Главная страница
Навигация по странице:

  • Туған өлке соқпақтары

  • Далалық зерттеу жұмыстары

  • Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің 8 - сынып оқушысы

  • Жетекшісі

  • Тінәлі жоба. Таырыбы Туан лкем Тінлі


    Скачать 6.1 Mb.
    НазваниеТаырыбы Туан лкем Тінлі
    Дата29.03.2022
    Размер6.1 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТінәлі жоба.docx
    ТипДокументы
    #424082


    Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебі



    Тақырыбы: “Туған өлкем – Тінәлі”




    Орындаған: Болат Мырзагелді 8 - сынып оқушысы

    Жетекшісі : Кыдырова А.А

    2021 -2022 оқу жылы

    Мазмұны:

    1. Туған өлке соқпақтары- өңірімізде жүзеге асырылған туристтік – өлкетану экспедициясы. Экпедиция мақсаты.

    2. Кіндігімнің жас қаны, тамған жері – ауылым.

    3. Тінәлиев Ишанғали

    4. Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебі

    5. Тінәлі медециналық пункті

    6. Тінәлі ауылдық кітапханасы

    7. Далалық зерттеу жұмыстары

    8. Қорытынды




    Туған өлке соқпақтары

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы — Елбасы Жолдауының рухани жалғасы. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны! «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі. Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Таяу он жылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек дегенді айтады. Бұл рухани жаңғырудың жалғыз шарты. Президент мақаласы Қазақстан халқының мінезін, сындарлы ұлттық басымдықтарды қамтып, ұлттың мәдени кодын көрсетеді. Президент біздің негізгі рухани құндылықтарымыздың даму бағыттарын баяндаған: ғылым, мәдениет, білім. Еліміздің әр азаматы үшін бағдар болып отырған бірігудің және жалпы ұлттық ұқсастықты нығайтудың жаңа концепциясы ұсынылған.  Елбасының мақаласында белгіленген бағдарламалық мақсаттарды іске асыру жастарда патриотизм мен азаматтық ұқсастық сезімін одан бетер нығайтады. Қазақстан халқының қоғамдық келісімінің және бірлігінің нығаюына жағдай жасайтын болады. Патриотизм ортақ тарих пен мәдениеттен, тілден, отбасынан бастау алады. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істері мен қуаттанып, нығайтылуы тиіс.  Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.  Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту.

    Кіндігімнің жас қаны , тамған жері – Ауылым



    Мақсаты :
    Туып –өскен ауылымыздың тарихын , біздер сияқты оқушылар , жас ұрпақтар оқып – үйреніп, зерттеу жұмыстарын үзбей жалғастырып, келер ұрпаққа, ата-бабаларымыздың ерен еңбектерін ,қиындықтарға мойымай Отанына деген адал қызмет еткендігін көрсету , өткен тарихымызға құрметпен
    қарауға үйрету.

    Ауылымыз Орал – Атырау тас жолының сол жақтауынан шығысқа қарай 2 шақырым , Лбішін ауылынан 12 шақырым оңтүстік қашықтықта 1932 жылы Лбішін совхозының № 2 және ауылдан 1,5 шақырым оңтүстік шығыс бағытында № 4 мал фермасы болып іргетасы қаланды және ауылымызға Кеңтүбек1 ( Бурцеллез –1) , Кеңтүбек 2(Бурцеллез– 2), Райка , Парфель, Кирка, Антошка, Мартемьян қыстақтарында мал өсірілді.



    Ел тәуелсіздігі жарияланған алғашқы жылдардан округ аумағындағы елді- мекендердің атаулары тұрғындардың сұрауы бойынша Қазақстан Респуликасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы ҚР-ның Заңына сәйкес, 1994 жылғы 4 сәуіріндегі № 53 қаулысымен, аудан әкімшілігінің пікірі ескеріліп, атамыздың құрметіне ауылымыздың бұрынғы № 2 ферма, тоғызжылдық мектеп, көшеміздің атауы Тінәлиев атауы берілгендігін мақтан тұтамыз.

    Қазір ауылымызда :

    2019 жылғы есеп бойынша – 257 адам
    58 үй , 5 үй бос тұр , 53 жанұя тұрады.
    1 негізгі жалпы білім беретін мектеп
    1 Ауылдық кітапхана
    1 Ауылдық емхана
    35 монша
    26 құдық
    2 кәсіпкер
    5 шаруа қожалығы
    47 отау қондырғысы
    45 үй көгілдір газбен қамтамасыз етілген



    Тінәлиев Ишанғали ( 1904 – 1983 жж.)
    1904 жылы Орал облысы Жаңақала ауданы, Бірлік ауылында , орта шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан мал шарушылығының
    қыр-сырын жақсы игере білген Ишанғали ата ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі асыл тұқымды ірі қара сиыр және қаракул қой шаруашылығын дамытуға өзінің орасан зор үлесін қосты. 1953 жылы осы ауылда Аққалиева Қазимамен бас қосып , еңбек ете жүріп 2 қыз ,3 ұл тәрбиелеп ұлдарын ұяға – қыздарын қияға қондырған елге үлгілі
    ата-ана бола білді.
    Атамыздың адал еткен еңбегі , төккен тері сол кездегі үкімет тарапынан да ескерусіз қалмады .
    1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылық онкүндік слетінде Отанына адал қызметі үшін және социалистік жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз болғаны үшін , сол кездегі ең жоғарғы марапат Ленин орденін омырауына тағып, заттай сыйлықпен мараптталды.
    Атамыз зейнеткерлікке шықса да талмай Отанына еңбек етті. 1983 жылы шілде айында 79 жасында дүниеден өтіп, осы ауылдың зиратында жерленді.

    Қазіргі таңда Ишанғали атамыздан тараған тұңғышы қызы Ұлдай Қабыл ауылында, үлкен ұлы Сейсенғали және кенжесі Төлеуғали Орал қаласында, екінші қызы Айман Чапаев ауылында, ал ортаншы ұлы Қайырбек қара шыңырақ иесі осы Тінәлі ауылында тұрады.



    Мына суретте Ишанғали атамыздың жұбайы Қазима әжеміз кенже ұлы Төлеуғали және келіні , немересімен бірге



    Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебі
    1994 жылдан бастап Ишанғали Тінәлиев атамыздан атында



    Ұстазым, менің - ұстазым





    Ұлағатты ұстаз, 40 жыл жас ұрпақтарды білім нәрімен сусындатқан, қазіргі таңда зейнеткерлік демалысында , бірнеше аудандық, облыстық және Респуликалық мадақтау қағаздарымен, сонымен бірге Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Хабиева Лиза Газизденқызын мақтанышпен айта аламыз.



    Батыс Қазақстан обылысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Ақжайық аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Лбішін дәрігерлік амбулаториясы Тінәлі медециналық пункті 1981жылдан бері тұрғындардың денсаулықтарын емдеу және өмірлерінің ұзақ болуына қызмет ету мақсатында жұмыс істеп келе жатырған мекеме.



    Тінәлі медециналық пункті (ФАП- ның) 2005 жылы салынып халыққа жаңаша қызмет көрсетуде. 2015 жылдан бастап, тәжірибелі ауылдық фельдшер Казиева Гулфайруз және 3 маусымдық газ операторлары,2 күзетші, 1 кіші қызметкер жұмыстануда , 2009 жылдан бастап көгілдір газ берілді.

    Ауылдық фельдшер жасөспірімдерді қабылдауда.





    Ауылдық кітапхана 1967 жылы карша-2 деген атаумен,1978 жылы мәдениет бөлімі ,1993 Тінәлі ауылдық кітапханасы болып аттары өзгеріп тұрды. 1982 жылдан – 1986 жылға дейін Қайсеева Баян, 1986-1993 жылдары Құлбаева Гүлбаршын, 2003 бері Айтжанова Айжан Асқарқызы оқырмандарға қызмет көрсетуде.

    Далалық зерттеу жұмыстары

    Ауылдан 800 метр оңтүстік бағытында халық арасында 6 қора аталып кеткен үлкен кешенді нысанның орны бар. Өткен ғасырдың 80 жылдарында каракул қойын сауықтыру-емдеу үшін салынған , қасында 10 метр жерде кезінде мал суаруға арналып қазылған мөлдірде, тұщы суы болған 8 метр жерде су құятын биіктігі 12 метр мұнарасының , сәл оңға қарай 10 метр жерде малға жем тартып, уатып беретін нысандарының орындары (үйінділер) бар. Қораның шығысына қарай күйдірілген қызыл тастан салынған көлемі 10х20 метр 2 үйдің және 7х4 метрден 2 сарайдың орынының үйіндісі бар.

    1- нысан құдықтың орны, көлемі 3х4 метр
    2 – нысан су мұнарасының орынының көлемі 3х2 метр






    3- нысан жем уатқыштың орыны цементтен құйылған құдық тәріздес жалпы көлемі 4х10 метр астауша.
    4- нысан цементтелген көлемі 4х5 метр, биіктігі 1 метр жол.






    5- нысан қораның ені 9 метр



    6 – нысан қораның ұзындығы 55 метр



    7 – нысан әр қораның арасының қашықтығы 23 метр



    8-9 нысан малшыларға салынған қызыл тас үйдің 10х20 метрден 2 үй және 7х4 метр 2 сарайдың үйіндісі орыны.



    Ауызша айту бойынша оқушылардың жоғарыда айтылған далалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде комплексті қораның жиынтық сызбасы нұсқасы . Жалпы көлемі екі үйдің орынын есептемегенде 9285 кв.м.



    Қорытынды

    Болашақта жұмыстану керек:
    - Оқушылардың жоғары немесе арнаулы оқу орындарына грантпен түскендері ;
    - Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы деректер;
    - Мектепті және ауылды әр кездері басқарған басшыларын \ фотосуреттер \
    - Қазіргі әсіресе ауылға, жетім-жесірлерге , мектепке демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтары туралы деректер;


    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

    2. «Ақжайық ауданы энциклопедиясы» 2005ж.

    3. «Туған өлке – тұнған шежіре» , 2013ж.


    Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің 8 - сынып оқушысы

    Болат Мырзагелдінің «Туған өлкем - Тінәлі»
    атты жобасына

    Пікір

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы небәрі ширек ғасырлық жасына келген тәуелсіз Қазақстанның болашағына бағдар беретін аса маңызды құжат. Аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.  Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту.

    Болат Мырзагелді туған жерінің тарихын, тарихи орындарын, танымал тұлғаларын зерттеп осы жобалық жұмысқа көп күш салды. Кішкентай ғана сәби жүрегінен туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет байқалады. Жобалық жұмысты зерттеу барысында жергілікті өңірдің басылым беттерінен, ауыл адамдарынан мәліметтер жинады. Оқушы бойында ізденуге деген құлшыныс бар. Тарихи деректер көздерін пайдалана отырып, жүйелеп, оларға баға беруге үйреніп , соңында осы айтарлықтай күрделі жұмысты жазып шықты. Мырзагелді ғылымға бейімді, білімі нақты, ойы жүйрік, мәліметтерді жылдам қабылдап, терең және жан-жақты салыстыра зерттеуді жүргізе алатын, байыпты, кішіпейіл оқушы.

    Жетекшісі:

    Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің

    Математика пәні мұғалімі

    Кыдырова Асыл Акболатовна






    написать администратору сайта