Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі ұғымдар

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница13 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    26 лекция. Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің

    шарты ретінде.

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату

    Негізгі ұғымдар: Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік: нормативтік, коммуникативтік және этикалық компоненттері. Сөйлеу қарым-қатынасы, оның қағидалары. Педагогтың сөйлеу мәдениеті: лексикалық сөз байлығы, грамматикалық, орфоэпикалық сауаттылығы. Сөйлеудің логикалық мазмұндық құрылымы. Сөйлеудің мәнерлілік құралдары. Педагогтың сөйлеу техникасы. Педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы педагогтың сөйлеуі. Оқу және оқудан тыс жағдайларда сөйлеу іс-әрекеті формаларын пайдалану. Түсіндіру монологы педагогикалық сөйлеу жанры ретінде. Педагогтың диалогтік сөйлеу ерекшеліктері. Мұғалімнің бағалаушылық пікір білдіруі. Сөйлеу мәдениеті мұғалімнің коммуникативті құзыреттілігінің компоненті ретінде.

    Оқытушы cөзi aйқын aнықтылығымeн, aқылғa қoнымды, дәйекті дәлeлдiгiмeн тыңдayшылapды бaypaп aлып кeтeді. Оның cөзi oқyшылapғa өтiмдi бoлып, жaқcы әcep бepy үшiн дауыc ыpғaғының, cөйлey caзының зop мәнi бap.

    Л.C.Maкapeнкo мұғaлiмнiң cөйлey қacиeтiнe былaй дeп мән бердi: "Оқyшылap ciздiң cөзiңiздeн өзiңiздiң epкiңiздi, сіздің мәдeниeтiңiздi, жeкe epeкшeлiгiңiздi cезiнe aлaтындaй болу керек". Өз caбaғынa жaн-тәнiмeн бepiлгeн мұғaлiм шын жүpeктeн шыққaн жaлынды cөзi apқылы oқyшылapды еліктipe бaypaп әкeтeді. Eгep мүғaлiм өз cөзiнe нeмқұpaйлы, қaлaй бoлca coлaй қapaйтын бoлca, oқyшылap oны бірдeн бaйқaп қaлaды. 0ның бiлiмi мeн тәpтiбiнe кepi әcep етеді. Coндықтaн мұғaлiм күндeлiктi caбaққa дaйындaлғaндa, бaлaлapмeн түpлiшe қapым-қaтынacтa дұpыc cөйлeyгe дaйындaлyғa, өз cөзiнe өзi жayaпты қapay кepeк. "Mұғaлiмдiк тoнмeн cөйлe" дeгeн нaқыл ocы мiндeттepдeн тyғaн. Mұғaлiм пeдaгoгикaлық cөйлey фyнкциялapын дұpыc жүзere acыpy кepeк.

    Cөйлey фyнкцияcы мынaлapды жүзeгe acыpaды:

    а) Оқытушы мeн студент apacындaғы бaйлaныcты opнaтaды.

    ә) Студенттің caнacынa, мoтивiнe, ceзiмiнe әcep eтiп oны қaлыптacтыpaды.

    б) Оқy мaтepиaлының студент caнacындa қaбылдaнып, нығaйтылyынa әcep eтeді.

    в) Студенттердің бiлiм жәнe тәжipибe жұмыcтapын дұpыc ұштacтыpып үйлecтipeді.

    Пeдaгoгикaлық cөйлey мәдeниeтiн жүзeгe acыpyдa әp оқытушының өз cтилi бoлaтындығын тәжipибe дәлeлдeйді. Keйбip оқытушының caбaқ түciндipгeндeгi cөздepi ecтiлep­ecтiлмec, жaй, бip caзды бoлып ecтiлeді. Оның өзі тыңдаушыға гипнозды түpдe әcep eтiп, oлapды жaлықтыpып, ұйқы жaғдaйын кeлтipeді. Бұл тұpғыдaн aлғaндa оқытушының cөйлey cтилiн, oның пcиxoлoгияcының бacты көpceткiшi дeceк тe бoлaды.

