Главная страница
Навигация по странице:

  • Біліктің мазмұндық түрлері. Жобалық білік

  • Рефлексивті білік

  • Коммуникативтік білік

  • Мобилизациялық білік

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница16 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Прогностикалық біліктер оқытушы әркетінің мақсатының ықтимал нәтиже түріндегі көрінісімен байланысты. Прогностикалық біліктер қатарына:

    • прогностикалық білім мақсаты мен тапсырмаларын құрастыру;

    • қол жеткізуде тиімді әдістерді таңдау;

    • нәтижеге қол жеткізудегі қайшылықтарды болжау, оларды игеру әдіс-тәсілдерін таңдау;

    • оқу процесінің жеке құрамдары мен құрылымын ойша жасау;оқу процесіне қатысушалардың қарым-қатынасының мазмұнын құрастыру.

    Болжауға байланысты прогностикалық білік үш топқа топтастырылады:

    • ұжымның дамуын болжау;

    • жеке тұлғаның дамуын болжау;

    • педагогикалық процесті болжау.

    Педагогикалық болжам оқытушыдан моделдеу, болжамның қозғалысы, ойша эксперимент сияқты педагогикалық әдістерді меңгеруді талап етеді.

    Біліктің мазмұндық түрлері.

    Жобалық білік білім беру жүйесінің жобасын құрастыруда байқалады. Ол біліктердің мынадай түрлерін қамтиды:

    -білім мәселесінің кеңістігін қалыптастыру;

    - кезеңдік жариялану әдістерін негіздеу;

    -білім беру процесіне қатысушылардың қажеттіліктері, қызығушылықтары, тәжірибе, тұлғалық қасиеттерінің ерекшелігіне қатысты әрекетінің түрі мен мазмұнын жоспарлау;

    - педагогикалық тапсырмалар мен қатысушылардың ерекшелігіне байланысты оқу үрдісінің формасы мен құрамын анықтау;

    - педагогикалық процестің өзіне тән кезеңдер мен тапсырмаларын анықтау;

    - қабілеттіліктерді қалыптастыру мақсатында жеке тұлғаларға қажет кезінде дифференциалды көмек көрсету үшін олармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру;

    -сапалы кәсіби нәтижеге қол жеткізу үшін оқу формасын, әдісін және пәнін таңдау.

    Рефлексивті білік педагогтің өзін-өзі бақылау-бағалау әрекетімен байланысты. Рефлексия - өзін педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде тану ғана емес, сонымен қатар өзгелердің оны педагог ретінде, оның жеке тұлғалық ерекшіліктерін, эмоционалдық реакциясын, кәсіби қабілеттері мен мүмкіншіліктерін қаншалықты бағалайтындығы. Педагогқа алынған нәтиженің қанша бөлігі оның жеке әрекетінің өнімі екенін саралай білуі керек.

    логикалық және қызметтік байланысты орнатудың қажеттіліктері, шығармашылық ойлау мен өзіндік танымның стимулы;

    бұрын игерілген білімді пайдалануды талап ететін сұрақтарды құру;

    оқушыларға жеке тұлғалық қатынас.

    Оқытушының бағдарлық білігі студенттердің рухани-құндылықтарының қалыптасуымен, ғылыми дүниетанымымен; оқу әрекетіне, ғылымға, өндіріске және кәсіби әрекетке тұрақты қызығушылықты қалыптастыру; тұлғаның қоғамдық құндылықтарын дамыту мақсатындағы біртұтас шығармашылық әрекетті ұйымдастырумен тығыз байланысты. Көптеген авторлар тұлғаның құнды қасиеттерінің ішінде педагогтың тұлғалық бағыттылығын ерекше, әрі өзге кәсіби біліктіліктердің қалыптасуының негізгі бастауы деп таниды. Н.В.Кузьмина тұлғалық бағыттылықты: «истинно, формально, ложно» деп үш түрге бөліп қарастырған.

    Ғалымдардың пікірінше тұлғалық бағыттылық кәсіби біліктіліктерінің қалыптасуына негіз бола тұрып, сонымен қатар педагогикалық шеберліктің одан ары шыңдала түсуіне себепші болады. Біз осы айтылған пікірлерді талдай келе тұлғалық бағыттылықты болашақ педагог мамандардың кәсіби біліктілігінің негізгі іргетасы деп танимыз. Тұлғаның қасиеттері адамды қызметіне қызығушылығын және оған деген қарым-қатынасын анықтайтын қойылымдары, мотивтері, мақсаттарына қарай түрлі деңгейде көрініс береді. Қазіргі уақытта жеке тұлғаның бойындағы қаситтерге ерекше мән берілуде. Адам факторының белсенділік, танымдық, бағыттылық қасиеттері сияқты ішкі дүниесі есепке алынуда. Диалектикалық материализм кез келген күрделі жағдайда анализ жасау барысында жетекші, шешуші қасиеттерді көрсетуді талап етеді, тек сол жағдайда ғана адам шығармашылық жағдайларды игеруге қабілетті болады. Бағыттылық – әрекет субъектісінің өзіне маман ретіндегі қарым-қатынасының, өз әрекетін жариялауы мен өз күшін пайдалана алуының біртұтастығын көрсететін көлемді категория. С.Л.Рубинштейн бағыттылықтың қызметін кең мағынада қарастыра отырып динамикалық тенденциялар мен қоршаған орта әрекеттеріне деген реттеуші қоғамдық-ескертушілік қасиеттерді ерекше атап өткен. Тұлғалық бағыттылық мәселесі шетелдік зерттеушілер еңбегінде дәстүрлі тақырыптар қатарында. Біреулер мұны адамның туа біткен қасиеті деп таныса (И.Ф.Гербарт), екіншілері биологиялық қалыптасу деп (У.Джеймс), үшіншілері жас ерекшелігімен байланыстырады (Э.Клеопатра). Аристотель үшін бағыттылық ақыл мен ынтаның бірлігі. Сол сияқты Я.А.Коменский де адамның танымға және еңбекке деген ынтасын шынайы бағыттылық деп тапқан. Оны « ... для живой натуры нет ничего более невыносмимыми, как праздность и бездействие» деген сөзінен байқауға болады. И.Г.Песталоцци «тұлғалық бағыттылық» ұғымының шығу тегін физиологиялық және сезімдік қажетттіліктер негізінде пайда болған деп табады.

    Жеке тұлға қоғамның ажырамас бір бөлігі, әрі сол қоғамдық ортамен өте тығыз байланыста дамитын болғандықтан, белгілі бір мақсат, міндеттерді басшылыққа ала отырып, өзінің мақсатты әрекет етуінің нәтижесінде қоғамнан өзіне қажет факторларды қабылдап отырады. Тұлғаның кәсіби бағыттылығы оған өзіндік қабілеттіліктері мен кәсіби шығармашылығын игеруін және жарыққа шығаруын жүзеге асыратын басты сипаттама болып саналады.

    Кәсіби бағыттылықты осыған орай эмоционалдық, тәжірибелі және танымдық компоненттердің тұтастығында қарастырсақ болады. Мұндағы эмоционалдық құрам еңбек барысында туындайтын әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан, маманның өз кәсібіне деген қызығушылығы, даярлығы, алға қойған мақсаттарға жетуге деген талпынысын, эмоционалдық айшықтарын көрсетеді. Тәжірибелік компонент маманның өз кәсіби әрекетіне қабілеттіліктері мен оған даярлығын сеінуімен байланысты. Ал танымдық компонент болса әрекет объектісіне бағыталумен, оның мақсаттарын, маңыздылығын және қажеттілігін түсінумен байланысты; кәсіп жайында ақпараттарды игеру деңгейінде, студенттердің кәсіби жоспарларынан, таңдап алған мамандықтарының жалпы маңызын түсіну деңгейінде көрініс береді.

    Студенттердің бойында кәсіби бағыттылығы қалыптастырылмаған, яғни таңдап алынған кәсібіне сай өзіндік білім, білік, дағдыларын, қабілеттіліктерін тиімді пайдалануға деген ұмтылысын оятпаған жағдайда жоғары білім беру ордасы болашақ мамандарды даярлау саласында өзіндік міндеттерін толық атқармағандығы болып саналады.

