Та_ырыбы_ ___ы_ын білген _ор болмас К_ні. Таырыбы ыын білген ор болмас Кні 29. 10. 21 Сыныбы 7
Скачать 23.15 Kb.
|
Бекітемін: Тақырыбы: Құқығын білген қор болмас Күні:29.10.21 Сыныбы: 7 Мақсаты: Бала құқықтары оларды сақтау өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік бере отырып, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру.Әр адам өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру.Заңға бағынып тәртіпті болып өсуге тәрбиелеу. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; Көрнекілігі; слайд, мақал мәтелдер, шарлар. Сайыс жоспары: 1. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру) 2. «Ой- талқы» әр топ /үй тапсырмасы/ 3. «Біз неге құқылымыз?» ацассасия құру 4. Сандар сөйлейді 5. « Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?» сызба құрастырады 6.«Біліп жүрейік!» 7. « Өз құқығыңды біл?» видеоролик 8. Қорытынды Сыныпта психологиялық ахуал орнату. Кіріспе сөз Мұғалімнің сөзі; Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды білу – заман талабы.. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бүгінгі 7 сыныбында өткелі отырған «Құқығын білмеген құл болады?» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Яғни біздің сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отыр және олар өз топтарын таныстырады. 1. «Адам» тобы 2. «Құқық» тобы 3. «Әділет «тобы «Адам» тобының ұраны: «Тәртіпке бас иген құл болмайды Тәртіпсіз ел болмайды.» «Құқық» тобының ұраны: «Құқықты білу- заман талабы» «Әділет» тобының ұраны: « Әділ заң аспан тірегі» «Ой – талқы» «Адам» тобы «Ата-Заңым асыл қазынам» Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау. Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Үш жосысы»13-ғасырда, Қасым ханның «Қасқа жолы» 14-ғасырда, Есім ханның «Ескі жолы»15-ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы»16-ғасырда болды. «Құқық» тобы Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындады. Осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады. Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда Б.з.д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде 1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына, қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданып, 1995 жылы желтоқсанда Н.А.Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді. «Әділет» тобының Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтары теңдігінің сақталуына және қорғалуына негіз болып, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларда қарышты дамуына, бейбітшілік пен келісімді, елдің ынтымағын нығайтуға тың серпін беруде. Қазақстан Республикасының Конституциясы ел азаматтығының айғағына, Тәуелсіздігіміздің тірегіне, бірлігінің қайнар бастауына, әрбір азаматтың мақтанышы мен қорғанына айналды. «Мәңгілік ел» боламыз деп талпынып отырған елімізге, жарқын болашағымыздың бағдары – Конституциямыз адал қызмет етеді. «Мағынаны тану» «Біз неге құқылымыз?» ацассасия құру Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан: Топтық жұмыс: « Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?» сызба құрастырады «Біліп жүрейік!» 1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні 10-желтоқсан – адам құқығы күні 10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады 1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды 1979ж – халықаралық балалар жылы өтті 20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды 28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды. 8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті 30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды Қорытынды: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет. «Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.» Мұхаммед пайғамбар |