғалушы затқа қатысты қандай да бір сырттай, оған байланыссыз және онымен субъектімен объектінің қатынасы ретіндегі қозғалыс көзін анықтайтын «сыртқы түрткі» концепциясына қарсы тұрады. Өздігінен қозғалу идеясы қозғалушы затта белсенді субъект белгілерінің болуын талап етеді. Өздігінен қозғалу концепциясының қалыптасу жолдары мынандай: спионзалық идея causa sut (себебі оның өзінде); өзі әрекет ететін, өзі анықтайтын субстанция ретіндегі лейбництік монада принціпі; аспанның, жердің және адамның дамуының канттық идеясы; Ф.Шеллинг философиясындағы эволюция идеясы; гегельдің идеалистік диалектика идеясы.

    Филисофияда өздігінен қозғалу концепциясы бір жағынан материалистік дүниетанымымен, ал екінші жағынан қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі ретіндегі дамудың диалектикалық концепциясымен байланысты. Біз үшін өздігінен қозғалу концепциясының құнды болуының себебі адам индивидтің қозғалу формаларының бірі ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеуді анықтағанда ол бұл қозғалыстың дамуының көздерін сырттан емес, адамның өзінен, адам индивидіне тән ішкі қарама-қайшылықтардың күресі ретіндегі осы көзді түсінуге бағдарлайды.

    Идеялардың екінші тобы қатынастарымен, қарым-қатынаспен, іс-әрекетпен және өзара әсерлесумен байланысты. Қатынас философияда барлық құбылыстардың өзара байланысының мезеті ретінде ұсынылады. Кез-келген заттың өмір сүруі, оның өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, дамуы оның объективтік дүниенің басқа заттарына қатынасының бүкіл жиынтығына байланысты қандай да бір құбылыстың дамуынан оның басқа құбылыстарға қатынасы өзгереді, бір қатынас жойылып екінші қатынас пайда болады. Адам өзі жасаған заттармен қатынас жасайды. Нәтижесінде өзі жасаған дүниеде ол өзін-өзі түсінеді, ол өзіне-өзі адам ретінде қатынас жасайды. Сонымен мынаны тұжырымдауға болады: бір жағынан адам индивиді кірісетін сан алуан қатынастар оның санасын қалыптастырудың қажетті шарты, ал екінші жағынан индивидтің өз іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған дүниеге, басқа адамдарға қатынастыөзгеруі бойынша оның даму барысы жөнінде пікір айта аламыз. Біздің зерттеуіміздің құлаш жаюы қатынастың ерекше типі ретіндегі «педагог-тыңдаушы» педагогикалық өзара әсерлесудің негізгі, ал олардың сипаты бұл өзара әсерлесудің нәтижелелігінің бейнесі болып табылады.

    Философияда іс-әрекет категориясы, мәні адамның қоршаған дүниені өзгертуімен байланысты дүниемен жасалынатын ерекше адамдық байланыс тәсілі ретінде анықталады. Қоршаған дүниені өзгерту адамның өзін-өзі өзгертуінің шарты және алғышарты болып табылады. Біз үшін мынау маңызды: бір жағынан адам өз іс-әрекетінде қоршаған дүниемен әр түрлі қатынасқа түседі, осы қатынастар арқылы ол өзін-өзі таниды; екінщші, қоршаған дүниені өзгерте отырып , адам өзін өзгертеді.

    Филисофияда қарым-қатынас категориясы адамның басқа адамдармен өзара байланыс жасаудың тәсілі ретінде анықталады. Сонымен қарым-қатынас философиялық ұсыну индивидтің әдейілеп жасайтын қарым-қатынас актысына, ақпарат алмасуға және әлеуметтік психологиялық байланысқа симайды, ол одан гөрі кеңдеу ұғым. Ол адамдардың бір-біріне байланыстылығын және тіршіліктегі өзара байытатындығын, олардың тұлғасының даму тәсілі ретінде көрінетіндігін білдіреді. Біз үшін қарым-қатынастың дамуының құралы ретіндегі педагог пен бала арасындағы қарым-қатынастың мәнділігі жөнінде қорытынды жасауға мүкіндік береді. Қарым-қатынас жасайтын екеудің біреуінің тұлғасы екінші тұлғаның дамуының қажетті шарты болып табылады.

