Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі ұғымдар

  • Толеранттылық

  • Педагогикалық такт

  • 30 лекция. Педагогикалық біліктіліктің құрылымы Жоспары

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница15 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    29 лекция. Өздігінен білім алу іс-әрекеті педагогтың үздіксіз білім алуының шарты

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату
    Негізгі ұғымдар: Өздігінен білім алу тұлғаның еркін, шығармашылық, институттан тыс іс-әрекеті ретінде. Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі. Қазіргі жағдайда өздігінен білім алу мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нормасы мен түрі ретінде. Өздігінен білім алу мұғалімнің өз тұлғасын дамыту құралы ретінде. Қазіргі педагог тұлғасы өздігінен білім алу субъектісі ретінде. Өздігінен білім алудағы психологиялық, танымдық үдерістердің рөлі. Өздігінен білім алудағы тұлғаның бағыттылықтары. Өзіндік білім алу үдерісінде өзін-өзі талдау, өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі басқару, өзін-өзі қадағалау.

    Өздігінен білім алу үдерісінің құрылымы. Өздігінен білім алудағы әдістер. Өздігінен білім алу іс-әрекетіндегі дағдылар мен іскерліктер. Ақпаратпен жұмыс істеу әдістері. Өздігінен білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру. Мұғалімнің өздігінен білім алу құзыреттілігі оның өздігінен білім алу іс-әрекетінің нәтижесі ретінде.

    Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге

    сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттык, сана-сезімін тәрбиелеуді көздейді. Бұл міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, оларды оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.

    Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.

    Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі - жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан-жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімдердің өз бетінше білім жетілдіру қызметі мен соған деген әзірлікті жүйелілік пен іс-әрекет ұстанымдарына негізделген құрылымдық модель ретінде қарастырамыз. Онда біріншіден, оку-тәрбие процесі көп деңгейлі әрекетті жұйе ретінде, ал екіншіден қызметтік жұйе ретінде қарастырылады. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы   білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым-қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана өзгеден де соны көріп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады. Өзінің танымы мен сезімін бағалауы негізінде жеке қызметі мен іс-әрекетін басқаруға бағытталған адам психикасының ерекше процесі оның сана-сезім ерекшелігі болып табылады. Сана-сезім адамның өзін-өзі бағалауына тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалай алмайтын адамның өмірден өз орнын табуы екі талай. Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беру ғана емес, соны-мен бірге педагогикалык, қарым-қатынасқа түскен өзге жандардың да өз-өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін-өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін-өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген   буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу – мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.
    Мұғалімдерінің өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады

    Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Мұғалімінің жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы пе-дагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Мұғалімнің өз білімін көтеруі өте күрделі құбылыс, өйткені айналаны қоршаған ортаның өзі – бағалы педагогикалық білім көзі болып табылады. Мұғалімнің пәндік білім көтеруі өз мамандығына байланысты әдебиеттерді оқу, арнайы курс, семинарларға қатысу арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті

    оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады.

    Мұғалімнің өз білімін жетілдіруінің төрт түрлі қызметі айқындалған, олар:

    • жалпы мәдениеттілік тұрғысынан білім көтеру;

    • педагогикалық перспективті және өзектілік тұрғысынан білім көтеру;

    • мұғалім өмірінің табиғи қажеттілігі болып табылатын тұрақты танымдық қызмет тұрғысынан жалпы мәдениеттілік білім көтеру.

    Бұл ешқандай ұйымдастыруды, жоспарлауды талап етпейтін, мұғалім өмірінің күнделікті тіршілігіне айналған әдеби кітап оқу, күнделікті баспасөзді бақылап отыру, балалар әдебиетімен танысу, әртүрлі танымдық және ақпараттық телехабарларды көру, радио тыңдау, кино-театрларға, көрмелерге, мұражайларға барып тұру, лекторий, курстарға қатысып, экскурсия т.б., шығып отыру.

