МАСТЕР КЛ. Таырыбы пвх материалынан лтты музыкалы аспап жасау Масаты
Скачать 0.74 Mb.
|
«Пригород орта мектебі» КММ Шебер класс «ПВХ материалынан ұлттық музыкалық аспап жасау» Ұйымдастырушы: Айдар С.Е. Тақырыбы: «ПВХ материалынан ұлттық музыкалық аспап жасау» Мақсаты: Қол өнершілер арасында қазақ халқының өнері жайлы білімдерін кеңейте отырып, ата - бабаларымыздың асыл қазыналарының бірі – ұлттық аспапты жасау өнеріне деген көзқарасын қалыптастыру. Шебер-класс барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Қатысушылармен амандасу. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Шаттық» шеңберін құру ІІ.Теориялық білім. «Қазақтың ұлттық аспабы және қолөнер» Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Шебердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптаған адамға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті ою-өрнектер адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады. Қазақтың музыкалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.Ертеде аспаптарды ағаштан ойып,түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен,мүйізі мен қылынан жасаған. Практикалық жұмыс Қауіпсіздік ережесі: Жұмысқа дейін: 1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат). 2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер. 3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орныңда артық ешқандай зат тұрмасын. Жұмыс кезінде: 1. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын. 2. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қесу, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 3. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 4. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама. 5. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. Жұмыстан кейін: 1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды мұғалімге тапсыр. 2. Жұмыс орныңды ретке келтір. «Қобыз макетін жасау технологиясы Мұнда қатысушылар практика жүзінде ПВХ материалынан қобыздың макетін жасайды. Жұмыс барысында қадағалап отырып, көмек беру. Қатысушылардың жасаған бұйымдарын тамашалау. Рефлексия «Блоб ағашы» |