Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастырушылық қабілеттер

  • Коммуникативтік қабілеттер

  • Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті

  • Педагогикалық іс-әрекет - кәсіп.

  • Педагогтың субъекттілік қасиеттері

  • Педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсету

  • 9 лекция. Педагогикалық мәдениет пен шеберлік

  • Педагогикалық мәдениет пен шеберлік.

  • Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары.

  • Сыртқы бейне мәдениеті.

  • Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

  • Өзін-өзі басқару, бақылау.

  • Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары


    Скачать 311.25 Kb.
    НазваниеБаяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
    Дата13.12.2022
    Размер311.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #842174
    страница5 из 16
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Дидактикалық қабілеттер – шәкірттерге оқу материалын неғұрлым ұғынықты қылып беру қабілеті, оларға материалды немесе проблеманы айқын және түсінікті түрде келтіру, пәнге қызығушылық тудыру, шәкірттерде белсенді өз бетінше ойды қоздыру. Дидактикалық қабілеті бар мұғалім қажет жағдайда оқу материалын бейімдеп, қиынды жеңіл, күрделіні – қарапайым, ұғынықсыз, түсініксізді – түсінікті қыла алады. Кәсіби шеберлік, бүгін біз түсініп отырғандай, тек білімдерді бала санасына жеткізе біле беру, материалды белгілі және түсінікті мазмұндау қабілетін ғана емес, сондай-ақ шәкірттердің өзіндік жұмысын, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру қабілетін, шәкірттердің танымдық белсенділігін ақылмен және нәзік «дирижерлеп», оларды керек жаққа бағыттап отыру қабілетін қамтиды.

    Академиялық қабілеттер – ғылымның сәйкес аймағына деген қабілеттер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). қабілетті мұғалім пәнді тек ғана оқу курсының көлемінде ғана емес, елеулі терең және кең түрде біледі, ол үнемі өз ғылымында жаңалықтарды бақылап жүреді, материалды абсолютты еркін игереді, оған үлкен қызығушылық көрсетеді, кем дегенде қарапайым зерттеу жұмысын жүргізеді.

    Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне ене білу қабілеті, оқушы тұлғасын және оның уақытша психикалық күйлерін түсінумен байланысты психологиялық бақылам-паздық. Қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілер арқылы, болар болмас сыртқы көрінулер бойынша оқушының ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді байқап қалады.

    Тілдік қабілеттер – өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті. Қабілетті мұғалімнің тілі сабақ кезінде қашанда шәкірттерге бағытталған. Мұғалім жаңа материалды хабарласын, оқушы жұмысына түсініктеме берсін, мақұлдау немесе сөгіс айтсын, қашанда оның сөзі ішкі күшпен, сенімділікпен, өзі айтып тұрған нәрсеге қызығушылықпен ерекшеленеді. Ойын оқушылр үшін түсінікті, айқын, қарапайым түрде білдіру.

    Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда топтастыру және дем беру, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті, өз жұмысын ұйымдастыру дұрыс жоспарлау және өзін бақылау іскерлігін ұйғарады. Тәжірибелі мұғалімдерде өзіндік бір уақытты сезіну қалыптасады – жұмысты уақытқа дұрыс бөлу, белгіленген мерзімде үлгеру ептілігі.
    Авторитарлық қабілеті – шәкірттерге тікелей эмоционалды-еркін әсер ету қабілеті және осы негізде олардың алдында беделді бола білу қабілеті (бірақ, әрине, беделдік тек осы негізде ғана жасалмайды, мысалға, білімді өте тамаша білу, мұғалім сезімталдығы мен әдебінің негізінде де және т.б.). Авторитарлық қабілеттер мұғалімнің тұлғалық сапаларының бірқатар жиынына байланысты, соның ішінде оның ерік сапалары (шешімділік, төзімділік, табандылық, талап қоюшылық және т.б.), және де оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жауапкершілік сезіміне, мұғалімнің өзінің дұрыстығына сенімділігіне, осы сенімділікті өз шәкірттеріне бере алу іскерлігіне байланысты.

    Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, педагогикалық әдептің болуы.

    Педагогикалық қиял (немесе, болжам жасау қабілеттер) – бұл, өз әрекеттерінің салдарын алдын ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатынын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиеленушілердің қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер.

    Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды мазмұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады, және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады (тұрысы, мимикасы және пантомимикасы, жүрісі).

    Келтірілген педагогкиалық қабілетттер анықтамасынан көрініп отырғандай, олар өз мазмұнында, біріншіден, көптеген тұлғалық сапаларды қамтиды, және екіншіден, белгілі бір әрекеттерде, іскерліктерде ашылады. Бұл жерде, бірнеше қабілеттер мазмұнына енетін іскерліктер бар, мысалы, дидактикалық қабілеттерге жататын шәкірттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру іскерлігі, іс-жүзінде басқалардың жұмысын ұйымдастыру іскерлігі болып табылады. Ол ұйымдастырушылық қабілетіне кіреді. Перцептивті қабілеттерді ашатын іскерліктер, зейінді тарату қабілетіне енетін іскерліктерге өте таяу, және т.б. бұл, мұғалімнің белгілі бір әрекеттері (іскерліктері) негізінде, тіпті қандайда бір педагогикалық функция жүзеге асатын олардың жиынтығында, бірнеше қабілеттер жатуы мүмкін екендігін көрстетеді


    8 лекция. Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде

    Жоспары:

    1.Педагогикалық іс-әрекеттің мәні және оның құрылымы.

    2.Педагогикалық үдерісті басқарудағы мұғалім іс-әрекетінің функционалды түрлері.

    3.Мұғалім іс-әрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс.
    Педагогикалық іс-әрекет – кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларды оқыту, трбиелеу, білім беру, дамыту. Мұндағы оқушылар деп отырғанымыз әр түрлі жастағы балалар; мектеп оқушылары; техникум, кәсіби-техникалық училищедердің, жоғары оқу орны студенттері, т.б.

    Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды жағы – іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі жетілдіру мен оқытуға бағыталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.

    Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру.

    Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог деп атайды. Бұл оқу, тәрбие беру мекемелеріне байланысты: тәрбиеші – бала бақшада; мұғалім – мектепте; оқытушы – техникум, училище, жоғары оқу орындарында. Педагог – осы түсініктерге жақын, «туыс» ұғым.

    Педагогикалық іс-әрекеттің туу, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген. Осыған орай, мұғалім шебермен қатар практикалық әрекет пен рухани тәжірибенің құпияларымен таныстыратын мұғалім тұлғасы пайда болады, педагогикалық іс-әрекет пайда болады. Педаогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адам қоғамдағы ерекше орны бар тұлғаға айналды. Ұжымдық оқыту, тәрбиелеу жоғала бастады. Жазудың пайда болуы мен дамуы мұғалімнің ерекше білім мен дайындықты қажет етеді.

    Педагогикалық іс-әрекет - кәсіп. Мұғалім, педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты, – ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердің сандық құрамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша тең емес мөлшерде қалады да және ауылдық жерлерде де өзгере отырып, 1993 жылға дейін өсу беталысына ие болған. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-мұғалімдердің саны 80% артық, мұның өзі ер адамның ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.

    Е.А.Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам».

    Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е.А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі.

    Педагогтың субъекттілік қасиеттері

    Ғасырдың басында-ақ П.Ф. Каптерев: «оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалар оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарлатады немесе төмендетіп отырады, – деп көрсеткен. Сонда ол педагогтың, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол «арнайы мұғалімдік қасиеттерді» көрсеткен, оған «мұғалімнің ғылыми дайындығын» және «жеке мұғалімдік талантты» жатқызады.

    Қазіргі кездегі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүйіспеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс-әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В.А. Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. Сонымен қатар, мұғалім үшін өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі, К.Д. Ушинский дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқуды тоқтатса, оның бойында мұғалім өледі. Осы маңызды ойды П.Ф. Каптерев, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.

    Педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсету

    Ғасырдың басында, педагогикалық психология дамуының екінші кезеңінде, педагогтың, мұғалімнің тиімді іс-әрекетін қамтамасыз ететін қасиеттерінің, сапаларының дербес проблемасы қалыптаса бастайды. Жоғарыда келтірілген осы қасиеттердің сипаттамасын, П.Ф. Каптерев бойынша, құрылымдық көрсетудегі алғашқы әрекет жасауларының бірі деп санауға болады. Шынымен де, П.Ф. Каптерев объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарады. Жалпы алғанда ол келесі түрде көрсетілуі мүмкін:
    МҰҒАЛІМ ҚАСИЕТТЕРІ

    Арнайы Тұлғалық



    Объективтік Субъективтік (адамгершілік-еріктік

    (мұғалімнің (жеке мұғалімдік қасиеттер)

    ғылыми дайындығы) талант)
    Педагогикалық іс-әрекеттің тағы да бір субъекттілік қасиеті эмоционалдық жану немесе психофизиологиялық жүдеулік синдромына қарсылық көрсету болып табылады. Е. Малерға сілтеме жасай отырып, Н.А. Аминов осы синдромның негізгі және факультативтік белгілерінің тізімін келтіреді: 1) жүдеу, шаршау; 2) психологиялық күрделену (асқыну); ұйқысыздық; 4) клиентке қатысты негативтік ұстанымдар; 5) өз жұмысына қатысты негативті ұстанымдар; 6) өз міндеттерін орындауды елемеу; 7) психостимуляторларды пайдалануды көбейту (темекі, кофе, ішімдік, дәрі-дәрмек); 8) тәбеттің азаюы немесе артық жеп қою; 9) негативті өзін-өзі бағалау; 10) агрессивтіліктің күшейуі (ашушаңдық, ызақорлық, қысымдылық); 11) пассивтіліктің күшейуі (цинизм, пессимизм, үмітсіздікті сезіну, селқостық);

    12) күнәлілік сезімі. Н.А. Аминов, соңғы синдром басқа адамдармен, кәсіби, интенсивті өзара әрекеттесуші адамдарға тән екенін атап өтеді. Бұл жерде ол, эмоционалдық жану синдромы, кәсіби жарамсыздықтары айқындалған мұғалімдерде күштірек көрінетінін көрсетеді. Осы шынымен де субъекттілік синдромның дамуына қарсылық көрсету сапасы (себебі ол іс-әрекет процесі мен нәтижесінде дамиды) даралық психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктермен алғы шарттанады, олар елеулі мөлшерде жану синдромының өзін де шарттайды.

    Жалпы субъекттілікті қасиеттердің (сапалар, сипаттамалар, факторлар) сапалық құрылымы жайлы көрсетулер келесі төрт топты бөлуге негіз береді: 1) субъекттің психологиялық (даралық) қасиеттері, нышандар ретінде болатын, оның субъекттік рөлін іске асыру алғы шарты ретінде; 2) қабілеттер; 3) бағыттылықты қамтитын тұлғалық қасиеттер; 4) кәсіби-педагогикалық және пәндік білімдер мен іскерліктер тар мағынадағы кәсіби құзырлылық ретінде (V бөлім қараңыз). Субъекттілік қасиеттердің осы топтарын біз ары қарай педагогикалық іс-әрекет субъектісі құрылымының компоненті ретінде қарастырамыз.

    9 лекция. Педагогикалық мәдениет пен шеберлік

    Жоспары:

    1. Педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттері

    2. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті: мәні, өзгешелігі, өзара байланысы.

    3. Педагогикалық этика және мұғалім әдебі.


    Педагогикалық мәдениет пен шеберлік.

    Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру-жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы.

    Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары.

    Қоғамда болып жатқан өзгерістердің мектепке әсері оқу үрдісіне ізгіліктілік және демократиялық бағыттарды енгізуді қажет етуінен айқын көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік – білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұрансытарды алға қойып отыр. Бүгінгі мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатынадамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай ұстаз педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.

    Мұғалім мәдениеті. Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» - деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

    Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өтекн сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауымыз керек. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыратын нәрсе. Оқушыларды этикалық мораль рухында тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін мұғалімнің, ең алдымен, этикалық мораль ұстанымдары мен нормаларын өзі толық меңгеріп, оларды моральдық тәрбие беру ісінде ұштастыра білуі шарт.

    Ағартушы педагог ғалымдардың (С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаева, Ә.Табылдиев, Б.Барсай т.б.) еңбектеріне сүйене отырып мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады.

    • Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.

    • Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.

    • Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері.

    • Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы.

    Сыртқы бейне мәдениеті.

    Тұлға. а) тік және еркін отыру, ә) ұқыптылық және жинақылық,

    Киім. а) қарапайымдылық, ә) түстік гармония (өзіңе жарасатын түстен киім кию) в) киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестігі, г) сәндік (алқа, моншақ, сақина) дұрыс пайдалану.

    Гримм (бояну)

    Шаш үлгісі (ұқыпты, жинақы)

    Мимика а) өзіне-өзі сенімділік, сабырлылық, ә) сөйлескенде көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, б) эмоциялық мәнерлілік, в) бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.

    Понтомимика. а) жест (табиғилығы), ә) жүрістің ритмикалы, жеңіл айқын болуы, б) қозғалыс (еркін), в) қозғалыста селсоқтықты бодырмау, әр уақытта сергек жүру, шусыз отырып тұру.

    Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

    Қарым-қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейірімді тонның сақталуы: әңгімелесушіні тыңдай білу, сұрақ қоя білу, өз өзіңді талдай білу, басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену, кез-келген жағдаятта қарым-қатнаста өзіңді бақылай білу.

    Көрермендермен қарым-қатынасқа түсуге үйрену, аудиторияға қарап жұмыс істеу, тыңдаушылардың реакциясын бақылау және ұғыну.

    Өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету. А) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену, ә) сөйлеуге, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының, тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтызарлығын көрсетеді, б) өзіңнің сезіміңді әңгімелесушіңе немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті.

    Өзін-өзі басқару, бақылау.

    • Артық қобалжу, артық өзіңе күш түсіруден аулақ болу.

    • Сөйлер алдында пайда болатын шеімсіздікті жеңе білу.

    • Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру.

    • Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу.

    • Әрдайым жақсы көңіл күй ауанын жасауды үйрену.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


    написать администратору сайта