т шыару жолдарыны дискинезиясы
Скачать 96.74 Kb.
|
Ішкі аурулар кафедрасы СРС Тема: Өт шығару жолдарының дискинезиясы. Орындаған: Даржанова А.Б. Группа: 014-034-2к Қабылдаған: Аскарова Г.А. Алматы,2018 Жоспары: 1. Этиологиясы 2. Патогенезі 3. Клиникалық көрінісі 4. Диагностикасы 5. Емі Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде - бауырдан өт қабына немесе түтіктер бойынша өт ағысының бұзылысы. Аурудың ерекшелігі- бауыр мен өт қабындағы патологиялық өзгерістердің болмауы. Тексеру кезінде өт қабының екі түрлі қызметінің бұзылысы анықталады - оның тым тез немесе тым баяу жиырылуы. Әйелдерге қарағанда ерлерде 10рет жиі кездеседі. Өт қабының жиырылу деңгейіне байланысты дискенезия түрі анықталады: Гипермоторлы - ағзаның жиырылуы жиі және тез. Бұл жағдай жас адамдарда жиі кездеседі. Гипомоторлы - жиырылу түрі баяу, ағзаның белсенділігі төмен. Статистика бойынша бұл жағдай 40тан асқан адамдарда, невроз немесе психозы бар науқастарда жиі кездеседі. Даму механизміне байланысты патология 2 түрлі болады: Біріншілік дискинезия - туа пайда болған өт жолдарының аномалиясымен байланысты. Екіншілік дискинезия - асқазан-ішек жолдарының немесе басқа ағзалардағы өзгерістерге байланысты өмір сүру барысында пайда болатын патология. Этиологиясы: Біріншілік түрінің себептері: *өт қабының тарылуы *өт қабы мен түтіктерінің екі еселенуі *өт қабы аумағында қақпақтың болуы Екіншілік түрінің себептері: *гастрит *асқазан-жара ауруы *холецистит *панкреатит *дуоденит *вирусты этиологиялы гепатит *гипотериоз *невроз Салыстырмалы әсер ететін себептер: *генетикалық тұқым қуалаушылық *инфекциялық этиологиялы ішек аурулары *глистты инвазия *вегето-тамырлы дистония *аз қозғалмалы өмір салты *артық салмақ *ауыр физикалық жұмыс Клиникасы: -Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, түріне байланысты әр түрлі болады: Өт қабының жиырылғыштығының жоғарылауы кезінде - жедел, ұстама тәрізді, жауырын және оң жақ иыққа иррадиациялы ауырсыну. Ауыр физикалық жүктемеден соң немесе майлы тағамнан соң пайда болады. Өт қабы жиырылғыштығының төмендеуі кезінде аурсыну - тұйық, қақсамалы, үнемі, науқастар оң жақ қабырға астындағы жыртылғандай ауырсыну сезімін айтады. Өттік колика - әрқашан жедел, кенеттен, интенсивті түрде пайда болады және жүрек қағуымен жүреді. Ауырсыну өте қатты болғандықтан, науқас қорқыныш және өлім қаупін сезінеді. Холестатикалық синдром(өт жолдары және бауыр патологиясы): -сарғаю -бауыр ұлғаюы -нәжіс түсінің өзгерістері -зәр түсінің өзгерістері тері қабатының қышуы Асқазан-ішек жолы жүйесінің бұзылысы: -іштің кебуі -тәбеттің төмендеуі -жүрек айну, құсу -ауыздан сасық иістің шығуы -ауыздағы ащы дәм -ауыз қуысының құрғақтығы Невроз: -күйгелектік және ұйқысыздық -терлегіштік -созылмалы шаршау синдромы -бас ауруы Диагностика: -Науқасты сұрастыру -Анамнез жинау -Физикалық қарау -Лабораторлы зерттеу -УДЗ (аш қарынға, кейін майлы тағамнан соң 40мин кейін) -Дуоденальды зондтау (өт үлгісін тексеру) -ФЭГДС (фиброэзогастродуоденоскопия) -Пероральды холецистография -Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатиграфия -Гепатобилиарлы сцинтиграфия Емі: Күн тәртібін дұрыс қарау: -Еңбек пен демалысты дұрыс қалыптастыру -Таза ауада жиі серуендеу -Отырмалы жұмыс кезінде, әрбір 2 сағат жаттығу жасау Қатаң диета: -Майлы, қақталған, ащы тағамдарды шектеу -Тұзды тағамдарды шектеу -Үнемі минералды сусындарды пайдалану -Тағамды аздаған порцияда, жиілігі күніне 6-4рет болу керек Дәрілік препараттар: -өт айдағыш препараттар - холеретиктер -Ферментты препараттар -Холеспазмолитиктер -Өт қабына тюбаж(тазарту)-оң жақ бүйіріне жатып, өт айдағыш препараттарды қабылдау және оң жақ қабырға астына. -Үнемі дуоденальды зондтау -Электрофорез -Гирудотерапия Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Лекционный материал. 2.С.И. Рябов. М.: Медицина, 1982 год. 3.Ф.И. Комаров и др. «Внутренние болезни», М.: Медицина, 1991 год. |