    Ең жалпы филисофиялық категория өзара әсерлесу категориясы болып табылады. Өзара әсерлесу денелердің бір-біріне материялар қозғалысты, тасымалдау жолымен өзара ықпал ету процесі, денелер күйі

    өзгеруінің әмбебап формасы ретінде түсіндіріледі. Оның мағынасы мынау: кез-келген тұтас жүйедегі өзара әсерлесуде денелердің қасиеттері бірін-бірі бейнелейді. Нәтижесінде олар өзгеруі мүмкін. Өзара әсерлесуді осылайша түсінудің маңызды болатын себебі мынада: тұтас педагогикалық процесс шеңберінде оқытушы мен тыңдаушы тұлғаларының сапалары өзара бейнеленеді. Тыңдаушыда кәсіби білімдер мен іскерліктердің ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапасының қалыптасуы маңызды.

    Философиялық идеялардың үшінші тобы рефлексия категориясымен байланысты. Әртүрлі философиялық жүйелерде рефлексия терминінің мазмұны әр түрлі. Мысалы, Д.Ж.Локк рефлексияны бақылау санының ішкі әсеріне бағытталған кездегі білімнің ерекше көзі деп санаған. Лейбниц рефлексияны бізде болып жатқанға назар аудару деп түсінеді; Гегель үшін рефлексия бірінің екіншісіне өзара бейнеленуі. Филисофия рефлексия термині сананың өзіне-өзінің қарайласуы дегенді білдіреді. Бұдан рефлекцивтік процестердің өзіне бағытталған іс-әрекетретінде түсіндірілетіні туындайды(өзін-өзі бақылау, талдау, бағалау,белсендіру және т.б,). Біз үшін рефлексия ұғымы өзіне бағытталған іс-әрекет формасы ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеу рефлексивтік процестердің бүкіл кешенімен қажеттілікпен байланысады.

    Филисофиялық идеялардың келесі тобы қарама-қайшылық категориясымен байланысты. Біздің қарам-қайшылық категориясына назар аударатынымыз филисофиялық идеясы өздігінен қозғалу концепциясы. Материалистік диалектика көзқарасы тұрғысынан қарам-қайшылық кез келген қозғалыстың, дамудың көзін білдіреді.

    28 лекция. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні.

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату

    Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы, мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Бұл кезде бала өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бірақ өзінің мінез-құлқының үлкендерге ұнайтын-ұнамайтынын ұғынады. Өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау және өз қылықтарын талдау жеткіншек алды жаста байқала бастайды. Жеткілікті әлеуметтік тәжірибенің және психологиялық дайындықтың жоқтығынан жасөспірімдер өз қылықтарының мотивтерін түсіне бермейді. Сондықтан үлкендердің көмегінсіз өзін-өзі тәрбиелей алмайды. Оларда міндетті түрде педагогикалық жетекшілік қажет. Жеке адамдық қасиеттер едәуір дәрежеде қалыптасқан жасөспірімідік жаста оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу жеткіншек алды жасқа қарағанда мақсатты және сапалы түрде болады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу – адамның моральдық қасиеттерінің бір түрі. Адам өзінің іс-әрекетін, ақыл-санасын іштей бақылап, бағыттап отыруы, өзін-өзі бақылау арқылы жаман әдеттерден тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды мінез-құлқын дамытып жетілдіреді. Өзін-өзі бақылау, тәрбиелеп жетілдіру үшін еркін берік ұстауы, ұстамдылығы, саналы әрекеті қажет.

    Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиететрінөзі жетілдіруге және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталадыБұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.

    Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы кемшіліктердің орнын толтырады.

    Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшелік терін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нынандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады.

    Жас өспірімдік шақта бала өз бетіндікке ұмтылуын байқатады, ел тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді.

    Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады. Бұған өзінің өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді.

    Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндетті түрде жүзеге асыруы керек: оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру

    Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыртастыру үшін олардың адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар, әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында спалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өзбетіндігін өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.

    Адам – индивид физикалық және психикалық мазмұндардың жиынтығын құрайды. Адам психикасы өз кезегінде екі бөлімге: эмоция және сана деп бөлінеді. Сана адамды жануарлардан бөліп, қоршаған орта туралы түсінігін адам миында бейнеленуі болып табылады. Сана тұлға деп аталатын негізді құрайды.