    Коммуникативтік білік – перцептивтік біліктердің бірлестігі, әсіресе педагогикалық вербалды қарым-қатынастар білігі мен педагогикалық техниканың білігі мен дағдысы. Педагогтың перцептивті білігі – бұл алғашқы кезеңде-ақ байқалатын білік түрі, яғни басқа адамдарды түсіне алу қасиеті. Бұл қасиеттерді тәжірибеде қолдану үшін өзге адамдардың қажеттіліктерінен, қызығушылықтарынан, идеялдарынан көрініс беретін құндылық бағыттарын білу керек. Сонымен қатар адамдардың өзін өзі бағалауын (Мен-тұлғалық концепсиясы негізінде) білу қажет.

    Жалпыпедагогикалық ұйымдастырушылық біліктеріне мобилизациялық, ақпараттық-дидактикалық, дамытушылық және бағдарлылық қасиеттері жатады.

    Білім саласының парадигмасының соңғы жылдары өзгеріске ұшырауына байланысты Педагогтің кәсіби әрекетінің коммуникативтік аспектісі білім саласының парадигмасының соңғы жылдары өзгерүіне сай жеткілікті дәрежеде әлі анықтала қойған жоқ. Педагогика, психология ғылымдарында осы мәселеге қызығушылықтар мол байқалуда. Әсіресе “педагогикалық қарым-қатынас”, “қарым-қатынас”, “коммуникативтік біліктілік” ұғымдарына, болашақ педагогтың кәсіби біліктілігі мен оның жетекшілік рөліне ерекше мән беріліп жүр.

    Коммуникация жайлы энциклопедиялық сөздіктер “коммуникацияны”, біріншіден, хабар алмасу жолы деп айқындаса, психологиялық сөздік (ағл. Communicate – хабарлау, байланыстыру) – әлеуметтік психологияда, біріншіден, адамдар арасындағы кәсіби және тұлғалық байланысты; екіншіден, олардың ақпарат алмасуын сипаттау дейді.

    Мобилизациялық білік:

    • оқушылардың назарын аудару, білімге деген қызығушылығын арттыру;

    • білімге қажеттіліктерді қалыптастыру;

    • оқу дағдыларын қалыптастыру және ғылыми ұйымның оқу әрекетінің әдістерімен оқыту;

    • оқушыларда қоршаған әрекетке мәселелік жағдайларды тудыру және шешу арқылы белсенді, шығармашылық қатынасын қалыптастыру, т.б.

    Жоғарыда санамалап аталған біліктер мен тұлғаның бойындағы туа біткен қасиеттері кәсіби біліктіліктің құрамдас бөліктері болған болса, жоғары дәрежелі, сапалы маманның қалыптасуына, сонымен қатар өнімді де нәтижелі кәсіби әрекетті жүзеге асырудағы бірден-бір басты фактор болып табылары сөзсіз. Тұлғалық сапалардың бұл көрсеткіштері тәжірибе жүзінде жинақтала келіп теориялық тұрғыдан негізделген кезде маманның моделін теориялық деңгейде қалыптастыруға негіз болады.

    Тұлғалық біліктер кәсіби-педагогикалық біліктіліктің құрамдас бір бөлігі болып табылады және оның қозғалысына өзіндік себін тигізеді. Мұндағы тұлғалық қасиеттер қатарына өзін өзі қалыптастыру, өзін өзі дамыту, кәсіби-педагогикалық әрекетте өзін өзі көрсету мен таныту сияқты қасиеттерді жатқызады. «Самоакуализация – (лат. aktualis – действительный, настоящий) стремление человека к возможно более полному выявлению и развитию своих личностных возможностей», «саморегуляция – (лат. Regulare – приводить в порядок, налаживать) процесс управления человеком собственными психологическими и физиологическими состояниями, а также поступками»-деп анықтама береді А.В.Морозов, Д.В.Чернияевский «Креативная педагогика и психология» атты еңбегінде.

    Педагогикалық мәдениет педагог маманның арнайы біліктіліктерінің бірі және педагогикалық арнайы біліктіліктермен өте тығыз байланыста қарастырылады.

    Педагогикалық қабілет оқытушының педагогикалық білігінің қалыптасуына негіз болады. Себебі қандай да болмасын іске адамның қабілеттілігі болмаған болса, онда ол адамның сол әрекетке бейімделуі іске аспайды және сол салада арнайы біліктер көрініс беруі де мүмкін емес. Демек бұдан байқайтынымыз педагогтың бойындағы осы аталған педагогикалық мәдениет, арнайы педагогикалық білім және қабілеттер педагогикалық біліктермен (умения) жалғастық таба отырып, біртұтас арнайы педагогикалық біліктіліктер қатарын түзеді.

    Болашақ мамандарға және сол мамандарды даялаушы оқытушыларға тән қасиет жоғары сапалы танымдық тәжірибе болуға тиіс. Кәсіби танымдық тәжірибенің өзі әрекеттік біліктіліктердің ажырамас бөлігі. Бұдан басқа педагогикалық біліктіліктердің әрекеттік түрлері ретінде кәсіби педагогикалық шеберлік пен кәсіби шешендікті және маманның педагогикалық әрекетке даярлығын жатқызсақ болады.

    Кез келген педагогтың бойынан танылуға тиісті қасиеттің бірі деп педагогикалық шеберлікті атау артық болмас. Себебі педагогикалық істің нәтижелі, әрі сәтті іске асуында басты рөлді педагогикалық шеберлік атқарады. Педагогикалық шеберлік дегеніміздің өзі педагог маманның өз саласы бойынша еңбек әрекетінің сауатты деңгейдегі көрінісі. Яғни қандай істің болмасын тиянақты, жауапкершілікпен талапқа сай орындалуы және сол деңгейде еңбек етуге машықтану.

    Осы аталған кәсіби біліктердің барлығы қосыла келіп кәсіби-педагогикалық біліктіліктер қатарын құрайды да педагогтың біртұтас теориялық моделінің қалыптасуына негіз болады. Басқа да тұлғалық қасиеттер болашақ педагогтардың кәсіби әрекетінің алға басуына, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық біліктілігінің өсуіне өзіндік әсері мол. Бұған педагогтардың нерв жүйесінің тұрақтылығын, эмоционалды-ерік сферасының (мінездің еріктік қасиеттері, экстравертивті және интровертивтілігі, яғни сыртқы ортаға бейімділі мен бейімсіздігі ерекшеліктерін, кәсіби бліктілікке ерекше әсері бар психологиялық процестердің даму деңгейі мен сапасын (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, елестету) жатқызуға болады. осы қасиеттрдің барлығы педагогтың тұлғалық сапасын, өзіндік еңбек саласындағы даралығын сипаттайды. Педагогикалық қызмет әрбір адамға өзіндік әрекет стилін, өзіндік даралықты таңдауды талап етеді. Ол үшін болашақ педагог мамандарға ең алдымен өзіндік ерекшеліктерін сезініуі және әрекет нәтижесінде сол қасиеті қалай көрінісі беретіндігін болжай алуы тиіс, екіншіден, кәсіби практика кезінде өзінің ісін тиімді ұйымдастыру кезінде сол қасиеттерін шебер қолдана білу. Педагогтың кәсіби сапалы қасиеттері білім, білік, дағдыларымен қоса педагогикалық біртұтас әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігіне де әсер етеді. Бір жағынан – алдымен оқушылар пән мұғалімін, содан соң сол пәннің өзін жақсы көруі немесе жақсы көрмеуі мүмкін, екіншіден, оқушылармен жақын қарым-қатынас жүргізген жағдайда өте қиын пәндер оқушыларға оңайға соғуы мүмкін. Қазіргі күндегі педагогтар кәсіби сапаларды, жалпы мәденилікті, эрудицияны, өз пәнінен терең білімді, талапшылдықты, пәндік әдістерді байқағыштығы, гностикалық конструктивтілікті, коммуникативтілікті және ұйымдастырушылық қасиеттерді игеруі тиіс. Оқытушының жеке қасиеттерінің рөлі жайында Ы.Алтынсарин, П.П.Блонский, А.Дистерверг, М.Жұмабаев, Я.А.Коменский, Н.К.Крупская, Т.Тажибаев, т.б. сынды өткен ғасыр ғұламалары өте көп зерттеген.

    Кәсіби-педагогикалық біліктілікті көтермелеуде біртұтас процестегідей үш түрлі: дамытушы, компенсаторлы және қалыптастырушылық қызметті атап өтуге болады. Педагогикалық біліктілікті дамытудағы аталған үш қызметтің ішінде бірінші кезекте дамытушылық тұрады.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта