Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып сағатының міндеті

  • Бағалау критерийлері

  • Сынып сағатының түрі: дебат /пікір-талас/ Игерілетін дағды

  • Функциональдық сауаттылық

  • Тақырыбы. Таырыбы дептілік барлы есіктерді ашады


    Скачать 17.8 Kb.
    НазваниеТаырыбы дептілік барлы есіктерді ашады
    Дата10.03.2022
    Размер17.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТақырыбы.docx
    ТипДокументы
    #390760

    Тақырыбы: «Әдептілік барлық есіктерді ашады»

    Сыныбы:

    Уақыты:

    Сынып жетекшісі:Ербулекова А.Б

    Сынып сағатының тақырыбы:

    «Әдептілік барлық есіктерді ашады»

    Сынып сағатының мақсаты:

    Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету. Дамытушылық. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту; ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

    Сынып сағатының міндеті:

    Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

    Бағалау критерийлері:

    Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

    Сынып сағатының түрі:

    дебат /пікір-талас/

    Игерілетін дағды:

    ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

    Ресурстар:

    тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,мультимедиа

    құралдары

    Функциональдық сауаттылық:

    Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті

    Жүру барысын алдын ала үйлестіру


    Алғашқы сөз (кезең)
    Ортаңғы кезең

    Тапсырмалар легі

    Соңы (бекіту)


    Ұйымдастыру кезеңі. 1. Психологиялық дайындық. Үлкенге де «Сіз» Кішіге де «Сіз» Баршаңызды құрметтеп Бас иеміз «біз» Амансың ба алтын күн Амансың ба көк аспан Амансың ба достарым Сендерді көрсем қуанам. I кезең. Қызығушылықты ояту. Аквариум әдісі.
    Мұғалім: Демек, адам бойында жақсы , жаман қасиеттер болады екен. Ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен. Жақсы қасиеттерді анамыздың ақ сүтімен, бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болу керек II кезең. Мағынаны таныту. Т кестесін толтыру

    Проблемалық жағдаяттардан шығу ( Өз ойларын ортаға салады.) 1-топ. Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің. 2-топ. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қояды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің. 3-топ. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің. ( Жағдаятпен танысады. Топ ішінде талқылайды. Сахналайды) Мақал – мәтелдер. 1) Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің. 2) Әдепті бала – ата-анасың мақтатар, Әдепсіз бала – ата-анасың қақсатар. 3) Сәлем – сөз анасы. 4) Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала. 5) Кішіден ізет, үлкеннен құрмет. 6) Тәртіпті бала – сүйініш, төбең көкке жетеді, Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді. 7) Әдептің не екенін- Әдепсіз адамды көргенде білерсің. 8) « Сіз» деген - әдеп, « Біз» деген - көмек. 9) Кішіпейілділік - кісінің көркі. 10) Күлме досыңа, келер басыңа. 11) Өзіңді өзің сыйламасаң, Өзгеден сый күтпе. 7-оқушы: Атам менің әрқашан


    написать администратору сайта