Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоспар Микробиология

  • Жалпы микробиология

  • Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйелеу.

  • Микробтардың сан алуан « армиясы» әр түрлі типтерге, әлемге жататын мыңдаған түрлерге бөлінген

  • Ақуыз тәріздес жұқпалы бөлшектер

  • Жүйелеу 3 бөлімнен тұрады

  • Фенотиптік

  • Жалпы микробиология. БӨЖ 1. Жалпы микробиология. Таырыбы Жалпы микробиология. Микроорганизмдерді жіктелуі жне жйелеу. Бактерияларды морфологиясы. Спирохета, актиномицеттер, риккетсиялар, микоплазмалар, саыраулатар, вирустарды морфологиясы. Бактерияларды зерттеу дістері


    Скачать 1.22 Mb.
    НазваниеТаырыбы Жалпы микробиология. Микроорганизмдерді жіктелуі жне жйелеу. Бактерияларды морфологиясы. Спирохета, актиномицеттер, риккетсиялар, микоплазмалар, саыраулатар, вирустарды морфологиясы. Бактерияларды зерттеу дістері
    АнкорЖалпы микробиология
    Дата22.10.2021
    Размер1.22 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаБӨЖ 1. Жалпы микробиология.pptx
    ТипДокументы
    #253648

    Тақырыбы : Жалпы микробиология. Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйелеу. Бактериялардың морфологиясы. Спирохета , актиномицеттер, риккетсиялар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар, вирустардың морфологиясы. Бактерияларды зерттеу әдістері.

    Орындаған: Кенжебек Ә.О.

    Курс: 2 курс

    Мамандығы: Жалпы медицина

    Тобы: 206 Б

    Қабылдаған:

     Ⅰ. Кіріспе.

    Негізгі бөлім:

    Ⅱ. Жалпы микробиология.

    2.1. Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйелеу.

    2.2. Бактериялардың морфологиясы.

    2.3. Спирохета, актиномицеттер, риккетсиялар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар, вирустардың морфологиясы.

    2.4. Бактерияларды зерттеу әдістері.

    Ⅲ. Қорытынды.

    Ⅳ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

    Жоспар



    Микробиология жер шарындағы тірі табиғатты жан – жақты зерттеуді қамтамассыз ететін ғылымдардың бірегейі.



    Жалпы микробиология ( бактериялар мен вирустардың морфологиясы , физиологиясы; микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы мен төзімділігі ; бактериофагтар; микроорганизмдердің патогенділігі ( инфекция) ; микроэкология; иммунитет т.б.

    Кіріспе

    Жалпы микробиология

    Микробиология – арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін тірі организмдер туралы ғылым ( грек. micros – ұсақ; bios – тіршілік ; logos - ілім ).

    Микроорганизмдер убиквитарлы, яғни олар жер, су, ауа кеңістіктері мен орталарының бәрінде мекендейді. Микробтарсыз тіршілік ету мүмкін емес, өйткені олардың керемет биохимиялық белсенділігі тіршілік негізі болып табылады – табиғаттағы зат айналымын қамтамасыз етеді.

    Жалпы микробиология

    Жалпы микробиология – микробтардың дамуы мен тіршілігінің жалпы заңдылықтарын , олардың табиғаттағы

    рөлін зерттейді.

    Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйелеу.


    Микроорганизмдер

    Патогенділер – ауру қоздырушылар

    Сапрофиттер - патогенсіздер

    Шартты – патогенді

    Микробтардың сан алуан « армиясы» әр түрлі типтерге, әлемге жататын мыңдаған түрлерге бөлінген:

    • Бактериялар
    • Вирустар
    • Приондар
    • Ақуыз тәріздес жұқпалы бөлшектер
    • Саңырауқұлақтар
    • Қарапайымдылар

    Микробтар немесе микроорганизмдер – өзара ұқсастығымен, ерекшеліктерімен және қарым – қатынастармен жүйелендірілген. Бұнымен арнайы ғылым – микроорганизмдерді жүйелеу айналысады.

    Жүйелеу 3 бөлімнен тұрады:

    • Жіктелуі
    • Таксономиясы
    • Идентификациясы
    • Микробтар таксономиясы негізіне олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулалық – биохимиялық қасиеттері алынған.


    Таксономиялық категориялар

    Патшалық(патшалық тармағы)

    Бөлім

    Класс

    Реті

    Туыстастық

    Тұқымдастық

    Түр

    Түр тармағы

    Жаңаша жоғарғы деңгей бойынша жасушалық тіршілік иелерінің жіктелуінде 3 доменді ( немесе « империялар») ажыратады:


    Bacteria

    Archaea

    Eucaria

    Таксономиялық категорияның түрлеріне байланысты таксондарды ажыратады – ол біркелкі , ұқсас қасиеттеріне байланысты біріктірілген организм топтары.

    • Домендер патшалықтан, типтен , кластан, реті , тұқымдастық, түрден тұрады
    • Түр – жақын қасиетттерімен біріктірілген, біраө тұқымдастықтың басқа өкілдерінен айырмашылығы бар жекеленген даралар жиынтығы.
    • Морфологиялық , тинкториалдық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты ұқсастығы бар, қоректік ортада бөлініп алынған, біртекті микроорганизмдер жиынтығы таза дақыл деп аталады.

    Бактериялар пішіндері

    Сфера пішінді немесе коктар

    Таяқша тәріздес бактериялар

    Ирекше пішінді

    Белгілі бір көзден бөлініп алынған , түрдің басқа өкілдерінен айырмашылығы бар микроорганизмдердің таза дақыл – штамм деп аталады.

    Клон – жалғыз микроб жасушасынан өсірілген, ұрпақтар жиынтығы.

    Микроорганизмдерді ерекшелендіретін қасиеттеріне байланысты:

    • Морфоварлар
    • Резистентоварлар
    • Сероварлар
    • Фаговарлар
    • Биоварлар
    • Хемоварлар

    Бактерияларды идентификациялау мен типтеуде аталмыш көрсеткіштер қолданылады:


    Фенотиптік

    Генотиптік

    Филогенетикалық

    Бактерияларға тән таксономиялық категориялар:
    • Клас, бөлім, рет, туыстас, тұқымдас, түр.
    Спирохеталар – жіңішке, ұзын, иректелген бактериялар, спириллалардан жасушасының иілгіштігімен, қозғалғыштығымен ерекшеленді. Тірі күйінде спирохеталарды фазалы-контрастты немесе түнек айдынды микроскоппен зерттейді. Адамға патогенді спирохеталар 3 туыстастыққа жатады: Treponema, Borrelia, Leptospira. Актиномицеттер – бұтақталған, жіп тәріздес немесе таяқша тәріздес грам – оң бактериялар. Өз атауын олар зақымдалған тіндерде - мәуле тәріздес, тығыз шатысып қалған, орталықтан шетке қарай тартылған, ұштары қолба тәріздес жуанданып аяқталатын друза түзуі арқылы иеленген. Олар саңырауқұлақтар сияқты жіп тәріздес өзара айқасқан жасушалар – мицелиилер түзеді. Риккетсиялар – ұсақ, грам – теріс таяқша тәріздес бактериялар , облигаттық жасушаішілік паразиттер.Адамдарда риккетсиялар эпидемиялық бөрітпе сүзек, кене риккетсиозын, жартасты таулардың таңбалы қызбасын және басқа да риккетсиоздарды қоздырады. Микоплазмалар – тек қана цитоплазматикалық мембранамен қоршалған, ұсақ бактериялар. Жасуша қабырғасы болмағандықтан микоплазмалар осмосқа жоғары сезімтал. Пішіні әртүрлі: кокк, жіпше, қолба тәріздес бола береді.Бұл пішіндерді микоплазмалардың таза дақылдарын фазалы – контрастты микроскоппен қарағанда ажыратуға болады. Адамдарда микоплазамалар атипті пневмония қоздырады. Патогенді емес түрлері де кеңінен тараған. Микоздар – кең таралған жұқпалы аурулар, олардың қоздырғыштары микроскопиялық организмдер – саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмасында оқшауланған ядросы , серпінді жасуша қабаты, көптеген вакуольдері, рибосомалары және басқа да органеллалары бар біржасушалық немесе көпжасушалық эукариоттық микрорганизмдерге жатады.

    Вирустардың тіршілік ету қабілеттілігі болуына қарамастан , оларды бүтін организм деп атауға болмайды.Вирустардың өзге тірі жүйелерден бірқатар ерекшеліктері бар:

    • Мөлшері өте ұсақ
    • Құрылысы өте қарапайым, яғни вирион – құрамында ДНҚ немесе РНҚ- дан тұратын геном, капсид, капсомерлер болады.
    • Жасушалық құрылымы жоқ
    • Вирион құрамында нуклеин қышқылының біреуінің ғана болуы
    • Паразитизмнің ерекше стаысына ие, вирустар ие организмнің жасушасынан тыс жағдайда өмір сүре алмайды.
    • Микроскоп - микробтарды зерттеуге арналған оптикалық құрал. Микроскопия – микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін , тинкториалдық қасиеттерін, құрылымын, жылжымалығын зерттеуге арналған құрал.Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен іске асады.
    • Микробиологиялық зерттеу әдістері:
    • Микроскопиялық – микроағзалардан түрлі препараттар дайындап, бактерия жасушасының өлшемін, жасуша пішінін, олардың қозғалғыштығын жарық және электрондық микроскоптар көмегімен зерттеу.
    • Бактериологиялық – жаснды және табиғи қоректік орталарда микроағзаларды өсіру, олардың таза культураларын бөліп алу, микроағзалардың өсуін, олардың биохимиялық, физиологиялық және т.б. дақылдық қасиеттерін зерттеу.
    • Биологиялық – белгілі ауру қоздырғыштарын бөліп алу үшін жануарларды індетті нысандармен залалдау, індетті нысандардың вируленттілігін және уытты заттардың болуын зерттеу.
    • Серологиялық – иммундық антиденелер реакциялары көмегімен диагноз қою.
    • Аллергиялық – ағзаға енгізілген аллерген көмегімен ағзаның жоғарғы сезімталдылығының жағдайын анықтау.
    • Бактериологиялық зерттеу әдісі бактериоскопиялық әдіспен ерекшеленеді. Біріншісінде талдау үшін арнайы дайындалған тірі прокариоттар мәдениеті қолданылады, ал екіншісінде шыны слайдтағы өлі немесе тірі жасушалармен жұмыс жүргізіледі.
    • Бактерияларды зерттеу әдісі үш кезеңге бөлінеді:

    • 1. Бастапқы сынамадан бактерияларды бөліп алу.
    • 2. Бактерияларды егу және таза дақыл өсіру, оның қасиеттерін зерттеу.
    • 3. Бактерия жасушаларын егжей-тегжейлі зерттеу. Бактериологиялық зерттеу жүргізудің негізгі ережесі - максималды стерильділік.

    Қорытынды

    Микробиология – өздерінің микроскопиялық пішініне байланысты микроорганизмдер деп аталатын, оптикалық құралмен қарамаса жай көзге көрінбейтін организмдерді зерттейтін ғылым саласы. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Микроб әлемінің ауқымдылығы соншалықты, онда көптеген және әртүрлі пайдылы және жарамсыз микроскопиялық организмдер кездеседі. Олар табиғатта, өндірістің әртүрлі саласында, ауыл шаруашылығында, адам өмірінде, жануарлар ағзасында және т.б. жағдайларда үлкен роль атқарады.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
    • Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, А.Л.Котова, т.б. Медициналық микробиология: оқулық/ –Алматы. 2011. - 683 б.





    написать администратору сайта