ТАырыбы Модуль 7 Ата ана денсаулыыны жасы болуыбаланы мір бойы денсаулыыны, дамуыны негізін алайды Модуль 8 Бала трбиесіндегі кеінен тараан мселелер. Тапсырма
Скачать 17.59 Kb.
|
ТАҚЫРЫБЫ: Модуль 7 «Ата ана денсаулығының жақсы болуы-баланың өмір бойғы денсаулығының, дамуының негізін қалайды» Модуль 8 «Бала тәрбиесіндегі кеңінен тараған мәселелер». ТАПСЫРМА: Келесі оқиғаны оқыңыз. Төменде көрсетілген тәрбие түрлерімен тәрбиелейтін ата аналардың осы жағдай бойынша не істейтінін жазыңыз. Сіз қай тәрбие түрін қолдайсыз? ОҚИҒА Сіз туысқаныңыздың 80 жылдық мерейтойына келдіңіз. Қонақтар уақытты көңілді өткізуде, барлығы бір бірімен сөйлесіп, көңілденіп отыр. Кенет сіз 2,5 жастар шамасындағы баланың айқайлап, өз анасын ұрғылап жатқанын көріп, естідіңіз. Ол ағасының қолындағы ойыншықты алғысы келеді, ал ағасы бергісі келмейді. Бұл ағасының жаңа ойыншығы болғандықтан онымен бөліскісі келмейді. Анасы бұған мән бермегендіктен бала еденге құлап, аяқ қолдарымен еденді тепкілей бастады. Бала өзін бақылаудан қалғаны көрініп тұр. Анасы балаға оны тыныштандыру үшін бұлай жасауға болмайтынын, ағасынан үлгі алуы қажеттігін айтып, айқайлай бастады. Осы уақытта әкесі араласып, баланы салып қалды. Анасы не істерін білмей, сізге (ол сіздің үй кеңесшісі екеніңізді біледі) сізден көмек сұрады. Ол бұндай жағдайдың күн сайын қайталанатынын, кіші баланың мінезімен не істерін білмейтінін айтты. Сіз қандай кеңес бересіз? Анасы толығымен өзін бақылаудан қалған баламен сөйлесуі керек пе? Бала анасының айтқандарын естіп немесе түсіне ме? Анасы баланың өзін ұруына мүмкіндік беруі керек пе? Анасы ештеңе болып жатпағандай кейіп танытуы керек пе? Ол баланы жазалауы керек пе еді? Ол балаға айқайлауы керек пе еді? Ол бұл мәселені шулы,қонақтар көп бөлмеде шешуі керек пе еді? Кіші баланы тыныштандыру үшін үлкен ағасындағы ойыншықты алып беруі керек пе? Авторитарлық тәрбие (балаға жоғары талап қою және нақтылықтың болмауы). Бұл тәрбие түрінде ата ана айтқан қатал талаптарды орындауы тиіс. Орындалмаған жағдайда баланы жазалау тәсілі қолданылады. Бұл жөнінде ата ана түсіндірме бере алмайды, мен айттым, болды орындалуы қажет деген түсінікте болады. Баланы өктемдікпен тәрбиелейтін ата аналар баланың ата ананы тыңдауы қажеттігіне аса қатал талап қояды, бірақ бала қажеттіліктері мен талапты орындай мүмкіндіктеріне мән бермейді. Өз бетімен жіберіп тәрбиелеу (талаптың аздығы) Бұл тәрбие түрінде ата аналар өз балаларына талапты аз қояды. Баланы тәртіпке шақырмайды, себебі олар баланың жетілуіне және өзіне бақылау жасауына аз мән береді, балаға талапты аз қояды. Балаларымен дос ретінде қарым қатынас жасайды, ата ана ретінде дұрыс пен бұрысты үйрете бермейді. Бала тәрбиесіне қатыспау (талап аз және нақтылық жоқ). (немқұрайлылық және аса өбектеу). Бала тәрбиесіне қатыспау деген балаға талапты аз қою, баламен қарым-қатынастың, сөйлесудің аздығы, нақтылықтың аздығы. Бұл ата аналардың басым бөлігі балалардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырғанмен, әдетте олар бала өміріне қатыспайды. Бала өмірінде қолайсыздықтар туындағанда бұл ата аналар баланың қажеттіліктеріне назар аудармайды, көңіл бөлмейді немесе қажеттіліктерін қанағаттандыруға дан бас тартады. Бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата аналарға қарама -қарсы аса қамқорлық танытып, өбектейтін ата аналар бар. Бұл ата аналар баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне шектен тыс алаңдайды. Бұл сырттай қарағанда бала үшін көңіл бөліп жатқандай болғанмен, шындығында олар өздері үшін алаңдайды. Олар бала өміріне қажеттіліктен артық қатысады. Олар баланың толығымен ата анаға тәуелді болғанын қалайды немесе керісінше баланың әлемін дені сау, ақылды, күшті етіп елестетеді. Баланы аса қатты өбектеудің себебі баланың олар күткен талапқа сәйкес еместігін жасыру мақсатында туындауы мүмкін. Кейде олар шындығында өз балаларын қалай бар, сол күйінде қабылдай алмайды. Ата аналар баланың шынайы мүмкіндіктерін ескермейді, жаңа іс әрекеттер үйреніп, ересек болуына мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде балалар өздерін қорғансыз сезініп, барлық жаңалықтан қорқады. Авторитетті (талап пен нақтылық бірдей). Авторитетті (беделді) ата аналар да бала орындауы қажет ережелерді талап етіп қояды, оны басқарады. Бірақ бұл тәрбие түрі барынша демократиялы. Авторитетті ата аналар өз балаларын тыңдайды, талаптарды түсіндіреді, бала сұрақтары мен аргументтеріне мән беріп, тыңдайды. Егер балалар олар күткен сенімді ақтамаса, жазаламайды, кешіре біледі. |