    Мұғалімнің өз бетінше білім көтеруіне педагогикалық баспасөз бен жаңа шыққан кітаптарды оқып, танысып отыру және оларды жүйелеу, оқу-тәрбие процесінде пайдалану үшін әртүрлі материалдарды топтастырып, жинақтап отыру жатады. Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан мұғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу – бұл мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психологиялық- педагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі.

    Педагогтың өздігінше білім алу дегеніміз – бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педагогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтармен жұмыс.

    Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабіеттері болуға тиісті. Мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау қажет:

    Бірінші мәселе – ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;

    Екінші мәселе – дидактикалық даярлығын арттыру.

    Педагогикалық қызметті, оның құрылымдарын, міндеттік бөлшектерін, жүйелік ұйымдастыру қағидаларын зерттеу мәселелерін қамтитын басқаша бағыт саласында маңызды теориялық және тәжірибелік мәліметтерге де баршылық.

    Педагог ғалымдар В.Сластенин, И.Исаев, А.Мищенко, Е.Шиановтар «педагогтың кәсіби құзырлығы түсінігі оның педагогикалық қызметті атқаруға теориялық және тәжірибелік даярлығының тығыз бірлігін білдіреді» дей келе олардың мазмұнын талдайды. Педагогикалық менеджмент саласының ірі зерттеушілерінің бірі, В.Симоновтың пікірінше, әрбір оқытушы шын мәнісінде оқу-танымдық үрдістің менеджері болып табылады. Яғни, ол оқушыға қатысты алғанда белгілі бір дәрежедегі басшының қызметін атқарады. Ендеше оған демократиялық басқару стилі тән болуы тиіс.

    «Мұғалімнің кәсіби мәдени қалыптасуы – педагогиканың ғылыми проблемасы», -деп тұжырымдайды С.Высоцкая. Ендеше бүгінгі таңда кәсіби мәдениеті жоғары мұғалімнің тұлғасына сын көтерер модель даярлау үлкен іс екендігі баршамызға аян.

    Мектеп оқытушысын даярлау бағытындағы білім беруді дамытудың теориялық негізін қалыптастыруда мектеп оқытушысының моделін құрастырудың маңызы зор.

    Педагогтың ең басты кәсіби сапасы – еңбексүйгіштігі, еңбекке қабілеттілігі, жауапкершілігі, мақсат қоя білуі, мақсатқа жету жолын таңдай алуы, ұйымдастырушылығы, талапшылдығы, кәсіби деңгейін жоспарлы және жүйелі дамыту, өз еңбегінің сапасын үнемі арттырып отыруға деген талпынысы.

    Осы талаптар арқылы педагог өндірістік қатынас жүйесінде өз міндетін атқарушы маман ретінде таныла алады.

    Бүгінгі заман шарттарына, нарықтық қатынас талабына сай ең маңызды қасиеттерінің бірін педагогтың адамдық сапасы қамтиды. Бұл қасиеттің қатарына адамдық, жауапкершілік, адамдық, төзімдік, орнықтылық, тұрақтылық, объективтілік, ақкөңіл, ақ жүректілік, жоғары танымды, оптимистік, салмақтылық, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұстамдылығы, тәрбиеленушілердің өміріне жауапкершілікпен қарауы, өз еңбегін бағалай алу, отан сүйгіштік және т.б. көптеген қасиеттері жатады.

    Оқытушыға білім беру барысындағы ең басты құнды қасиет – гуманистік, яғни өскелең ұрпаққа жер бетінің басты құндылығы ретінде қарым-қатынас жасау, әрі соны іс жүзінде көрсете білу. Оқытушы-тәрбиелеуші үнемі үлгілі әрекеттермен оқушылардың алдында еңбегін жариялау арқылы олардың бойында біртіндеп гумандық қасиеттердің қалыптасуына себепкер болады. Оқытушының үлгілі әрекеттерін көре отырып, болашақ мамандар кәсіби гуманды қарым-қатынасқа машықтанады. Оқытушы - әрқашан белсенді шығармашылық тұлға ретінде бағаланады. Ол үнемі шәкірттеріне жетекшілік ете отырып, олардың дүниетанымын дамыту жолында еңбек етеді. Мұндай педагогикалық жетекшілік рөлінде мамандар шығармашылық тұрғыдан белсенді, мол танымы, зор талабымен ерекшеленуі тиіс. Оқытушының кәсіби құндылық сапасы оның ұстамдылығы мен өзін билеуімен де сипатталады. Оқушылар оқытушының әрекетінен ешқандай қобалжу, шарасыздықты байқамауға тиіс. Ол үшін оқытушы өз әрекетін үнемі реттеп, оқушыларға шектен тыс ренішін танытпауы керек. Оқытушының бойындағы оқушылардың көңіл-күйін танып, уақытында қажетсінушіге қол ұшын бере алу, шәкіртінің бүгіні мен болашағына көңіл бөлуі сияқты табиғи қасиеттерін еш нәрсеге теңестіру мүмкін емес.

    Субъективтік көзқарас педагогтің еңбек әрекетіне үлкен зиян келтіретін қасиет. Педагогтің талапшыл болғаны да абзал, себебі ол өнімді әрекетке бастайтын қасиет. Ол үшін оқытушы өзіне үлкен талаптар тобы қажет. Өзің меңгермеген дүниені өзгелерден талап ету жалғандық болары шындық.

    Педагогтың бойында педагогикалық процесте онша шешуші рөл атқармағанымен, әзілдік сипаттың да болуы қажет. Күлкі, әзіл, сәтті тіркестер сыныптағы көңілсіздіктен шығуда тиімді болып табылады.

    Педагог мамандардың сапалы қасиеттерінің бірі – толеранттылығы мәдениеттің жоғарғы, базалық құндылықтарының бірі болып саналады. Толеранттылық (лат. tolerantia – төзім) – жағымсыз факторға қарсы әрекеттің болмауы деген сөз. Ағылшын тілінде толеранттылық «тұлғаны немесе затты ешқандай қарсылықсық қабылдауға даярлық пен қабілеттілік», француз тілінде «басқа адамның бастандығын, пікірін, қызметін, саяси және діни көзқарастарын қастерлеу», қытай тілінде толерантты болу «өзге адамдарға қарым-қатынас жасауда кеңпейілді болу», парсы тілінде «төзімділік, шыдамдылық, достық қарым-қатынасқа даяр болу» дегенді білдіреді. Тәрбие процесінің негізі осы толертанттылық, яғни өзгелердің іс-әрекетіне өз еркімен, саналы түрде қатынас жасау идеясына құрылыған. Толеранттылық - көп аспектілі түсінік. Толеранттылық бір жағынан белгілі әлеуметтік нормалар негізінде көрініс беретін тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі, екінші жағынан адамның әрекеті мен қарым-қатынасынан байқалатын құндылықтары мен тұлғаның сапалы қасиеттері. Ол өмірдің мәнді бірліктерінің қатарынан орын алады, әрі толеранттық мәдениеттің өмірлік тәжірибесінен шығатын және оқу үрдісіне қатысушылардың толеранттық қарым-қатынасының субъектілік тәжірибесіне негізделетін білім беру үрдісінің моделінің қалыптасуына негіз болады.

    Өскелең ұрпақты тәрбилеуде оқытушыға педагогикалық тактіні де ұмытпаған жөн. Педагогикалық такт – оқушылармен қарым-қатынас жасауда бірқалыпты көңіл-күйді сақтау. Такт – педагогтың ақыл, сезім және жалпы мәдениеттің сараланған сипаты. Педагогикалық тактінің негізгі түрі ретінде педагогтың оқытушыларға құрметпен қарауын атап айтса болады.