    Әлеуметтік және материалдық ортада өмір сүре отырып, қоршаған ортасында адамдармен және табиғатпен өзара әрекеттестікке түсіп, қоғамдық өндіріске қатысып, адам өзін көптеген қасиеттері мен сипаттарының үлкен спектрмен өзін-өзі басқаратын күрделі жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл жүйе жеке, дара тұлға болып табылады.

    Жеке тұлғаның объективті көрінісі қоршаған ортасымен барлық өзара әрекеттестікте көрінеді. Субъективті түрде ол адамның өзінің «Менінің» өмірде және қоғамда өзі секілдінің (яғни, өзіндік сана-сезімнің) барын саналы түрде сезінуі барысында танылады.

    Тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани негізі, ол мынадай әр қилы қасиеттер жүйесінде көрінеді:

    • Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

    • Қоршаған ортасымен қарым-қатынасы және өзіне деген қатынасының жүйесі;

    • Әлеуметтік рөлді ойнаудағы іс-әрекеттер жүйесі, мінез-құлқының көрінісі;

    • Қоршаған ортаны саналы түрде жете түсінуі және өзін сол ортада көруі,

    • Қажеттіліктер жүйесі;

    • Қабілеттер, шығармашылық мүмкіндіктерінің жиынтығы;

    • Сыртқы жағдайларға т.б. жауап беру жиынтығы.

    Осының бәрі жеке тұлғаның жалпы мазмұнын құрайды. Бала өмірінде жеке тұлға болып қалыптасу үшін тек педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік қана емес, оның бойында өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше білім алуға деген ұмтылысты тудыратын ішкі белсенділік болуы қажет. Орыс педагогы, әрі психологы П.Ф.Каптерев «Адамдардың көпшілігі біреудің оқытуы арқылы, немесе дамытқандығының әсеріненемес, керісінше, өз бетінше оқып, өзін-өзі дамытқан адамдар», - деген.

    Өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталынған жеке тұлғаның белсенділігін қарастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеу турасында айтылған біршама филисофиялық – педагогикалық тұжырымдарды кездестіруге болады. Бұл түсінікті дұрыс ұғыну үшін әуелі оны шынайы көріністерден ада, яғни өзін-өзі тазартуы сияқты қарастыратын идеялистік тұжырымдарды сынауға тура келеді. Себебі бұдан біз әр қилы діни доктриналардың сарқыншақтарын ұшыратамыз. Бұндай түсініктерді тіпті қазіргі кейбір философтар мен психологтардың пікірлерінен де көруге болады. Олардың еңбектерінде өзін-өзі тәрбиелеу қоғамдық жағдайлар мен ондағы тәрбиеге мүлдем тәуелсіз, өзінше бір жеке, автономды деп түсіндіріліп, адам баласын қоғамның жоғары дәрежесіне көтеретін құрал ретінде қарастырылады. Мәселен адамның қоғамдық жағдайларға тәуелсіз «күш еркіндігін» уағыздаса, Р.Гаудик жеке тұлға қоғамдық жағдайларға тәуелсіз адам баласының өз ықтиярымен істеп, өзін-өзі тәрбиелеуінің нәтижесі деп санайды.

    Өзін-өзі тәрбиелеудің әрекетті болуы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Адам өз алдына өзімді-өзім тәрбиелеймін деген мақсат қоймаған күннің өзінде де, өзіне тән жеке дара қасиеттерін қоршаған ортасындағы адамдармен өзара өарым-қатынасқа түсуі барысында, не болмаса мәдениеттің, тағы да басқа факторлардың әсерінен өзгекртуі мүмкін. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны өзгертуге әкеліп соқса да, кез келген өзін-өзі өзгертуді өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны өзгертуге әкеліп соқса, кез келге өһзін-өзі өзгертуді өзін-өзі тәрбиелеу екен дей беруге болмайды.

    Өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін анықтау үшін алдымен осы процестің мақсатқа бағытталған сипатын ескеру керек. Мақсат адам іс-әрекетіндегі қажетті жағдайлардың бірі болғандықтан, бұнда да негізгі рөл атқарады. Яғни мақсат қана адам әрекетінің әдісі мен сипатын заң секілді анықтайды да, өзіне ерікті бағындырады.

