Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
19 лекция. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру Жоспары: Педагогикалық қарым–қатынас құрылымы. Қарым-қатынас міндеттері. Педагогикалық қарым-қатынастың қызметтері, кезеңдері, түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз не? Біз кез келген топқа келгенде, балалардың назарын өзімізге аудару үшін белгілі бір әрекет жасау қажеттігін сеземіз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – балалардың қызығушылығын тудыру үшін өзін дұрыс көрсету. Психологияда ол өзін сыйға тарту деп аталады. Қарым-қатынас мектепке дейінгі ұйымның табалдырығынан басталады, ол мақсатқа бағытталған процесс, ол тек біздің жеке ниеттерімізге ғана байланысты емес, оқыту және тәрбие логикасымен анықталады. Осы жағдайдың өзінен әртүрлі көзқарастар мақсатқа бағытталынып, қарым-қатнастың верббальды (дыбыстап айтылатын) және вербалды емес құралдарын талдау қажеттілігі туады. Әрі қарай біздің ұзаққа созылмайтын әсерлердің нәтижесінде балалар тобындағы өзгерістерді сезіну қажеттілігі туындайды. Осылайша қарым-қатынас кәсіби қарым-қатынасқа ауысады. Басқаша айтқанда, педагогтар кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасап, педагогикалық қарым-қатынас техникасын педагогикалық технологияның бір бөлігі ретінде көре білуі қажет. Педагогикалық процесте балалармен өзара қарым-қатынас болып табылатынын айтады. Оларда педагогтың күрделі құрылымдары жатыр. Міне, сондықтан да әлеуметтік – психологиялық іргетасы тұрақты болуы шарт. Педагогикалық қарым-қатынас мақсатпен және жормалдаумен қатар құрылуы қажет. Бұл педагогикалық процестің маңызды соңғы категориясы. Егер тәжірибені талдай келсек, онда назарымызды педагогикалық әрекетте әрқашан туындайтын әртүрлі педагогикалық жағдаяттардағы қарым-қатнас маңыздылығына аударамыз. Балалармен қарым-қатынас процесінде педагогикалық қарым-қатынас функциялары қалай жүзеге асырылатынын талдайық. Қарым-қатынас тұтастай жүзеге асырылу керек: ақпарат алмасу, өзара қатынастарды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасын тану және өзара әсерді ұйымдастыру. Егер бұл функциялардың ішінен қарым-қатынас процесінде біреуі таңдалса, қарым-қатынастың біртұтас жүйесі бұзылады, қарым-қатынас механизмінде іркілістер пайда болады. Балалармен педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылық процесс, ол өмірге көптеген күтпеген өзара әрекет жағдаяттарын келтіреді. Баламен кез-келген өзара әрекет шығармашылық міндетті шешу болып табылады. Ал оның әр түрлері бар. Белгілі бір тәсілдің бір тәрбиешіде жақсы қорытынды берсе, екіншісінде ондай әсер етпейтіні бізге белгілі. Педагогикалық қарым-қатынас процесінде – педагогтың жеке тұлғалық қасиеттері шығармашылығы жақсы көрінеді. Педагог жаман адам болмауы керек деп айтатыны да сондықтан. Ол өз пәнін жақсы білсе де, кәсіби педагог бола алмайды. Педагог қарым-қатнаста белсенді болуы керек. Қарым-қатнас осыдан тиімді болады. Педагогикалық қарым-қатынасты практикалық түрде ұйымдастыруда өзара әрекеттің жалпы логикасы мен технологиясы қандай болатынын білу өте маңызды. Бұл туралы нақты айтып кету қажет. Коммуникация (қарым-қатынас) технологиясының компоненттері өте көп. В.А. Кан-Калик бойынша, қарым-қатынастың бірнеше стадиялары бар. Бірінші стадия қажетті сөзді, интонацияны, мінез-құлықты анықтай алады. Кейбір кезде алғашқы рет жұмыс істейтін педагог осы бағдарлаушы кезеңнен аттап өтіп, қорытындысында қарым-қатынасқа мақсатты түрде араласа алмайды. Екінші стадия маңызды коммуникативті міндетті шешумен байланысты қарым-қатнас объектісінің (балалардың) назарын өзіне аударту. Алдағы өзара әрекеттің психологиялықнегіздерін, жоспарланған әдістерін, оқытудың ұйымдастырушы формаларын құру қажет. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру процесінде үшінші стадия маңызды роль атқарады, ол коммуникацияның ізденушілік кезеңі болып табылады. Педагогжаңа материалды бермес бұрын, топты аудиторияны көзбен шола отырып, қарым-қатнасқа іштей дайындайды. Бұл кезең жарысқа шығу алдындағы сипатта, педагог алдыңғы стадиялардығы қарым-қатнас жағдайлары мен күтпеген коммуникативті міндеттерді нақтылап, табысты қарым-қатынасты бастауға аудиторияның даярлық деңгейін білуге тырысады. Қарым-қатынастың эмоциалды жағы материалды қабылдау деңгейі мен өзара әрекеттің танымдық-адамгершілік атмосферасын құрайды. Адамдар арасындағы байланыс бұзылып, өзара әрекет қиындайды. Кері байланыс қарым-қатынастың алғашқы минуттан бастап жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қарым-қатынастағы кері байланыс педагог пен балалар шығармашылығында түзетушілік функция атқарды. Қарым-қатынаста жеке бас факторлары: сырт келбеті, киімі, тәжірибесі, білімі, эмоциясының көрінуі - өзіне байланыста қасиеттері қарым-қатынастың дамуына маңызды орын алады. Қарым-қатынас шеберлігіне үйренуде педагог өз-өзін жақсы білуі керек. Ежелгі философтардың «Өз - өзіңді тани біл» деген тезисі адамдардың қарым-қатынас құпиясын білудегі өзекті мәселесі болып қалуда. Өзінің жеке бастық сапаларыңды ғана біліп қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерді дамыту керек. Тек өзінің жеке бастық сапаларын есепке алып және жүзеге асыра отырып, педагог қарым-қатынас өнеріне үйренеді. Өзара қатынастардың құралдары мен формаларының ерекшеліктерін таңдау мүкіндіктеріне ие болады. Жеке бас ерекшеліктері: білім, іскерлік, дағды, қабілет, талант, кәсіби іс-әрекетінде бұл ерекшеліктерді есепке алу басқа адамдармен жемісті қарым-қатынас қалыптастыруға көмектеседі. Адамның сыртқы келбеті қарым-қатынасқа әсер етеді: олар алыстатады немесе керісінше өзіне басқа адамды тардаы. Бірақ адамның сыртқы келбеті кешенді түрде, оның ішінде адам мінезімен байланыста қабылданатынын ұмытпауы қажет. Кез келген адамның басқа адамға ұнаймын деген тілегі тек қана, мысалы костюм арқылы жүзеге аспайды. Педагог өз мінез-құлқының сыртқы сипаттамамларына сенгіш болуы керек. Мысалы, дауыс- педагогтың негізгі құралы, балалар дауысқа өте сезімтал келеді. Қатты шығатын дауыстар да қажет, бірақ оны өте сирек, қажетті жағдайларда қолдану керек. Сондықтан дауысты таңдағанда, ащы дауыстан гөрі, тұншықтырылған дауысты таңдау керек. Жаңылтпаштардан, сөзді жеп қоюдан алыс болу керек. Сөйлеу мәнерлілігі, интонацияға байланысты. Сөйлеу бірқалыпты болу үшін интонацияны түрлендіріп отыру керек. Көптеген адамдар өз жүріс-тұрысы туралы ойланбайды. Ал ол сыртқы мәліметтерді құрайтын, табысқа әсер ететін сипат болып табылады. Дауыста сияқты жүріс-тұрыста да адамның қатыгездік, дөрекілік, шыдамсыздық, жуастық, адалдық сияқты қасиеттері көрінеді. Қолды сермеп жүру, секіріп жүру сияқты жүрістер кей кезде күлкі келтіреді, балалар оны мазақ етеді. Біздің сезіміміз, көзқасаымыз, жұмысымызға жаны ашитын адаммен қарым-қатынас жасау өте жеңіл. Эмпатияның бұл түрі өз ойымызды, пкірімізді айтуға көмектеседі. Балалар алдында өз эмоцияны көрсетуге қорықпау керек қой. Кейбір педагогтар өз сезімдерін, қайғысын, уайымын, эмоцианалды қатынасын көрсетпеуге тырысады. Қарым-қатынас стилі – адамгершілік категориясы екенін ұмытпау қажет. Балалар өздеріне дұрыс қарым-қатынасты қажет етеді. Балалармен өзара қарым-қатынасты қалай ұйымдастыруды жан-жақты ойлау керек. Достық – ынтымақтастық маңызды психологиялық компоненті, ал ынтымақтастық достықты әрқашан өзара әрекетте дамытып отырады. Қарым-қатынаста жеке дара стильді көрсете білу керек 20 лекция. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың алатын орны Жоспары: 1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау. 2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату Жеке тұлғаның қалыптасуында оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың алатын орны ерекше. Қандай адам болмасын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсірушілер жиі кездеседі. Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатнасы кей жағдайда байланыспай келетіні ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұғаліміне деген жақсы көрушілік де қорқыныш, жек көру, сыйламау сияқты сезімдерді жиі бастан кешіретіні шындық. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені, көбіне оқушының өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы , маман ретінде қоғамда орын ала білуі оқушы мен мұғалім екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан бұл қарым-қатнас оқушының жеке басының қасиеттерінің қалыптасуына және қоғам талабына сай білімді маман болуына зор ықпал етеді. Қазіргі қоғам жеке тұлғалардан маман ретінде төмендегі қасиеттерді талап етеді: кез-келген әдебиетпен және жаңа технологиямен өз бетімен жұмыс істей білуі; өз бетінше ойлай білу, анализ жасай білу, қорытындылай білу; өз ойын толық айта білу, түсіндіре білу, басқаны үйрете білу; басқаны тыңдай білу, иеформацияны қабылдай білу; жақсы білім ала білу; - ұжыммен жақсы қарым-қатнас жасай білу, ұйымдастыра білу(өзін-өзі тексере, бағалай білу). Бұл қасиеттер бала бойына жанұяда, балабақшасында, мектеп қабырғасында тәрбиеленуі керек. Педагог М.П.Шульцтың көзқарасынша: «Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы оқу-тәрбие іс-әрекеттерін орындау барысында туындалуы қажет» дейді. Осы пікірмен ол педагогикалық назарды оқу-тәрбие процесіне жұмылдыру қажет деп есептейді. Мұғалім мен оқушының біріге отырып жасаған іс-әрекеттерінің сапалы нәтижесі олардың қарым-қатнасының мәселесін толық шешетін сияқты. Бірақ, бұл үстүрт қарағанда ғана, өйткені бір іспен рухани дүниесі әртүрлі екі субъект айналысады. Мәселенің негізгісі – осы әртүрлі рухани дүниені бірлестіру. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда оқушыға нәтижелі ықпал ету үшін, оқушының мұғалімді қабылдауы ғана емес, мұғалімнің де оқушыны қабылдауы қажет. Педагог міндетті түрде ықпал ету объектісін ғана көріп қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі қажет. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырған іс-әрекетінің оқушыға жақсы ықпал ететінінен кәміл сенеді. Ұйымдастырлған іс-әрекеттің шама-шарқын бақылау жағына көңіл аудармайды. Баланың бағынуы, келісімі, сөзі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін оқушыны түсініп, қабылдау да өте маңызды. Педагогикалық қарым-қатнас – бұл белгілі бір нәтижеге беретін қарым-қатнас. Оның нәтижесі – мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өз дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады. Бұл қандай қарым-қатнасты білдіреді? Біріншіден, мұғалім оқушының рухани дүниесінде үлкен құрметпен қарап, оның еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу және іс-әрекетті таңдау хұқына ие екендігін тану. Екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы мен қуанышына ортақтасу. Үшіншіден, оның өзіне тән жеке басының қасиеттері мен ерекшелектерін қабылдай білу. Көп жағдайда мұғалім мен оқушыының әңгімесі мұғалімнің монологына, ал мазмұны ескертулер мен үйретулерге толы болады. Мектеп мұғалімдеріне мынадай сөйлемді аяқтау ұсынылған: «Мен қарама-қарсы келе жатқан оқушыны көрген кезде..., көп оқытушылар ... оған ескерту жасағым келеді» деп аяқтаған. Мұндай қалыптасқан жағдайда педагогикалық қарым-қатынас мүмкін емес, өйткені оқушы бұл жағдайда тек қана объект болып саналады. Жалпы қарым-қатынас бұл басқа біреудің жан дүниесіне және «мен» ұғымына ену болып табылады. Бұл оңай емес, өйткені өзіне ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастыруда субъектінің психологиялық жағдайын ескерту өте бағалы болып табылады. Өйткені, субъектінің кез-келген қарым-қатынасы психологиялық кеңістікте өзгерістер туғызады. Қарым-қатынас көлденең және тік жазықтықта болады. Көлденең жазықтықта қарым-қатнас нәтижелі, ал тік жазықтықтағы қарым-қатынас қарама-қарсылыққа итермелейді. Қарым-қатынаста мұғалім ұсынатын арақашықтықтың да өзіндік маңызы бар. Арақашықтық – қарым-қатынасты білдірудің де бір түрі. Жеке қарым-қатынасты қалыптастыру формалары әртүрлі, мәселен қарау, күлімсіреу, қимыл, жылы сөз, әдепті сұрақ, жағымды іс-әрекет, өтініш, еске алу т.б. Бұл формаларды игерген мұғалім бір-екі минуттан кейін оқушымен жеке қарым-қатынасқа көше алады. Бұдан соң басқа оқушылармен, яғни топпен қарым-қатынасқа түсу жеңіл болды. Ал жеке қарым-қатынасқа түспей, топпен жалпы қарым-қатынас жасау одан әрі тығыз қарым-қатынас жасауға апармайды. Өйткені, оқушы мұғалімнің мәліметін қабылдап қана қояды, кері қайтармайды, өзінің қабілетін ашпай, томаға тұйық болып, мұғалім екеуінің арасында қамал пайда болады. Жеке қарым-қатынас қалыптастыру оғай емес. Жеке тұлғамен қарым-қатынас жасауда мұғалім қазіргі заман мәдениетіне сай мінез қалыптастыруға тиіс. Басқаны тыңдай білуді, оны құрметтей білуді де оқушы мұғалімнен үйренеді. Оқушыға деген мұғалімнің табиғилық, шынайылық және әдептілік қарым-қатынасы оның тарапынан да осынадай іс-әрекеттің пайда болуына әсер етеді. Тіпті, мұғалім әзіл айтса да, басқаның көңіліне келмеу жағын ойластырады. Басқа адамның тілінде сөйлей білуде де мұғалімге қатысты, бірақ мұғалім оқушының деңгейіне түсіп қана қоймай оны өзінің деңгейіне дейін көтеруі тиіс. Жас өспірімнің жаргондық тіліне еріп, оны жоғары стилистикалық деңгейге көтере алмаған ұстаз-нашар ұстаз. Педагог өзінің оқушымен қарым-қатынасында жақсылықты насихаттап, жамандықты өршітпеуге, оқушыны жамандық жасай алатыны туралы ойға жеткізбеу үшін әрекет етеді. Психолог С.Л.Рубенштейн былай деп жазды: «Менің басқа адаммен қарым-қатынасым – оны жаман қылықтардан аулақтатып, олардың түп-тамырын шабу». Оқушының жаман ойларын тоқтату қолға тез алынуы керекғ оқушы жамандықты ойлап үлгермеуі керек. Өкінішке орай, қазіргі мектеп мұғаліміне оқушылармен қатаң қарым-қатынас жасау тән. Оның өзін- өзі ұстауы нашар, өзінің және басқаның іс-әрекетіне талдау жасамайды, ол оқушылардың сөз астарын түсінбейді. Оқушыларға жағымды әрекететудің амалдарын қарастырмайды. Сәтсіздікте оқушыларды кінәлауға дайын тұрады. Мұндай қарым-қатынас мұғалім мен оқушының арасында түсінбеушіліктің, екі қарама-қарсы лагерьдің пайда болуына әкеледі. Бірақ мынаны да ескеру керек. Педагогикалық әдебиеттерде, жеке педагогикалық тәжірибелерде жұмсақ либералды стиль ұсынылады, мұнда мұғалім баланың психологиясын ескеріп, өзінің әрекеттерін де баланың ыңғайына жығып отырады. Бұл стильдің зияндылығын жоғарыда айтылғандардан кем емес, өйткені бұл баланың кездейсоқ жағдайларға ұрынуына әкеп соғады. Психологиялық тұрғыдан қарағанда қарым-қатынасқа түсуші екінші адамды субъект ретінде қабылдап, әңгімелесушіге өзінің қызығушылығын білдіру қажет. Монологты қарым-қатынастың нәтижесі төмен екендігі белгілі. Мұғалім оқушымен сөйлесе отырып, «көлеңкеге» кетіп қалуға қорықпау керек. Керісінше, өзі көп тыңдап, аз сөйлеп оқушыны жеңіл ғана сөзге үйіріп отырғаны дұрыс. Ал егерде біреу баланың кемшілігіне көңіл аударса, сол сәтте бірден баланың жақсы қасиеттерін қарам-қарсы қоя білуі керек. Балаға псхологиялық тұрғыдан қарап, олардың өмірлік тәжірибелерінің аздығын, білім дәрежелерінің әлі жоғары еместігін, адамдарды тануда тәжірибесіздігін ескерген жөн. Бұл үлкендердің жансарайларының кеңдігін байқатады: балалардың қателіктерін кешіре білу, тіпті олардың әдейі істеген тентектігін кешіре білу керек. Субъектіге арналған хабардың құндылығы да психологиялық тұрғыдан бағаланады. Әңгімеші ол хабарлардың шығар көзі. Мұны білген мұғалім балаларды қызықтыратын хабарлар дайындайды, бірақ оның көлемі үлкен емес. Ең бастысы ол жаңа және қызықты хабар болғаны дұрыс. Қарым-қатынаста субъект белсенділік көп көрсетсе, бұл оның өзі үшін қызық та пайдалы. Ақылды мұғалім ешнәрсені назардан тыс қалдырмай оқушыны білдіпмей жетелейді, байқатпай бағыт бағдар береді. Оқушы білімі өзінің шынайы міндетіне сәйкес болуы үшін, оған жас кезінен бастап адамгершілікті, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты және басқа асыл қасиеттерге үйрете білу керек. 21 лекция. Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік іскерліктің рөлі. Жоспары: 1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау. 2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдінамалық жағдайларға сүйенеді. Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамас-тығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «...тіл және ақша» болады. Бұл - бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, «мұнда қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі». Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол «қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ереше формалары» деп ұйғарады. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субьекттердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді. Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) – түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін, яғни, (Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік қатынаста әртүрлі іс-әрекеттің айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас – бұл «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьекттердің өзара әрекеті». Алайда түсіндермелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады. Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құралдарынан тәуелді. Адамзаттың іс-әрекетінің аясы ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы, өз өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара байланысты және өзара шартталған үш саласын реттеуге болады: қоғамдық-өндірістік (еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-қатынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын Б.Г. Ананьев оған субъект құрылымы тұрғысынан келу негізінде бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субъекттері қасиеттерінің үйлесуі адамның жалпы іс-әрекет субьекті және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды. Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д. Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбекетерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс Г. Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай әсермен берді» формуласымен анықтаған еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық ерекшеліктерін, коммуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын, қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған. Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде: бастау – хабар – арна - алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. «Ақпарат», «жүйе», «кері байланыс» түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады. Жүйелік-коммуникативтік-ақпараттық келіс, ақпараттарды байланыс арналарымен беру жағдайында психикалық процестер барысының өзгешелігін есепке алу негізінде коммуникация тиімділігінің критерийлерін, жағдайларын және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жүйе ретінде өзара әрекеттесуші субъекттер түсінігі нақтыланады. Ю.А. Шерковиннің көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру кезінің өзінде ол олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда функционалды келісімделген жүйелер – коммуникатор психикасы мен реципиент психикасы (немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. «Коммуникация арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады – эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе біліміне сенімділік күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас ұстанымға ие болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды пайдалануға қабілетті». Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты сипаттау үшін едәуір маңызды. К етіледі. Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъекттерінің интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды қабылдау мен өндірудің осы жүйелердің әрқайсысының ішінде, күрделі интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Мысалы, егер осы процесті лектор А-ның лекция оқуы мен тыңдаушы Б-ның лекция тыңдауы барысында қарастырсақ, онда А↔Б өз тарапынан күрделі интерпсихологиялық өзара әрекеттесу болып табылса, А-ның, Б-ның да әрқайсысы жүйе ретінде өз ішінен ақпаратты алуды, қайта өңдеуді және шешім қабылдауды жүзеге асырады. Тыңдаушы Б тек А-дан ақпарат қабылдап қана қоймайды, ол қабылданған шешім негізінде сөйлеуге потенциалды дайындықты қоса отырып, оны қайта өңдейді. Сонымен бірге, тыңдаушы Б басқа тыңдаушылардан да ақпарат алады, яғни аудитория ішілік қатынастардың күрделі жүйесіне түседі. Лектор А тек ақпарат көзі емес, ол сонымен бірге, аудиториядан кері байланыс арналары арқылы келіп түскен ақпараттарды қабылдаушы және т.с.с. болады. Басқаша айтқанда, интерпсихологиялық жүйе тек бір ғана ақпарат беру немесе алу функцияларын ғана емес, сондай-ақ оның бүкіл коммуникативтік өңделуін іске асырады, бірақ бүкіл қатарға кері тәртіпте, яғни алудан беру тәртібінде болады. Осылайша, А↔Б коммуникативтік қатары макрожүйе болып келеді, оның ішінде әр жүйе шегінде қабылдау, өңдеу және шешім қабылдау жүреді. «Сынып» немесе «аудитория» болып табылатын Б жүйесінде бұл процесс барлық тыңдаушылар арасында көпарналы байланыс орнату есебінен, одан сайын күрделенеді. Коммуникативтік келіс, бүгінгі күнгі педагогика қолданатын педагогикалық өзара әрекеттесу схемасын, оған енетін буындардың бүкіл алуантүрлігімен (бастау, ситуация, байланыс арнасы, кері байланыс т.б.) көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ берілген келіс бойынша осы өзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның объекттерінің екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы байланысын орнататын ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде анықтай алатын келіс қажет. Мұны тек іс-әрекет қажеттіліктері мен түрткілерін, мақсат пен міндеттерін, оның психологиялық құрылымын, субъекттер ерекшеліктерін талдағаннан кейін ғана, басқаша айтқанда іс--әрекеттік келіс негізінде ғана жасауға болады. Сондай-ақ, тілдік қарым-қатынасты адамдардың өзара әрекеттесуі, интеракционизм тұрғысынан түсіндіруге неғұрлым ортақ әлеуметтік-психологиялық келіс те бар. Осы келіс арнасында коммуникация (немесе қарым-қатынас) мен басқа неғұрлым кең тұрғыдағы адамдар өзара әрекеттесулерінің байланыстарының үздіксіздігі атап көрсетіледі. баланың кемшілігіне көңіл аударса, сол сәтте бірден баланың жақсы қасиеттерін қарама-қарсы қоя білуі керек. Балаға псхологиялық тұрғыдан қарап, олардың өмірлік тәжірибелерінің аздығын, білім дәрежелерінің әлі жоғары еместігін, адамдарды тануда тәжірибесіздігін ескерген жөн. Бұл үлкендердің жансарайларының кеңдігін байқатады: балалардың қателіктерін кешіре білу, тіпті олардың әдейі істеген тентектігін кешіре білу керек. Субъектіге арналған хабардың құндылығы да психологиялық тұрғыдан бағаланады. Әңгімеші ол хабарлардың шығар көзі. Мұны білген мұғалім балаларды қызықтыратын хабарлар дайындайды, бірақ оның көлемі үлкен емес. Ең бастысы ол жаңа және қызықты хабар болғаны дұрыс. Қарым-қатынаста субъект белсенділік көп көрсетсе, бұл оның өзі үшін қызық та пайдалы. Ақылды мұғалім ешнәрсені назардан тыс қалдырмай оқушыны білдіпмей жетелейді, байқатпай бағыт бағдар береді. Оқушы білімі өзінің шынайы міндетіне сәйкес болуы үшін, оған жас кезінен бастап адамгершілікті, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты және басқа асыл қасиеттерге үйрете білу керек. |