талдағ.каз-1. Таырыбы Талдаыштар физиологиясы
Скачать 4.35 Mb.
|
Тақырыбы: «Талдағыштар физиологиясы».Дәріс жоспары: 1. И.П.Павловтың анализаторлар (талдағыштар) туралы ілімі 2. Рецепторлардың жіктелуі 3. Тітіркендіргіш әсерінен рецепторлардың қозуының механизмі 4. Талдағыштардың морфо-функциялық ерекшеліктері 5. Көру талдағышы. Анализатор яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап, құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйеТалдағыштар бөлімдері (И.П. Павлов): 1. Шеткі (рецепторлық ) бөлімі - түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау. 2. Аралық, өткізгіш бөлімі (афференттік талшықтар, нейрондар, қыртысасты орталықтары) - ақпараттарды рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізу 3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері) -афференттік сигналдарды талдап құрастыру Рецепторлардың жіктелуі:I. Сезім түрлеріне байланысты: - көру рецепторлары есту рецепторлары дәм сезу рецепторлары жанасу сезу терморецепторлар проприорецепторлар вестибулярлық (тепе-теңдік) ауырсыну сезу иіс сезу II. Рецепторлардың орналасуына байланысты: I. Шетте орналасқан (экстерорецепторлар) - есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, жанасу II. Іште орналасқан (интерорецепторлар) а) вестибулярлық және проприорецепторлар (қимыл-тірек аппаратының рецепторлары) б) висцерорецепторлар-ішкі ағзалардың рецепторлары III. Тітіркендіргіштер табиғаттарына байланысты: 1. Фоторецепторлар - көру; 2. Механорецепторлар - есту, жанасу, сезу, вестибуло-проприорецептор; 3. Хеморецепторлар - дәм, иіс сезу; 4. Терморецепторлар. Ауырсынуды (ноцицепциялық) сезу - ерекше түрі Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері: 1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш элементтерден, ал соңғы-үлкен ми сыңары қыртысының нейрондары болып табылады. 2. Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатындағы жүйке элементтері көптеген жолдары арқылы бір- бірімен байланысады. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. 3. Талдағыштардың құрылымында сезіну “алқымы“- “воронка“ деген кездеседі. Олардың шектес қабаттардың элементтері санына байланысты. Кеңейетін және тарылатын “алқымдар“ түрі болады. Олардың физиологиялық маңызы: тарылатында – керек емес ақпаратттарды жеткізбеу, ал кеңейетін де - әртүрлі сигналдарды жете және өте терең талдауға мүмкіндік жасау. 4. Талдағыштардың тура (тік) және көлденең дифференциясы (ажыратылуы) болады. Тура да – әр қабатта жатқан нейрондардың жеке қызметтері болады. Көлденең де бір қабатта жатқан элементтердің қызметі әртүрлі болуы. Физиологиялық ерекшеліктері: 1. Талдағыштар адекватты (өзіне тән) тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. 2. Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың сезімталдығы төмен болады 3. Адаптация - талдағыштардың ұзақ әсер ететін тітіркендіргіштер күшіне бейімделуі 4. Вебер-Фехнер заңдылығына бағыну. Тітіркенудің сезілетін күш өсімі алдыңғы әсер еткен күштің белгілі бір мөлшеріне жетсе, яғни сол күштің 1/30 бөлігі болса ғана ол түйсінілетін болады. Мынадай теңдеумен көрсетіледі: I/I = constanta; I – тітіркендіргіш күші, I – күш өсімі. 5. Ақпаратты тану, өңдеу және кодтау. Тітіркендіргіштер туралы ақпараттар топтасқан серпіністер арқылы миға жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады (амплитудасы, ұзақтығы, формасы), топтар (пачка) ішіндегі серпіністердің саны, жиілігі, уақыты тітіркендіргіш түріне байланысты. КӨРУ сезім жүйесі миға келетін барлық сенсорлық ақпараттың 90%-ін жеткізеді. Көз ағза ретінде 2 бөлімнен тұрады: Жарық сәулесін сындыратын; - Жарық сәулесін қабылдайтын (торлы қабат). Жарық сәулесін сындыратын жүйелер:Мөлдір қасаң қабық Алдыңғы камера Көзбұршағы Шыны тәрізді дене Адам көзінің сындыру күші: - алыстағы заттарға қарағанда - 59 Д болады; - жақын тұрған заттарға қарағанда - 70,5 Д болады. Көз рефракциясының кемістігі және оның коррекциясыЖақыннан көргіштік (миопия) - екі жағы ойыс әйнек Алыстан көргіштік (гиперметропия) - екі жағы дөңес әйнек Пресбиопия – кәрілік алыстан көргіштік Астигматизм (қасаң қабық пен көз бұршағында жарық сәулелердің бір нүктеде қиылыспауы) - цилиндрлі әйнек Сфералық аберрация-көз бұршағының шетінен өткен сәулелер оның ортасынан өткендерге қарағанда күштірек сынады. АККОМОДАЦИЯ.АККОМОДАЦИЯ. Аккомадация (көздің икемделісі) әр түрлі қашықта орналасқан заттардың бейнесін анық көру қабілетін аккомодация дейді. Аккомадация механизмі - көз бұршағының дөңестігін өзгертетін кірпікті бұлшықеттердің (цилиарлы бұлшықет) жиырылуымен байланысты. Пресбиопия (қарттардың алыстан көргіштігі) – аккомодация процессінің әлсіреуі. Көз бұршығының серпінділік қасиетінің төмендеуінен пайда болады. Көру талдағыштың бөлімдері:1. Шеткі бөлімі: торлы қабықтағы фоторецепторлар: I. - Таяқшалар (110-115 млн); - Сауытшалар (6-7 млн). II. Биполярлық нейрондар қабаты III. Ганглиоздық нейрондар қабығы Фоторецепторлар торлы қабық бетінде әркелкі орналасады: 2. Өткізгіш бөлімі: Көру жүйкесі (n. opticus) мидың негізінде хиазма (көру жүйесінің қиылысқан жері) ортаңғы ми (алдыңғы жоғарғы төрт төмпешігі) аралық ми (латералды бүгелмелі денелер). 3. Орталық бөлімі: Ми сыңарлары қыртысының шүйде бөлімінде, тепкі сайының (fissura calcarina) аймағы. Көру пигменттері:Көру пигменттері: - Таяқшалар – родопсин; - Сауытшалар: - иодопсин, қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді; - хлоролаб - жасыл түске сәйкес; - эритролаб - көк түске сәйкес. |