Таырыбы Цилиндрді жазбасы мен бетіні ауданы. Масаты
Скачать 84.14 Kb.
|
Тақырыбы: Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы. Мақсаты: Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданының формуласымен таныстыру. Формуланы пайдаланып есептер шығара білуге дағдыландыру Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, есте сақтау ,жылдам есептеу, логикалық ойлау қабылеттерін дамыту Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын арттыру, математикалық сауаттылыққа баулу . Типі: Жаңа тақырып Көрнекілігі: Сызбалар, формулалар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру . I .Үй тапсырмасын тексеру II.Үй есебінің орындалуын тексеру III. Қайталау сұрақтары: Дөңгелек цилиндр (цилиндрдің жасаушысы, цилиндрдің табаны, цилиндрдің бүйір беті) деген не? Цилиндрдің радиусы, цилиндрдің биіктігі, цилиндрдің осі, цилиндрдің осьтік қимасы деген не? Тік цилиндр деп қандай цилиндрді айтады? IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру : Егер цилцндрдің бетін табан шеңберлері және қайсыбір жасаушысының бойымен қиып алып жазып жіберсек, цилиндірдің жазбасын аламыз. Цилиндірдің бетінің жазбасы тіктөртбұрыштан және өзара тең екі дөңгелектен тұрады . Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы табан шеңберінің ұзындығын оның биіктігіне көбейткенге тең. Sб.б.=2πRH формуласымен есептеп шығарады, мұндағы R –цилиндрдің радиусы, ал Н –оның биіктігі Цилиндрдің толық бетінің ауданы оның бүйір бетінің ауданына табандарының аудандарын қосу керек. Sт.б.. =Sб.б.+2Sтаб=2πRH+2πR2 V.Білімді дамыту. Есептер шығару №24.Берілгені: 1)Табанының диаметрі 12 см, биіктігі 3,5см; 2)табанының радиусы 18см, биіктігі 2,5 дм цилиндр бетінің ауданын табыңдар. 1.Жауабы:≈358см2 , 2.Жауабы :≈48,6см2 №25.Берілгені: Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 5см. Осы тіктөртбұрышты кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дене бетінің ауданын табыңдар. Жауабы :90πсм2 №26.Берілгені: Әр түрлы екі цилиндрдің осьтік қималары қабырғалары 4 м және 6 м болатын тең тіктөртбұрыштар болып табылады. Ауданы үлкен цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңдар. Жауабы :42πм2 VI.Өздіктерінен: №28,29 есептерді шығару VII.Сабақты қорытындылау Цилиндрдің жазбасы қандай фигура болады? Цилиндрдің бүйір бетінің формуласы? Цилиндрдің толық бетінің формуласы? V. Үйге тапсырма беру: §5, т 5.3, №, сұрақ 1-5, №27,№29,№30 Панфилов ауданы Сұптай орта мектебі математика пәні мұғалімі Исмайлова Б.Б |