    Оқытушының кoммyникaтивтiк мәнepiндe cипaттaлaтын cөйлey тoны, қoзғaлыcы, кeлбeт-пiшiнi, дeнe қимылы cөйлey мәнepiмeн үйлeciп тұpyы қaжeт. Coнымeн бipгe пeдaгoгикaлық cөйлey мәнepiнiң кoммyникaтивтiк фopмacы ayызшa cөйлey түpiндe мoнoлoг жәнe диaлoг бoлып бөлiнeдi: мoнoлoг фopмacындa aйтылaтын cөйлey жүйeci: әңгiмe, бaяндay, лeкция (epeжe, зaң тepминдepi, тaлқылay, бaғaлay т.б.) түpiндe кeлeді. Кейбір адамдардың дауыс тембрінде не көтеріңкі, не баяу болуы табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды.

    Өзімен-өзі жаттығу нәтижесінде өз даусын дұрыс жолға қойған ораторларды айтуға болады. Мысалы, Демосфен (грек шешені) өзінің тіл кемістігін жаттығу арқылы жоя білген деседі., ал В.Маяковский 20 жасында дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін ағынды өзен жағасына барып, аузына тас салып, сөйлеп жаттығады.

    Сөйлеу мәдениеті тілдік этикет арқылы реттеледі. Бұл жағдай құттықтау, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, қолпаштау. Комплимент айту, қайғысына ортақтасу т.б жағдайлармен байланысты. Адамдардың осы қажеттілігінен «сөздік сипалау», тілдік этикетті ойлап тапқан. Амандасу кезінде өзіміз байқай бермейтін «Сәлем. Қал қалай?» деген амандасудың ешқандай жылулығы жоқ, формальды түрдегі қарым-қатынас болып саналады. Бұл жерде шын көңілімен сенің жағдайыңды білгісі келіп тұрған ешқандай жақындық байқалмайды.

    Сөз адамның әлеуметтік статусын (мәртебесін) негіздейтін құрал. Мысалы, қымбатты әріптестер, ханымдар мен мырзалар, балалар, достар, жолдастар, деген сөздер әртүрлі жағдайда қолданылады. Сөйлеу кезінде стильді таңдау маңызды орын алады. Қарым-қатынаста сөйлеудің мәнін, әсерін төмендететін түрлері мынадай:

    1) мен ойлаймын, мен жобалаймын деген өзін көрсеткісі келіп, сөйлеу

    2) өзіне сенімдік білдіру: Э, і, яғни, жаңағы, нетіп, несі

    3) сыпайы сөйлеу: «кешіріңіз», «рақым етіңіз»,

    4) күн салқын сияқты ғой, ә, аяқтаймыз ғой, ия» деген сияқты екі ұшты оймен сөйлеу.

    Этикетте әрбір қоғамға тән қатынас формалары көрініс табады. Мысалы, дәстүрлі қоғамда бұл салт-жоралар, әдет-ғұрыптар, рәсімдер деп аталады. Бүгінгі өмірде этикет нормаларының мазмұны қоғамдағы қатынастардың демократизациялануымен және гуманизациялануымен байланысты. Этикет мінез-құлық мәдениетінің маңызды саласы ретінде тәрбие арқылы қалыптасады. Этикет формаларында терең моральдық қасиеттер орын алады. Мысалы, «рұқсат етіңіз», «кешіріңіз», «рахмет», «өтінемін» және т.б. сөздер тұлғаның моральдық қасиеттері ауқымының көлемділігін көрсетеді. Бұл ілтипат көрсетудің немесе өткендегі іс-қылығына кешірім сұраудың бір көрінісі де болуы мүмкін. Этикет сыпайылық, ұстамдылық, сыйластық, ашықтық, әдептілік сияқты қасиеттерді пайдалануды қажет етеді. Сонымен бірге этикет ережелерін пайдалануда дөрекілік, бөспелік, арсыздық, әдепсіздік, жүгенсіздікке жол берілмейді.

