Главная страница
Навигация по странице:

  • Ойын барысы

  • І. айналым «Ұшқыр ой»

  • ІІ айналым

  • ІІІ айналымды

  • Марапаттау.

  • Ұшқыр ой мен шешен тіл. Таырыбы шыр ой мен шешен тіл Масаты


    Скачать 17.86 Kb.
    НазваниеТаырыбы шыр ой мен шешен тіл Масаты
    АнкорҰшқыр ой мен шешен тіл
    Дата25.10.2022
    Размер17.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҰшқыр ой мен шешен тіл.docx
    ТипДокументы
    #754538

    Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

    Мақсаты:
    1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
    2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
    3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
    Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер.
    Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

    Ойын барысы:
    І. Ұйымдастыру.
    Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
    Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 7 сыныптарда өткізгелі отырған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!
    Бәйгеге түсіп жарыспай
    Жүйріктің бағы жанар ма?
    Білім мен өнер жарысып,
    Тәрбие, тәлім табар мән.
    Бұл бәйге ойдың бәйгесі
    Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Ойынға 3 топ қатысады. Ойын ІV айналымнан тұрады.

    I.айналым. «Ұшқыр ой»

    II.айналым «Құпия сандық»..
    III. айналым.«Ескірмейтін есті сөз».

    IV айналым. «Кім жылдам?»

    Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

    І. айналым «Ұшқыр ой»
    Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

    «Сұңқар» тобына:
    1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
    2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
    3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
    4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
    5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
    6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
    «Тұлпар» тобына:
    1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
    2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
    3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
    4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
    5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
    6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

    «Болашақ» тобына:
    1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
    2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
    3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
    4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
    5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
    6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

    ІІ айналым «Құпия сандық»
    Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады
    1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
    Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

    2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
    Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

    3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
    Бір үйден көрдім,
    Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

    Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

    4. Жұқа тақтай бөлшегі,
    Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

    5. Қалқиып екі құлағы,
    Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

    6. Жолбарыстан аумайды,
    Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

    7. Жеп көріп ем өзім мен,
    Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

    8. Бұлаңдаған құйрығы,
    Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

    9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
    Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

    ІІІ айналымды бастаймыз.«Ескірмейтін есті сөз». Бұл айналымда оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген сөздерге байланысты ырым-тйыйымдар айтып, жарысады

    От, мал, үй, күл, бас киім, нан, сыпырғыш, бесік, пышақ, ыдыс

    ІV айналым. «Кім жылдам?» Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек.
    1.Сүйінші

    2.Көрімдік

    3.Байғазы

    Марапаттау.


    Мұғалім: Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Осымен ойын аяқталды

    «Б. Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

    «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

    (интеллектуалдық сайыс)

    Өткізген: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

    Абуова Г., Мұратбаева Ы

    Шетпе, 2022-2023 оқу жылы


    написать администратору сайта