Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
Мамандығын меңгертуге болашақ мұғалімдерін даярлауда мына мәселелерге баса көңіл аударылуы тиіс: - болашақ мамандарға мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеуде әрбір баланы жеке тұлға ретінде дамытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту үшін, жоғары оқу орнындағы педагогикалық психологиялық пәндер байланысын күшейтіп, оларды кіріктіре оқытуды қамтамасыз ету; - мамандығы бойынша пәнді оқытудың әдістемесін болашақ мұғалімдерге меңгерту барысында пәнаралық байланыспен қоса, олардың өзіндік ерекшеліктерін (мақсаты, құрылымы, мазмұны, оқыту әдістері т.б.) талдауға көңіл бөлу; - өз мамандығы бойынша мектепте білім беруге арналған стандарт пен бағдарлама мазмұнын, құрылымын, пәннің оқу бағдарламасының ерекшелігін, бағдарлама талаптарын жете түсіну; - білім мен тәрбиені сабақтастық тұрғысында жүргізу қажеттілігін ұғыну; - қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан маман даярлау. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасы кезінде негізге алынатын жағдай – олардың ұйымдастырушылық шеберліктерін жетілдіруге көңіл аудару. Ұйымдастырушылық шеберлігі дамыған мұғалім ғана керекті материалды іріктеп, оның білім берудегі маңызын айқындап, берілетін білімнің мақсатын саралап, керекті құралдарын дайындап, оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктей алады. Педагогикалық іс-әрекетті құзыретті жүзеге асыру тек қана практика барысында меңгеруге болатын бірқатар біліктерді талап етеді: - педагогикалық міндетті қою және шеше алу білігі; - қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық пен өзара әрекет ретінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру білігі; - балаға, оның жеке дара ерекшеліктеріне бағдарлана білу; - өз бетінше білім алу біліктері мен дағдылары. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық практика кезінде төмендегідей іс-әрекет жүйесін меңгеруі тиіс: 1. Оқыту, білім беру іс-әрекеті: оқу жоспарларын, оның маңызы мен мақсатын жете білу. Оқу бағдарламалары мен олардың құрылымын, мазмұнын, әр пәннің оқу бағдарламаларының ерекшелігін, бағдарлама талаптарын білу. Сабақты ұйымдастырудың ерекшелігін, оның құрылымының, формасының өзгеруіндегі мазмұн мен мақсаттың маңызын түсіну. 2. Оқушыларды тәрбиелеу, дамыту іс-әрекеті: бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігіне байланысты тәрбие жұмысын түрлендіру, тәрбиенің сенімділікке, саналылыққа, бірлікке, қызығушылыққа негізделуі; тәрбие түрлерін ажыратып, адамгершілік, этикалық, эстетикалық, еңбек, ұлттық әдет-ғұрып т.б., оны сабақ барысында да, сабақтан тыс кезде де жүзеге асырудың түрлері мен әдіс-тәсілдерін меңгеру; 3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу іс-әрекеті: сабақ барысында да, сабақтан тыс кезде де оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туғызу; бұрын алған білімдер мен дағдыларын қолдана алатындай тапсырмалар беріп, олардың кез келген жағдайда іскерлігін көрсететіндей мүмкіндік туғызу. Қарым-қатынастық іс-әрекеті: оқушылармен қарым-қатынастың психологиялық тұрғыдан тиімді жолдарын іздестіру; қарым-қатынасты түсінушілікке, адамгершілікке, бірлікке, талап етуге, міндеттілікке негіздеу. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен қарым-қатынаста педагогтік өлшемді ұстауға тырысу. Іс құжаттарын сауатты орындауға байланысты іс-әрекет: оқу жоспарын түсініп, тоқсандық оқу жоспарын жасап жаттығу. Сабақ жоспарын жазу, оның құрылымын анықтап, жүйелі жазуға үйрену. Тәрбие жоспарын құру. Сабақты талдаудың хаттамасын сауатты, жүйелі жазуға үйрену. Өздері қатысқан сабақтар мен тәрбие жұмысының барысын, жүйесін ретімен жаза білу. 16 лекция. Педагогикалық практиканың жоғары оқу орнындағы маңызы Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Педагогикалық практиканың маңызы 2. Сабақ талдау үлгілері Дәрістің қысқаша мазмұны: Педагогикалық практика жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде маңызды рөл атқара отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамыту және диагностикалық қызметтерді атқарады: 1. Білім беру қызметі: теориялық білімдерді (жалпы ғылыми, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша) жаңғырту, бекіту, тереңдету және оларды нақты педагогикалық жағдайларда қолдану; игерілген білімдер негізінде педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. 2. Дамытушылық қызметі: танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру; педагогикалық ойлауды дамыту; кәсіби маңызды қасиеттер мен практикалық қабілеттерді дамыту. 3. Тәрбиелік қызметі: мұғалім мамандығына, педагогикалық іс-әрекетке деген тұрақты қызығушылықты, ұнамды көзқарасты қалыптастыру; қоғамдағы, педагогика ғылымындағы демократиялық және гуманистік идеяларға сәйкес көзқарастарды, сенімдер мен құндылықтарды қалыптастыру; әлеуметтік белсенді мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру. 4. Диагностикалық қызметі: болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығының деңгейін тексеру; болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындық дәрежесін анықтау; студенттердің кәсіби қалыптасуын болжау. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру төмендегі шарттарды қамтиды: Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық үдерісті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы; Студенттің оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері; Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы. Болашақ мұғалімдерді дайындауға үлкен мән берілетіндігін білім стандарты бойынша жеті түрлі педагогикалық практикадан байқауға болады. Егер, жоғары сыныптарда өткізілетін практикалар мазмұны оқыту мен тәрбие мәселелерін қамтитын болса, бастауыш сыныптардағы педагогикалық практикалары мектепте бастауыш буынға білім мен тәрбие беруде басшылыққа алатын жүйелі-жүйелі мәселелердің барлық жақтарын қамтыған. Педагогикалық практиканың функциялары
Ю.А. КОНАРЖЕВСКИЙ БОЙЫНША САБАҚТЫ ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ 1.Сабақтың бағасы а) мақсатына жетті ә) жартылай жетті б) жеткен жоқ 2. Сабақ түрін, құрылымын, негізгі кезеңдерін бағалау. Мақсат: мұғалімнің жоспарланған нәтижесі мен шын мәнінде іске асқан істі салыстыру. Таңдаған әдіс-тәсілдің дұрыстығы. Сабақтың дидактикалық мақсатына жетуге әрбір кезеңінде берген тапсырмаларға баға бере білу. Нақты ұсыныстарды бере білу, анықтай білу. Осындай жүйемен талдау мынадай жағдайда жүзеге асырылады: а) белгілі бір әдіспен оқытуды үйрену жүріп жатқан кезде; ә) озат тәжірибе үйреніп жатқан кезде; б) дау-дамай туған кезде. Г.М. КОДЖАСПИРОВАНЫҢ САБАҚ ТАЛДАУ СЫЗБАСЫ Сабақ мақсаты (10 ұпай). Сабақты ұйымдастыру (10 ұпай): а) сабақ түрі; ә) құрылымы, уақытты тиімді пайдалана білуі; б) сабақ мақсаты мен мазмұнының сәйкестілігі; в) сыныптың сабаққа дайындығы; г) оқушылардың белсенді әрекетке дайындығы; 3. Сабақ мазмұны: а) ғылымилығы; ә) сабақтың әрбір кезеңінде оқушы іс-әрекетінің түрлеріне материалды дұрыс таңдау; б) мұғалім жұмыс жасап тұрған бағдарламаға мазмұнның сәйкестігі; в) тәрбиелік бағыты; г) теория мен тәрбиенің байланыстылығы; д) пәнаралық байланыс; е) мұғалімнің тіл байлығы, сауаттылығы; ж) оқушы білім, білік-дағды сапасы; з) оқушылардың тіл байлығы; 4. Сабақ өткізу әдісі: а) сабақтағы көрнекіліктер: дидактикалық материалдар пайдалану; ә) әдістер мен тәсілдер жүйесі; б) әдіс-тәсілдердің мазмұнға, мақсатқа, окушының жол ерекшеліктеріне үйлесу, қолданған әдіс тиімділігі; в) нашар оқушымен жұмыс; г) бағалау жүйесін білу. 5. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті. 6. Оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы мен жұмысы: а) сынып және жеке құлқы мен жұмысы; ә) сабақ материалына қызығушылығын ояту; б) мұғалімге қарым-қатынас; в) тәртіп; г) қойылған сұрақтар, тіл байлығы. 7. Сабақтың жалпы қорытындысы. 17 лекция. Педагогикалық жобалау Жоспары: 1. Жобалау – кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі. 2. Жобалау іс-әрекеті – кәсіби-тұлғалық өсуді қамтамасыз ету және педагогикалық шынайылықты өзгерту құралы ретінде Әлеуметтік-педагогикалық, білім беру, психологиялық-педагогикалық жобалаудың логикасы мен мазмұны. Педагогикалық жобалардың негізгі түрлеріне сипаттама. Педагогикалық жобалау – мұғалімнің иновациялық, шығармашылық іс-әрекетінің көрсеткіші ретінде. Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесінің орны ерекше. Себебі, жалаң «білімдер, іскерліктер және дағдылар» қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сәйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы оның аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-әрекетіне дайындығының қалыптасуымен тығыз байланысты. «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады. Жобалау мәселесіне қатысты жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, педагогикалық жобалаудың белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет екенін көруге болады, ал оның мазмұндық компоненттері мақсат қою іс-әрекеті; үлгілеу іс-әрекеті; жоспарлау іс-әрекеті; ұйымдастыру іс-әрекеті; мониторингілеу және реттеу іс-әрекеті; рефлексия іс-әрекеті болып табылады. Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп «болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау» түсінігіне «педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту» деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі – бұл кез келген салада (кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т.б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Сондықтан, болашақ мамандарды даярлауды қарастыруда құзыреттілік тұрғының орны ерекше болып табылады. Құзыреттілік тұрғының ерекшелігі – ол тұлғаның алынған білімдерді, іскерліктерді, іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін пайдалану қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, үздіксіз тұлғалық өзіндік жетілуін байқататындығында екенін көруге болады. Педагог мамандығы бір уақытта өзгертуші және басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлға дамуы процесін басқару үшін құзыретті болу керек. Ал құзыреттілік тұрғының мақсаты – толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даяр бәсекеге қабілетті маман тұлғасын кәсіби қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның міндеттері – біріншіден, болашақ маманда өзінің кәсіби білімі мен кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық қатынас қалыптастыру; екіншіден, оның тұлғасының кәсіби әлеуетін арттыру; үшіншіден, қоғамдық өмірде маманның толық өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге даярлау. Жалпы орта білім берудің жоғары сатысында бейіндік оқытуға көшіп отырған қазақстандық білім беру жүйесі үшін жобалау құзыреттілігіне ие мамандар даярлау қажет болып отыр. Себебі, өзінің кәсіби функциясын іске асыру барысында бейіндік оқыту жүйесінде жұмыс жасайтын педагог жаңа, элективті білім беру бағдарламаларын жобалау мәселесімен бетпе-бет кездеседі. Сонымен қатар, оқыту процесін дұрыс жобалау арқылы ғана болжанған нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Осының бәрі болашақ кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлау қажеттігін тудырады. Ал бұл мәселенің шешудің жолы – құзыреттілік тұрғы негізінде маманды жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін және деңгейлік сипаттамаларын жасау болып табылады. Қазіргі уақытта білім беру мазмұнында вариативтіліктің орын алуы осындай өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді. 18 лекция.Педагогикалық қарым-қатынас –педагогикалық үдеріс субьектілерінің өзара әрекеттесулерінің негізі ретінде Жоспары: 1. Педагогикалық қарым–қатынас түсінігі. 2. Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге әртүрлі көзқарастар Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде. Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім-тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатуының ерекше жолы. «Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психология ғылымына алғаш А. Ф. Лазурский енгізген. Қарым-қатынас - тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Қарым-қатынас психологиясын зерттеген атақты маман В.А. Кан-Калик қарым-қатынастың 6 моделін көрсетеді: Біріккен әрекет негізіндегі қатынас Достық негіздегі қатынас Диалогтік қатынас Қорқыныш қатынас Арақашықтық қатынас Ойын қатынас. Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы олардың күшін біріктіруге және келісімге келуге бағытталған екі немесе одан да көп адамдардың өзара әрекеттесуі. Қарым-қатынас – педагогикалық үрдістегі өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынастың ұйымдастырылуы – педагогтардың білім дәрежесінің сапасы мен шеберлігіне байланысты. Ал, педагогтарға мұндай қажетті қасиеттерді А. С. Макаренко «Өнер» деп бағалаған. Сондай-ақ қарым-қатынастың қалыптасуына В. С. Библер ерекше мән берді. Оның пікірінше «қарым-қатынас адамдардың мәдениеті мен өмірінің жандану жолы деп көрсетті. Арнаулы оқу орындарында немесе колледждерде алғаш келген жас педагогтар білімгерлермен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін айтады. Педагогикалық қызметте мынадай сұрақтарды жиі естуге болады: «Білімгерлермен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ды ма?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы педагогикалық қарым-қатынасты меңгере білмеудің нәтижесінен туындап отыр. Педагогикалық қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, білімгерлер арасындағы байланыстың дамуын орнататын көп жоспарлы үрдіс. Қарым-қатынастың бірінші кезеңі – қарым-қатынасты моделдеу деп аталады. Бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және әдістемелік компоненттермен тығыз байланысты болады. Әрбір топта қарым-қатынас үрдісінің өзгешелігі болады, демек, сол топтағы сабақтың да өтілуіне қарым-қатынас әсер етеді. Сабаққа әзірленудің белгілі үлгісі мынадай; бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, бұған қоса алдағы уақыттағы қарым-қатынасты ұйымдастыруды болжау. Оның үстіне мұның соңғы айтылған аспектісі қалған барлығына, соның ішінде оқыту тәсілдеріне де ықпал етуі мүмкін. ә) Топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі – тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру деп аталады. б) Үшінші кезең – қарым-қатынасты меңгеру. «Айтушы ақылды болса – тыңдаушы дана болады», «Мұғалімге қатаң болған жақсы. Мейірімді болған оданда жақсы», - дейді халық даналығы. А.П.Чехов те «Баланы мейіріммен меңгере алмаған адам қаталдықпен де бағындыра алмайды», -деп дәлелді тұжырымдаған. Осының бәрі оқытушы мен білімгер арасындағы арықатынастың демократиялық стилін жақтайды. Қорыта келгенде, педагог білімгерлерге адамгершілік және рухани мәдениетті оның тамаша үлгілерін кәсіптік қарым-қатынас негізінде бере алады. Қарым-қатынасты: «мінез-құлықты өзгерту мен келісу мақсатында қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру процесінде адамдардың өзара әрекеті, ол іс-әрекеттің белгілі бір құралы арқылы саналы түрде жүреді» деп қарастыру қарым-қатынастың барлық қоғамдық тұрмыс аумағынан асып кететінін көрсетеді. Қарым-қатнас қоғаммен қатар, әрбір адамның мәнді сипаттамалары арасында жатыр, яғни қарым-қатнастағы адам – қоғамның элементі. Осылайша, әрбір индивидтің дамуы қарым-қатнастағы басқа индивидтердің дамуына сай болады. Жеке тұлға «барлық қоғамдық қатынастардың» бірлігі ретінде қарым-қатынастан тыс қалыптаса алмайды. Сондықтан да адам өзін-өзі тани отырып, өзінің қоршаған ортаға, басқа адамдарға қарым-қатнасында «Мен» қасиетін тани алады. Осыған орай, қарым-қатнас коммуникативті функцияны жүзеге асыру болып табылады. |