    Білім алу, білік, ой қабілеті, әрекет әдістемесімен байланысты кәсіби даярлау үрдісінде игерілген кәсіби құндылықтар қатарына И.П.Подласый мыналарды жатқызады: оқыту, оқыту әдістемесін игеру, психологиялық даярлық, жалпы эрудиция, кең мәдени таным, педагогикалық шеберлік, педагогикалық еңбек технологиясын игеру, ұйымдастырушылық қабілет пен дағдылар, педагогикалық такт, қарым-қатынас технологиясы, шешендік өнер, ғылыммен айналысу, өзінің кәсібіне деген сүйіспеншілігі. Жоғарыда аталған оқу әрекетіне салынған, педагогикалық тәжірибеде айқындалуға тиісті кәсіби сапаның барлығы студенттердің болашақ жоғары мектеп оқытушысының тәжірибелік әрекетінің негізгі және шешуші факторларының бірі болып табылады. Соңғы кездерде зерттеу жұмыстарында көрсетіліп жүргендей, оқытушы әрекетінің профессиограммасының құрамына мазмұндық, тұлғалық және процессуалды аспектілер енеді. Егер кәсіби даярлықтың бұл үш аспектісі бірлікте қарастырылған болса, онда оның жоғарғы деңгейі туралы да сөз қозғауға болады.

    Қазіргі заманның оқытушыларының модельін жасауда А.В.Сластенин мынадай компоненттерді қатыстыра отырып оқытушының профессиограммасын ұсынады.

    1) оқытушының кәсіби-педагогикалық және танымдық бағытын анықтайтын сапасы мен мінездемесі;

    2) психологиялық-педагогикалық даярлығына қойылатын талаптар қатары;

    3) арнайы даярлықтың құрамы мен көлемі;

    4) мамандық бойынша әдістемелік даярлықтың мазмұны.

    Қазіргі психология ғылымында кәсіби даярлықты ерекше психикалық қалып ретінде қарастырып жүргендер бар. Психология-педагогика саласының мамандарын модельдеудегі басты тәсілдердің біріне сүйенсек М.Н.Сарыбекова «Модель учителя ХХІ века» атты еңбегінде білім берудің ұлттық жүйедегі бағдарламасын жариялаушы тұлға ретінде педагог маманның моделін құрастырады. Бұл модель өзге үлгілерден құрылымдық жағынан, әдістемелік, әдіснамалық және мазмұндық жағымен ерекшеленеді.

    Бірінші, моделдің негізіне біртұтас динамикалық білім ретінде оқытушы-маман тұлғасы алынған, қоғамдық және кәсіби ұстанымнан тұратын оның негіздемесі мен логикалық орталығын негіздемелік-қажеттілік сферасы түзеді.

    Екінші, оқу пәнінің мазмұны мен әдістемесі маманды кәсіби даярлауға бағытталуы тиіс. Бүгінгі оқытушыға педагогика, психология дегеннің не екенін білу жеткіліксіз, сонымен қоса бұл білімді тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігі де болуға тиіс. Сол үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық процестің мазмұндық және кәсіби тұлғалық аспектілері мұғалімнің еңбек технологиясымен және ұйымдастырушылық-қызметтік әрекетіндегі жеке және жалпылық тұстарды көре алатындығымен байланысты болатындай етіп құрылуы керек.

    Үшінші, ғылым-білімнің дамуының жылдамдығына қатысты білімді жетілдіру алғашқы орынға қойылып отыр. Себебі оқытушы заманның жаңалығынан кеш қалмауға тырысуы керек. Бұл фактор модельде оқытушының түрлі әрекеті арқылы, әсіресе оқу-танымдық әрекет арқылы оқыту қабілетін игеру қажеттілігін көрсетеді.

    Төртінші, педагогикалық жағдайды, фактіні, құбылыстарды жүйелеу, себептік байланысын анықтау, соған байланысты педагогикалық ойлаудың икемділігін игеру, жалпы мен нақтылықты байланыстыру және жаттанды үлгіден өз еркімен алшақтау да маңызды мәселе болып табылады.

    Бесінші, оқытушының саяси-идеялық және танымдық ұстанымы оның оқу жұмысының барысында көрініс беруі қажет.

    Алтыншы, оқу процесінің соңғы кезеңінде студенттің бойында сол процестің негізгі субъектісі ретінде оқытушының тұтас бейнесі қалыптасуы тиіс. Ол жоғары оқу орынында білім беру үрдісінде қалыптасқан білім,білік, дағдының нәтижесінде нақтылы қолданылуы, соңғы норма мен стандартқа сәйкес кәсіби әрекетті іске асыруға қабілетті, әрі даяр болуы керек. Студенттерге сырттан көмек көрсету азайтылып, біртіндеп олардың оқытушы-маман ретінде қалыптасуына жағдай жасалады. Бүгінгі күні әрбір студенттің тәжірибеде алған білімін толықтыра отырып пайдаланатын, өзін максималды деңгейде таныта алатындай білікті маман тұлғасын қалыптастыруы шарт.
    30 лекция. Педагогикалық біліктіліктің құрылымы

    Жоспары:

    1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау.

    2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату
    Біліктілік – маманның өзіндік мүмкіншіліктері, өзінде қалыптасқан білім мен дағдының көмегімен өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіншілік беретін квалификациясы.

    Педагогикалық біліктіліктің құрылымы педагогикалық білікпен (умения) сипатталады. Ондай болса педагогтың кәсіби біліктілігі мынадай жүйе түзеді: білік (умения) - әрекет – педагогикалық тапсырмаларды шешу. Өз кезегінде педагогикалық тапсырмаларды шешу циклі «ойлау-әрекет ету – ойлау» үштігіне қатысты педагогикалық әрекет пен соған сәйкес біліктермен сәйкестендіріледі.

    В.А.Сластенин педагогикалық біліктердің барлығын төрт топқа топтастырады.


    Білік

    Біліктің мазмұны

    Білік

    Объективті әрекеттің, объективтік тәрбие процесінің мазмұнын нақтылы педагогикалық тапсырмаларға алмастыру, яғни жаңа білімді қабылдауға олардың даярлық деңгейін анықтау үшін жеке тұлғаны және ұжымды зерттеп тану.

    Білік

    Логикалық тұрғыдан орындалған педагогикалық жүйені құрастыру және жариялау (оқу-тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлаудан, оқу процесінің мазмұнын таңдаудан бастап оларды ұйымдастырудың пішін, әдіс және тәсілдерін таңдауға дейін)

    Білік

    Педагогикалық әрекеттің жеке компоненттерінің арасындағы байланысты қалыптастыру.

    Білік

    Педагогикалық әрекеттің нәтижесін ескеру және бағалау, білім үрдісінің жүйесін қалыптастыру.

    Педагогтің теориялық даярлығының мазмұны өз кезегінде аналитикалық, прогностикалық, жобалық және рефлексивті біліктердің түрлерімен сипатталады. Оны төмендегі суреттен көре аласыздар. Аналитикалық біліктер мынадай нақтылы біліктермен көрінеді:

    педагогикалық құбылысты құрамына жіктеу (негіздің шарттары, негіз, орта, көрініс беру формасы т.б.)

    • педагогикалық құбылыстың әрбір бөлшегін басқа элементтермен байланыста және тұтастай қарастыру;

    • қарастырылып отырған құбылысқа байланысты педагогикалық теориядан заңдылықтар мен нәтижені көре алу;

    • педагогикалық құбылысты дұрыс болжау;

    • маңызды педагогикалық тапсырмаларды құрастыру және оптимальды шешімдер шығара білу.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта