Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. «Эстафета кедер гілермен » Ойын шарты

  • 2. «Жүйрік паравоз» жарысы Ойын шарты

  • 3. «Эстафета доптармен» Ойын шарты

  • 4. «Эстафета обручьпен» Ойын шарты

  • 5. «Арқан тартыс» жарысы Ойын шарты

  • Тәрбиеш

  • спорт. спорт денсаулық кепілі. Таырыбы Спорт денсаулы кепілі


    Скачать 16.49 Kb.
    НазваниеТаырыбы Спорт денсаулы кепілі
    Анкорспорт
    Дата14.01.2023
    Размер16.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласпорт денсаулық кепілі.docx
    ТипДокументы
    #886708

    Тақырыбы: «Спорт - денсаулық кепілі»
    Мақсаты:     Спорттық  эстафеталық  жарыстарға  деген қызығушылықты арттыру.    Спортқа деге сүйспеншілігімізді  нығайту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, қалыптастыру.  Ептілікке шапшаңдыққа жаттықтыру.                  
    Көрнекі құралдар:  2 үлкен доп,,  2 ысқырық обручь, , 1 арқан, кедергілер.
    Тәрбиеші:
            Спорт деген азанда,
            Алады да тұрғызып.
            Еріншектік аз  онда,
            Бастайды ойын бір қызық.
            Аязда да тоңбайсың,
            Ыстыққа да күймейсің,
            Сергектікті қолдайсың,
            Жалқаулықты сүймейсің,
            Бақыт сенен қашпайды,
            Өнер білген пайдалы,
            Спорт соның айғағы .
             Бүгінгі мектепалды даярлық тобының арасында өткізгелі отырған , «Спорт денсаулық кепілі» атты жарысты бастайық!!!
    Ал, сайыскер балалар,

    Ешкімің жоқ алалар

    «Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

    Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,
    Өмірде бақыттысың денің сауда.
    «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
    Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
    Денің сауда күштісің бұл әлемде,
    Денің сауда сұлусың жер бетінде.

    Сол мықты денсаулықтың арқасында
    Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға

    1.     «Жұлдыз» тобын шақырамыз.

    2.     «Көжектер»  тобын шақырамыз.

    3. «Алпамыс» тобын шақырамыз

    Топтар бір-бірімен сәлемдеседі.
    Топтармен  таныстырып өтейік:

    Жарысымыз «4» турдан тұрады.
    1. «Эстафета кедергілермен» 

    Ойын шарты:  Екі топ , екі лепті сап тұрады бірінен соң бірі, жарысты бастап тұрған балаға кішкентай екі қорапша ұстады. Олардың алдында таяқшалар берілген , бір бала жүгіріп келе жатып, сол таяқшаға қорапшаны кигізу қажет және соңғы таяқшаны айналып , өзінің тобының колонасына барып соңыңда тұра қалады. Келесі ойыншы керсінше жүгіріп келе жатып кигізген қорапшаларды жинап аладыда келесі тұрған ойыншыға беріп сонығда тұрады. Дәл солай ойын жалғасады.        
    2. «Жүйрік паравоз» жарысы

    Ойын шарты:   Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.
    3. «Эстафета доптармен»

    Ойын шарты: бастап тұрған ойыншының қолында доп болады және алдында тачқша берілген. Сол допты ұстап, таяқшаны жүгіріп өту қажет бірақ допты құлатып алмай, жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді өзі соңынан тұра қалады. Дәл осылай жалғасады. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңімпаз атанады.

    4. «Эстафета обручьпен»

    Ойын шарты: Бірінші ойыншы отырып жүріп обручьпен жүгіріп өтіп,белгіленген жерден жүгіріп айналып топқа келіп,екінші ойыншы әрі қарай ойынды жалғастырады. Қай топ бірінші бітіреді сол топ жеңіске  жетеді.
    5. «Арқан тартыс» жарысы

    Ойын шарты:   Ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасында белгісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса, сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

    Жарыс заңы ежелден,

    Жеңімпазды анықтау,

    Жеңімпаз болу шарты сол,

    Еңбектену, жалықпау.

    Біреу озса сайыста,

    Біреу артта қалады.

    Бұл сайыста ренжімей,

    Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтаймыз.
    ( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).
    Тәрбиеші: Осымен  мектепалды даярлық тобының арасында өткізілген   «Біз шыныққан баламыз» атты  жарысымыз аяқталды.

                      Жарқын,шаттық заман болсын,

                      Бүлдіршіндер  аман болсын.

                      Сыйластық пен бірлік болып,

                      Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).


    написать администратору сайта