инклюзив. срсп инклюзив 10 такырып.Қалжан Нұрайым (копия) (копия). Таырып 10 Ерекше білім беру aжеттіліктері бaр бaлaлaрды леуметтендіру мен трбиелеуде педагог пен отбaсыны байланысы Педагог пен отбасыны бірлескен трбиелік шараларды формалары
Скачать 29.28 Kb.
|
Тақырып 10: Ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысы Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары. Қазіргі таңда отбасына, әлеуметтік институт ретінде, үлкен назар аударылады. Көптеген мамандар отбасын үлкен реабилитациялық мүмкіндіктері бар құрылым ретінде қарастырады. Даму бұзылыстары бар, сонымен бірге туылғаннан мүгедек балаларға әлеуметтік қорғау жасауда және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде орын табатын қиындықтарды пәнаралық жүйелі бағыттарда зерттеу қажет (Л.М.Шипицина, С.В.Ковалев, Е.М.Мастюкова және т.б.). Инклюзивті білім беруді дамыту іс-шараларын жоспарлауда бала мен оның отбасын жүйелі әлеуметтік зерттеу, жалпы білім беретін мектептің оқу процесіне баланы нәтижелі қосуға кедергі болатын қиындықтарды, кедергілерді, асуларды бағалау маңызды рольді алады. Инклюзивті білім беруге жайлы орта жасау үшін білім беру және түзете-дамыту процестеріне ата-аналар белсенді қатысулары керек. Отбасы күрделі ішкі құрылымға, өзіндік психологиялық құрылымға және ерекше функцияларға ие. «Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі болып келесі қызметтер табылады: 1) түзете-дамыту, 2) орын толтыру және реабилитациялау (мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік статусын қайта құру, балаға материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру). Даму бұзылыстары бар балалардың туылуы ата-ананың қоршаған ортаға, өздеріне, өз баласына, басқа адамдарға және өмірге көзқарастарын өзгертеді. Жалпы білім беру мектебінде оқуда мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік–биологиялық және эмоционалды, іс-әрекеттік бейімделуінде отбасындағы қарым-қатынас маңызды роль ойнайды. Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі мүмкідігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге жүйелі көмек пен қолдауды қажет ететін отбасыларын да білуі керек. Даму бұзылыстары бар балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін, отбасылық тәрбиелеу стильдері мен типтерін, сонымен қатар мүгедек-балалардың отбасыларын, заманауи ой-пікірлерді зерттеу керек. Даму бұзылысы бар баланың туылуы ананы стресс жағдайына түсіреді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына тәуелдік деңгейі өте жоғары, әлеуметтік ортамен өзара байланысқа түсу дағдылары шектелген. «Ерекше» баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселесі ата-ана үшін өте ауыр болады, олар күрделі психологиялық жағдайға ұшырайды. Мұндай отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек керек. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жүргізілетін жұмысқа гуманизм позициясынан қарап, ата-ананы баланы келешек өміріне ерте дайындауына бағыттау қажет. карьерасының, өзіндік жоспарларының жойылуы «өмір аяқталды» деген сезімдер физикалық/моральдық жүктеменің артуы төмен өзіндік бағалау депрессиялық күй қорқыныштар, ұялу стресс, истерика қызығушылықтың жоғалуы психикалық тонустың төмен болуы қоршаған ортамен қарым-қатынастарының тарылуы «жалғыздықты» сезіну, ажырасу достары, туыстарымен қарым-қатынастарының шектелуі Даму бұзылыстары бар баланың туылуы жиі ажырасуға соқтырады. Себептері: 1) мінез өзгерістері (әйелінің, күйеуінің); 2) жиі ұрыстар; 3) сезімдердің жойылуы; 4) тағы «даму бұзылысы бар баланың туылуынан» қорқу; 5) даму бұзылысы бар баланың анасымен оның өзінің ата-анасы арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы; 6) Қазақстандық отбасыларында отбасының ішкі күйімен байланысты мәселелер, балаларды оқыту, тәрбиелеу – әйел баласының мойынында. Даму бұзылысы бар баланың әкесі отбасының экономикалық жағдайына жауап береді, яғни «ерекше» баланың туылуы тек ананың ғана «өмірін» өзгертуге мәжбүрлейді, яғни әкесі үйреншікті әлеуметтік қарым-қатынастардан шектелмейді, сондықтан әкесінің психикасы, анасына қарағанда, патогенді әсерге соқтырылмайды. Ата-аналардың білім деңгейлері де әр түрлі: - көптеген мүмкіншілігі шектеулі балалары бар аналар өз жұмыстарын тастауға немесе өзгертуге мәжбүр; - ана материалдық тәуелді жағдайға түседі; - стресс жағдайы ананың өзінде де аурулардың пайда болуына соқтыруы мүмкін, патологиялық байланыс пайда болады: психогендік стресс, түрлі соматикалық немесе психикалық аурулар; - физикалық жүк (әсіресе БСА балалары бар отбасыларда); - қайталанған психозақымдар: жеңіл түрлері – көліктегі қақтығыстар, басшымен, өз ата-анасы, туыстарымен қақтығыстар; ауыр түрлері – жолдасының отбасынан кетуі, ажырасу, жақын адамның өлімі. Психологиялық қорғаныс деңгейінде (эмоционалды-әлеуметтік стресс) – невротикалық күйлердің дамуына негіз болады. Г.Н.Волковская, А.И.Захаров, М.М.Либлинг, Н.В.Мазурова, И.И.Мамайчук, Г.А.Мишина, Л.И.Солнцева, В.В.Ткачева, Е.М.Мастюковалардың зерттеулерінде анықталғаны: кез-келген даму бұзылыстары бар баланың ата-анасымен өзара байланыстарында қақтығыстары бар. Балалардың жекетұлғалық дамуымен ата-аналар қарым-қатынасындағы тенденциялар (көріністер): 1) әрбір даму бұзылысы бар балаға ата-анасымен деңгейлі эмоционалды-жағымды байланыс қажет; 2) ата-ана – бала қарым-қатынасының жеткіліксіздігі және адекватты еместігі ата-ананы басқа субъекттермен алмастыруда көрініс табады; 3) ата-аналардың балаларға адекватты емес қарым-қатынасы олардың нәтижелі іс-әрекеттерінде бейнеленеді. Инклюзивті мектепте, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен келесі міндеттер шешілуі тиіс: - ата-аналардың жағымды өзіндік бағалауларын қалыптастыру, үрейлікті жою; - өзіндік талдау іскерліктерін дамыту және психологиялық кедергілерді жеңу; - бала мен ата-ана қарым-қатынасын дамыту; қоршаған ортамен жағымды, адекватты қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру. Жоғары деңгейлі моральды жауапкершілікті тәрбиелеу Қарама-қайшылықты тәрбиелеу авторитарлы гипер-әлеуметтену Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік әлемге бейімдеу, қоғамның бір бөлігі ретінде өзін-өзі тану, баланың қоғамда қабылданған қарым-қатынас нормалары мен ережелерін игеруі. Сонымен қатар, жобаның басты мәселелерінің бірі - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты қабылдау мен эмпатияны дамыту. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың демалысын және дамуын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін белсенді жұмыс түрлерін енгізу. • балалар қоғамнан оқшауланған сезінбейтін, қарым-қатынасты жоғалтпайтындай жағдай жасау; • ерекше балаларды медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, олардың мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін жағымды іс-шараларға тарту; • ерекше балалары бар отбасыларға психологиялық көмек көрсету; • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында коммуникативті дағдыларды дамыту; • қоғамдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдау мен олардың жанашырлығын дамытуға ықпал ету. - балалардың әлеуметтік іс-шараларға, әр түрлі деңгейдегі шығармашылық байқауларға қатысуы; - әлеуметтену процесінде өзін-өзі сәтті жүзеге асыру мүмкіндігі; - отбасында және құрдастарымен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау және дамытушылық мінез-құлық дағдыларының болуы; - қоғамдағы ерекше балаларға деген оң көзқарасты қалыптастыру; - ерекше балалары бар отбасылардағы әлеуметтік-психологиялық шиеленіс факторларын төмендету. Аталмыш балалармен жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар педагог-психолог; логопед; тифлопедагог; әлеуметтік педагог; қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері және мектеп әкімшілігі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік бейімделуі деп қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын бойына сіңіру арқылы баланың әлеуметтік орта жағдайына дағдылануының арнайы ұйымдастырылған үздіксіз білім беру процесі түсініледі. Егер біз психологиялық жарақат алған балалар, жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар туралы айтатын болсақ, онда әлеуметтік бейімделу мен оңалтудың арнайы шаралары қажет, бұл балалардың осы санаттарын қоғамға еніп қана қоймай, сонымен бірге олардың шығармашылық және жұмыс қабілеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Әлеуметтік бейімделу тұрғысынан алғанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобы бейімделу қабілетінің шектеулі болуына байланысты ең проблемалы болып табылады. Ерекше балалардың қоғамға ауыр бейімделуінің негізгі себептері: - психикалық және физикалық денсаулықтың болмауы; - шектеулі әлеуметтік тәжірибе; - қолайсыз отбасылық-экономикалық жағдай. Ерекше балалар бүкіл оқу кезеңінде психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдауға мұқтаж. Осындай баланы тәрбиелеп отырған отбасы үшін баланың әлеуетін барынша арттыру және оның қоғамға ойдағыдай енуі маңызды, сондықтан ата-аналар осы санаттағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда кеңестер беруі керек. Сондай-ақ, ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру және білім беру мен оқытуда ата-аналардың рөлін арттыру мақсатында балалар мен ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңесу қажет. Ата-аналармен «Қарым-қатынас клубын» құру. Маңызды шарттардың бірі - тәрбие жұмысы, соған байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әкімшілігімен, мамандарымен, қосымша білім беру мекемесінің оқытушыларымен және ата-аналарымен бірге жыл бойына әр түрлі тақырыпта әңгімелер өткізіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар проблемаларына қоғамның назарын аудару үшін көпшілік іс-шараларын өткізу маңызды. Мысалы, инклюзивті білім беру апталығы аясында «Мен және басқалар», «Мен мейірімділік әлеміндемін» мейірімділік сабақтарын өткізіңіз. Ерекше балаларды әлеуметтендіруді жақсарту жобасын іске асыру шеңберінде осы санаттағы балаларды әлеуметтік жұмыстарға тартуда өз үлесін қосады. Осылайша, білім беру процесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау интеллектуалды, жеке және шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын сақтауға бағыттау, білім беру кеңістігінде және одан тыс жерлерде әлеуметтену және бейімделу жүзеге асырылады. Әлеуметтену – ол барлық әлеуметтік процестердің қосылуы. Бұл арқылы тұлға белгілі бір білім жүйесін, ережесін, құндылығын меңгереді және қоғамның толық мүшесі болып саналады, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Мемлекет даму ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ерекше тұлғаларға қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Отбасы - бала әлеуметтенуіндегі маңызды институт деп алсақ: Әлеуметтік - мәдени өлшем: Ата-ананың білім деңгейі,қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты. Әлеуметтік - экономикалық өлшемі: Ата-ананың материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты Техникалық –гигиеналық тұрмыс жағдайы: Үй құрылысының жабдықталуы, өмір сүру салты ерекшеліктеріне байланысты. Демографиялық: Отбасы құрылымына байланысты Баланың дамуындағы әлеуметтік жағдайды сипаттау: Тұрғын-үйлік жағдайын зерттеу Отбасы құрамы туралы ақпарат жинау Отбасылық қарым-қатынасы туралы мағлұмат алу Баланың қызығушылықтарын анықтау Әлеуметтік қажеттіліктерді бағалау мен қолдау бағыттары Ата-ананың мүмкіндіктері Әлеуметтік орта Баланың дамуындағы қажеттіліктер Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың отбасымен жасалған әлеуметтендіру жұмыстарының тиімділігі: Ата-ананың өз мәселесімен күйзелісте болуының алдын алады; Ата-аналар бір-бірімен тәжірибе алмаса алады; Бала қажеттіліктерін қамтамасыз етуде мамандардың кеңесін алады; Педагогикалық жиында ата-аналар әлеуметтену мүмкіндігіне ие болып, сырттай қолдау табады; Баланың қалыптасуына жан-жақты ақпараттандыру қызметін алады; Жеке дамыту бағдарламасының тиімділігінің қажеттілігін түсінеді. Әлеуметтік бейімдеу екі бағытта жүзеге асады: 1. Қоршаған орта кедергілерін жоюға бағытталған жұмыс; 2. Балалардың қажеттіліктері мен мәселелерін шешуге бағытталған жұмыс Инклюзивті білім беру— ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-қатынасындағы ұстанымдар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады. Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды. Ерекше тұлғаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенін атап өтуге болады: 1) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады. Бұл жағдай елімізде енді қолға алынып жатыр. 2) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады. Бұл кезде мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың объектісіне айналады, яғни олардың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүмкіндіктерін шектейді. Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына ерекше балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Бұл балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы - ортаны ерекше баланы қабылдауға дайындау. Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген әлеуметтік жағдайларды жеке тұлғаны қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру процесі, бұл кезде адам сол ортада, топта қабылдаған мінез-құлық ережесіне қалыптасып кетеді. Ерекше балалардың тәрбиесі бір – біріне қарама – қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі – «шеттетілгендер», яғни ата – анасы баланы жан – жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде, баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата – аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл – күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Психологиялық шеттету баланың интелектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата – аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді, кез – келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді Өз - өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог-мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, ерекше балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдануына жағдай туатын еді. Жас ұрпаққа үздіксіз білім мен тәрбие беруді жетілдіруқоғам алдындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені қоғам дамыған сайын, әлеуметтік сұраныста күрделенеді. Юнеско білім беру мазмұны бойынша білім мен тәрбиені әлеуметтендірудің келесі түрлерін белгілеуге болады: - тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету; -тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету; -тұлғаны өзгелермен бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету; -тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, бейімдеу, кіріктіру барысында өткізуге болатын іс-шаралар: саяхаттар фестивальдар үйірмелер концерттер әр түрлі кездесу кештер байқаулар спорттық жарыстар сайыстар Олар әлеуметтік кіріктірудің тиімді түрлері болып саналады. Қызықты және тартымды шаралар коммуникативтік сапаларды қалыптастырып, өзін-өзі білдіру, өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану үрдістерін жеделдетуге мүмкіндік береді және әлеуметтік бейімделу үшін қолайлы жағдай жасалады. 1.Әлеуметтік ортаға кіріктіру барысында білім алуға мүмкіндіктері әртүрлі балалардың жалпы және арнайы педагогикалық жүйесінің адамгершілік баламасы болып табылады; 2.Бейімдеуге байланысқан балалар өз әлеуметтік тәжірибесін байыта отырып, бала ұжымында қалыпты қарым-қатынасты орнатуға үйренеді; 3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар әлеуметтік, адамгершілік жағынан жан-жақты дамуға мүмкіндік алады. |