    Тілдік қатынасты реттеу мына ұстанымдарға негізделеді:

    1. Сөзіңіз қарым-қатынас құру мақсатына сәйкес болуы тиіс. Артық мәлімет (сөйле) кейде айтып тұрған мәселеге қатысы жоқ болуы мүмкін. Тыңдаушы сіздің не айтқыңыз келгенін түсінбей қалады.

    2. Сөйлеген сөзіңіз шындыққа жанасымды болуы тиіс. Өзіңіз сенбейтін, немесе күмән тудыратын, өзіңіз толық түсінбеген нәрсені айтпағаныңыз жөн.

    3. Релеванттық ұстаным сақталуы тиіс, яғни тақырыптан ауытқымау қажет.

    Сөйлейтін сөзіңіз анық, сенімді, түсінікті болу керек.

    4. Сөйлеудің мәнін, көркемдігін бұзатын басы артық сөздер (мысалы, яғни, жаңағы, нетіп, несі) қолданбаған жөн.

    5. Сөйлеу кезінде аудиториямен байланысты үзбеу қажет. (қағазға ұзақ уақыт қарау, дауыс ырғағын жоғалту т.б.)

    Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар пайдаланылып келеді. Педагогикалық үрдістің сапалы болуына көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі – педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.

    Тіл – адамның қатынас құралы дегендей, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас олардың тіл табысуына байланысты болмақ. Ғылымның тіліне сүйенсек, мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері оқу және тәрбие үрдістеріндегі қарым-қатынастың жүйелі, сапалы және нәтижелі болуына әкеледі.

    Ғалымдардың пікірі бойынша, ХХ ғасыр басына дейін «коммуникация» терминіне көп көңіл бөлінбей, сөз тек қатынас және оның түзгіштері жайлы айтылып келген дейді. Бірақ «коммуникация» (communicatio) деген сөздің түбірі латыннан алынғанына қарағанда бұл сөздің ежелде пайда болғаны шығады.

    Энциклопедиялық сөздіктер «коммуникацияны», біріншіден, хабарласу жолы, адамнан адамға мағлұматтар беру деп анықтайды.

    Психологиялық сөздік «коммуникация» (ағылшынның communicate – хабарлау, байланыстыру, қатынаста болу) - әлеуметтік психологияда, біріншіден, адамдар арасындағы кәсіби және тұлғалық байланысты; екіншіден, адамдар арасындағықатынастағы мағлұматтармен алмасуын сипаттау деп береді.

    Коммуникация сондай-ақ, адамдар арасындағы қызмет барысындағы көзқарас алмасу, ой көңіл мен сезім алмасу. Коммуникация кең мағынада қатынас деп те тұжырымдалады.

    Қатынас, әсіресе жасөспірім балада өте тез дамиды да жаңа мағына мен жаңа нысанаға ие болады. Жасөспірім қатынасқа еңбекте, оқуда, спорттық жаттығуларда, мәдени қызмет барысында түседі. Осындай қызметтер арқылы жасөспірімнің санасы өседі. Оның келешек өмірге деген талпынысының артуына байланысты өзінің құрбыларымен, үлкендермен үнемі қатынасқа түсіп, өзінің түрлі әрекеттері арқылы санасы қалыптасады.

    Міне, сондықтан мектепте жасөспіріммен дұрыс қатынас жасап, оның ынтасының дұрыс бағытта жүруіне көмек беру өте қажет. Ол үшін педагогикалық қатынастың ерекшелігіне мән беріп, оның сыры мен қырларын бойымызға сіңіру жөн. Ежелгі дүние тарихына көз жіберетін болсақ, философ Платонның ұстазы Сократты мысалға алуға болады. Б.з.д. 470-399 ж.ж. Афинада тұрған Сократ, өзінен кейін бірде бір еңбек жазып қалдырмаса да оның оқушыларының мәліметі бойынша өзінің оқушыларымен әңгімелесу арқылы дүниені тануға ұмтылып, шындықты тануға ұмтылғаны көрінеді.

    Сократтың сөз шешендігі оның әсерлігі, коммуникативтік іскерлігі жайлы оқушысы Платон былай деп жазған: «Мен оны тыңдап отырған кезімде, жүрегімнің соғуы жиілейді, көзімнен жас төгіледі; басқаларға қарасам, оларда мен сияқты күйде отырғанын көремін. Жүрегімді жылан шаққандай әсер еткен философиялық сөздері не айтылғанын орындатуға апарады», - дейді.

    Педагогикалық қатынасқа ерекше көңіл бөлген В.А. Кан-Калик, А.В.Мудрик, А.А.Леонтьев, А.Б.Ынтықбаев және тағы басқалардың ғылыми еңбектері бар.

    В.А. Кан-Калик өзінің және тағы басқалардың педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, мұғаліммен оқушы, мұғаліммен сынып арасындағы қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, Мұғалім педагогикалық қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді. Мұғалімге коммуникативтік іскерліктерді меңгеріп оны оқу және тәрбие үрдісінде қолдануы қажет екені айтылады.

    В.А.Кан-Калик мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері қатарына адамдар алдында сөз сөйлей білу; қарым-қатынасқа түсе білу; түрлі жағдайларды туғыза отырып шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру; оқу және тәрбие үрдісінде дұрыс бір бағыттағы қарым-қатынасты құрып, оны басқара білк іскерліктерін айтады.

    Иә, мұғалімге коммуникативтік қатынасты оқушылармен оқу және тәрбие үрдісінде ұйымдастыра білуі өте қажет. Коммуникативтік іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі, көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, міне осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін жоғарылатады.

    Ұстаз өзінің қызметінде қарым-қатынастың барлық міндеттерін атқаруы тиіс, ол мағлұмат беруші де, оқушы немесе сынып оқушыларын танып білуші де және ұжымдық қатынас пен өзара қатынастарды ұйымдастырушы да болады.

    А.А. Леонтьев мұғалімнің коммуникативтік іскерліктерін ерік пен жігерлілік қасиет ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысын қадағалау іскерлігін өзінің ықылас көрсетуін, қадағалай бақылай білуін, адамның жүзіне қарап көңілін таба білуін, оқушыны бір қарағаннан психологиялық ерекшеліктерін айқындау іскерлігін оқушымен дұрыс және тартымды қатынас жасау іскерлігін, психологиялық сипатта тартымды сөйлей білуін, сөзбен және сөзсіз қатынас жасай білу іскерліктерін жатқызады.

    А.А.Леонтьев әлеуметтік бағыттағы қатынас ( дәріс, баяндама, шешендік сөз, теледидарлық сөз), ұжымдық тақырыптық бағыттағы қатынас ( ұжым алдындағы мәселені шешу), тұлғалық бағыттағы қатынас ( бір адамның басқамен қатынасы) деп топтарға бөледі.

    А.Б. Ынтықбаев келешек мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері мен дағдыларының негізі мен мазмұнын қарастыра отырып, мұғалім мамандығына сай, сыныппен байланыс орната білу, мектеп оқушыларымен тіл табыса білу іскерліктерін жатқызады. Ол коммуникативтік іскерліктері мен дағдылар қатарына қажетті сезімі мен көңілін бере білу іскерлігі, оқушылар арасында өзара қарым-қатынас орната білу, оқушылардың іс-әрекетіне әсер ете білу сабақ барымында қатынас орната білу, проблемалық сұрақтар қоя білу, тәрбиеленушілерді өзіне тарта білу, тәрбиелік жұмыс барысында оқушымен қарым-қатынасты орнатабілу, оқушылармен бірге ұнамды және жағымды іспен айналысу, оқушылармен ортақ тіл табысу іскерлігі мен дағдыларын атайды.

    Осы мәселе бойынша А.В.Мудрик еңбектері де құнды. Ол қатынасты педагогикалық категория ретінде көрсетіп қолданылатын қозғаушы күш ретінде көрсетеді. А.В.Мудрик оқушыларда бір маұсатты бағытта коммуникативтік жағдайдан шығу жолдарында жаңа тәсілдерді қолдана білу іскерлігін жатқызады.

    Көпшілік адам тұлғасының қаиеті және де мұғалімнің мамандық және тұлғалық сапасы болу қажет.

    А.В.Мудрик тұлғаның мына көрсеткіштері: ойлау қабілетінің ерекшелігі, тілінің жан-жақты дамуы, тез қабылдауы, қарым-қатынасқа деген қызығушылығы оқушының көпшіл болуына әсер етеді. Уақытпен санасы білуі, жағдайдың егжей-тегжейін түсініп, соған сәйкес әрекет жасауы маңызды коммуникативтік іскерліктерге жатқызады. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, өз ойын, көңілін сөзбен білдіре алу қабілеті – даму үрдісіндегі адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табысы. Сондықтан әрбір адамға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасауға, дұрыс сөйлесе білуге үйрену керек. Ал оқушыға коммуникативтік іскерліктердің негізін өз бойында қалыптастыру қажет. Бұл қиын да күрделі жағдайда көмекші болатын – ұстаз. Егер мұғалім өзінің ойын, пікірін, көзқарасын ұсынысын, ақылын оқушыға түсінікті, нақты және жетік жеткізе білсе, оқушы да сондай коммуникативтік іскерлікті бойына сіңіре білетін болады.

    Қарым-қатынас заңдылықтарын түсіну, ана тілінің дәлелді жеткізе білу педагогикалық үрдісте жетістікке әкеледі.

    Мұғалім оқушыға оның келешегіне, мақсатына жетуіне, қиындықтарын жеңе білуіне педагогикалық әсер ете білуі қажет.

    Қарым-қатынас, немесе коммуникация деп аталатын процесс – аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады». Қарым-қатынас саналуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі (мысалы, іскерлік (бизнескоммуникация), отбасылық қарым-қатынаспен және т.б. салыстырғанда). Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.

    Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек, және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды , себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді». Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі – сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті – «не, қайда, және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.

    Сонымен бірге, қарым-қатынас – бұл ХХ жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвис-тика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.

    Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған (мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарас бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік және т.б. түрлі келістерді ұсынулары орынды.

    Тілдік қарым-қатынасты талдай отырып, Р. Якобсон 40-шы жылдардың басында Н.С. Трубецкий атаған (эксплекативті, апеллятивті, экспрессивті) тілдің негізгі төрт функцияларын мәнді толықтыра отырып, сөздің алты негізгі функцияларын бөледі. Р. Якобсон бойынша, сөздің негізгі функциялары:

    1. Эмотивті (экспрессивті, аффективті) – сөйлеушінің хабарлаушыға қатынасы («Қандай өкінішті, қандай келеңсіз!», «Тағы жауын жауды»).

    2. Конативті – адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.

    3. Референциондық (когнитивті, денотативті) – ойды білдіру.

    4. Поэтикалық – шынайы мен қияли демаркациясы.

    5. Фатикалық – контактіні қолдау (мысалы, «Алло», «Сәлем», «Қалың қалай?»).

    6. Метатілдік – өз айтуларын нақтылау, реттеу.

    Тілдік функцияларды М. Холлидей біршама басқаша анықтады. Өз баласының тілінің дамуын бақылай отырып, ол сөздік тілдік мінез-құлықтың жеті функциясын бөледі: инструменталды (материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру); реттеуші (айналадағылардың мінез-құлқын қадағалау); өзара әрекет (контактіні қолдау); жеке өзіндік (өзін-өзі анықтау); эвристикалық, ізденушілік (неге?); қиялдаушы (ішкі дүние); ақпараттық (жаңа ақпаратты беру). Тілдік функциялардың атауы мен мазмұнының көпжақтылығы айқын. Олардың барлығы да, коммуникативтік өзара әрекеттесудің түрлі жақтарын бейнелей отырып, педагогикалық қарым-қатынасқа түсініктеме беруде кеңінен қолданылады.

    Қоғамда, ұжымда адамдардың қарым-қатынас мәдениетін игермегендігінен, бірін-бірі түсініп, өз ойы мен сезімін дұрыс жеткізе алмағандығынан көптеген конфликтінің түрлері туындап жататыны анық, сондықтан да тұлғааралық қарым-қатынас сауаттылығы мен оны қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналуда.

    Педагогикалық коммуникация - тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын және психикалық жағынан өзін-өзі реттеу мен өзіндік рефлексия тетіктерін меңгеру арқылы өзін-өзі танып білүге (самопознание), өзін-өзі объективті бағалауға, ықпалдасуға дайындығы негізінде қарым-қатынасқа түсүшілердің жеке - даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеүметтік бірлікке жетүді көздейтін оқытушы мен оқушының өзара байланысының сипатын анықтайтын әдіс-тәсілдердің тұтастығы.

    Педагогикалық кәсіби әрекеттің тиімділігі көбінесе қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне байланысты жүзеге асады. Біздің ойымызша коммуникация ақпарат алмасу, өз ойын білдіру, идеясын, білімін танытумен қатар жаңа түсініктер, білім, таным мен адамдардың мәдени қалыптасуының негізгі себебі. Педагогтың коммуникативтік біліктілігі педагогтың өз қоғамдық статусы мен қабілеттіліктері шеңберінде кәсіби қызметті іске асыруда аса қажет.

    Оқытушының коммуникативтік біліктілігі тілдік - әдеби тілдік норманы; кәсіби – білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді; қоғамдық-мәдени – ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты құзiреттiлiктер тұтастығынан көрініс береді. Соңғы жылдары білімнің бұл түрі «риторикалық білік», «сөйлеу мәдениеті» терминдерімен беріліп жүр. А.Қыдыршаевтің пікірінше риторикалық біліктілікті сақтау үшін әрбір маманның кез-келген педагог-лектордың төмендегідей кеңестерді басшылыққа алуы аса пайдалы: сөйленер сөзге даярлықты тақырыпқа сәйкес жетекші құжаттар мен нұсқауларды талқылаудан бастау, тақырыпты таразылай келе, объективті тұрғыда негізгі ойды нысанаға алу, теориялық жағынынан даярлығы мықты, саяси тұрғыда сауатты оқытушы ғана сөйленер сөздің нысанасына терең бойлай алмақ. Демек оқытушының біліктілігінің басты бір көрсеткіші оның коммуникативтік мәдениет деңгейі болмақ.

    Келесі заңдылықтың табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Мәселен, ежелгі софистердің пікіріне жүгіне айтар болсақ, даналыққа ұмтылушы талантты ұстаз үш түрлі қасиетке ие болуы тиіс: 1)ойлана білу; 2)өз пікірін үйлесімді айта білу; 3)өз міндетін жақсы атқара білуі керек. М.М.Сперанский кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, «жақсы ойлана білуі өз алдына,одан да жоғары ғажап сөйлей білуі тиістігін» жазады.

    Алғашқы кезекте педагогикалық іс-әрекеттің барысында шешендік өнердің элементтерінің практикалық тұрғыда қолданылу мәселесі ойлантады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы шешені, шешендік өнер теоретигі Цицерон «ақын болып туады, шешен болып шығады» деп, ақындық тума талантқа, ал шешендік көп оқып, ізденіп, көп сөйлеп жаттығыушылыққа байланысты деген. Демек, тілді әлеуметтік құбылыс десек, ол адамның қоғамда біртіндеп әлеуметтенуі арқылы тілдік ортаның әсерімен жүзеге асады. Цицерон айтқандай шешендік іс-әрекеттің идеалды бейнесі шешендік өнерді жетілдіруге әдістемелік білік-дағдылар жүйесін жете меңгеру арқылы өтуге мүмкіндік береді, -деп тұжырымдайды А.Қыдырышаев.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта