Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
3 лекция. Жеке тұлға туралы түсінік Жоспары: Жеке тұлға ұғымына педагогика, психология, философия тұрғысынан түсініктеме. Жеке тұлғаның белгілері жіне қасиеттері Жеке тұлғаға және оның ерекшеліктеріне тән қасиет 1.Жеке тұлға ұғымына педагогика, психология, философия тұрғысынан түсініктеме. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен-жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады. 2.Жеке тұлғаның белгілері Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден түрады. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылыктарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру Адам баласы материалдық және рухани өмірдiң ортасында тiршiлiк етедi де, өзi өмір сүрiп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесi ретiнде өзiндiк ақыл-парасатымен, жеке бастың өзiне тән ақыл-ой, ерiк-жiгер, мiнез-құлық ерекшелiгiмен көрiнуге тырысады. Қоғам мүшелерiнiң бәрiне ортақ бiркелкi мiнез-құлықтық қаситеттiң болуы мүмкiн емес. Әр адам өзiнше жеке тұлға. Адамдар тұлға болып, өзiндiк жеке бас ерекшелiгiмен бiрден дүниеге келмейдi. Әрбiр жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетiлдiру қажет. Өзiне немқұрайды қарайтын кейбiр қоғам мүшелерi басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремiн деген принциптi ұстанғанымен, шын мәнiнде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелiгi дегенiмiз – ол оның өзiне тән мiнез-құлқындағы, iс-әрекетiндегi, көзқарасындағы ерекшелiгiмен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға орталық этикалық бiрынғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнiнде әр адамның қалыптасқан өзiндiк ой-пiкiрiн, көзқарасының болуы, олардың өзi көрiп бiлген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пiкiрiн бiлдiруi заңды құбылыс. Мәселен, бiреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, ендi бiреулер сын көзiмен қарап ой қорытуы, сын пiкiлер айтуы мүмкiн. 3.Жеке тұлғаға және оның ерекшеліктеріне тән қасиет Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни өмірдi өзiнiң сана-сезiм өлшемiмен қарап бағалауға бейiм тұруы. Сондықтан өмірдi танып бiлу дегенiмiз – миллиондаған жеке тұлғалардың сезiм, түсінiгiнен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжiрибесiн жинақтауға да негiзделедi. Әрбiр тұлға оларды оқып, көрiп, оқыған, естiгенiн, көргенiн өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзiнiң iс-әркетiн мiнез-құлқын, сана-сезiмiн байытады, толықтырады. Адам өмірде өзi жiберген қателiктерден де, басқалардың қателiктерiнен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi деп атайды. Басқалардың өнегелi iс-әрекетiнен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетiне айналдыру өмір заңы. Тұлға – жеке адамның мақсатынының орындалуы ғана емес, оның ерiк-жiгерiнiң iске асуы, яғни өзi жөнiндегi ойын, еркiн iске асырудың дайындығы және оны iске асырудың нәтижесi, көрiнiсi. Ерiк-жiгер механизмi дегенiмiз-адамның өзiне тән жеке басы қасиеттерiнiң iске асыруы. Адам ойына келген iс-әрекеттi iске асыруда ерiкке жол бередi. Бiрақ адам бiр нәрсенi iстерде алдымен еркiн ақыл-парасат таразасына салып, осы iстi iске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? – дегене ойға қалады. Олай болса, ерiк-жiгердiң iске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Ерiк әлдi немесе әлсiз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып-жарушы болып бөлiнедi. Өмiрде кейбiр адамдар бiр iс-әрекеттi iске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесi қалай болар екен деп мың ойланып, жүз толғанып iске кiрiседi, ал кейбiреулер бiрден ойына алғанын апыр-топыр iске асырып, кейiн опық жеп жатады. Осының бәрi адамның ерiк-жiгер күшiнiң түріне байланысты. Сонымен бiрге, тұлға дегенiмiз – сезiмнiң, әсердiң, iшкi күйiнiш-сүйiнiштiң бойға жинақталған көрiнiсi. Мысалы, стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың қызбалылығынан осыны байқаймыз. Театрда спектальдi көрiп отырып, бiреулердiң солқылдап жалауы немесе iшегi қатып күлуi әрбiр жеке тұлғаның iшкi сезiмнiң сыртқа шығуы. Сонымен, жеке тұлғаның ерекшелiктерiне тән қасиеттер оның санасына, өзiне-өзiнiң сын көзiмен қарауына, адам баласының есiне әсер ететiн iшкi және сыртқы түсінiк, түйсiктердiң әсерiне және оның ерiк-жiгер күшi мен әсерленiшiлiк сезiм дүниесiне байланысты құбылыс демекпiз. Әрине, бұл қасиеттер жеке адамның тұлғалық бейнесiн айқындай алмайды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бiрлiкте тығыз байланысты, бiрiнсiз-бiрi жоқ деп қарағанда ғана әр-тұлғаға тән өзiндiк менiн айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретiнде қалыптасуы адам өмірiнде сыртқы күштердiң - табиғаттың және әлеуметтiк жағдайлардың әсерiмен, iшкi күштердiң бiрлiгiнде ғана iске асырылады. Бiз әр адамның өзiндiк өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған-туысқандары мен жора-жолдастарының да, мектептес, сыныптас достарыныңң да, ауыл –аймақтың да әсерiнiң болатынын естен шығаруға тиiстi емеспiз, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру iсiнiң қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкiн емес. 4 лекция. Қазіргі қоғамдағы жеке тұлға және оның проблемалары Жоспары: 1. Жеке тұлға ғылыми категория ретінде 2. Жеке тұлғалық іс-әрекет. Жеке тұлғаның мәдени мұраны меңгеруі. 3. Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлға аралық қатынастар. (субъект-объектілік, объект-субъектілік). Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттың құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру. Адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы оның бойындағы болып жатқан сапалық өзгерістер (сезім, моральдық, жігерлік т.б.). Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірбиені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептелген. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі. Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілері мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрінісі табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықтайды. Адамның дамуына ішке және сыртқы меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді. Олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің олар орны ерекше. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта,, тәрбие т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық. Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығын елестеу. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымда генетика деп атайды. Орта. Адамның дамуы – күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар олардың көп қырлы іс-әрекеттер. Тәрбие. Жеке адамды дамытудағы басты факторларының бірі – тәрбие. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануы тиіс. Осыған орай, тәрбиені тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастыру, оның дамытып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп оларды, айналапдағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасы дамытады. Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие. Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға иеленеді-тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші. Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді. Қабілеттер дегеніміз бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтынқасиеттер бар. Мотивация дегеніміз әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар- адамдардың наным-сенімдері. Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы Адам тұлға болып туылмайды, ол қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 2 кестеде көрсетілген). 2-кесте Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)
Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі. |