Главная страница

Таырып 12. Баспасз ызметі маманына ойылатын талаптар


Скачать 33.48 Kb.
НазваниеТаырып 12. Баспасз ызметі маманына ойылатын талаптар
Дата16.01.2022
Размер33.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДәріс 12.docx
ТипДокументы
#332128

Тақырып 12. Баспасөз қызметі маманына қойылатын талаптар


1. Баспасөз қызметі мамандарының білім деңгейіне қойылатын талаптар

2. Ресейлік ғалым М.А. Шишкина баспасөз қызметтерінің мамандарына қойған негізгі талаптары.

3. Баспасөз қызметтерінде, басқа да салаларда істейтін «Қоғаммен байланыс» мамандары.

4. Баспасөз қызметінің маманы жалпы кəсіптік жəне арнайы даярлығына сай қабілеттері.
1. Баспасөз қызметі мамандарының білім деңгейіне қойылатын талаптар

Баспасөз қызметінде жоғары оқу орындарын «қоғаммен байланыс» жəне «журналистика» мамандықтары бойынша бітірген түлектер жұмыс істеуге тиіс. Біздің елімізде «журналистика» мамандығы бойынша білім беру тарихы жарты ғасырдан асса, «қоғаммен байланыс» бойынша кадр даярлау енді ғана қолға алынуда. Міне, сондықтан да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың қоғаммен байланыс қызметтерінде негізінен алғанда журналистер, ішінара филологтар мен экономистер, саясаттанушылар жұмыс істеуде.

Баспасөз қызметтерінің жұмыс ауқымы тек бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасаумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ олар ұйымның жағымды имиджін қалыптастыру, қоғаммен тұрақты қарым-қатынастарды жолға қою мəселелерімен де айналысады. Сондықтан да баспасөз қызметтері мамандарының білім деңгейіне қойылатын талаптар да жоғары. Болашақ баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшілер жалпы гуманитарлық жəне əлеуметтік-экономикалық, жалпы математикалық жəне жара- тылыстану пəндерін игерулері керек.

Жоғары оқу орнында оқу барысында студенттер қайсыбір фирма, ұйым, саяси партия жəне олардың лидерлері туралы пікір қалыптастыру ғылымы мен өнерін меңгеруге тиіс. Бұл үшін олар юриспруденция, журналистика, қоғаммен байланыс, саясатта- ну, əлеуметтану, риторика, экономика, маркетинг, менеджмент, жарнама саласында арнайы білім алып, тиісті кəсіпорындармен, ұйымдармен жəне мекемелермен, олардың басшыларымен, сондай-ақ «өз» жұртшылығымен арадағы коммуникацияны жолға қойып, қолдап отыруға дағдыланулары тиіс. Сондай- ақ олар мақсатты бағытталған шынайы да толымды ақпарат негізінде үйлесімді де оң қарым-қатынас орнатуды көздейтін жұмыс ұйымдастыруға үйренулері керек. Міне, сондықтан да баспасөз қызметтерінің мамандарына қойылатын талаптар ауқымды да жоғары болып табылады. Əдетте, бұл талаптардың қатарында жалпыгуманитарлық жақсы даярлықты, кəсіптік тех- нология ерекшеліктерін білуді, ой-қиял кеңдігін, кісілермен жақсы қарым-қатынас жасай білуді, иландыра алу қабілетін, ұйымдастырушылық қасиет пен əзіл-қалжыңды түсіне білуді, жазу қабілетін жəне басқаларды атайды.

Дамыған елдердегі қоғаммен байланыс бойынша білім беру стандарттары мамандардың мəтінмен жұмыс істеу негіздерін меңгеріп, шетел тілдерін, түрлі бұқаралық ақпарат құралдары технологияларын игерумен қатар менеджментті, экономика- ны, əлеуметтануды, PR теориясын, психологияны, статисти- каны жəне басқа пəндерді жақсы білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптама классификаторына сəйкес 051400 «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратурада, сондай-ақ докторантурада білім алуға болады.

Жоғары оқу орнын осы мамандық бойынша аяқтаған мамандар мына төмендегі салалар бойынша ұсыныстар жасауға жəне ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті болулары тиіс:

    • ішкі саяси жəне халықаралық өмір құбылыстары мен үдерістері;

    • ұлтаралық, этносаралық жəне халықаралық қарым- қатынастар;

    • қаланың, облыстың, аймақтың жəне еліміздің, сондай-ақ қазіргі əлемнің əлеуметтік-экономикалық проблемалары;

    • жалпыпланеталық, жалпыхалықтық, аймақтық жəне жергілікті ақпараттық ағындар;

    • ғылыми жəне мəдени ынтымақтастық;

    • ішкі жəне сыртқы саясатты ақпараттық қамтамасыз ету;

    • ел ішінде жəне шетелдерде қоғамдық пікір қалыптастыру;

    • бірыңғай халықаралық экономикалық, экологиялық, мəдени жəне ақпараттық кеңістік құру;

    • жаһандану үрдістері;

    • Қарусызданумен, қауіпсіз дүние құрумен қатысты процес- тер.


2. Ресейлік ғалым М.А. Шишкина баспасөз қызметтерінің мамандарына қойған негізгі талаптары.

Ресейлік ғалым М.А. Шишкина баспасөз қызметтерінің мамандарына қойылатын негізгі талаптарды былайша тұжырымдайды:

Бұқаралық ақпарат нарығы жəне оның құрылымы, басқару принциптері, мазмұндық бағыттылығы, типтік жəне түр сипатта- малары, баспа, теле жəне радиоөндірісі технологиясы, басылым- дар мен бағдарламалар рейтингі, бағалық жарнама саясаты туралы білімі болуы;

Бастапқы ақпаратты жинау мен өңдеу, оны заметка, сұхбат, корреспонденция, мақала, репортаж, хроника мен есеп сияқты кең таралған жанрларда жазып шығу тəрізді қажетті журналистік машықтары болуы қажет. Журналистік қызмет жеке техникалық құралдармен: диктофонмен, фотокамерамен, компьютермен жəне басқалармен жақсы таныс болуды көздейді.

PR субъектісінің салалық ерекшелігі, яғни баспасөз қызметінің жұмыс өрістері мен мазмұны жөнінде кең хабардар болуы, кəсіби бағыттағы БАҚ-салалық немесе мамандандырылған басылымдарды телерадиобағдарламаларды, қажетті тақырып аясында қалам тартып жүрген журналистерді жақсы білуі қажет.

М.А. Шишкина сөйтіп, баспасөз қызметінің мамандарына кəсіби журналистерге қойылуға тиісті талаптарды алға тартады.

Қоғаммен байланыс саласындағы көптеген еңбектердің авторы В.Г. Королько баспасөзбен байланыс мамандары қоғамдық өмірдің түрлі салаларын игеруге қатысты біліктілік талаптарына сай келу тиіс деп есептейді.

Мəселен, жоспарлау саласында қоғаммен байланыс (баспасөз қызметі) бөлімшесінің жұмысына қатысты жалпы мəселелер бо- йынша басшылыққа кеңес беріп, ішкі жəне сыртқы жұртшылық топтарын ұйым басшылығының саясаты жөнінде хабардар еткен жөн. Басқару саласында жоғары басшылықтың басқарушылық шешімдерін ұйымның ішкі құрылымдары арасында насихаттау, ақпарат жинау жəне паблик рилейшнзге арналған бюджетті бөлу міндеті қойылады. Ал, жарнама саласында қоғамдық пікірді зерт- теу, акционерлер, лоббистер үшін əдістемелік жəне ақпараттық материалдар əзірлеу, аналитикалық жұмыста түрлі жанжалдар мен келіспеушіліктердің алдын алып, тенденцияларды ой елегінен өткізу, экономикалық салада бəсекелестермен, дилерлермен жəне дистрибьютерлермен байланыс жасап, олардың өнімдерін жар- намалау жəне нарыққа шығару қажет. Коммуникация саласында жарнама мен паблиситиді қолдана отырып, қоғаммен бұқаралық ақпарат құралдары жəне басқа арналар арқылы қарым-қатынас ор- нату талап етіледі.
3. Баспасөз қызметтерінде, басқа да салаларда істейтін «Қоғаммен байланыс» мамандары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандартына сəйкес баспасөз қызметтерінде, басқа да салаларда істейтін «Қоғаммен байланыс» мамандары:

    • Біріккен Ұлттар Ұйымының, ЮНЕСКО-ның, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының жəне басқа халықаралық ұйымдардың халықаралық ақпарат саласындағы қызметті реттейтін аса маңызды халықаралық-құқықтық құжаттарын, ақпараттық саясатқа қатысты қазақстандық нор- мативтік-құқықтық құжаттарды білуге;

    • қазіргі заманғы бұқаралық коммуникация практикасын, оның түрлері мен формаларын білуге;

    • кәсіптік қызмет өрісі ретінде қоғаммен байланыстың даму жəне пайда болу тарихын білуге;

    • бұқаралық ақпарат құралдарымен, ақпараттық, жарна- малық, консалтингтік агенттіктермен, қоғаммен байланыс жө- ніндегі агенттіктермен, баспалармен, мүдделі фирмалармен, мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдармен, партиялармен жəне қозғалыстармен тұрақты байланыстар орната білуге;

    • баспасөз орталығын, баспасөз қызметін, баспасөз бөлімін, қоғаммен байланыс бөлімін, қоғамдық байланыстар орталығын ұйымдастыру жəне басқару машықтарын игеруге;

    • маңызды деректерге ие тұлғалармен, ақпарат көздерімен қарым-қатынастар орната білуге;

    • қақтығыстану (конфликтология) жəне əлеуметтік психоло- гия негіздерін білуге жəне дағдарысты жағдайларда жұмыс істеу машықтарын игеруге;

    • аудиторияны ұдайы зерттеп отыруға, оның көңіл-күйін еске- руге;

