лнгоенркпумас. Стоматологиялы кабинетті йымдастыру
Скачать 176.86 Kb.
|
Стоматологиялық кабинетті ұйымдастыру. Асептика және антисептика қағидалары. Деонтология және этика стоматологияда. Дәрігер-науқас қарым-қатынасының құқықты нормалары. Стоматологиялық кабинетті ұйымдастыру Стоматологиялық бөлменің ауданы дәрігер жалғыз өзі жұмыс істегенде кем дегенде 14 м2 болуы керек (шамамен 4,3 х 3,3 м). Қосымша жайлы орындық қойылатын болса, тағы да 7 м2-қа тең жұмыс орны қарастырылады. Бөлменің биіктігі 3,3 м-дең кем болмау керек, тереңдігі- 6 м-дең аспау керек. Екі жайлы орындық қатар тұрғанда аралығы 1,5 м болғаны жөн. Бөлменің қабырғалары тегіс болу керек, ақшыл түске боялған. Терезе мен есіктерді майлы бояумен немесе эмальмен ақ түске бояйды. Стоматологиялық бөлмеде табиғи жарық болу керек. Және бөлмеде ауаны залалсаздандыру үшін арнайы кварц шамы болуы тиіс. Стоматологиядық бөлменің құрал-жабдықтар. Стоматологиялық бөлменің аспаптары . Дәрігер –стоматологтың жұмыс орны келесі заттардан тұрады: стоматолгиялық қондырғы , кресло, дәрі- дәрмектерді және материалдар тұратын стол, қозғалмалы орындық.Мейірбикенің жұмыс орнының жабдықталуы: құрал-жабдықтарды реттейтен стол, құрғақ ауа шкафы, залалсыздандырылған үстелдер. Санитарканың жұмыс орнының жабдықталуы : қол жуатын және құрал – жабдықтарды жуатын орын. Материалдармен және құрал-жабдықтарды сақтайтын шкаф , улы заттарды сақтайтын шкаф (А) қатты әсері бар дәрілер (Б) шкафында сақталады. Стоматологиялық қондырғы Стоматологиялық қондырғы автоматты түрде іске қосылады, шамы жанады, компрессор қосылады. Ауыз қуысын және қатты тіндерді егеу үшін, ауыз қуысын тазарту үшін . Қатты тіндерді егеу үшін қолданылатын құрал әртүрлі жылдамдықта жұмыс істейді. Модульді блок – стоматологиялық машинасында микроматорға арналған және турбинді ұштықтарға арналган 2-3 шлангысы болады. Ауыз қуысын тазарту үшін арналған ультрадыбысты аппарат және ауа мен су жіберетін пистолет болады. Микроматор борды 2000-12000-15000 мин айналым жасауға мүмкіндігі бар, ал турбинді 300000-450000 мин айналым жасайды. Кейбір стоматологиялық машиналар светополимеризациялық шамдармен жабдықталады. Заманауй креслолар науқастың отырып тұруына ыңғайлы жасалған . Дәрігер көбіне отырып науқас қабылдау керек 60% дейін. Асептика Жараларға мен ағзаларға микроорганизмдердің түсіп кетпеуінің алдын –алуы әрекеттерідін жүйесі. Асептика түрлері Асептика түрлері аспаптарды және материалдарды залалсыздандыру. дәрігердің арнайы қолын залалсыздандыру арнайы емдеу кезінде емдік шараларды қолдану емдік мекемелерде гигиеналық және ұйымдастыру шараларын іске асыру сонымен бірге асептиканы әрқашан қадағалау керек, себебі жара әрқашан инфекцияланғандықтан. асептиканы қадағаламау бір науқастан екінші науқасқа көптеген инфекциялық ауруларды жұқтыруға жол береді ( ВИЧ инфекция, Гепатит В). Госпитальді инфекциялар ауада , аспаптарда , медицина қызметкерінің қолында, және приборларда көбінесе кездеседі. сонымен қатар ауа химиялық заттармен ластанған ( ртуть,мышьяк,кадмий,свинец,метилметакрилаты ) медицина қызметкерлері арнайы киімдерде ,маскада,ауыстырылатын аяқ- киімде , қорғандырылған көзілдірікте болу керек. ашық жарақаттар болса жара жабық және таңылған болу керек. Жұмыс алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін кабинет ылғалды ветоштармен сүртіліп шығады және кварцтеу керек 30 мин. Түкіргіш – әр науқастан кейін 3% хлорамин немесе хлорлы әкпен өңделеді. Залалсыздандырылған үстел 6 сағатқа жайылады