Таырыбы Windows операциялы жйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы
Скачать 1.18 Mb.
|
Жылдық төлемақыны есептеу үшін келесі: =ПЛТ(В3;В4;В5) формуланы пайдаланыңыз; Проценттік төлемақы: =ПРПЛТ($B$2;A7;$B$3;$B$5) формуласымен есептеледі, мұны қалған ұяшықтарға да көшіру қажет; Негізгі төлемақы : =ОСПЛТ($B$2;A7;$B$3;$B$5), формуласымен есептеледі, мұны қалған ұяшықтарға да көшіру қажет; Қалған қарыз = алдыңғы қарыз – негізгі төлемақы , яғни =B7+D7 («+» болатын себебі негізгі төлемақы теріс сан болғандықтан), формуласымен есептеледі, бұл формуланы да қалған ұяшықтарға көшіру керек; В8 ұяшыққа : =Е7 формуласы жазылады; 5-ші жылғы қарыздың қалғаны 0 болуы тиіс, сонда қарыз немесе ссуда толығымен өтелген болып есептеледі. 5- жаттығу. Айталық сіз 60 000 теңгеге компьютер алдыңыз. Оның пайдалану мерзімі (срок эксплуатации) 5 жыл , ал содан кейінгі құны 10 000 теңгеге бағаланады. Компьютердің әрбір пайдаланылған жылдағы құнының қаншаға төмендейтінін табыңыз. Бұл есепті АПЛ(нач_стоимость; остаточная_стоимость; время_эксплуатации) формуласын пайдаланып шығарасыз. 6-жаттығу. Айталық сіз 60 000 теңгеге компьютер алдыңыз. Оның пайдалану мерзімі (срок эксплуатации) 5 жыл , ал содан кейінгі құны 10 000 теңгеге бағаланады. Компьютердің бірінші және бесінші жылдардағы амортизация құнын табыңыз. Бұл есепті АСЧ(нач_стоимость; остаточная_стоимость; время_эксплуатации; период) формуласын пайдаланып шығарасыз. Өздік жұмыс тапсырмалары: (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген 15.4, 15.5, 15.6, 15.7, 15.8 -кестелерден алынады) Сіз банкке П% жылдық ставкамен В мың . теңгені N жылға саласыз. N жылдан кейін сіздің есепшотыңызда қанша ақша болады? 15.4-кесте
П% жылдық ставкамен N жылға берілген Т мың. теңге займның К жылдағы проценттік төлемақысын есептеңіз. Проценттік өсім квартал сайын қосылып отырады деп есептеңіз . 15.5-кесте
|