Главная страница
Навигация по странице:

  • Диаграммаларды редакциялау

  • График функции

  • Диаграммы

  • Шикізат түрі 2001 ж . 2002 ж . 2003 ж .

  • Нұсқа № 1 - тапсырма 2 - тапсырма

  • Бақылау сұрақтары

  • ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9

  • Таырыбы Windows операциялы жйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы


    Скачать 1.18 Mb.
    НазваниеТаырыбы Windows операциялы жйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы
    Дата02.11.2022
    Размер1.18 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаinformatika-pnnen-zerthanaly-zhmystar (2).docx
    ТипПрограмма
    #767476
    страница9 из 23
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


    Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм ) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады.

    Диаграммаларды редакциялау диаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатын Диаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға:

    • Диаграмма типі мен форматын өзгерту;

    • Бастапқы берілген мәліметерді өзгерту, яғни:

    1. Диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту;

    2. қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту;

    3. Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту;

    4. Диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту;

    5. Диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.

    1. жаттығу: y=cos2(2x)sin(x)+e-x│x│ функциясының графигін, х аралығында 0,1 қадаммен тұрғызу.





    5-сурет


    1. Жұмыстық бетте (Лист1) 5-суреттегідей кесте құрыңыз;

    2. В3 ұяшыққа =cos(2*A3)^2*sin(A3)+exp(-3)*ABS(A3), формуласын енгізіп , бұл формуланы қалған ұяшықтарға Толтыру маркерін пайдаланып көшіріңіз;

    3. Функция мәндерін (У-тің мәндері) белгілеп алып Диаграмма шеберін іске қосыңыз;

    4. Диаграмма типін – График таңдаңыз;

    5. Ряд жапсырмасындағы, ПодписиосиХ жолағына курсорды орналастырып алып жұмыстық беттегі кестедан Х- тің мәндері орналасқан диапазонды белгілеңіз;

    6. Диаграмма параметрлерін өз қалауыңызша өзгертіңіз;

    7. Диаграмманы өзіңіз жұмыс жасап отырған бетке ( в данном листе) орналастырыңыз және беттің атын График функции деп өзгертіңіз.


    2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу.






    6-сурет


    1. Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;

    2. Кестедағы Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

    3. Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:

    • Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

    1. Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;

    2. Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп , пайда болған терезеден Круговая типін таңдаңыз;

    3. Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

    • Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .

    1. Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.

    Өздік жұмыс тапсырмалары:

    (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

    8-кестедан алынады)

    1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,1 қадаммен тұрғызыңыз /8-кесте, 1-тапсырма/.

    2. Төмендегі қосымша кестеда /8.1 -кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек болғандықтан, соған сәйкес /8-кесте, 2- тапсырма/ типті таңдаңыз.

    8.1-кесте

    Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері

    Шикізат түрі

    2001ж.

    2002 ж.

    2003 ж.

    Электр энергиясы, млрд. кВт/сағ.

    167

    173

    177

    Мұнай, млн.тонна

    516

    399

    307

    Табиғи газ, млрд. м3

    641

    640

    595

    Көмір, млн. тонна

    395

    337

    262

    Темір рудсыа, млн. тонна

    107

    82

    78

    Ағаш, млн. м3

    242

    183

    93

    Балық және т.б. теңіз өнімдері , млн. тонна

    8

    6

    4


    Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы,

    ең төменгі көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.

    8-кесте

    Нұсқа

    1 - тапсырма


    2- тапсырма

    1

    x

    ;


    Уақыт бойынша өзгерісті және шикізат түрлері бойынша көрсеткіштер арасындағы қатынасты


    2

    y=


    Шикізаттың әрбір түрі жалпы өнімнің қанша бөлігін алатынын (2003 жылғы)


    3

    y=


    Әрбір жылғы мұнай өндіру көрсеткішін


    4

    y=


    Әрбір жылғы көмір өндіру көрсеткішін




    Бақылау сұрақтары:


    1. Excel кестелық процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге болады?

    2. Функциялардың қандай категорияларын білесіз?

    3. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?

    4. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады ?

    5. Диаграмманы редакциялауға не жатады?



    ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9

    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


    написать администратору сайта