көбінесе (ультравиол немесе Панмед) үстелін қолданған жөн. Мақта салатын шыныдан жасалған заттарды күнделікті залалсыздандыру әрбір науқасты қабылдаған сайын дәрігер жеке аспаптарды керек Стоматологиялық аспаптарды қабылдау үш кезеңнен тұрады: *залалсыздандыру *залалсыздандыру алдындағы өңдеу *өңдеу (стерилизация) Дезинфекция -патогендік және шартты патогендік микроорганизмдерді жою үшін жасалады -химиялық залалсыздандыру, химиялық дәрі-дәрмектермен , ертінділермен өңдеу -науқастың ауыз қуысына тимейтін аспаптар (ұштық, сәулешашушы ) екі қайтара ем алу алдында және емдеуді аяқтағаннан кейін 70% этил спиртімен немесе 3% хлорамин ертіндісімен өңделеді . -құрылымы қиын аспаптар бөлшектелінген күйінде, каналдармен жоғарғы беттері дез ертіндісімен толтырып залалсыздандыру -көзілдірік пен шиттер 70% этил спиртімен өңдейміз . Ұсақ аспаптар Борлар ,римерлер,файлдар, түбіринесі,түбір өзегін толтырушыларды 2,5% хлоргикседин биглюканат ертіндісімен немесе 70% этил спиртімен,глутар, сайдекс ертіндісімен 15 м немесе 20%хлоргекседин биглюконат немесе 70% этил спиртіне салып өңдейміз. Залалсыздандыру алдындағы тазарту -аспаптарды механикалық ластанудан және дәрілік заттардың қалдығынан тазалау -механикалық әдісімен тазарту Залалсыздандыру барлық патогендік, шартты патогендік микроорганизмдерді және олардың спораларын жою шаралар. стакандар ағынды сумен жуылып 30м 0,5%хлорамин ертіндісіне салынады немесе 0,1% гипохлорид натрия немесе 2,5% хлоргекседин биглюканат ертіндісімен өңделеді. айналар 3% хлорамин немесе 6% Н202 ертіндісімен жабық ыдысқа салынып өңделеді ,кейін ағынды сумен шайқалады световодттарды науқасты қабылдау алдында және кейін залалсыздандырылған орамалмен сүртіледі ,70% этил спиртімен немесе 4%( литезол) ертіндісімен өңделеді. карпульді темір иньекторлар –науқасты қабылдау алдында және кейін залалсыздандырылған мақтамен 70% этил спиртімен сүртіледі. көзілдірік пен шиттер 70% этил спиртімен өңдейміз . Ұсақ аспаптар Борлар ,римерлер,файлдар, түбіринесі,түбір өзегін толтырушыларды 2,5% хлоргикседин биглюканат ертіндісімен немесе 70% этил спиртімен,глутар, сайдекс ертіндісімен 15 м немесе 20%хлоргекседин биглюконат немесе 70% этил спиртіне салып өңдейміз. Залалсыздандыру әдістері келесі жолдарымен жузеге аады: физикалық әдістері (t жоғары болуы,УФ-сәулелер,ультрадыбыс) химикалық заттар физикалық әдістер- парлық,ауалық химиялық әдістер –химикалық ертінділерді қолдану газдық әдіс Мақта салатын шыныдан жасалған заттарды күнделікті залалсыздандыру әрбір науқасты қабылдаған сайын дәрігер жеке залалсыздандырылған аспаптармен қабылдау керек Қайнату әдісі Темірден жасалған аспаптарды қайнату 30 м. Бумен залалсыздандыру Маталар, шариктер,турундалар,электрлі автоклавтарда залалсыздандырылады. Залалсыздандыру алдында қаптарға салынып бикске салынады. Сақтау мерзімі 3 күн. Құрғақ ауамен залалсыздандыру Темірден жасалған аспаптар 40мин, оның 25мин аспаптарды қыздыру үшін , ал 15мин залалсыздандыру үшін. Гласперлинді залалсыздандыру Аспаптарды 240-270 С дейін қыздырылған шыны шариктармен 5-6сағатқа салып жоғарғы температурада залалсыздандыру әдісі Суық залалсыздандыру стоматологиялық айналармен мен кесуге арналған аспаптарды өңдеу үшін . Аспаптарды 96% этил спиртіне 2 сағатқа саламыз . Үштік (тройной) ерітінді: - Формалин 20,0 - Натрий гидрокорбанат 15,0 - Дистелденген су 1000 мл Суық өңдеуді 1% хлорамин ертіндісімен, 6% Н202 ертіндісімен, 3 % формалин, 1% р-р хлоргексидин, 10% димексид ертіндісімен жасайды. |