Главная страница
Навигация по странице:

  • Курс:6 Тобы:004-01 Алматы-2017 Кіріспе

  • Патогенезі.

  • Үстемелі емі.

  • Ми өлімі Ми өлімі

  • ми ісінуі. Таырыбы Бас ми ісінуі. Ми лімі


    Скачать 30.36 Kb.
    НазваниеТаырыбы Бас ми ісінуі. Ми лімі
    Дата25.05.2018
    Размер30.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлами ісінуі.docx
    ТипДокументы
    #44894

    С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті




    Тақырыбы: Бас ми ісінуі. Ми өлімі

    Тексерген: Турлекиева Ж.М

    Орындаған: Наурызбай А.Ж.

    Факультет: педиатрия

    Курс:6

    Тобы:004-01

    Алматы-2017



    1. Кіріспе

    2. Этиологиясы

    3. Патогенезі

    4. Симптомы

    5. Диагностикасы

    6. Емі

    7. Асқынуы


    БАС МИ ІСІНУІ- ми тініне, тін аралық кеңістікке шектен тыс сұйықтықтың жиналуынан, ми көлемінің үлкеюімен көрілетін патологиялық жағдай. Нәтижесінде бас ішілік гипертензия дамиды. Бас ми ісінуі өз алдына жеке ауру емес көбіне екіншілік басқа аурулар фонында дамиды.

    Этиологиясы.

    • Бас ми қанайналымының ишемиялық және геморрагиялық типте бұзылысы

    • Бас ми жарақаты

    • Мидың ісікті аурулары,абсцесстер

    • Бас ми тінінің әртүрлі операциялары

    • Инфекциялық аурулардан(менингит,энцефалит,токсоплазмоз т.б.)

    • Улану(көмірқышқыл газбен, алькоголмен, дәрілі препараттармен)

    Балалардағы себептері:

    1. Жатырішілік гипоксия

    2. Туу кезіндегі травма

    3. Жатыр ішілік инфекция

    4. Нерв жүйесінің тума аурулары

    5. Тума ми ісіктері, абсцесстер

    Патогенезі.

    Цитотоксикалық түрі - Клетка ішілік сұйықтық жиналуы байқалады. Ол натрий-калий насосына тәуелді ми клеткасы мембранасының осморегуляциялық бұзылуынан дамиды. Көбіне бас миының сұр затында орналасады. Вирусты инфекциялардың, токсико-гипоксиялық энцефалопатиялардың, ишемиялық инсульттің, көмірқышқыл газымен уланудың нәтижесінде дамиды.

    Вазогенді түрі - көбіне осы түрі дамиды. Ол ГЭБ функциясы бұзылуынан дамиды. Оның патогенезінде: плазманың клеткадан тыс кеңістікке шығуы, ми ақ затының көлемінің үлкеюі жатыр.

    Вазогенді ми ісінуі - ми ісіктерінде, суық жарақат, ми тамырларының микроэмболиясы, газды эмболия, ұйқы артериясының окклюзиясында, эклампсия кезінде кездеседі.

    Осмотикалық түрі -ГЭБ функциясы өзгеруінсіз ми ткані гиперосмолярлығы нәтиже-сінде дамиды. Метаболитикалық энцефалопатияда, гиперволе-мияда, полидипсияда болады.

    Интерстициальды түрі -Гидроцефалия кезінде ( қарыншаішілік ликвордағы қысымның жоғарлауы), субэпендималық тіннің артық жұлын-ми сұйықтығын сіңіруіне әкеледі. Сол себептен бас сүйек пен мидың арасындағы кеңістік тарылып, бас сүйек ішіндегі қысым өзінің физиологиялық нормасынан асып кетеді. Қысым артқандықтан ми және оның тамырларына қысым түсіп, зат алмасу процессі  бұзылып, ми жасушалары зақымданады. Мидың қызметі нашарлап, өз функциясын атқара алмай қалады.

    Егер біріншілік ауру өте ауыр және емдеуге келмесе, онда өзіндік механизм іске қосылады, яғни тамыр тонусының ауторегуляциясы іске қосылады, бұл паралитикалық кеңеюмен аяқталады. Бұл өзгеріс бас миының сау аймағына ауысып, бас ми тамырларының диффузды кеңеюіне және оның гидростатикалық қысымының жоғарылауына алып келеді.

    Организмнің әртүрлі тіндерінің ісінуі- аса қауіпті емес және анық көрініс, және көп қиындықтар тудырмайды. Ал бас миының ісінуі жағдайында , белгілі бір шектелген ортада орналасады. Ми өзінің көлемін үлкейте алмайды, себебі бас қорабы өте қатты және кеңейген көлемінің әсерінен үлкейте алмайды. Бұл жағдай тарылу кезінде бас миының қысылуы болады.

    Жіктелуі.

    Жергілікті (локальды) - белгілі шектелген аймағы бар, бас миының қоршаған патологиясынан- абцесс, гематома, киста, ісік себебінен дамиды.

    Жайылған - бүкіл миға жайылады, бас ми травмасының, интоксикацияның, гипертензионды энцефалопатия,қан қысымының жоғарылауы себебінен дамиды.

    Клиникасы.

    Қатты бас ауру(мигрень)

    • Жеңілдік әкелмейтін құсу, жүрек айну

    • Көз өткірлігінің төмендеуі

    • Әлсіздік, ұйқышылдық

    • Қысқа уақыттық талма

    • Есінен тану, тыныс алуының бұзылысы

    • Үлкен, кіші еңбегінің кеш жабылуы, емшектен бас тарту, абыржулы, қатты айқайлайды жылайды.

    • Когнитивті бұзылыстар, есте сақтау, назар аудару бұзылыстары

    Диагностика.

    • Жалпы қарау және церебральды ісінуі диагностикасы үшін қолданылады:

    • Мойын – бас аймағын жалпы қарау

    • неврологиялық зерттеу

    • КT ми - ісіну мөлшері мен орнын анықтау үшін

    • MRТ ми - ісіну мөлшері мен орнын анықтау үшін

    • Ісіну себептерін анықтау үшін қан талдауы

    • ЭЭГ- баяу толқындардың пайда болуы анықталады.

    • Бас сүйек гипертензиясы ұзақ уақыт болса рентгенограммада мидың қысылуын, түрік ершігінің остеопарозы, көз нервінің ісінуін көруге болады.

    • Люмбальды пункция-ликворлық қысымды өлшеу.

    Үстемелі емі.

    Адекватты тыныс алуды қалпына келтіру және сақтау

    1. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатында тазалау, ауаөткізгішті орналастыру немесе тілді фиксациялау, маска немесе интубациялық түтікше арқылы ЖТА, кей жағдайларда трахео- немесе коникотомия .

    2. Оксигенотерапия (4—6 л/мин мұрындық катетр арқылы немесе 60% маска, интубациялық түтікше арқылы ).

    3. Трахеяны интубациялау алдында 0,1% атропин ерітіндісін еггізу (0,5—1 мл), холинотежегіш препаратттармен улану жағдайын ескере отырып.

    4. Дегидратация+ИВЛ+краниоцеребральды гипотермия

    • Ілмекті диуретиктер – Са дің реабсорбциясын төмендетеді, зәрмен көптеп бөлінуін қамтамасыз етеді. Фуросемид,Торасемид, Пиретанид, Буметонид, Этакрин қышқылы;

    • осмодиуретиктер - қанның осмостық қысымын жоғарылатып ткандердегі сұйықтықтың қан арнасына өтуін қамтамасыз етеді. Маннит, Сорбит, Мочевина

    • Гиперосмолярлы ерітінділер(магний сульфат 25%, глюкоза 40%) диуретиктердің эффектін жоғарылатады, мидың ишемияланған клеткаларын қоректік затпен қамтамасыз етеді.

    Хирургиялық ем

    Декомпинсирленген краниоэктомия-бас ми ішілік қысым төмендейді;

    Бас ми ісінуіне себеп болған себепті жою;

    Асқынуы.

    • Физикалық және ақыл-ой дамуының тежелуі;

    • Гидроцефалия;

    • Перивентикулярлы лейкомаляция,

    • Бас ми тіндері некрозы

    • Эпилепсия

    • ДЦП



    Ми өлімі

    Ми өлімі— бас миы өлім жағдайында болса да, реанимациялық шаралар көмегімен жүрек-қан тамыр, тыныс алу ағзаларының қызметін жасанды сақтап тұру жағдайы.

    Ми өлімін анықтайтын критерийлер:

    • Естің толық жоқ болуы (кома);

    • Барлық бұлшықеттер атониясы;

    • Тригеминальды аймақта ауру сезімді тітіркендіргіштерге жауаптың болмауы;

    • Қарашықтың жарыққа реакция болмауы;

    • Көз алмасы қозғалыссыз;

    • Кернеу рефлекстерінің болмауы;

    • Окулоцефалитикалық рефлекстерінің болмауы

    • Окуловестибулярлы рефлекстерінің болмауы Фарингеальды және трахеальды рефлекстерінің болмауы;

    • Өздігінен тыныстың болмауы.

    Апалликалық синдром(бодрствующая кома)- мидың таңу қызметінің жоғалуымен жүретін психоневрологиялық бұзылыс. Бірақ мидың вегетативті қызметі сақталады.

    Бас ми қыртысының қызметі бұзылады, көбінесе медиобазальды аймақтарда.

    • Травма.

    • Бас миына үлкен көлемді ота жасағанда,

    • Инфекция;

    • Инсульт, ишемиялық ауру,

    • Токсикологиялық уланулар

    Симптомдары:

    • Адамдар мен заттарды таңи алмайды;

    • Ауру сезімді тітіркендіргіштерге жауап бар;

    • Жұту, шайнау қызметтері сақталған;

    • Қан қысымы тұрақты,бірқалыпты,

    • Вегетативті қызметтер сақталған (тынысы, жүрек соғуы,

    Емі

    • Қалпына келу процестерін стимулдеу:

    • Ноотропты, витаминді, қантамырлық терапия;

    • Эндолюмбальды оттегін жіберу;

    • Жасанды тамақтандыру: гастростома арқылы, (өйткені зондпен аспирация, ГЭР дамуы мүмкін);

    • Асқынулардың алдын алу: миорелаксанты, массаж, ЛФК.




    написать администратору сайта