Главная страница
Навигация по странице:

  • СИЛЛАБУС Фармациядағы микробиология, вирусология және жалпы гигиена

  • Пәннің мақсаты

  • Силлабус микробиология. силлабус Микробиология фармация 2курс. Силлабус фармациядаы микробиология, вирусология жне жалпы гигиена


    Скачать 69.66 Kb.
    НазваниеСиллабус фармациядаы микробиология, вирусология жне жалпы гигиена
    АнкорСиллабус микробиология
    Дата25.10.2020
    Размер69.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласиллабус Микробиология фармация 2курс.docx
    ТипДокументы
    #145573
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    ЖШС «Мейірбике» колледжі


    «Келісілді» «Бекітемін»

    Директордың ӘЖЖ орынбасары Директордың ОІЖ орынбасары

    __________Сагитжанова У.Х. ___________Кыякбаева К.И.

    « ______ »________ 2020 ж. « _____ »________ 2020 ж.

    СИЛЛАБУС
    Фармациядағы микробиология, вирусология және жалпы гигиена


    Курс – 2, топ 233, 234

    Мамандығы: 0306013 «Фармация»

    Біліктілігі: 030601 3 «Фармацевт»

    Семестр – IV

    Барлық сағат саны – 150сағ/5кр

    Бақылау формасы: емтихан

    Ақтау, 2020

    Силлабус оқу бағдарламасының негізіне

    сәйкес құрылды, арнайы білім беретін пәндер циклдік комиссиясының

    отырысында бекітілді.

    ЦӘК төрайымы: Ахтанова Н.Х.

    Хаттама № __ «___ » ____ 2020 ж.
    Оқытушы: Имангазина З.А.


    1. Пәннің қысқаша мазмұны
    0306013 «Фармация» мамандығының жұмыс оқу бағдарламасындағы «Микробиология, вирусология және жалпы гигиена» модульді пәнінің ерекшелігі, микроағзалардың негізгі қасиеттерін, олардың морфологиясы, физиологиясы мен биохимиясын зерттеу, микробиология саласында жалпы биологиялық және практикалық маңызының жетістіктерін меңгеру, сонымен қатар жалпы гигиена саласының негізгі мақсат-міндеттері болып табылатын аурулардың алдын – алу, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған гигиеналық шараларды оқып үйрену, аталған пәннің басқа биологиялық пәндермен байланысын анықтау болып табылады.

    Микробиология, вирусология және жалпы гигиена саласындағы білім, болашақ-фармацевт мамандардың көзқарастарын қалыптастырып, дәрілік препараттарды өндіру кезіндегі практикалық іс-әрекеттерінде үлкен роль атқарады.

    Микроорганизмдердің негізгі қызметтерін оқып білу, әр түрлі өндірістер технологиясын жетілдіру үшін қажет. Фармацевтикалық білім алудың қазіргі кездегі концепциясы дәрілік препараттардың микробиологиялық өндірісін әрі қарай жетілдіру үшін, студенттердің микробиология саласында білімі мен практикалық біліктілігін қалыптастыру үшін қажет. Фармацевт маманы өзінің қызметі барысында санитарлық-гигиеналық ережелер пен талаптарға сәйкес әрекет ететіндіктен, жалпы гигиена курсының маңызы зор.

    Пәннің мақсаты: студенттерге микробиология, вирусология және жалпы гигиена бойынша практикалық біліктілік және білім беру – патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің әр түрлі топтарын, олардың морфологиясын, систематикасы мен физиологиясын, сыртқы орта факторларының микроорганизмдер тіршілігіне әсерін және өндірістік процесстерде, табиғатта заттардың айналуында микроорганизмдердің ролін, жекелеген жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдердің сипатын оқу және жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауруларды болдырмау, соның ішінде ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық- гигиеналық ережелерді оқыту.

    Міндеттері:

    • микробтар әлемі, олардың табиғатта алатын орны, микроорганизмдер мен вирустардың негізгі қасиеттері, олардың классификациясының принциптері, экологиясы, табиғатта және адам өміріндегі ролі жөнінде білім алу;

    • студенттерге әдебиеттерді пайдалану және жалпы биологиялық дайындықты жоғарылату үшін микробиология, вирусология және жалпы гигиенадан білім алуды үйрету;

    • тәжірибелерді және санитарлы-гигиеналық іс-шараларды жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін объект ретінде микроорганизмдерді пайдалану мүмкіндіктері жөнінде көзқарас қалыптастыру;

    • микроорганизмдерді бөліп алу және дақылдауды практикалық дағдыландыру;

    • микроорганизмдермен жұмыс істеу тәртібін, су мен топырақтың микробиологиялық талдау ережелерін сақтау.


    2. Оқу уақытына бөлінуі


    Семестр


    тексеру түрі



    барлығы (сағат/

    кредит)

    пән бойынша берілген сағат саны

    Теориялық

    клиникадағы

    тәжірибе

    СӨЖ

    СОӨЖ

    аудитория

    лық сабақ

    симуляции

    IV

    емтихан

    150/5

    30

    10

    30

    80

    -

    3. Пәннің пререквизиті және постреквизиттері
    3.1 Пәннің пререквизиті
    Студенттер микробиология, вирусология және жалпы гигиена курсын игеру үшін келесі

    пәндерді білуі тиіс:




    пәндер

    бөлімдердің атауы

    1

    Биология

    Тірі ағзалар және олардың қоршаған ортамен ара қатынасы, тірі ағзалар құрылысы, өсіп-жетілуі мен эволюциясы; жасуша теориясы.

    2

    Химия

    Химиялық факторлардың әсері: қышқылдардың, сілтілердің, галоидты препараттардың, ауыр металдардың тұздары мен сыртқы активті заттардың. Тотығу-тотықсыздану потенциалының және ағзалардың өсуіне әсер ететін рН ортасының мағынасы.
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта