Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Жұмысты жүргізу әдісі: тренинг Көрнекілігі : Қанатты сөздер

  • Техникалық құралдар

  • Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • ІІ. «Ой толғау» кезеңі

  • ІІІ. «Менен сұрақ, сенен жауап» кезеңі Екі топқа сұрақтар беріледі. Әр топ осы сұрақтар бойынша ойларын айтады. І топ.

  • ІІ топ.

  • ІҮ. «ТИКТОК - әлемдік дода» кезеңі

  • Ү. «Ой талқы» кезеңі

  • ҮІ. «Ой түйін» кезеңі

  • Сыныптан тыс шара _Ақпараттық сауттылық-заман талабы_. Таырыбы Апаратты сауаттылы бгінгі заман талабы Масаты


    Скачать 32.5 Kb.
    НазваниеТаырыбы Апаратты сауаттылы бгінгі заман талабы Масаты
    Дата27.02.2023
    Размер32.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСыныптан тыс шара _Ақпараттық сауттылық-заман талабы_.doc
    ТипДокументы
    #958278

    Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі –сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастару болып табылады. Оның себебі оқушылардың шығармашылық танымдық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барасында жүзеге асады.

    Тақырыбы : «Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы»

    Мақсаты : Ақпаратты технология және оны пайдалану туралы толығырақ

    мәлімет алу, информатика пәніне оқушылардың

    қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін айта білуге

    тәрбиелеу

    Жұмысты жүргізу әдісі: тренинг

    Көрнекілігі : Қанатты сөздер

    а) «Ақпараттық сауаттылық –бүгінгі заман талабы

    ә) ХХІ-компьютер техника ғасыры.

    б) «Халықпен халықты,адаммен адамды теңестіретін-білім»

    М.Әуезов

    в) Бүгінгі оқушы –ертеңгі маман .

    Техникалық құралдар:Компьютер.

    Құрметті ұстаздар, оқушылар !

    Бүгінгі «Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы» атты тренингімізге қош келдіңіздер!

    Бұл кездесудің мақсаты- ақпаратты технология және оны пайдалану туралы толығырақ мәлімет алу.

    Жүру барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі

    Екі топ өздерін таныстырады. Тренингке 3 топ қатысады. 1 топ сарапшылар тобы. (мұғалімдер)

    Келісім шартқа отырады.

    Келісім шарт:

    1. Өз ойын еркін айту

    2. Сөйлеп тұрған адамды тоқтатпау.

    3. Сөйлеу үшін қол көтеру

    4. Өзгелерге баға бермеу

    5. Белсенділік таныту

    6. Тренингті уақытында аяқтау

    ІІ. «Ой толғау» кезеңі

    «Компьютерлік сауатты болу баршаға міндетті ме?» тақырыбында екі топ ойларын ортаға салады.

    Екі топ та өз ойларын айтып болса, сарапшыларды тыңдайық. Ал сіздер екі топтың пікіріне қандай ой қосар едіңіздер?

    ІІІ. «Менен сұрақ, сенен жауап» кезеңі

    Екі топқа сұрақтар беріледі. Әр топ осы сұрақтар бойынша ойларын айтады.

    І топ. 1.Оқу үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланасыз ба және тиімділігі қандай? 2.Компьютерді өзбетімен үйренушілерге де электрондық оқулықтың пайдасы бар ма?

    ІІ топ. Интернеттен керекті мәліметті қалай іздеуге болады және өзіңізге керекті мәліметтерді аласыз ба? 2. Интернеттегі ақпараттық қоқыс туралы не айтасыз?

    ІІІ топ Сарапшылар ойы. Ал сіздер осы оқушылардың айтқан пікіріне қосыласыздар ма?

    ІҮ. «ТИКТОК - әлемдік дода» кезеңі

    Соңғы уақытта жастар арасында «Әнім –ТИКТОК, жаным – ТИКТОК ғашық қылдың, телефонды ұстауға асықтырдың» деген қанатты сөз қалыптасып кішкене ғана ұялы телефонға үңіліп отыратын балалардың қатары күннен-күнге артып барады.Осы пікірге оқушылар сіздер қалай қарайсыздар!

    Сарапшылар сіздердің пікірлеріңіз қандай?

    Ү. «Ой талқы» кезеңі

    Бұл сұрағымызды бүгінгі қатысып отырған сарапшыларымызға қоямыз.

    Сұрақ:

    Қазір балалардың компьютерге қызығушылығы жоғары болғанмен,пайдалы істерге мысалы, компьютермен программа құру, әртүрлі тапсырмалар орындаудан гөрі қатыгездік ойындарға әуестенеді.Ол зиянды емес пе және осы компьютерлік сауаттылыққа жата ма?

    Бұл сұраққа психолог, дәрігер қандай жауап айтасыздар?

    ҮІ. «Ой түйін» кезеңі

    Ведиороллик көрсету

    Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың,әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді, -дей келе тренингімізді А.П.Ершовтың «Ақпараттық сауаттылықтан - ақпараттық мәдениетке» деген нақыл сөзімен аяқаймыз. Көріскенше сау саламатта болыңыздар!


    написать администратору сайта