Главная страница
Навигация по странице:

  • Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар

  • Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті

  • Басқару процесі мынадай жетекшілік іс

  • Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін

  • Саяси манипуляция

  • Санамен манипуляциялау

  • Харриет Брейкер бойынша

  • Саймон келесі әдістерді көрсетті

  • Манипуляциялық әрекеттерден қорғанудың арнайы және арнайы емес м. Таырыбы Манипуляциялы рекеттерден орануды арнайы жне арнайы емес механизмдері


    Скачать 17.85 Kb.
    НазваниеТаырыбы Манипуляциялы рекеттерден орануды арнайы жне арнайы емес механизмдері
    Дата25.04.2022
    Размер17.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМанипуляциялық әрекеттерден қорғанудың арнайы және арнайы емес м.docx
    ТипРеферат
    #495164

    Реферат

    Тақырыбы: Манипуляциялық әрекеттерден қорғанудың арнайы және арнайы емес механизмдері

    Орындаған: Хамитов Ә.Н.

    Тексерген: Джумажанова Гульжанар Какимжановна

    1. Басқарушылық өзара әрекет құралдарына талдау  жасау.

    2. Басқаруда әсер ете алу құралы ретінде – еліктеу және эмоционалды жұғу.

    3. Басқарушылық өзара әрекетіндегі «Физиогномикалық редукция» механизмдері, каузалды атрибуция, идентификация, стереотипизация

    Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол- басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің спецификасына сәйкес басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады, және зерттелініп отырған болжауларды анықтайды.

    Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

    Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, бұлардың негізгі бағыттарына: жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі мен жағдайларды болжаулары және диагностикалау, басқарушылардың іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру, жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету.

    Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді.

    Саяси манипуляция - азаматтарды көбінесе өз мүдделеріне қарсы әрекет етуге (немесе тіпті ешқандай әрекет етпеуге) мәжбүр ететін олардың саяси санасы мен мінез-құлқын әлеуметтік баскарудың жасырын тәсілдері мен амалдары.

    Жалпы манипуляция туралы айтып өтсек, бұл азаматтарды көбінесе өз мүдделеріне қарсы әрекет етуге (немесе тіпті ешқандай әрекет етпеуге) мәжбүр ететін олардың санасы мен мінез-құлқын әлеуметтік баскарудың жасырын тәсілдері мен амалдары. Яғни, қоғамдағы адамарға әртүрлі сапалы, әсем жарнамалар арқылы тауарды өткізу болып табылады. Бұл әрекеттер әртүрлі манипулятивті әдістер арқылы санаға әсер етеді. Манипуляциялау басқа адамдардың белсенділіктерінің бағытын өзгертуіне бағытталған және олар байқамайтындай епті жасалған психологиялық әсер етудің бір тәсілі. Манипуляциялау сонымен қатар - оған ие адамның басқаларға олардан не күтетінін түсіндірмей ақ мінез-құлықтарына әсер ететін билікті қолдану болып табылады.

    Санамен манипуляциялау - бұл адамдардың рухани күйімен үстемдік ету, әсер ету субъектісіне тиімді пікірлерді, бағдарларды, мотивтерді, стереотиптерді адамдарға жабыстыру жолымен басқару.

    Адам санасымен манипуляциялау әдетте пайдакүнемдік мақсатпен немесе саяси мақсатпен қолданылады.

    Жарнамадағы психологиялық әсер ету. Әлеуметтік психологияда адамдардың бір біріне деген әсерлері және әсер етулеріне әрқашан да көп көңіл бөлген.

    Манипуляцияның психологиялық әсер етуі міне осындай жағымсыз нәтижелерге жеткізеді. Бұндай жағдайларға мысалдар өте көп. Сондықтан біз манипуляцияға беріліп, санамызды улауға мүмкіндік бермеуіміз қажет.

    Психологиялық манипуляция-басқа адамның тәрбиесімен қабылдауын өзгерту мақсатында адамдарды алдап-арбау, қинап көндіру тактикасын қолдана отыру, әлеуметтік-психологиялық феномен.

    Әлеуметтік әрекет әр жағдайда кері әсер етпейді. Мысалы, дәрігер пациентке оның денсаулығы жақсарғаны жайлы айтып оған манипуляция жасауы мүмкін.

    Манипуляторлар өз адамдарын қалай басқарады?

    Харриет Брейкер бойынша:

    Жағымды қорғаныс- мақтау, асыралап қолдау, асыралап аяу.;шамадан көп кешірім сұрау: ақша, қолдау, сыйлық, өтірік күлкі жымию.

    Жағымсыз қорғаныс: сыйлық ретінде мәселелерден және ыңғайсыз жағдайлардан құтылу.

    Жүре келе қолдау:қорқыныш пен күмәнға жағымды климат тудырады.

    Жазалау: қорқыту, эмоционалды бопсалау, кінә сезімін тудыру.

    Жарақаттайтын біріздік әрекет- сөздік қорлау, ашу кернеу,басқа да қорқыту әрекеттерін жасау.

    Саймон келесі әдістерді көрсетті:

    Өтірік- адам шындықты айтып тұрғанын біз біле алмаймыз, яғни, оның шындығын кеш біліп жатамыз.

    Үндемеу арқылы алдау-нағыз шындықты ығыстыру.Бұл сонымен қатара пропагандада да қолданылады.

    Теріске шығару- манипулятор, өзі істемеген істі істеді деуге жеткізеді.

    Рационализация- манипулятор өзінің келеңсіз істерін ақтап шығады.

    Минимизация – теріске шығарудың бір түрі, рационализацияның бір түрі. Манипулятор өзінің ісі соншалықты жаман емес екендігін алға тартады. Мысалы оған айтқан қорлық жай ғана қалжын болды дегендей.

    Таңдаулы елеңбеу және таңдаулы елеңу- маниулятор қандай да бір затқа немесе қандай да бір әрекетке көңіл бқліп соны алға тартады.

    Тартыншақтау- манипулятор тура жауап бермей тақырыпты басқаға бұрады.

    Сылтау- ығысуға ұқсас, бірақ, тұрақсыз себеп айту, анықталмаған жауаптар.

    Жасырын қорқытулар- манипулятор қандай да бір қорқытулар арқылы өз айтқанын істетеді.

    Қате кінә- қорқытудың ерекше бір түрі. Манипулятор адамға оның эгоист екенін, нақты көңіл жетпейтінін және жеңіл ойлы екеніне жанамалайды.

    Өсек- кең таралған түр. Манипулятор жақтай отырып адамды жамандай алуы.


    написать администратору сайта