    Өзін-өзі тәрбиелеу мен өз бетімен жұмыс істеу түсініктерін салыстыра қарау әдепкіде қисынды көрінеді. Бірақ адам іс-әрекет барыснда өз тұлғасын өзгертеді, өзін-өзі тәрбиелейді, ал өз бетімен жұмыс істеу әрдайым өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттала бермейді және өз бетіншекүш жігерін билеуі арқылы өзгертілген тұлға өзін-өзі тәрбиелеу болып саналмайды. Неше түрлі бағытқа бағытталған адамның іс-әрекеті өзін тәрбиелеуге адам ұмтыла ма, жоқ па оған қарамй-ақ оның тұлғалғында көрініс беріп отырады.

    А.Г. Ковальев өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін басқаша түсіндіреді: «Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – жеке тұлғаның қазіргі және болашақтағы іс-әрекетінің жемісті болуы үшін өз бойындағы жаңа қасиеттерді қалыптастыру мен жетілдіру мақсатында өзімен жүйелі, жоспарлы, саналы түрде жұмыс істеуі». Бұл анықтамасында ол өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатқа бағытталған сипаты осы процестің негізін дұрыс бейнелеу үшін әрине, орынды түрде берген, бірақ А.Г. Ковальев өзін-өзі тәрбиелеу түсінігіне, біздің пайымдауымызша, болмашы көрсеткіштерді, атап айтқанда, өзін-өзі тәрбиелеудің құрамына жүйелі және жоспарлы түрде өз бетімен жұмыс істеуін қосқан. Сондықтан да оның берген анықтамасы әлі де жеткіліксіз, нақты түрде берілегн деп айта алмаймыз. Себебі өзін-өзі тәрбиелеу әрқашанда жүйелі және алдын-ала құрылған жоспармен іске аса бермейді. Бұның біршама себептері бар. Біріншіден, адамның әлдебір қасиеттерін тәрбиелеуге, не болмаса кейбір кемшіліктерін жөндеуге жұмсаған іс-әрекеті оны қоршаған жағдайларға байланысты.

    Кейбір авторлар өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін адамның санасының дұрыс бағаның болуы деп санайды. Мәселен, А.Я.Арет былай деп жазады: «Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – бұл адамның өзі немесе ұжымның

    көмегі арқылы өзінің жағымды қасиеттерін дамытуды және де жағымсыз қасиеттерін өзгертуі». Бірақ та өзін-өзі бағалау шынайы қалыптасып жатқан қасиеттердің объективті маңыздылығымен ұдайы сәйкес келе бермейді. Тіпті кейде сол қасиеттерді басқа адамдар жағымсыз деп тануы да мүмкін. Негізнен, А.И. Кочетовтың тұжырымына сенсек, «өзін-өзі тәрбиелеудің жағымсыз мотивтері болмайды, егер өзін-өзі дамытудың жағыисыз сипаты болса, онда бұл тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі емес, жоғалтуы, бұзуы».

    Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өз бойындағы жағымсыз қасиеттерін жеңіп, жағымды қасиеттерін жетілдіру және дағдыға айналдыру жолындағы жүйелі де, саналы іс-әрекеті.

    Өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттілігі мен оны сәтті орындап шығуы туралы шешім қабылдаудың маңызды алғышарты тұлғаның өз мінез-құлқы қасиеттерін объективті түрде сынап, бағалау қабілеті, шынайы мақсат пен әрекет бағдарламасын құруы болып табылады.

    Құлықтық тәрбиенің түпкі мақсаты-тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті тудыру. Ал бұндай қажеттілік өзін-өзі байқау мен бағалай алу қабілеті дағдыланып, басқа адамдардың қылықтарын түсініп, қоғам талаптарына сәйкес өз мінез-құлқын үйлестіре білгенде ғана қоғамдық еңбек пен оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

    Тұлғаның өз бетімен қабылдаған шешімдерін тұрақты орындауы, күнделікті іс-әрекетіндегі кездескен қиыншылқтарды жеңу, өзіне көп не аз мөлшерде болсын талап қоюы өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді. Өзін-өзі тәрбиелеудің алғашқы элементтері мектеп жасына дейінгі сәбилер мен естияр балалрда байқалады. Бұл кезеңде баланың өз қылығына қоршаған ортасындағы ересек адамдар негативті реакция берген жағдайда ғана оны өзгертуге деген талпынысы пайда болады. Бұл уақыттағы процестің басты ерекшелігі сол, бала мінез-құлықтың нақты формасын, яғни тұлғалық қасиеттерін емес, тек сыртқы көріністерін өзгертуге ниеттенеді.. Себебі психологтардың пайымдауынша сәби өз бойындағы тұлғалық қасиеттерін саналы түрде сезіне бермейді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеуді тудыратын түрткілерді – олардың іс-әрекетіндегі, яғни ойын ойнау барысындағы еріктерін өзін-өзі ұстай алуын дамыту керек. Сонымен қоса сәбилерді өздігімен жұмыс істей алуға қолайлы формада үйрету керек. Себебі мінездік қалыптар жеткілікті деңгейде қалыптасқан жаөспірімдік кезеңде ол қажетіне жарайды. Жасөспірімдік кезеңнің басты ерекшелігі тұлға ересек адамдарға еліктеп, өз қылықтарын түсінуге, өз ісінің дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылады, яғни «жеке қылықтары арқылы қасиеттерін танытады».

    Осылайша өзін-өзі тәрбиелеудің алғашқы міндеттері алдынан шығады. Бұл кезеңде педагогтың жұмысы да маңызды рөл атқарады, ол оқушыларды өз күшіне сенуге, алдына қойған мақсаттарын іске асыра алатындығына сендіруге тиіс. Сонымен қатар ол баланың парасатты талпынысына сенуі керек және қалыптасып өсіп келек жатқан тұлғаға құрметпен қарап, өз талабын оған сәйкестендіруі орынды болмақ. Ол үшін оқушыға үйде, не мектепте болсын өзін-өзі тәрбиелеудің әр алуан формалары мен әдістерін (өзін-өзі сынау, өзін иландыру, өз еркін бағындыру, басқа бір адамның жағдайына эмоционалды – ойша ауысым жасай білу т.б.) таныстыру керек.

    Жеткіншекті өздігінен жұмыс істеуге итермелейтін өзін-өзі тәрбиелеудің ішкі стимулдарына ( ұжым алдындағы міндеті, әртүрлі есеп берулер мен жарыстар т.б.) сүйене отырып, амалдар жүйесін ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге ересек адамның сөздері ықпалды болып және ол өзін-өзі сендірумен, мақұлдаумен үйлесе, үлкен әсер тигізері хақ.

    Тәрбиелеуші бірте-бірте есейген сайын өзін-өзі тәрбиелеу өз қылықтарын сынаудан, кемшіліктерін білуден басталатындығын және оған ұзақ мерзім мен көптеген күш-жігердің оған ұзақ мерзім мен көптеген күш-жігердің қажет екендігін түсінеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты балаға жас үстіне жас қосынған сайын күрделеніп, өзгере түседі. Мәселен, балаң жаста білімін толықтырып отырған дүниеге деген көзқарасының қалыптасу процесі және өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу арасындағы байланыстың нығая түсуі қарқынды жүреді. Яғни әлеуметтік рөл мен қоршаған ортасымен өзара қарым-қатынас түрі өзгеріп, тәжірибе жинақтала бастайды, сонымен қоса бұл кезеңде адам тек қылығымен ғана емес, жеке қасиеттерімен де тұлғалығын толық сипаттай алмайтындығын бағамдайды.

    Балаң жастағы бала үшін өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі мотиві «өзіңді-өзің жаса», әлеуметтік және кәсіптік қарым-қатынасты толық өзін жүзеге асыруға деген қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы кезеңдегі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге деген қызығушылығын педагог қолдай отырып, өз тәрбиеленушілерінің құлықтық тәрбиеге деген сенімдерін бекітеді. Олар еріктің, өзін ұстай білудің қандай да бір көзге көрінетін нәтижесіне жетуге тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеумен айналысып жүрген тәрбиелнушіні педагог бақылау жүргізе отырып, өзінің өмірлік тәжірибесімен ортақтастырылады. Бұл кезеңде негізінен өнегелік мәні бар, идеялылыққа, жоғары мәдени құндылықтарға толы әдебиеттер үлкен рөл атқарады. Тәрбиеленуші үшін өмірлік міндеттерді шешуге реализмнің көп мөлшерде болуы, олардың іске асырудағы сәттілік пен сәтсіздік басты фактор болып саналады. Сондықтан да психологтар осы кезеңдегі жастардың жұмыс жасауын саналы түрде сезінген өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.

    Сонымен қоса тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеу мен ұжымдық іс-әрекетті ұштастыра отырып біршама жетістіктерге жетуге болады. Себебі әрбір индивидтің өз қабілеттерін жан-жақты дамытуы осы жерден басталды.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта