Главная страница
Навигация по странице:

  • «ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды»

  • Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба

  • 1. А. Байтұрсынов кім

  • 17. ҚР - ның астанасы қай қала

  • 4-Тіл тәрбие сағат. Таырыбы Тіл достыты алтын кпірі


    Скачать 18.19 Kb.
    НазваниеТаырыбы Тіл достыты алтын кпірі
    Дата24.10.2022
    Размер18.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4-Тіл тәрбие сағат.docx
    ТипДокументы
    #752352

    Тақырыбы: «Тіл – достықтың алтын көпірі»
    Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.
    Міндеттері:
    1. Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
    ой – өрісін кеңейту;
    2. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
    Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.
    Барысы:

    1. Ұйымдастыру бөлімі (сәлемдесу, жағымды атмосфера орнату)
      2. Негізгі бөлім.

    Мәтінмен таныстыру : Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
    Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
    Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
    Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

    Халық  өзінің  тілін  ең  ардақтысы  деп  санайды,  оны  ерекше  сүйеді.  Қырғыз  ақыны 

    Сарноғайовтың  айтқанындай,  «ана  тілін  сүймеген  адам,  халқын  сүйіп  те  жарытпайды». Оқушылар сіздердің тіл туралы ойларыңыз?.
    Туған тіл

    Кімнен тудым?
    Нәсілім кім?

    Ұлтым кім?
    Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
    Бұлт емеспін.
    Мен қазақпын,
    Халықпын,
    Көне күннен келе жатқан тарихпын!
    Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
    Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
    Туған тілде намысым мен арым дар,
    Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
    Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
    Өз тілінде қиқулайды құстар да,
    Өз тілінде кісінейді құлыншақ...

    Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
    Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
    Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
    Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
    Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
    Туған тілде сыры терең жаным бар,
    Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
    Туған тілде әнім менен сәнім бар!
    Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
    Нанбасаңдар,
    Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
    Оқушыларға сұрақтар қою.

    Тіл - ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы.    Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты.Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы.  Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.

    Өткірдің  жүзі,

    Кестенің  бізі,

    Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз.

    3.Сұрақ – жауап бөлімі

    1. А. Байтұрсынов кім?
    2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
    3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
    4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
    5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
    6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(А.Байтұрсынов)
    7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
    8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
    9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
    10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
    11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
    12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
    13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
    14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
    15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
    16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)

    17. ҚР - ның астанасы қай қала?
    18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
    19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
    20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)

    4. Мақал – мәтел айдары
    Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
    1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
    2. Бал тамған тілден...(у тамған)
    3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
    4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
    5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
    . 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
    7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
    8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
    9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
    10. Тіл қылыштан... (өткір)
    11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
    12. Тілден артық...(қазына жоқ)
    13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
    14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
    15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
    16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
    17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
    18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
    19. Басқа пәле -...(тілден)
    20. Білім кілті -... (тіл)
    21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
    Қорытынды:

    Қаншама мақал мәтелдер, қаншама ойлар айтылды, ендеше 1 минуттық эссемен ойымызды аяқтайық!

    Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
    Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
    Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
    Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
    Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.


    написать администратору сайта