    • жарнамалық, насихаттық, ақпараттық науқандарды жос- парлай жəне ұйымдастыра алуға, əлеуметтік жəне саяси мар- кетинг машықтарын игеруге, протоколдық-іскерлік шараларды ұйымдастыра білуге;

    • қоғамдық пікірге сұрау салу əдістемесі мен техникасын пай- далана білуге;

    • шешендік өнерді, көпшілік алдында сөйлеу əдістері мен тəсілдерін (сөзнегіздерін,оныңтүрлерін,сөзэтикетіжəнесұхбатжүргізу ережелерін, композиция мен стиль заңдарын, иландырутəсілдерін) еркін меңгеруге, əдеби редакциялау машықтарын иге- руге, өзінің төл публицистикалық туындыларын, баспасөз релизін жаза білуге;

    • бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық, телерадио- электроникалық құралдарын, бейне мен компьютер техникасын қолдана жəне фотоға түсіре білуге тиіс.

Өзінің іргелі дайындығы бойынша маман:

    • қазіргі заманғы процестер мен құбылыстарды, жаратылыс танудың, ғылым мен техниканың принципті проблемаларын, олардың əлеуметтік-экономикалық жəне саяси салдарларын жетік түсінеді;

    • саяси, құқықтық жəне əлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы негізгі ілімдермен таныс, əлеуметтік маңызы бар про- блемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан талдауға қабілетті, осы ғылымдардың əдістерін кəсіптік жəне əлеуметтік қызметтің түрлі салаларында қолдана алады;

    • Қазақстан Республикасының Конституциясын, қоғамда жəне қоғам мен табиғат ортасы арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін этикалық жəне құқықтық нормаларды біледі; оларды кəсіптік қызметінде қолдана алады;

    • Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін, оның саясатын, сондай-ақ əлемдегі жетекші мемлекеттер мен өркениеттер тари- хын біледі; тарихи сабақтастық жəне эволюция мəні мен тетіктерін түсінеді;

    • бұқаралық коммуникация жəне қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі проблемаларын, олардың қалып- тасуы мен дамуының тетіктері мен заңдылықтарын, ақпарат, коммункация жəне қоғамдық пікірді қалыптастыру саласындағы негізгі теориялар мен тұжырымдарды біледі, өзінің кəсіби қызметі барысында туындайтын проблемаларға талдау жасау үшін зерттеу əдістері мен тəсілдерін қолдана алады;

    • Қазақстан Республикасы ақпараттық саясатының, ақпараттық қауіпсіздігінің негізгі проблемаларымен таныс, оларды талдаудың əдістері мен тəсілдерін біледі;

    • оқу бағдарламасын аяқтаған соң өздігінен оқуға, ақпараттық жəне білім беру технологияларының негізінде өз білімін кеңейтуге қабілетті;

    • жаңа білімдерді игеруге, өзінің кəсіптік қызметінің бағыттары мен сипатын өзгертуге əдістемелік жəне психологиялық жағынан əзір;

    • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, ақпаратты сондай-ақ электронды есептеу техникасын пайдалана отырып жинаудың, сақтау мен өңдеудің тəсілдері мен əдістерін біледі, ЕЭМ жəне қолданбалы компьютер бағдарламаларын пайдалану машығына ие;

    • шетел тілін біледі, аудармашы, аудармашы-референт ат- қарымдарын орындай алады, өзге тілді ортада оқуды жəне кəсіптік қызметті жалғастыруға қабілетті;

    • ойлау мен көпшілік алдында сөйлеу мəдениетіне ие, өз ойларын ауызша жəне жазбаша дұрыс та қисынды түрде жеткізе алады, кəсіптік проблемалар бойынша пікірталастарға қатыса алады;

    • түрлі құбылыстар мен процестерді ғылыми талдау жəне бол- жау негіздерін меңгерген, оларға сапалық жəне сандық талдау жа- сай алады, арнайы зерттеулер мақсаттарын айқындауға жəне олар- ды жүзеге асыру үшін оқып-үйренген ғылымдарының əдістерін пайдалануға қабілетті, пəнаралық жобаларға жұмыс істеуге əзір;

    • ұжымда жұмыс істеуге əзір, басқару əдістерін біледі, басқару шешімдерін табуға жəне қабылдауға қабілетті, педагогикалық қызмет негіздерін біледі.


4. Баспасөз қызметінің маманы жалпы кəсіптік жəне арнайы даярлығына сай қабілеттері.

Қоғаммен байланыс қызметінің, атап айтқанда, баспасөз қызметінің маманы жалпы кəсіптік жəне арнайы даярлығына сəйкес өз жұмысының:

    • ақпараттық-шығармашылық;

    • əлеуметтік-психологиялық;

    • ақпараттық-коммуникациялық;

    • ақпараттық-басқарушылық;

    • жарнамалық-ақпараттық;

    • ақпараттық-аналитикалық;

    • ақпараттық-референттік;

    • мəдени-ағартушылық;

    • ұйымдастырушылық-жарнамалық;

    • ақпараттық-социологиялық;

    • ғылыми-зерттеу қырларын жүзеге асыруға қабілетті.


написать администратору сайта