Главная страница
Навигация по странице:

  • Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

  • Тақырып

  • Тақырып бойынша тапсырмалар

  • Орындау түрі

  • Бақылау : Сұрақтар

  • Жағдайлық есеп

  • Патфиз. срс 1. Студенттерді з бетінше атаратын жмысына арналан дістемелік нсаулы Таырып кпені ауамен лпілдену синдромыны патофизиологиясы


    Скачать 72 Kb.
    НазваниеСтуденттерді з бетінше атаратын жмысына арналан дістемелік нсаулы Таырып кпені ауамен лпілдену синдромыны патофизиологиясы
    АнкорПатфиз
    Дата16.10.2022
    Размер72 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файласрс 1.doc
    ТипДокументы
    #735770

    «Аурулар механизмі. Тыныс алу жәйесі»

    силлабусына

    5-қосымша

    «ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

    КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
    Патология кафедрасы

    Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық
    Тақырып: «Өкпенің ауамен үлпілдену синдромының патофизиологиясы».
    Пәні: «Тыныс алу жәйесі»

    Мамандығы: 6B10102 «Жалпы медицина»
    Курсы: ІІІ
    Оқу сағатының көлемі: 5 сағат


    Қарағанды 2021 ж.
    Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
    «___» ____ 2021 ж. Хаттама №__
    Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.


    • Тақырып: Өкпенің ауамен үлпілдену синдромының патофизиологиясы.

    • Мақсаты: Өкпенің ауамен үлпілдену синдромының себептерін және патогенетикалық механизмдерін оқып үйрену.

    • Тақырып бойынша тапсырмалар:

    1. Қойылған бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру;

    2. Дерттік үрдістің дамуының реттілігін көрсетіп, кестені толтыру;

    3. Тесттік тапсырмаларға жазбаша жауап беру;

    4. Жағдайлық есептерде дерттік үрдістің дамуы бойынша толық интерпретация беру

    1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология. Алматы: Эверо, 2010.-767 б.

    2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология. Алматы: Эверо, 2011.-700 б.

    3. Жәутікова С.Б., Өмірбаева Е.Қ., Аринова С.М. – Мамандандырылған патологиялық физиология курсы- Оқу әдістемелік құрал.- Қарағанды.-2009.-59 б.

    4. Жәутікова С.Б., Абикенова Ф.С., Өмірбаева Е.Қ., Патофизиология -1 бойынша таңдамалы дәрістер жинағы: Оқу құралы.- Қарағанды.-2009.-121 б.

    5. Жәутікова С.Б., Өмірбаева Е.Қ. Мамандандырылған патологиялық физиология курсы: оқу-әдістемелік құрал.- Қарағанды, ЖК АҚНҰР баспасы – 2013.-268 б.


    • Бақылау:

    Сұрақтар:

    1. Өкпе тінінің ауа толу синдромның негізгі этиологиялық факторлары және патогенезі. Өкпе эмфиземасының түрлерін атаңыз?

    2. Обструкциялық бронхиттің басты этиологиялық факторлары және патогенезі?

    3. Тыныс алу жеткіліксіздігінің басты этиологиялық факторлары және патогенезі? Тыныс алу жеткіліксіздігінің түрлерін атаңыз?

    4. Обструкциялық бронхиттің субъективті және объективнті көріністері қандай?

    5. Өкпе тінінің ауа толу синдромның субъективті және объективті көріністері қандай?

    6. Тыныс алу жеткіліксіздігінің субъективті және объективті көріністері қандай?

    7. Өкпе тінінің ауамен үлпілдену синдромының (өкпе эмфиземасы).

    8. Өкпе эмфиземасы анықтамасы, этиологиясы және патогенезі.

    9. Өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері.

    10. Өкпеннің ауамен үлпілдену синдромының басты себебі.

    11. Өкпеннің ауамен үлпілдену синдромының даму механизмі.

    12. Өкпеннің ауамен үлпілдену синдромының негізгі көріністері, олардың даму маңыздылығы.
    Тесттік тапсырма:

    1. БРОНХИАЛЬДЫ ОБСТРУКЦИЯЛЫҚ СИНДРОМ КЕЗІНДЕ КЕЗДЕСЕДІ:

    а) бронхиальды демікпеде;

    б) пневмонияда;

    в) гидроторакста;

    г) пневмоторакста;

    д) өкпе эмфиземасында.
    2. ӨКПЕ ТІНІНІҢ АУА ТОЛУ СИНДРОМЫНДА ТЫҢДАЛАДЫ:

    а) бронхиальды;

    б) қатаң;

    в) босаңсыған везикулярлы;

    г) амфорты;

    д) барлығы тындалады.
    3. ӨКПЕ ЖЕЛДЕНУІНІҢ ОБСТРУКТИВТІ БҰЗЫЛЫСЫ БАЙҚАЛАДЫ:

    а) кифосколиозда;

    б) пневмосклерозда;

    в) бронхитта;

    г) гидро- және пневмоторакста;

    д) жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда.
    4. БӨШКЕ ТӘРІЗДЕС КЕУДЕ, ДАУЫС ДІРІЛІНІҢ БОСАҢСУЫ, ПЕРКУССИЯ ЖАСАҒАНДА ҚОРАПТЫ ДЫБЫСТЫҢ, ДИФФУЗДЫ БОСАҢСЫҒАН ВЕЗИКУЛЯРЛЫ ТЫНЫСТЫҢ БОЛУЫ АНЫҚТАЛЫНАДЫ:

    а) тыныс алу жеткіліксіздігінде;

    б) өкпе тінінің ошақты қалыңдауында;

    в) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуында;

    г) плевра қуысында ауаның жиналуында;

    д) өкпе тініне ауа толуында.
    5. ӨКПЕ ТІНІНЕ АУА ТОЛУ СИНДРОМЫ ТӘН:

    а) бронхиальды демікпеге;

    б) пневмонияға;

    в) гидротораксқа;

    г) пневмотораксқа;

    д) өкпе эмфиземсына.
    6. БРОНХИАЛЬДЫ ОБСТРУКЦИЯ СИНДРОМЫНДА ӨКПЕ АУСКУЛЬТАТЦЯСЫНЫҢ СУРЕТІ ҚАНДАЙ

    а) қатаң дыбыс, шашыранды құрғақ сырылдар;

    б) босаңсыған везикулярлы тыныс;

    в) тыныс жүрмейді;

    г) бронхиальды тыныс;

    д) шашыранқы ылғалды сырылдар.
    7. ТЫНЫС АЛУ ЖЕТКІЛКСІЗДІГІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ:

    а) экспираторлы демікпе, диффузды цианоз, тахикардия;

    б) инспираторлы демікпе, акроцианоз, тахикардия;

    в) құрғақ жөтел, дене қызымының жоғарлауы, жалпы әлсіздік;

    г) бозару, тахикардия, бас айналу;

    д) клиникалық көріністер жоқ.
    8. ӨКПЕ ЖЕЛДЕНУІНІҢ РЕСТРИКТИВТІ ТИП БҰЗЫЛЫСЫ БАЙҚАЛАДЫ:

    а) бронхите;

    б) гидро- немесе пневмоторакста;

    в) бронхоспазмда;

    г) обтурациялық ателектазда;

    д) жоғарыда аталғандардың барлығында.

    9. ТЫНЫС АЛУ ЖЕТКІЛКСІЗДІГІНІҢ ОБСТРУКТИВТІ ТИПІ КЕЗІНДЕ СПИРОГРАФТА АЙҚЫН ТӨМЕНДЕУ АНЫҚТАЛАДЫ:

    а) ӨӨС;

    б) ОФВ1;

    в) МӨЖ МВЛ;

    г) барлық көрсеткіштер;

    д) аталғанның ешқайсысы емес.
    10. КУРШМАН СПИРАЛІ, КРИСТАЛЛЫ ШАРКО-ЛЕЙДЕН КРИСТАЛЛДАРЫ ҚАҚЫРЫҚТА ПАЙДА БОЛАДЫ:

    а) бронхиальды деміпе кезінде, бронхтардың тарылуында;

    б) туберкулезде;

    в) өкпе гангренасында;

    г) өкпе обырында;

    д) пневмонияда.

    Жағдайлық есеп:

    1. Науқас 45 жаста клиникаға тыныштық жағдайда ентігудің болуына, тыныс шығарудың қиындауына және жүрген кезде күшейе түсітіне шағымданады. Анамнезінен соңғы 6-8 жыл аралығында физикалық жүктеме түскенде ентігудің пайда болатын және оның жылдан –жылға көбейе түскенін байқады. Ал екі жыл алдын ентігу және көгеру аздаған физикалық жүктемелік түскенде пайда болғанын байқады. Науқасқа мамандығын өзгерту жайлы ұсыныс берілген (17 жыл бойы шыны үрлеуіші болып жұмыс атқарған). Объективті тексерісте: тынысы 1 минута 28 рет. Мойны қысқарған, диффузды цианоз аздап айқындалған. Кеуде қуысы бөшке тәріздес. Кеуде қуысындағы тыныстық экскурсиясы ±2 см; Перкуссия кезінде – өкпе үстінен қораптық дыбыс естіледі. Өкпенің төменгі шекарасы түсіңкі, жоғарысы көтеріңкі. Өкпенің қозғалтқыш шектері екі жағы ортанғы қолтық асты сызықтан ±3 см. Өкпенің аускультациясы кезінде – демшығарудың ұзаруы мен везикулярлы тыныстың әлсіреуі анықталады.


    написать администратору сайта