|
елбасы. Таырыбы Елін сйген Елбасы Кні 02. 12. 21ж
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Майлаякова А.Ж.
Сынып: 4 «А»
| Тақырыбы:
| «Елін сүйген Елбасы»
| Күні: 02.12.21ж.
| Қатысқандар
| Қатыспағандар
| Мақсаты:
| - білім алушылардың Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту және тереңдету;
- білім алушыларда Елбасы үлгісінде отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
| Әдісі:
| Диалогтық,топтық
| Көрнекіліктер
| интерактивті тақта, «Қазақстан», «Елбасы», «Көшбасшы» сөздері жазылған қима қағаздар
| Кезеңдері
| Іс – әрекет кезеңі
| Ұйымдастыру кезеңі
Негізгі бөлім
| Тренинг «Амандасу жаттығу» (Әр түрлі елдің)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы».
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.
1) Сәлемдесу.
Топқа бірігу
1-топ «Елбасы»,
2-топ «Көшбасшы»
3-топ «Президент»
-Н.Ә.Назарбаев кім? Ол туралы не білесіңдер достар
- Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Мұғалім: Президент күні – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әрбіріміз үшін парыз.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Қысқаша ақпарат беру
І топ. Елбасы туралы не білесің?
ІІ топ. Елім деп соққан жүрегі...(саяси кезең)
ІІІ топ .Сөзжұмбақ
Кері байланыс: толықтыру, түзету.
|
Қорытынды бөлім
| Бейнеролик көрсетіледі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды.
Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз. 1-топ: Блум таксономиясы. Елбасы туралы не білесің?
Кестені толтыр
| Кім?
| Қашан?
| Қайда?
| Қалай?
| Қандай?
|
Кестені толтыр
| Кім? Н. Ә Назарбаев
| Қашан? 1940жылы 6-шілде
| Қайда?Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген
| Қалай? Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр
| Қандай? Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз.
|
2-топ: Елім деп соққан жүрегі...( Саяси кезең ,жылдар бойынша елеулі оқиғалар)
Саяси кезең
Жылдар бойынша елеулі оқиғалар
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков. 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. 1995 жыл 30 тамыз- Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.
1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. 2019жыл 9 маусымда Жаңа президент Қасым- Жомарт Тоқаев сайланды
Сыныппен қорытындылау
3-топ Сөзжұмбақ
Кері байланыс: тақырыпты толық ашу қағидаты бойынша ауызша бағалау
Рефлексия: Елбасына хат
Ән «Көк тудың желбірегені» әні
Мұғалімнің сөзі
20 наурыз, 2019жылы Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде " Бүгін баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретіндегі өкілетімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым деп Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін айтты.
Біздің қазіргі жаңа президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев
| «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып жетекшісі Майлаякова А.Ж.
|
|
|