Баяндама таырыбы здігінен білім алу ісрекетіндегі жоспарлау мен масаттылы. Орындаан ыдырхан С. С. Жоспары
Скачать 311.25 Kb.
|
Педагог қызметкерлердi аттестациялау Мектептiң педагог қызметкерлерiн аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгiзiлдi. Алғашқы аттестациядан кейiнгi кезеңде аттестациялау туралы құжаттар бiлiм беру жүйесiндегi өзгерiстерге сай бiрнеше рет өзгертiлiп, толықтырылды. Аттестацияның негiзгi мақсаты педагог қызметкер-лердiң кəсiптiк бiлiктiлiгiн көтеру, шығармашылық белсен-дiлiгiн дамыту, əлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негiзгi құралы ретiнде мұғалiм еңбегiне ақы төлеудi жiктеу болмақ. Ал аттестация өткiзудiң негiзгi принциптерi ерiктiлiк, алқалық оның объективтi, əдiл өтуiн қамтамасыз етедi. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады. Қазiргi ереже бойынша үш түрлi комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиiстi бiлiм мекемелерiнiң деңгейiнде құрылады. Ал, бiлiм беру мекемесiнiң аттестациялық комиссиясын құру пед-кеңестiң құзырында болады. Əр комиссия өз компетенциясына сəйкес мəселелердi қарастырады. Ал аттестациялау комиссияның негiзгi шешiмi – бiлiктiлiк санат беру. Қазiр үш бiлiктiлiк санат берiлген, жоғарғы санатты республикалық, облыстық, бiрiншi санатты аудандық, қалалық, екiншi санатты- мектеп аттестациялау комиссиясы бередi. Мұғалiмнiң немесе мектеп басшысының қызметi екi кешендi көрсеткiштермен бағаланады. Бiрiншiсi - қызмет қорытындысын жинақтау, екiншiсi – практикалық қызметтi эксперттiк бағалау. Бiрiншi көрсеткiш бойынша мұғалiм шығармашылық есеп, ғылыми-əдiстемелiк немесе –тəжiрбиелiк-эксперименттiк жұмыстарды ұсына алады. Екiншi көрсеткiш бойынша ол бiрнеше нұсқада психолог-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуi тиiс. Кейбiр мектептерде, аудандық, облыстық технология, тестiлеу, эксперттiк бағалау тəсiлдерi қолданылады. Дегенмен педагогикалық қызметтi болжамдау жəне жинақтауды аттестациялау комиссия нақтылап, түзету енгiзiп отырады. Мұғалiмдердi аттестациялау педагогтың бiлiктiлiк санат сұраған арызы арқылы бес жылда бiр рет өткiзiледi. Кейде аттестация мұғалiмнiң педагогикалық бiлiктiлiгiн айқындау үшiн педкеңестiң шешiмiмен, басқару əкiм-шiлiгiнiң бастамасымен де жүргiзiлуi мүмкiн. Шағын комплектiлi мектептерде аттестация өткiзудi ұйымдастырудың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Ондай мектеп мұғалiмнiң аттестациялауды аудандық бiлiмiнiң немесе iрi мектеп базасында құрылған комиссия атқарады. Тəжiрибесi көрсетiп отырғандай аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалау-дың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда iскер тiлеулестiк көңiл-күйдiң қалыптасуына тəуелдi. Жалпы айтқанда, мұғалiмдердi аттестациялау мектептiң ғылыми-əдiстемелiк жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анық-таудың негiзi болып табылады.Осы ынта бағытында «Қазақстан Республикасында орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасы (1997), Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің» кешенді бағдарламасы (2000) т.б. қабылданған. Кәсібилік және кәсібилікті қалыптастырудың негізгі бағыттары. Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы болашақ мамандарды даярлау процесінде кәсібиліктің мүмкіндіктерін бүгінгі күннің өлшемеіремн ғана есептемей болашаққа бағыттауды қажетсінуде. Бүгінгі студент еретеңгі маман өз кәсібіне қызығушылығын ояту оның табысты ізденістеріне ықпал етері анық. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, гуманитарлық білім беруді күшейту, оқу пәндерінің құрамы, көлемінің және оқытушылардың оқу-тәрбие процесіне қарым-қатынас сипатының өзгеруі үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер қажеттілігін туғызады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. «...Жеке тұлға»: • адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән; • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; • айналдаағы қоршаған әлемді жете түсіну; • шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы. Педагог мамандығының өзіндік мәні бар: ол адаммен жұмыс істйді, яғни өзіндік тұлғасы мықты «жұмыс құралы» болып табылады. Осы құрал мықты болса, педагогтың кәсіби нәтижесі де табылсты болады. Сондықтан да педагогикалық кәсіби тұлғаның өсу – кәсібиліктің міндетті шарты. Кәсібилік – индивидтің кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, ал, кәсіпқой (профессионал) – негізгі ісі өзінің кәсібі болып табылатын индивид; өз ісінің маманы – өзіне қажетті даярлығы мен мамандығы бар. Кәсібилік (профессионализм) психологиялық және тұлғалық білім беру ретінде тек кәсіби біліктілік пен дағдылардан ғана емес кәсіби міндеттерді қоя білу және оны шеше білу өнерімен, жалпы және іс-әрекеттің қиын жағдайларында шындықты ерекше түсіне білуімен сипатталады. 12 лекция. Мектептегі әдістемелік жұмыс. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестациялау Жоспар: 1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау. 2. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату 1. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау. Мектептегі әдістемелік жұмыс. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру және оларды аттестаттау. Оқу – тәрбие барысының сапасы мұғалімге, оның идеялық–теориялық даярлығына, педагогтік және әдістемелік шеберлігіне тәуелді. Бұлардың деңгейін көтеруге байланысты жұмыс жеке және ұжымдық түрде жүргізіледі. Мұғалімдердің жеке әдістемелік жұмысы олардың өз бетімен білім алуының құрамды бөлігі болады. Бұл осы бағыттағы бұрынғы жұмысты еске алып, жаңа міндеттерді нақты анықтап құрылғаны жеке іс жоспарымен жүзеге асырылады. Жеке әдістемелік жұмыстың мазмұны жөніндегі ақыл – кеңесті, ол жұмыстың жүзеге асырылуын бақылау міндетіне енетін, мектеп директорының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары береді. Мұндай ақыл – кеңес мұғалім жұмыс тәжірибесін, даярлық деңгейін, жеке ерекшеліктерін, мүддесін және мүмкіндіктерін мұқият зерттеуге негізделеді. Мектептегі жұмыстың ұжымдық түрінде педагогикалық кеңес және мұғалімдердің методикалық бірлестіктері жатады. Мектептегі басқарудың алқалық органы педагогикалық кеңес өзінің мәжілістерінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеуді жетілдірудің маңызды мәселелерін, мұғалімдердің методикалық бірлестіктерінің жұмыс жоспарларын талқылайды. Әдістемелік бірлестіктер мектептегі әдістемелік жұмыстың негізгі формасы болады. Ірі мектептерде пәндік әдістемелік бірлестіктер, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері, ұзартылған күн топтарының тәрбиешілері, сынып жетекшілерінің бірлестіктері құрылады. Әрқайсысында ең кемі үш мұғалім болуы керек. Ал комплектілі бастауыш, орталау, орта мектептерде мұғалімдер саны шағын болған уақытта циклдік немесе мектепаралық методикалық бірлестіктер құрылғаны жөн. Бұл жағдайда мектепте бірлестіктер құрылмайды. Мектептегі әдістемелік бірлестіктерге ең тәжірибелі және теориялық даярлығы бар педагогтік еңбек шеберлері, мұғалім – методистер, аға мұғалімдер, еңбегі сіңген мұғалімдер басшылық жасайды. Әдістемелік бірлестік басшысының міндеттеріне оның жоспарын жасау, мәжілістерін дайындау және өткізу, оқушылармен ашық сабақтарды және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және дайындау, осылардың негізінде тәжірибелік мәні бар ақыл - кеңес дайындау кіреді. Әдістемелік бірлестік жұмысы, әдетте, жылға жоспарланады. Жұмыс жоспарына оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратын ең елеулі мәселелер енгізіледі. Әдістемелік бірлестік басшысы әдістемелік бірлестік мүшесі болып табылатын мұғалімдердің сабағына, сабақтан тыс жұмыстарына қатынасып, талдау жүргізуге құқы бар, себебі оның міндетіне олардың тәжірибесін зерттеу және жинақтау енеді. Ірі орта мектептерде сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері V-IX және X-XI сыныптар болып екіге бөлініп құралады. Ал бастауыш сынып (I-IV) мұғалімдері тәрбиенің теориясы мен тәжірибесін өз әдістемелік бірлестіктерінде оқып ұйренеді. Мектептің түрлі бағыттағы әдістемелік бірлестіктерінің іс-әрекет мазмұны лайықты құжаттармен анықталады. Бұл бірлестіктер басшылығы мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына жүктеледі. Мұғалімдер, тәрбиешілер, әдістемелік бірлестіктер басшыларымен жұмыс жүргізудің орталығы аудандық (қалалық) методикалық кабинеттер ғана емес, аудандық (қалалық) оқу басқармалары құратын тірек мектептері де бола алады. Тірек мектептердің лайықты оқу – материалдық базасы болуы керек. Әрине, бұл мектептің ұжымы мамандығына даярлық деңгейі өте жоғары, жасампаздықпен еңбек етіп, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге жетіп жүрген мұғалімдерден құрылуы жөн. Тірек мектептердің жұмыс мазмұны оқу – тәрбие барысындағы педагогикалық еңбектің әдістер мен тәсілдерін тәжірибеде көрсету, оқушылардың саналы тәртібін, әлеуметтік белсенді тұлғаның моральдық сапаларын қалыптастырудағы бүкіл педагогикалық ұжымның іс - әрекетік көрсету, аз комплектілі шоғырланған село мектептері мұғалімдерінің методикалық жұмысын ұйымдастыруға көмек ету болады. Мұғалімдердің әдістемелік даярлығын жетілдіру олардың жасампаздығын дамытпай мүмкін емес. Мұғалімнің педагогтік іс-әрекетін ұсақ-түйек мәселелермен шектемей, оқудың қолайлы әдістерін, түрлерін және құрамдарын таңдап алу мүмкіндігін кеңейтіп отыру қажет. Өзінің методикалық мәліметтерін байытып, оқыту немес тәрбиелеу әдістерін таңдап пайдалану тек өз еркінде екенін және оларды нақты жағдайларда есепке ала пайдаланатынын, оның орынды пайдаланғанының көрсеткіші оқушылардың оқу, тәрбие және дамуының ақырғы нәтижесі екенін ақиқат түсінуі керек. Мұғалімнің мамандық шеберлігінің шешуші мәселесі оның арнайы даярлығы яғни мамандығына сәйкес ғылым салаларының және оқу пәндерінің шеберлігіндегі жарамдылығы. Мұғалімнің мамандық шеберлігін жетілдірудің құрамалары өзара байланысты болады және біртұтастықпен жүзеге асырылады. Мұғалімдердің мамандық шеберлігін жетілдіру өз бетімен білім алу барысында жүзеге асады. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтеру түрлі ақыл-кеңес, нұсқауларды ескере жасалған жеке жоспармен жүргізіледі. Мұғалімдердің мамандыққа даярлық деңгейін көтерудің ұжымдық түрлері ретінде методикалық және теориялық семинарлар жүргізіледі. Мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында, педагогика институттарында қайта даярлықтан өтеді. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекеті әр бес жылда, аға пионер жетекші жұмысы әр үш жылда аттестацияланады. Халық ағарту органдарына берілген ресми мәліметтер негізінде мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің жұмысына төмендегідей бағалар берілуі мүмкін: - қызметіне жарамды және «методист - мұғалім», «аға мұғалім», «тәрбиеші - методист», «сынып жетекшісі - методист» атағын беруге болады; - қызметіне жарамды және мадақтауға жатады; - қызметіне жарамды; - бағалау комиссиясының ұсыныстарын орындаса, қызметіне жарамды; - қызметіне жарамсыз. Бұл жағдайда мерзімінен бұрын бағалаудан өткізілуі мүмкін. Бағалау комиссиясы өз шешімін тиісті қызметтерге жеткізеді және еңбек жайлы заңдылықтарға сәкес ол белгіленген ретімен жүзеге асырылады. Ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу және озат тәжірибені тарату. Қоғам дамуының әр кезеңінде ғылымның алатын орны елеулі өсіп отырады. Қоғамдық ғылым ретінде педагогика тәрбиелеудің мақсатын, мазмұнын, әдістері мен түрлерін және жас ұрпақтың өмірге, еңбеккек даярлығын, қазақ мектебі мен халыққа білім беру ісінің жетілдіруі мен дамуын анықтайды. Елімізде қоғамдық қатынастар түбегейлі қайта құрылуының кезеңінде педагогика ғылымының кейбір салалары тәжірибенің осы заманның талап – талғамынан қалып қойды. Оқыту мен тәрбиелеудің көптеген мәселелері бүкіл адамзаттың мүдде, мақсат тұрғысынан қайта қаралып, теориялық мәселелердің артта қалуы жойылуы керек. Тәжірибеге педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу мұғалімдердің, оқу–тәрбие мекемелері басшыларының кең қауымының педагогикалық зерттеулер нәтижелерін, олардың негізінде жасалған тәжірибелік ақыл – кеңес нұсқауларды және оларды пайдалану методикасын меңгеруіне иек артады. Арнайы ұйымдастырылатындықтан, озат тәжірибені енгізу – ғылыми жетістіктердің ықпалы және педагогикалық тәжірибені жетілдірумен сипатталатын, басқарылатын жанды іс-әрекет барысы. Ғылыми жаңалықтарды көпшілік арасында белгілі ету және ғылыми ақыл – кеңес ұсыныстарына орынды қатынасын қамтамасыз етуді көздейтін тарауға қарағанда тәжірибені енгізудің айырмашылығы осында. Сонымен қатар енгізудің осы кезеңде сәйкес қоғамдық мәні бар ғылым-педагогикалық ақыл-кеңес, нұсқаулар мен озат тәжірибе мазмұнын таңдап алуды шарт етіп қоятын әлеуметтік бағыттылығы болады. Педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге енгізудің бастапқы кезеңі төмендегідей мәселелерді қамтитын алдын ала даярлықты қажет етеді: - жаңаны қабылдау және игеруге мектеп басшыларын және педагогикалық ұжымды моральдық- психологиялық даярлау; - педагогикалық ақыл-кеңес ұсыныстарын таңдап алу; - олардың мәнін ұғындыру және мектеп ісінің тәжірибелік күшіне салыстырмалы талдау жасау; - алда тұрған жұмысқа қажетті әдістерді мұғалімдердің меңгеруі т.б. Мұғалім еңбегі басқа түрлерімен салыстырғанда тұрақты жетілдіруді, жаңаны талмай іздеуді талап етеді, себебі, қазіргі мектеп міндеттері құлшыныссыз және жасампаздықсыз нәтижелі шешуге болмайды. Осындай ізденіс нәтижесінде оқушыларды және тәрбиелеуде елеулі, кейде тіпті асқан нәтижелерге жеткізетін, мұғалімдердің жасампаздық жұмысының қорытындысы ретінде озат педагогикалық тәжірибе жасалды Озат тәжірибенің құрамды бөлігі – жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі. Педагогтік жаңашылдық белгілі педагогикалық теориялар мен жалпы қабылданған ережелер шеңберіне сыймайтын, олармен қарама – қайшылыққа келетін тиімділігі жоғары әдістермен, батыл шешімдерді пайдаланатын, педагогикалық тұрғыда жаңалығымен оқшау көрінеді. Сондықтан жаңашыл мұғалімге кейде таңдап алған және тұрақтандырылған өз әдістерімен жұмыс істеу құқын өзі қорғауға тура келеді. Мектеп өміріне өнімді еңбекті жүйелі енгізу оның оқушыларға тәрбиелік әсерін күшейту мәселесін алға қояды. Шындығында, әңгіме тек оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруды ғана емес, сол арқылы оқушылрды тәрбиелеу керек. Бұл мәселені тиімді шешу жолдарын онан әрі іздестіру қажет. Озат тәжірибені зерттеу мұғалімдер, мектеп басшылары, халыққа білім беру органдары қызметкерлері, ғалым-педагогтар және методистер арқылы бақылау: тәжірибенің әр кезеңіндегі соңғы нәтижемен танысу, оқушылар даярлығының тек сандық емес, сапалық сипаттарын сүйену ретінде жүреді. Озат тәжірибені насихаттау, тарату және пайдалану ұсыныс сипатында болады және жеке ынта-жігер негізінде жүзеге асады. Педагогикалық озат тәжірибенің әсерлілігі педагогика ғылым және мектеп тәжірибесінің өзара байланысында оқыту мен тәрбилеудің әдістерін іздеуде мұғалімдерді кездейсоқтық пен қателесуден сақтандыруында болады 13 лекция. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы құзіреттілік тұрғысының мәні. Жоспары: 1. Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы. 2. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі ұғымының мәні. 1. Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы. Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзыреттіліктер түрінде берілген. Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады. Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – пәндік және пәннен жоғары-метапәндік құзыреттіліктер. Атап айтқанда, пәндік құзыреттілікке белгілі бір саланы игеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, пәннен жоғары-метапәндік құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалана алу және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады. Орта білім берудің мақсаттары құзіреттің 3 түрімен берілген: базалық құзыреттілік, түйінді құзыреттілік және пәндік құзыреттілік. Базалық құзыреттілік тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы білімнің мәні мен қызметін анықтайтын ұлттық деңгейдегі жалпы мақсат болып табылады; ұзақмерзімді сипаттағы күтілген нәтижелерді қарастырады; орта білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтауда бағдар береді. Базалық құзыреттілік Қазақстанн Республикасы азаматының тұлғалық конструктивті рөлдері түрінде белгіленген: - ізгілікті және қайырымды адам; - отбасының сүйікті және қамқор мүшесі; - шығармашыл және жан-жақты дамыған жеке тұлға; - жауапкершілікті азамат. Түйінді құзыреттілік білім алушылардың оқуға іскерлігін дамытуда орта білім берудің мәні мен мағынасын анықтайтын, кез-келген оқу және өмірлік жағдайлардағы алған өмірлік тәжірибе мен білімін шығармашылықпен қолдану қабілетін, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі басқаруға даярлықта болуын көрсету мақсаты болып табылады. Түйінді құзыреттілік метапәндік сипаттағы күтілетін нәтижелерді көрсетеді; білім беру саласы мен оқу пәндерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауда бағыт болады. Түйінді құзыреттілікке: - ақпараттық құзыреттілік; - коммуникативтік құзыреттілік; - проблеманың шешімін табу құзыреттілігі жатады. Ақпараттық құзыреттілік: - сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; - таңдап алынған материалдар жіктемесіне сәйкес құрылған оқу әрекетінің мақсаты мен міндетін айқындауға; - өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; - ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге; - өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Коммуникативтік құзыреттілік: - нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша түрлі байланыс құралдарын қолдануға; - коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға; - әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; - нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; - жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді. Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: - түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға; - оқу әрекеті мен мәдени нормаларды таңдай отырып жоспарлауға; - қойылған мақсат пен міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік беруге; - ұйымдастырылған әрекетті бағалау және оның нәтижесін іске асыру. Пәндік құзыреттілік білім беру саласының мәні мен мазмұнын анықтайтын мақсат болып табылады; пәндік сипаттағы күтілген нәтижені қарастырады; оқу пәндерінің мақсат-міндеттерін анықтауда бағыт болады. Пәндік құзыреттілік жан-жақты әрекетті және келесі мүмкіндіктерді бейнелейді: - қазақ тілінде мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілінде халықаралық, шет тілінде мемлекет аралық тіл ретінде қатынас жасауға дағдылану; туған тілінде қатынас жасауға ынталы болу; - ақпараттық және коммуникациялық жаңа технологияларды қолдана білу; - адамның табиғаттағы орнын, ролін, әлем суреті арқылы терең түсіне білу, зерттеу және шығармашылық іс-әрекетке дағдылану әлеуметтік дағдыға ие бола білу, отбасындағы басқа мүшелермен біріге отырып, әлеуметтік ролін түсіну; - өз халқының және әлемдік мәдениеттің көпқырлылығын түсіну және бағалау; нарықтық қатынас жағдайында өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болу; - салауатты өмір салты негізінде бос уақытын тиімді ұйымдастыруға дағдылану. Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компетенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі. Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзыреттілік ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кезкелген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін (құзыретті) азаматтарды қалыптастырады. «Құзыреттілік» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. Білім жөніндегі халықаралық Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзырлылықты адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады.Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзыреттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулылығы. Н.В.Кузьминаның көзқарасы бойынша құзыреттілік педагогтың басқа бір адамды дамытуына негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы. «Соmpetent» сөзі французша «компетентті» «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. Осы «құзыреттілік» шетелдік түсіндірме сөздікте меңгеруші ретінде қарастырылған. Құзыреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады. Құзыреттіліктің түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне негіздейді. Білім беру сапасы дегеніміз – бұл білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы. Білім сапасын бағалаудың мынадай тәсілдері бар: 1. Білім сапасын бағалау тәсілдері оқылған материалды және формулаларды қолдануды бақылауға негізделген, яғни бақылау-бағалау құралдарын білімді репродуктивті түрде меңгеруді, алгоритмдік білім мен біліктілікті тексеруге бағдарлау (бұл дәстүрлі оқытуда қолданылып келді). 2. Білім беру процесін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарлау. 3. Мұндағы құзыреттілік дегеніміз – пәндік білімдер мен біліктіліктердің жәй жиынтығы емес, ол оқыту нәтижесінде алынған білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабілеттіліктерін байланыстырады. Демек, оқытудың сапасын күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді құзыреттілік тәсіл қамтамасыз ететін болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері эмоционалдық-құндылық қатынастар тәжірибесінде негізделген түйінді құзыреттілік ажыратып алу қажеттілігі туады. |