Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
Сөйлеу мәдениеті. Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу. Сөз лексикологиясы (сөз байлығы). Сөздің мәнерлілігі, бейнелілігі. Сөйлеу техникасы: сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары. а) дикция, ә) екпін қоя білу, б) сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары, в) дауыс ырғағы, (интонация), г) үзіліс (пауза). Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірістірп пайдаланудың өзі педагогтік әдеп болып табылады. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапалы және ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болмасын оның бір белгілі айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен, оның педагогтік әдебіне жатады. Әнші үшін үн немесе музыкантүшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін тапппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Левитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп- қылықтардың пайда болуына себеп болады. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттермен өлшенеді. Енді осы түсініктерге тоқталайық. Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз,и жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап жап-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалімнің оқушыға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларынажарықшақ сызаты түседі. Сенім. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыға деген сенім арта білу қабілетін де қамтиды. А.С.Макаренконың пайымдауынша, қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оөқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына да сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғаны жөн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш. Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерінбағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: «әділдігін» деп жауап береді. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті. Мұғалімге «әділетсіз» деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғанаемес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да танылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақталмауы оның айнымалы мінезінің немесе өзіне-өзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтіндігінен болуы да мүмкін. Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше, мұғалім, әділетсіздік жасап, жалған мінез көһрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады. Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағжайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы тиіс. 10 лекция. Педагогтік жасампаздықтың негізгі және алғы шарттары Жоспары: 1. Педагогтік жасампаздықтың негізі 2. Педагогтік жасампаздықтың мұғалімге қоятын талаптары 1.Педагогтік жасампаздықтың негізі Педагогтік жасампаздықтың негізгі және алғы шарттары. Жасампаздық – адамның шындықты қайта құрудағы, негізінен жаңа, арнайы іс-әрекеті. Осыған орай әр мұғалім педпгогикалық шындықты белсенді қайта құрушы болуы керек. Жаңашылдық және жасампаздық барлық кезеңдерде мұғалім қауімінің дәстүрінде әрдайым болды, бола бермекші. Шындығында педагогтік іс-әрекет жасампаздық сипатта болады. Себебі оның ісі педагогикалық жағдайларды талдаудан, нәтижені жобалаудан, қолда бар құралдарды зерттеуден, оқу – тәрбие барысын құрып, жүзеге асырудан, алынған нәтижеге баға беруден, жаңа міндеттерді айқындаудан тұрады. Осы тұрғыдан қарағанда болашақ мұғалімнің студенттік кезеңнен бастап дедуктивтік жолменен ой қорытындысын, нұсқаулар, салыстырулар құра білу, іс-әрекеттегі амалдар мен әрекеттер тізбегін анықтай алу, болжам құрып, оны тексере білу, бақылау, тәжірибе және эксперимент бағдарламасын жасай білу, педагогикалық құбылыстардың басты байланыстары мен арақатынастарын белгілей білу, алынған деректерді өңдеп, жүйеге келтіріп, мағынасына жетіп, қорытынды жасай білу, өз бетімен және ғылыми негізде шешім қабылдауы, ойын дәл анық және қысқа баяндай білуі қалыптасуы қажет. Педагогтік жасампаздықтың екі негізі бар (М.А.Данилов). Біріншісі, тәжірибеде оқу – тәрбие іс - әрекетінің сипаты, оның нәтижесі педагогтік тапқырлықпен, жорамалдаумен, жаңалықтармен тура тәуелділікте болады. Бұл педагогтік тапқырлық пен жаңалықтардың, мұғалімдер, тәрбиешілердің шынайы жаңашылдығының бастапқы шеңбері. Екіншісі, оқу – тәрбие барысын, оның мазмұны мен әдістерін зерттеу. Бұл жерде кең және дәл ғылыми қорытындыларға келтіретін теориялық әдістер мен эксперименттер алғы шептен көрінеді. Педагогтік жасампаздықтың қажетті шарты ғылыми нұсқаулары мен жаңашылдар тәжірибесіне өте сезімталдықпен қарау болып табылады. Мұндай мұғалімнің ішкі қажеттігі ретіндегі сезімталдық өзіне тән жаңаша ойлауын қалыптастыралды. Ең тәуір мұғалімнің өзі жұмыстың барлық әдістері мен тәсілдерін меңгере алмайды, олады талғамды түрде, өз шамасына қарай, өзінің жеке ерекшеліктеріне сәйкес таңдайды. Кез келген ғылыми теория, соның ішінде педагогика да, ойлау іс - әрекетіндегі абстрактілеудің нәтижесі. Абстрактілеу зерттелетін шындық шеңберін және оның заңдылықтарын ғылыми ұғымдар жүйесі түрінде пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл кезде педагогикалық ұғымдар жүйесі оқу – тәрбие барысын жеке құрамалаға бөлуді қажет ететін, ғылымғы тән аналитикалық түрде ие болады. Ғылыми танымның күші мен құндылығы да осында. Көпшілік педагогикалық тәжірибе педагогикалық шындықты толығымен біріктіреді және оның даму деңгейі мен қызметін бейнелейді. Озат тәжірибе деп мектеп пен мұғалімдердің жасампаздық ізденістерінің нәтижесін, педагогика ғылымы мен тәжірибесінде бұрын белгісіз жаңа педагогикалық деректерді ашатын, жаңа педагогикалық құндылықтарды жасайтын немесе балалар мен жастарды оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін, тәсілдерін қазіргі міндеттерді шешуге қолдануға болатын етіп түрлендіретін тәжірибені айтамыз. Озат педагогикалық тәжірибені жасаушылар өз жұмыстармен объективті өмір сүретін заңдар негізінде, саналы немесе ішкі сезімдерге сүйене ұйымдастыратындықтан, жақсы нәтижеге жетеді. Сондықтан озат тәжірибені зерттеп, жинақтағанда мұғалімнің сәтті пайдаланған педагогикалық заңдылықтарын айырып көре білу керек. Заң дегеніміз құбылыстар арасында ішкі объективті қажетті, тұрақты байланыстарды бейнелейді. Бұл байланыстар олардың өзіндік ұйымдасу, зерттеу және дамудың реті немесе тізбегін көрсетеді. Заң мәнді анықтайды, ал шын мәнінде барлық құбылыстар мен барыстар қарама – қайшылықты болады. Заң осы қарама – қайшылықтарды дәл тауып, бейнелеп, сонымен қатар оны шешудің жолын тауып беруі керек. Озат тәжірибе ұғымының тек абсолюттік емес, салыстырмалы да ролі бар. Жеке мұғалімнің немесе мектеп ұжымнның ертетек игерілген тәжірибесі басқалар үшін болашақ үміт дүниесі, алдыңғы қатарлы тәжірибе болып шығуы мүмкін. Кез келген тәжірибеде жеке мұғалімнің қол таңбасы және жергілікті ерекшеліктер байқалады. Басқа мұғалімдер ол тәжірибемен танысып, оны өзінше қабылдап, өзінше пайдаланады. Осы ерекшелікке байланысты нақты мұғалімдердің жасампаздық біртұтас оқу – тәрбие барысына енгізу белгілі деген күрделі мәселе туындайды. Озат педагогикалық тәжірибе өзіне тән бірқатар белгілерімен сипатталады. Оларға жоғары нәтижелік пен тиімділік, қазіргі ғылым жетістіктеріне сәйкестік, жасампаздықты пайдалану мүмкіндігі т.б.тән. Дегенмен, озат педагогикалық тәжірибенің ең басты белгісі оның жаңалығында. 10 лекция. Педагогтік жасампаздықтың негізгі және алғы шарттары Жоспары: 1. Педагогтік жасампаздықтың негізі 2. Педагогтік жасампаздықтың мұғалімге қоятын талаптары 1.Педагогтік жасампаздықтың негізі Педагогикалық теория тәжірибелік әдебиеттерден озық тұру қызметін атқарады, яғни әлсіз белгісіз құбылыстардың немесе орындалмаған әрекеттердің ойша жобасын құру қызметі болады. Осы озық қызметін педагогика теориясының жасампаздығы, бұл озықтың нәтижесін педагогтік жасампаздықтың жемісі деп түсінуіміз керек. Кез келген жаңалықты озат тәжірибе деп қарауға болмайды. Көпшілік тәжірибесінің қажеттігінен озыңқы ізденістер мен нәтижелі жаңалықтар құрамында күмән туғызатын, жаңа жағдайда ойдағыдай нәтиже бермейтіні болуы мүмкін. Кез келген істе жаңалық айту қоғамдық пікір туғызады. Айтылған пікір ешқандай мінсіз бола бермеуі мүмкін емес. Бірақ бұл пікір адамдарды ақиқат құндылықтар туғызатын жасампаздыққа, жаңаны қарқынды іздеуге жетелейді. Мұғалімдер көп жағдайда, өз жұмыс тәжірибесінде озат педагогикалық тәжірибеге жүгігне отырып, оған жеткілікті таңдау мен жинақтау жасамай, өз ісіне аудара салады. Ең тәуір деген үлгінің өзін өз ісіне осылайша аудара салу көбінесе сәтсіздікке тіреп, қабылдануға тиісті озат тәжірибеге теріс баға беруге әкеледі. Озат тәжірибені қабылдау және меңгеру – қажетті, бірақ педагогтік жасампаздықтың жеткіліксіз шарты. Оқу-тәрбие барысы – күрделі жүйе. Мұнда көп нәрсе терең бүркемелі жатады. Сәтсіздіктің себептерін түсіну, әлсіз жерледі табу, теріс құбылыстардың тууын көру үшін мұғалімге оқу – тәрбие барысының әр жағын мұқият талдауы, оны буындарға бөліп, әр буынның басқа буындармен байланысын тексеруі қажет. Бұл жерде мұғалімге педагогикалық теориясы көмекке келеді. Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер, тіпті студент шағының өзінде, педагогиканы барлық жағдайлардың дайын жауабы немесе оны шешудегі ұсыныстар деп қарайды. Ғылымды осы тұрғыдан қарау ғылыми әдебиеттерге бой ұруға кесірін тигізеді. Бұл жерде болашақ мұғалімдерге айтарымыз, көп жылдар тәжірибесі бар мұғалімнің өзі де педагогикалық теорияны үздіксіз оқып, зерттеу қажеттігін жан азығы етуі керек. Педагогикалық теория тәжірибелік әдебиеттерден озық тұру қызметін атқарады, яғни әлсіз белгісіз құбылыстардың немесе орындалмаған әрекеттердің ойша жобасын құру қызметі болады. Осы озық қызметін педагогика теориясының жасампаздығы, бұл озықтың нәтижесін педагогтік жасампаздықтың жемісі деп түсінуіміз керек. Мұғалімдер іс-әрекет тәжірибесінде теоияға бой ұрып, көптеген қиындықтарға кездеседі. Біріншіден, ғылыми теория жалпы заңдардың, принцптердің, ережелердің реттелген жиынтығы, алтәжірибе әр уақытта жеке жағдайға байланысты болады. Теорияны тәжірибеде қолдану мұғалімнен жасампаздықпен ойлану дағдысын талап етеді. Екіншіден, педагогік іс-әрекет білімдерді синтездеуге сүйенетін біртұтас барыс болып табылады. Көбінесе мұғалім білімі тұлға қалыптасу барысын басқаруға қажетті дәрежеде шындалған бола бермейді. Мұғалімдер іс-әрекет тәжірибесінде теоияға бой ұрып, көптеген қиындықтарға кездеседі. Біріншіден, ғылыми теория жалпы заңдардың, принцптердің, ережелердің реттелген жиынтығы, алтәжірибе әр уақытта жеке жағдайға байланысты болады. Теорияны тәжірибеде қолдану мұғалімнен жасампаздықпен ойлану дағдысын талап етеді. Екіншіден, педагогік іс-әрекет білімдерді синтездеуге сүйенетін біртұтас барыс болып табылады. Көбінесе мұғалім білімі тұлға қалыптасу барысын басқаруға қажетті дәрежеде шындалған бола бермейді 2. Педагогтік жасампаздықтың мұғалімге қоятын талаптары Педагогтік жасампаздық мұғалімнен оқу-тәрбие барысын бақылау, талдау, зерттеу, оның қарама – қайшылықтары мен қозғаушы күштерін ашу білігін талап етеді. Бақылау сезім мүшелері арқылы шындықты түсіндіру қамтамасыз ететін заттың барлық сыртқы көріністерін шапшаң, дұрыс және дәл қабылдауды қажет етеді. Оқу тәрбие барысын бақылай білу оның сыртқы көріністерін тез және дұрыс тану, оның ерекшеліктерін түсіну, түзету енгізу мақсатында оның барысының тиімділігі жөнінде ой қорытындысын жасай білу деген сөз. Алғашқы кезде студент мектепте келісімен көргендерін педагогиканы, психологияны және методиканы оқу барысында алған теориялық-тәжірибелік тұрақты педагогтік әрекеттермен салыстыра алады. Бақыланатын педагогикалық құбылыстарды студент синтетикалық, біртұтас тұрғыда, тек теориялық меңгерілген педагогикалық ұғымдарды білу тұрғысынан қабылдайды. Сондықтан бақыланатын құбылыстарға баға беруде негізінен теориялық білімдерге сүйенеді. Бірақ өз бетімен мұғалімдер іс-әрекет барысында тәжірибе жиналғаннан кейінгі бақылау, салыстыру және талдау барысы елеулі өзгереді. А.С.Макаренко оқушылар өз мұғалімдерінің қаталдығын, жасампаздығын, тіпті міншілдігін кешіреді, бірақ істі нашар білуін кешірмейді деп атап көрсеткен болатын. Мұғалімнің сенімді және айқын білімін, білігін, өнерін, шебер қолы, аз сөздігін, жұмысқа әрдайым даярлығын, ашық ойын бәрінен де жоғары бағалайды. Педагогтік жасампаздық тек дарынды адамның қасиеті емес, ол үлкен ізденіс пен еңбектің нәтижесі болып табылады. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің құрамына оның кәсіби мәнді сапаларын жатқыза отырып, олардың бастылары ретінде: шеберлік, импровизация мен интуицияны атап өтеміз. Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизация жасай алуы жатады. Педагогикалық импровизация дегеніміз-мұғалімнің алдын-ала жоспарланбаған тосыннан пайда болған педагогикалық мәселені шешу үшін өзінің білік, дағдысы мен іскерлігін шығармашылықпен іске қосуы. Педагогикалық импровизация мұғалімнің шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына әсер етуші фактор. Өйткені импровизация кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық туады да әлеуеттің дамуына мүмкіндік жасалады. Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір басты мәселе –мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі-бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі бар жоғары мұғалім ғана жүзеге асыра алады. 11 лекция. Педагогтік мамандықтың қызметі мен әлеуметтік міндеті Жоспары: 1. «Мұғалім» мен «педагог» ұғымдары туралы түсінік 2. Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі 1. «Мұғалім» мен «педагог» ұғымдары туралы түсінік «Мұғалім» мен «педагог» туралы түсінік педагогикалық қызмет атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мұғалім деп негізіндегі мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама айиылады. Педаготың әлеуметтік статусының 2 түрі бар: Мамандар, яғни арнайы даярлығы барлар; Басқа мамандықтардағы, бірақ тәрбиеші, оқытушы қызметін атқарып жүргендер. Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен туындайды. Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып табылады. ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап, оның іс-әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Өйткені, қазіргі заман мұғалімнің эмпирикалық тәжірибесінде әр түрлі білім беру технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өздігімен жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс байқалады. Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық етекен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл, парасатты азамат болуы керек. өйткені, баланы өзіне тарта алатындай, тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. сондыұтан, қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қана қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық жағынан да сауатты болуы тиіс. Сондықтан да, ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен: • жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы тиіс; • психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар, оларды шебер қолдана білуі тиіс; • білім негіздерін өздігімен оқып үйренуге оқушыларды баулу; • ұстаздың ұйымдастырушылық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт. Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі – оның нәтижелері кейінгі уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. В.А.Сухамлинский «Жер жыртушы, тұқым себуші, астық басушы егіс даласында өсірілген бидай масағымен және бір уыс дәнге бірнеше айдан кейін қуанып мәз болады ... – мұғалім өз жасампаздығының жемісін көру үшін жылдар бойы еңбек ету керек болады» деген. Педагогикалық қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі (кейде бірнеше жылдан кейін ересек болған кезінде) және оның жақындары көріп жатады. Мұғалім оқушы тұлғасын қалыптастырушы делінеді. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің үнемі өзгеріп тұратндығына байланысты. Мұғалім қызметінің тағы бір ерекшелігі – қолында нәтиже өлшеуіші жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал, бұл – өте күрделі іс-әрекет. Педагогикалық сананың әлеуметтік жағдайларға, әлеуметтік тапсырысқа, әкісшілік-басқарушылық ұстанымдардың өзіндік бағдарларына сүйену, білім берудегі әдеп жүйесін құрастыруға өзінің ықпалын тигізеді. Педагогтың кәсіптік санасының өзгеруіне, әдеп жүйелерін сұранысқа сәйкес құруына мәжбүр ететін сана-сезімінің бағытталуы олардың деонтологиялық дайындығына, әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты. Осыған орай, мұғалім еңбегінің әлеуметтік құндылығына көңіл аударайық. Бүгінгі күн талаптарына сай жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлерінде білім беру мен тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны оқу-тәрбие процесінің оңтайлы ұйымдастыру, ізгілендіру бағытына енгізделуі қажет. Атап айтқанда, мектеп оқушылары әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білуге, ең құнды адамдық қасиеттерге, ұлттық сана-сезімге ие боуға, демокртаиялық және жаңа әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүудің жаңа ержелерін үйренуге мәдени тілдік қажеттілікті бағалауға мән берілуі керек. осы мақсатта мектептегі барлық пәндерге арналған мемлекеттік базалық жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар қабылданып, мектеп тәжірибесіне енгізілуімен бірге мұғалім иұлғасының сапасына деген талап өседі. Мұғалiмнiң өзiнiң педагогикалық бiлiмiн көтеруi Мұғалiм əдiстемелiк жұмыстың қандай түрiн таңдаса да соңғы нəтижеде оның тиiмдiлiгi мұғалiмнiң өз бетiнше өз бiлiмiн көтеруге байланысты болмақ. Сондықтан да үздiксiз бiлiм беру процесiн жоғары оқу орны – мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты – семинар, курс, практикум жəне т.б. оқу түрлерiмен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерiнiң арасындағы тынымсыз ой еңбегiн де жеткiзу керек. Ересек адамның өз бiлiмiн көтеруi барын-ша даралығымен ерекшеленедi, содан да мұғалiмнiң өз бiлiмiн көтеру жұмысына тəжiрибелi əрiптесi, беделдi мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет. Мұғалiмнiң өзiнiң педагогикалық бiлiмiн көтеру оның өз бетiнше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тəжiрибелердi игеруi қарас-тырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық жəне арнайы бiлiмдердiң, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негiздерiн, жалпы педагогика-лық мəдениеттi қамтиды. Мұғалiмге өз бiлiмiн көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетiлгенде ғана оның кəсiптiк қызметiндегi қажеттiлiгi, жеке қызығушылығы ескерiлуi тиiс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған əдiстемелiк жұмыс мұғалiмдердiң жеке қажеттiлiгiн ескерiп жоспар-ластырылғанда мұғалiм ұжымдық оқу түрiне тартыла отырып, өзiн қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады. Мектеп директоры жəне оқу iсiнiң меңгерушiсi əдiстемелiк жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебi педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса көңiл бөледi. Əркiмге қатысты мəселелердi бiрлесе талқылау мұғалiмнiң өз бiлiмiн көтеру əрекетiне ықпал жасайды. Сондықтан да директордың, оқу iсiнiң меңгерушiсiнiң өз бiлiмiн көтерудi ынталандыруы жəне оған басшылық жасауы негiзiнен жанама сипат алады. Өздiгiнен бiлiм көтеру ауқымды мəселелердi қам-тиды. Əйтсе де педагогикалық өз бiлiмiн көтеру мұғалiмнiң педагогикалық оқу орнында оқымаған, бiрақ қазiргi уақытта мектеп үшiн өзектi мəселелерге бағытталуы тиiс. Осындай мəселелердiң қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендiру жəне жiктеу, дамыта оқыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типтi оқу орнында оқыту ерекшелiктерiн атауға болады. Мəселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мəдениетiн, азаматтық тəрбиесiн қалыптастыруды атауға болады. Əрбiр мұғалiмнiң өздiгiнен бiлiмiн көтеруi ой еңбегiнiң техникасын бiлу, ақыл-ой əрекетiнiң дербес ерекшелiктерiн ескеру негiзiнде құрылады. Мұғалiмнiң өздiгiнен бiлiмiн көтеруi оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар түзiп, оны iске асыра алуына тiкелей байланысты. |